Жылдарға арналған азаматтық бюджет



Дата23.02.2016
өлшемі296.97 Kb.
#7801


2014-2016 жылдарға арналған азаматтық бюджет

2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджеті Бірыңғай бюджет шығыстарын топтастыру есебімен Қазақстан Республикасының Бюджеттік Салықтық кодекстеріне, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрастырылды.




  1. Сандықтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларына сәйкес, Ақмола облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленді (Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қазандағы №А-11/334 қаулысы).

Келешекте өңірдің экономикалық саясатының негізгі бағыты индустриализация және инфрақұрылымның дамуы арқылы тездетілген тараптандыру есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болады.

Экономикалық өсудің нысаналы параметрлеріне жету ауылшаруашылық және өндірістік өнімді өндіруді ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі. Ауылшаруашылық өнімді өндіру қарқыны 2014-2018 жылдары орташа 109,1 пайызды құрайды, өндірістік өндіру өнімдері 101,8 пайыз



Көрсеткіштер

2013 жыл

баға

Болғам


2014ж.

2015ж.

2016ж.

Өндірістік өнім көлемі,млн теңге

1470

1480

1510

1548

Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі, млн теңге

13690

14136

14628

15350

Бюджеттік қаражаттар әлеуметтік сала нысандарын жөндеуге, елді мекендерді жарықтандыру, санитария, сумен қамту, автомобиль жолдарыныңқызмет көрсетуге бағытталады.

Қазақстан Республикасының «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен 2014 жылдың 1 қаңтарынан орнатылды:



  1. Еңбек ақының ең төменгі мөлшері-19966 теңге;

  2. Мемлекеттік зейнет ақы төлемінің базалық мөлшері-9983 теңге;

  3. Зейнет ақының ең төмен мөлшері-20 782 теңге:

  4. Жәрдем ақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айып пұл, салықтар және бақа төлемдер қабылдау үшін айлық есептік көрсеткіші-1852 теңге.

5) әлеуметтік төлемдердің базалық көлемдерін есептеу үшін күн көріс минимумының көлемі– 19966 теңге.
II Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары

Түсімдер

2014 жылы ауданның меншікті кірісі 316036 мың теңгені, 2015 жылы -362361 мың теңгені, 2016 жылы -419327 мың теңгені құрайды

Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттерді есепке ала отырып, 2014 жылда аудан бюджетіне түсімдер көлемі 1753590 мың теңге көлемінде жоспарланды, оның ішіндегі 1165946 мың теңге субвенцияларға және нысаналы трансферттерге 271604 млн теңге


Түсімдер

2013 жыл (нақты)

2014 жыл (жоспар)

2015 жыл (болжам)

2016 жыл (болжам)

Барлығы: кірістер

2045276,2

1753590

1509410

1538609

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

285201

304206

349627

406148

Әлеуметтік салық

131296,9

138059

165533

198474

Мулікке салынатын салықтар

51952,5

51943

54015

59040

Жер салығы

3291,9

3462

3819

4032

Көлік құралдарына салынатын салық

43685,3

50176

57664

64593

Салықтық емес түсімдер

7295,6

5334

5734

6155

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

6038,6

6500

7000

7024

Трансферттер түсімдері, оның ішінде:

1746741,0

1437550

1147049

1119282

Ағымдағы нысаналы трансферттер

459136,7

271604

0

0

Дамуға нысаналы трансферттер

169361,3

0

0

0

Субвенция

1118243

1165946

1147049

1119282

Бюджеттік кредиттерді өтеу

2001,7

2421

0

0

Қарыздар түсімі

10386

19446

0

0

Қарыздарды өтеу

2943,3

2421

0

0

Аудан бюджетінің шығындары


2014-2016 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі саясаты аудан экономикасының тиімді дамуын көтеру үшін жағдайлар жасаумен бірге мемлекетпен кепілденген міндеттерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік сала дамуының негізгі шығысын қарастыратын шығындардың әлеуметтік домнанты сақталғанын атап өту керек. Барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері толық көлемде қаржылай қаражатпен қамтылған (еңбекақыны, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер ескерілген).

Жаңа бюджеттік саясат Концепциясына сәйкес әкімдердің жауапкершілігін және қаржылық басқаруын жоғарлату мақсатында жергілікті бюджет шығындары базасына тұрақты сипаттағы нысаналы ағымдағы трансферттер қосылған, алдында жыл сайын 60000 мың теңге сомасында жоғары тұрған бюджет қаржыландырылған.



2014-2016 жылдарға бектілген бюджет құрады:

Функционалдық топтар бойынша

2014 жыл

2015 жыл


2016 жыл

Барлығы

1753590

1509410

1538609

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

223260

216888

217587

Қорғаныс

3076

3076

3076

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті

624

624

624

Білім беру

1129997

976186

997735

Әлеуметтік көмек және элеуметтік қамсыздандыру

81860

52935

54481

Тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық

12424

11581

12393

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

171374

148441

149986

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

65014

31499

32076

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

7444

7418

7418

Көлік және комуникация

17500

18725

20035

Басқалар

41013

42037

43198

Бюджеттік кредиттерді өтеу

2421

0

0

Қарыздарды өтеу

2421

0

0

Қорғаныс

Аталған функционалдық топ бойынша шағындар әскери есепке қою мақсатымен әскер қатарына шақыру участкелерінде есепке алуға, әскер қатарына шақыру жасындағы боз балаларды есепке алуға бағытталған әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізу бойынша шараларды өткізуге.

«Қорғаныс» саласына шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:


Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

3076

3076

3076

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

3076

3076

3076


Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті

Аталған функционалдық топ бойынша шығындар жол белгілерін орнату және ауыстыру бойынша шараларға қарастырылды.

Осы салаға шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:


Атауы


2014

жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлық

624

624

624

Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

624

624

624

Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)

Әлеуметтік блокқа аудан бюджетінің шығындары өзіне 4 функционалдық топты қосады: білім, әлеуметтік қамту, әлеуметтік көмек және мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік.

2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі шығыс бөлігі

әлеуметтік саланы дамытуға кетеді, демек бюджет әлеуметтік бағытталған.

Толығымен, әлеуметтік салаға аудан бюджетінің шығыны 2014

жылы жалпы шығын көлемінің 78,9 пайызын құрайды немесе абсолютті ерекшелікте 1383231 мың теңге, 2015 жылы 78 пайыз немесе абсолютті ерекшелікте 1177562 мың теңге, 2016 жылы 78,1 пайыз немесе абсолютті ерекшелікте 1202202 мың теңге.


Білім беру

Ұлттық білімнің барлық топтарының сапасы жоғары халықаралық

талаптарға сәйкес болуы керек. Балаларды мектеп алды білім беру және тәрбиелеумен қамтуды жоғарлатуға бағытталған, бағдарламалар әзірленуде және жүзеге асырылуда, білімнің 12 жылдық моделін толық енгізуге қажетті шаралар қабылдануда. Заңнамаға сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, жетім балалар тамақпен, киіммен қамтылған.

2014 жылы білім саласында мемлекеттік саясаттын басым

бағыттары белгіленген, оның ішінде:

мектеп алды білім беру жүйесінде бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі

жастағы балаларға арналған мектеп алды білімнің қол жетімдігін 100 пайызға жеткізу бойынша кешендік шараларды жүзеге асыру.

жалпы білім беру жүйесінде бұл мектептегі білім беру қызметі сапасын жоғарлату.

Толығымен осы салаға 2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджетінде 3103918 мың теңге қарасытырылған (2014 жылы -1129997 мың теңге, 2015 жылы -976186 мың теңге, 2016 жылы – 997735 мың теңге).

«Білім беру» саласына шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:



Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

1129997

976186

997735

Жергіліктті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

11669

11756

11794

Жалпы білім беру

857070

842400

860933

Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

1510

1616

1729

Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

11158

11939

12775

Балаларға қосымша білім беру

22520

22520

22250

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері

11591

12484

13445

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қазақстан азаматтарына біржолғы ақшалай қаражатты төлеу

0

447

479

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

61840

1856

1986

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

57348

71168

72344

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша ауылдық елді мекендерді және қалаларды дамыту шегінде нысандарды жөндеу

95291

0

0

Осы саланың шығындар көлеміне 2014 жылға облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 112 522 мың теңге сомасында енгізілді, оның ішінде:

        • 60105 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

        • 8194 мың теңге – орта және жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға;

  • 14090 мың теңге – сәйкес үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге;

  • 26028 мың теңге – аудан мектептеріне арналған блокті-модулды қазандықтарды сатып алуға,

  • 4105 мың теңге – аудан мектептеріне арнаолған спорттық керек-жарақтарды сатып алуға,

Аудан бюджетінің шығындар базасына қосымша 22169 мың теңге

сомасындағы субвенцияға ауысатын трансферттер қосылған, оның ішінде:



  • 11591 мың теңге – жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне;

  • 10578 мың теңге – мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыруға.

Осы саланың шығындар көлеміне 2014 жылы Красная Поляна ОМ

ғимаратын күрделі жөндеуге 95291 мың теңге сомасында жұмыспен қамту 2020 жол картасы шегінде республикалық бюджеттен бөлінген бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қосылған.


Әлеуметтік қөмеқ және элеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында басты бағыттарының бірі болып өмір сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамында ықпалдандыру үшін жағдайлар жасау және қолдау табылады. .

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және басқа мұқтаждарды, халықтың әлсіз қорғанған қабатын материалды қолдау – әлеуметтік мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы.

Толығымен осы салаға 2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджетінде 189276 мың теңге қарастырылған (2014 жылы – 81860 мың теңге, 2015 жылы – 52935 мың теңге, 2016 жылы 54481 мың теңге).



Әлеуметтік қөмек және элеуметтік қамсыздандыру саласына шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:

Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

81860

52935

54481

Халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру және жұмыспен қамту аясында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер

16132

16190

16218

Жұмыспен қамту қамту бағдарламасы

20898

9261

9909

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек

1292

1218

1109

Тұрғын үй көмегі

1275

1275

1275

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек

11558

12303

13100

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

444

476

509

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу,төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

175

175

183

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

6471

6577

6627

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

2639

2711

2801

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету

2748

2749

2750

Өрлеу жобасы бойынша негізделген ақшалай көмекті енгізу

10062

0

0

Мүгедектердін құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс шаралар жоспарын жүзеге асыру

84

0

0

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

8082

0

0

Осы саланың шығындар көлеміне 2014 жылға облыс бюджетінен 10146 мың теңге сомасында қаражат қосылды, оның ішінде:

  • 10062 мың теңге - Өрлеу жобасы бойынша негізделген ақшалай көмекті енгізу (бағдарлама еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің (тұлғаның) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қолғабыс еткен жағдайда күн көріс миниумынан айлық жан басына шаққандағы кіріс 60 пайызды құрағанда және еңбекке жарамдыларды қосқанда, отбасы (тұлға) мүшелерінің қажет болған жағдайда әлеуметтік адаптациядан өткен отбасына (тұлғаға) ақшалай түрдегі төлеммен мемлекетпен беріледі).

  • 84 мың теңге – мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған, ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілерін және көрсеткіштерді орнатуға.

Аудан бюджетінің шығындар базасына қосымша 1763 мың теңге

сомасындағы субвенцияға ауысатын трансферттер қосылған, оның ішінде:



  • 839 мың теңге – коммуналдық қызмет шығындарына 8 ҰОС

қатысушыларына және мүгедектеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге;

  • 924 мың теңге – ауданының селолық жерлердегі аз қамтылған отбасыларының және көп балалы отбасыларының колледждерде оқитын 10 студенттерінің оқу ақысын төлеуге;

Осы саланың шығындар көлеміне 2014 жылы жұмыспен қамту 2020 жол картасы шегінде 20866 мың теңге сомасындағы республикалық бюджеттен бөлінген бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың нысаналы ағымдағы трансферттері қосылған, оның ішінде:

  • 8082 мың теңге – жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге;

  • 5454 мың теңге – 25 жұмыссызға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын

құрған, жұмыс берушілерге жалақыны ішінара субсидиялауға;

  • 2921 мың теңге – 17 адам үшін кәсіби даярлауға және қайта даярлауға,

біліктілігін жоғарлатуға;

  • 4409 мың теңге – жастар тәжірибесіне жастар тәжірбиесінің 23

қатысушысына..
Мәдениет ,спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласы қызметінің негізгі міндеттері барлық жас санаттағы аудан халқының рухани сұранысын қанағаттандыру болып табылады, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық және рухани тәрбиелеу, ауданның ұлттық дәстүрлерін және мәдениетін сақтау. 2014 жылы осы іс шараларға 112265 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағыттарының бірі салауатты өмір салтына жағдай жасау, ауданда бұқаралық спортты дамыту болып табылады. 2014 жылы аудандық және облыстық жарыстарға қатысуы үшін аудан спортсмендерін дайындауға және қатыстыруға 5050 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті күшейтуге бағытталған, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстын құралдарымен үкіметтік емес ұйымдардың арасында байланыс орнату үшін деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алуға және басқа шараларға 2014 жылы аудан бюджетінде 13363 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Осы сала бойынша 5638 мың теңге сомасында ауданда мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін дамытуға іс шаралар қарастырылған.

«Спорт нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша аудан қаражаты есебінен 24097 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, оның ішінде:



  • 1500 мың теңге – «Балкашино селосында дене шынықтыру-сауықтыру кешенің салу» қайта қолдану жобасына байлау» жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізіп жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;

  • 22597 мың теңге - Балкашино селосында дене шынықтыру-сауықтыру кешенің салуға

Толығымен, мәдениет ,спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджетінде 469801 мың теңге қарастырылған (2014 жылы – 171374 мың теңге, 2015 жыл – 1177562 мың теңге, 2016 жылы – 1202202 мың теңге).

Осы салаға шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:




Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

171374

148441

149986

Дене шынықтыру және спорт, ақпарат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер

17089

17243

17322

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

90561

90562

90563

Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі

21704

21932

22568

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту

5638

6050

6470

Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

5748

5748

5748

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру

1276

1276

1291

Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу

255

273

291

Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

4795

5131

5491

Ведомствоға бағынышты мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

211

226

242

Спорт нысандарын дамыту

24097

0

0



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі стратегиялық бағыттары болып сумен қамту және су бұру жүйелерінің дамуы, үздіксіз электр және жылумен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шараушылықты модернизациялау және дамыту анықталды.

Аудан бюджеті қаражатының есебінен көше желілерін, жарықтандыру, жөнделген көшелерді орналастыру, ауданда сумен қамту және су тарту жүйесінің қызметі бойынша іс шаралар қарастырылған.

Осы салаға шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:



Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

12424

11581

12393

Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру

6000

6420

6870

Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу

74

79

85

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

3750

4012

4293

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

1000

1070

1145

Инженерлік-коммуникациялық инфра құрылымды болжау, дамыту, орнату немесе сатып алу

1600

0

0

«Инженерлік-коммуникациялық инфра құрылымды болжау, дамыту, орнату немесе сатып алу» бағдарламасы бойынша аудан бюджеті қаражатының есебінен «Балкашино селосында 18 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілерді салу және аббатандыру қайта қолданылған жобасына байлау» жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізіп жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1600 мың теңге қарастырылған.




Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау.

«Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау» саласына шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:



Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

65014

31499

32076

Мамандарға әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыруға

4915

5120

5697

Иелеріне тартып алынған және жойылған ауру малдың, жануарлар шикізатынан шыққан өнімдердін құның өтеу

1188

0

0

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге

31591

0

0

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

26040

26079

26079

Жерлерді аймақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

980

0

0

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

300

300

300

Осы саланың шығындар көлеміне 2014 жылға облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 32779 мың теңге сомасында енгізілді, оның ішінде:



  • 31591 мың теңге - эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу;

  • 1188 мың теңге – санитарлық союға жіберілген ауыл шаруашылық жануарларының құның 50 пайызға дейін өтеу.

Ауданда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға үшін келген

Денсаулық, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылуда (4915 мың теңге сомасында бір маманға 70 еселік минималды есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру және сомасы 19466 мың теңге 1500 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға арналған жеңілдік бюджет кредиттерін беру)



Көлік және коммуникация

Көлік және коммуникация саласындағы аудан бюджетінің шығындары аудандық маңызы бар және селолық елді мекендердін автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша іс шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Істелген жұмыстар нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесі жақсаратын болады.

Осы салаға шығындар 2014-2016 жылдарға құрады:


Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

17500

18725

20035

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

17500

18725

20035


Басқалар

«Басқалар» саласына шығындар 2014-2016 жылдарға табылады:



Атауы


2014 жыл



2015 жыл



2016 жыл


Барлығы

41013

42037

43198

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру

18455

18455

18455

Жергілікті деңгейде тұрғын үй шаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

16237

16335

16357

Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві

6321

7247

8386

Осы сала бойынша шығындар көлеміне селолық округтардың әлеуметік-маңызды көкейкесті мәселелерін шешуге «Өнірлерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде 18455 мың теңге сомасында аудан бюджеті есебінен қаражат қарастырылған.

Жергілікті атқарушы органның резерві 6321 мың теңге сомасында қарастырылған, оның ішінде:


  • 500 мың теңге – аудан аумағында табиғи және техногендік тұрғыдағы және төтенше жағдайларды жою үшін,

  • 5821 мың теңге – ойламаған шығындарға.

2014 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған іс шаралар

азаматтардың әлеуметтік қолдау деңгейін сақтағанда және ауданның одан әрі дамуына жағдай жасағанда, экономиканың және бюджет саласының тиімділігін жоғарлатқанда барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет