Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет).
2. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен әзірленеді.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) отандық тасымалдаушы үшін - www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал), сондай-ақ балама негізде осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы көрсетіледі;
2) шетелдік тасымалдаушы үшін - осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органға жүгінген кезде:
1) өтінішті берген сәттен бастап - сегіз жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға, арнайы рұқсатты беру туралы хабарлама немесе арнайы рұқсатты беруден жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;
2) өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
отандық тасымалдаушы:
1) ХҚО аудандық бөліміне жүгінген кезде:
белгіленген үлгідегі өтінішті қарау және беру мерзімі – уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап сегіз жұмыс күні (орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
2) ХҚО облыстық бөліміне жүгінген кезде:
белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі және беру мерзімі – уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап сегіз жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
4) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
отандық тасымалдаушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) сұрау салу сәттінен бастап – сегіз жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға, арнайы рұқсатты беру туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе электрондық құжат нысанында арнайы рұқсатты беруден дәлелді бас тарту беріледі;
2) арнайы рұқсатты беру ХҚО арқылы стандарттың осы тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады;
3) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талонын қағаз тасығышта беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты:
1) отандық тасымалдаушы үшін - қағаз тасығышта немесе электрондық құжат нысанында;
2) шетелдік тасымалдаушы үшін - қағаз тасығышта беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет:
шетелдік тасымалдаушы уәкiлеттi органға жүгінген кезде:
уәкiлеттi органның белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, түскi үзiлiспен күн сайын көрсетiледi.
Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
отандық тасымалдаушы:
1) ХҚО жүгінген кезде:
ХҚО белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
2) портал арқылы жүгінген кезде:
жұмыс кестесі - тәулік бойы.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады және қауіпті жүктің классификацияларын растайтын құжаттарды қоса отырып ұсынады;
отандық тасымалдаушы:
1) ХҚО-да осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады және қауіпті жүктің классификацияларын растайтын құжаттарды қоса отырып ұсынады;
2) порталда қауіпті жүктің классификацияларын растайтын құжаттарды қоса отырып, электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтырып жолдайды.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін мемлекеттік қызметті алушы - отандық тасымалдаушы жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан және осы стандарттың 21-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес хабарламаны алғаннан кейін, портал арқылы төлем құжатының және белгіленген нысандағы тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған сенімхатының (бұдан әрі -сенімхат) сканерлеген көшірмелерін уәкiлеттi органға ұсынады.
10. Арнайы рұқсат беруге:
Қауiптi жүктердi халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келiсiмнің (ҚЖХЖТ) және осы Қағидалардың мәлімделген қауіпті жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын бұзудың анықталуы; осы Қағидалардың 13-15-тармақтарының талаптарын бұзуды болдырмау үшін белгіленген бағдарлар бойынша көлік құралдарының қозғалысына қатысты талаптарға мәлімделген қауіпті жүк қауіпсіздігінің сәйкес болмауы;
Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетін құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы немесе жалған деректерді қамтуы негіздеме болып табылады.
3. Шағымдану тәртiбi
11. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
13. Уәкілетті орган қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша;
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
15. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету өзге талаптар
17. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 259 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) уәкiлеттi органның үй-жайларында орнатылған стенділерде;
4) ХҚО үй-жайларында орнатылған стенділерде;
5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында;
6) порталда орналастырылады.
19. Мемлекеттік қызмет:
шетелдік тасымалдаушы үшін:
1) қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стенділермен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкiлеттi органның ғимараттарында осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетіледі;
отандық тасымалдаушы үшін:
1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының жүгіну жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан;
2) порталда «жеке кабинетте» көрсетіледі.
20. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдауды осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның кеңсесі жүзеге асырады.
ХҚО-да құжаттарды қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қызметкерлер жүзеге асырады.
Порталда электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызметті алушы – отандық тасымалдаушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде сұрау салынған мемлекеттік қызметке сәйкес уәкілетті органға жіберіледі.
21. Уәкiлеттi органға немесе ХҚО мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті алушы - отандық тасымалдаушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган немесе ХҚО лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұрау салуды берген кезде мемлекеттік қызметті алушы - отандық тасымалдаушының порталдағы «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет мәртебесінің жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі.
Өтініш оң қаралған кезде, мемлекеттік қызметті алушы - отандық тасымалдаушыға порталдағы «жеке кабинетке» осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде хабарлама жолданады.
22. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
шетелдік тасымалдаушыға:
уәкілетті органда жеке өзі келген, жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты ұсынған кезде, қолхаттың және төлем құжатының түпнұсқасы негізінде, қолхатта көрсетілген мерзімде;
отандық тасымалдаушыға:
ХҚО-да жеке өзі келген, жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты ұсынған кезде, қолхаттың (хабарлама) және төлем құжатының түпнұсқасы негізінде, қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
23. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.
24. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.
25. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекiтіледi.
________________________________
«Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi
Р/с №
|
Бөлiмше атауы
|
Толық заңды мекенжайы
|
Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95
|
8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz
|
2.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100
|
8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz
|
3.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107
|
8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz
|
4.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114
|
8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz
|
5.
1
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған
қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық
2
|
Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131
3
|
8 (7282) 24-55-01
ktk_alm@mtc.gov.kz
4
|
|
көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
|
|
6.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11
|
8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz
|
7.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 «А»
|
8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz
|
8.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Ақтау қаласы, 1 шағын ауданы, 1
|
8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz
|
9.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Шымкент қаласы,
Ә. Молдағұлова көшесi, 4
|
8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz
|
10.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы
|
Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесi, 1
|
8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz
|
11.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы
|
Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24 «А»
|
8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz
|
1
|
2
|
3
|
4
|
12.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87
|
8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz
|
13.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы
|
Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105 «А»
|
8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz
|
14.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы
|
Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122
|
8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz
|
15.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5
|
8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz
|
16.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28
|
8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |