ҚРӘМ № 3190 08.11.2004ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2004 жылғы 25 қыркүйек № 274
өзгерістер мен толық:
1.ҚҚА № 308 27.08.2005ж.
2.ҚҚА № 156 12.08.2006ж.
3.ҚҚА № 133 03.09.2010ж.
“Өмірді сақтандыру” саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу қоса ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмукаметовке жүктелсін.
Төраға Б. Жәмішев
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының “Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі өызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы” 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысымен бекітілді
|
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу ережесін бекіту туралы
Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 1-тармағына және 43-бабының 9-3) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандырушы) cатып алу сомасының шегінде өзінің сақтанушыларына заемдар беру тәртібін, сондай-ақ cатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді.
1-тарау. Заемдарды беру талаптары мен тәртібі
-
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру жөніндегі қызметті “өмірді сақтандыру” саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
-
Сақтандырушы осы Ереженің 2-1-тарауына сәйкес есептелген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына заем береді.
-
Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасы сақтанушының алған заемды қайтаруды қамтамасыз етуі болып табылады және заемның сомасының және бір жылға заем беру кезеңінде аударылған сыйақының орнын толтырады. Заемды беру мерзімі заем шартын жасау кезіндегі оның қолданысының нақты аяқталған кезеңін шегере отырып жинақтаушы сақтандыру шартының қолданыс мерзімінен аспауы тиіс.
-
Сақтанушыларға заемдарды сақтандырушы сыйақы ставкасы бойынша кемінде мынадай шамалармен:
өткен қаржылық жылдағы құнсызданудың ресми деңгейі не жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша кепілдік берілген инвестициялық кірістілік ставкасы, шамалардың қайсысы артығырақ болуына байланысты, және 2.
Заем бойынша сыйақы ставкасы заем шартында оған тараптар қол қойған кезде көрсетіледі заем шарты қолданылуының барлық кезеңінде өзгеріссіз қалады.
5. Заемды беру кез келген мақсатқа, оның ішінде заемның сомасын ескере отырып анықталатын мерзімге жинақтаушы сақтандыру шарты жөніндегі кезекті сақтандыру жарналарын төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру түрінде жүзеге асырылады.
6. Заем алу үшін сақтанушы сақтандырушыға мынадай құжаттарды:
1) заемды беру туралы еркін нысандағы өтінішті, оны берген мерзім мен заемның сомасын көрсете отырып;
2) сақтанушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесін;
3) қолданыстағы жинақтаушы сақтандыру шартының көшірмесін береді;
4) жинақтаушы сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушының талабы бойынша өзге де құжаттарды береді.
7. Сақтандырушы құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап жеті күнтізбелік күннің ішінде сақтанушымен заемның шартын жасау туралы шешім қабылдайды немесе одан бас тартады.
8. Заем шарты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.
2-тарау. Ерекше жағдайлар
9. Заем бойынша берешек сомасына заемның мәні болып табылатын ақша сомасы, заем бойынша сыйақы және мұндай болған жағдайда – заем бойынша қсімпұл жатады.
Сақтанушы заем сомасын және(немесе) ол бойынша сыйақыны өтеуді заем шарты бойынша берешек сомасын өтеу қолданылу мерзімі ішінде кез келген сәтте жүзеге асырады. Жақтар заем шартына сәйкес заем сомасын өтеу кестесін құрады.
10. Сақтанушы заемның сомасын және заем шартының қолданыс мерзімінің соңына дейін есептелген сыйақыны өтемеген (толық немесе ішінара) жағдайда, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері заем шарты сақтанушының берешек сомасына кемиді. Әрбір кейінгі жыл үшін сатып алу сомасының мөлшері жинақтаушы сақтандыру шартының қолданысы жасалған кемудің есебімен анықталады.
11. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері не жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша төлем сомасының азаю кезеңінде, не сақтандыру сомасын төлеген кезде азаяды.
12. Егер заем шарты бойынша берешек сомасы сатып алу сомасының мөлшеріне жетсе, онда сатып алу сомасының және жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерлері нөлге тең болып есептеледі. Сақтандырушы сақтанушыға бұл туралы сатып алу немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының азаю күніне дейін отыз күнтізбелік күннің ішінде хабарлайды.
Сақтанушы төлеген ақша сомасы төмендегідей тәртіппе:
-
заем шартының талаптарына сәйкес заем бойынша өсімпұл өтеу шотына (мұндай болған жағдайда);
-
заем шартының талаптарына сәйкес заемдар бойынша сыйақы өтеу шотына;
-
заем шартының талаптарына сәйкес заемның негізгі сомасын өтеу шотына;
-
жинақтаушы сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандыру жарнасы шотына есепке алынады.
13. Егер сақтанушы төлеген ақша сомасы жинақтаушы сақтандыру шартының талаптарына сәйкес (осы Ереженің 12-тармағында белгіленген есепке алу тәртібіне сәйкес) сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлеуі үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімін кейінге қалдыру салдарлары басталады.
14. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша бірнеше бірізді заемдарды сақтандырушы сақтанушыға берген кезде, олар кейін осы Ережеде айтылған талаптар мен шектеулер қолданылатын бір заем ретінде қарастырылады.
2-1-тарау. Сатып алу сомасын есептеу тәртібі
14-1. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері жинақтаушы сақтандыру шартында осы мөлшерлер міндетті көрсетіліп, осы шарттың әр қолдану жылының соңында айқындалады.
14-2. Сатып алу сомасының мөлшері сақтандырушының комиссиялық сыйақыны, сақтандыру сыйлықақыларынан табыс салығын төлеумен байланысты шығыстарын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу және орындау бойынша шығыстарды шегергенде, сақтандырушы есептеген инвестициялық кірісті ескеріп, сақтанушы нақты енгізген сақтандыру жарналарының сомасынан кем болмауы қажет.
14-3. Жинақтаушы сақтандыру шартының бірінші қолданыс жылының соңында сатып алу сомасының бар болуы көзделмейді.
3-тарау. Қорытынды ережелер
15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |