«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата07.07.2016
өлшемі128.4 Kb.
#182918
Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 11 сәуірдегі

№ А-4/134 қаулысымен бекітілді

 

 



«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) және «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kzвеб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

3. Келесі анықтамалардың бірі мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі  болып табылады:  «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 237 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою (бұдан әрі – анықтама) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау



 

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері Орталықтан жолданған құжаттарды алдағы уақытта тіркеу арқылы қабылдауды жүзеге асырады - 15 минуттан ұзақ емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады - 15 минут. Нәтижесі – жауапты орындаушыны белгілеу;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді:

- 2 жұмыс күн ішінде анықтаманы құрастырады – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту) кезінде (мұрағаттық мәліметтер жоқ болған жағдайда);

- 6 жұмыс күн ішінде анықтаманы құрастырады – жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсету жолымен оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркеу арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою кезінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 15 минут. Нәтижесі  – анықтамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Орталыққа анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қол қойылған күнінің барысында жолдайды. Нәтижесі  – анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау.

 

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау



 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмысшылар) арасындағы өзара іс-қимылдың кезеңділігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Орталықтан жолданған жолданған құжаттарды алдағы уақытта тіркеу арқылы қабылдауды жүзеге асырады - 15 минуттан ұзақ емес;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, кейін анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды:

- 2 жұмыс күн ішінде анықтаманы құрастырады – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту) кезінде (мұрағаттық мәліметтер жоқ болған жағдайда);

- 6 жұмыс күн ішінде анықтаманы құрастырады – жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсету жолымен оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркеу арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою кезінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 15 минут;

 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Орталыққа анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қол қойылған күнінің барысында анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.

8. Рәсім (іс-қимыл) кезеңділігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

 

 

4. Орталықтармен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау



 

9. көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Орталыққа қажетті құжаттарды береді.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкерi құжаттар түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін  түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға төмендегілерді көрсету арқылы тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге сұраныс жолданады.

12. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Орталықтың қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Орталықтағы «терезелер» арқылы жеке өтініш білдірген кезде ғана беріледі.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1)   Орталыққа құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы өзгерістерінің тарихынсыз нақтылау кезінде – 15 (он бес) минут;

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде мұрағаттық мәліметтер болған жағдайда, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы өзгерістерінің тарихымен нақтылау кезінде – 15 (он бес) минут.

15. Рәсім (іс-қимыл) кезеңділігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

16. Көрсетілетін қызметті берушінің,көрсетілетін қызметті алушының Портал арқылы қадамдық қызметі мен шешімі:

1) Көрсетілетін қызметті алушы Порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ пароль (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады) көмегімен тіркеуді жүзеге асырады;

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЖСН/БСН және пароль енгізу процессі;

3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дәйектілігінін Порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылық болуына байланысты авторизацияға қарсылық туралы хабарламаны Порталмен қалыптастыру;

5) 3-процесс – осы регламентте көрсетілген қызметтерді көрсетілетін қызметті алушымен таңдау, оның құрылымы мен форматтық талаптар есебімен көрсетілетін қызметті алушымен нысандарды (деректерді енгізу) толтыру және қызметтер көрсету үшін сұранымды экранға шығару, қажетті құжаттардың көшірмелерін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрде сұраным нысанына бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен сұранымды растау үшін (қол қоюды) электронды-цифрлық қолдың (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдау;

6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркелген куәлігі қызметінің мерзімін және тізімде қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәлігінің жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (көрсетілген сұранымдағы ЖСН/БСН, және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дәйектілігі расталмауына байланысты сұратылған қызметке қарсылық туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушімен сұранымды өндеу үшін «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы «электрондық үкімет» өңірлік шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжатын бағыттау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және қызмет көрсету үшін негіздер көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген құжаттарға сәйкес тексеру;

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылған қызметке қарсылық туралы хабарлама қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен Порталда қалыптастырылған қызметтер (электрондық құжат нысанында хабарлама) нәтижелерін алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолданумен қалыптастырылады.

17. Портал, Орталық және көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде көрсетілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттері осы Регламеттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша



 

 

Рәсім (іс-қимыл) кезеңділігінің сипаттамасы

 

 



Мемлекеттік қызмет көрсету процесі (бағыты, жұмыс ағымы)

ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы

 

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді:

- 2 жұмыс күн ішінде анықтаманы құрастырады – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту) кезінде (мұрағаттық мәліметтер жоқ болған жағдайда);

- 6 жұмыс күн ішінде анықтаманы құрастырады – жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсету жолымен оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркеу арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою кезінде; Нәтижесі – Стандарттың 10-тармағына сәйкес анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты дайындау

 





көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының Орталықтан жіберілген құжаттарды алдағы уақытта тіркеу арқылы қабылдауды жүзеге асырады – 15 минуттан ұзақ емес.

 





 

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді - 15 минут




 

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 15 минут






 

 

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 10-тармағына сәйкес, Орталыққа анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты анықтамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қойған күнінен бастап бір күн ішінде жолдайды

 





 

 

 



 

 

 



 

 

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша



 

 

Рәсім (іс-қимыл) кезеңділігінің сипаттамасы

 

 



Мемлекеттік қызмет көрсету процесі (бағыты, жұмыс ағымы)

ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы

 

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді:

 - 2 жұмыс күн ішінде анықтаманы құрайды – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту) кезінде;

 - 6 жұмыс күн  ішінде анықтаманы құрайды – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде





Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Орталықтан жіберілген құжаттарды қабылдап, 15 минуттан арттық емес уақытта тіркейді




Орталық қызметкері өтініштерді және құжаттарды қабылдап, толықтығын және сәйкестігін тексереді, кейін  Көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды немесе қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқаны жөнінде дәлелді жауабы беріледі

 (1 жұмыс күні ішінде)

 





 

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді – 15 минут




 

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 10-тармағына сәйкес, Орталыққа анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты анықтамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қойған күнінен бастап бір күн ішінде жолдайды

 





 

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкесмемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 15 минут






 

 

Орталық  анықтаманы немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға бір күн ішінде береді

 





 

 

 



«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

 

 



Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара әрекет етудің № 1 диаграммасы

 

 



 

 

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара әрекет етудің №2 диаграммасы



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет