Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен
танылатын қор биржаларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасының
2006 жылығы 8 қыркүйектегі № 8 Бұйрығы
(2010.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 ж. 2 қыркүйектегі № 05-02/205 Бұйрығымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Заңының 6 бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 ж. 2 қыркүйектегі № 05-02/205 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.27.07. № 04.2-40/121 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (әрі қарай - Агенттік) танылатын қор биржаларының тізбесі бекітілсін:
1) «Мәскеулік банкаралық валюталық биржасы қор биржасы» жабық акционерлік қоғамы;
2) «Ресейлік Сауда Жүйесі» Қор биржасы» ААҚ;
3) «Алғашқы қор сауда жүйесі» Қауымдастығы;
4) «Қазақстан қор биржасы» АҚ;
5) «Баку қор биржасы» ЖАҚ;
6) «Белоруссия валюталық-қор биржасы» ААҚ.
Сонымен бірге, Агенттікпен Бүкіләлемдік Биржалар Федерациясының мүшелері болып табылатын (World Federation Exchanges), корреспондент мүшелер мен аффилиирленген мүшелерден басқа, және Лондон қор биржасының Баламалық инвестициялар нарығы (AIM London Stock Exchange) танылады.
2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Агенттігінің тіркеу Департаментіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қолданылсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзім ішінде Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-ның және «Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.
4. Агенттіктің даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін
Достарыңызбен бөлісу: |