Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жiберу қағидаларын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі33.2 Kb.
#8639
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жiберу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1309 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 26.12.2013 ж. № 282 (28221); "Казахстанская правда" от 26.12.2013 г. № 344 (27618)


      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жiберу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1309 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық
авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық
стандарттарын қолдануға жiберу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жiберу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жiберу тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Қағидалар мемлекеттiк және эксперименттiк авиацияның әуе кемелерiне қолданылмайды.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) айқындайтын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары қолданылады.
      Азаматтық авиация ұйымы мәлiмдеген азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық стандарты мәлiмделген авиациялық стандарт болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын
азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық
стандарттарын қолдануға жiберу тәртiбi

      4. Мәлiмделген авиациялық стандарттарды қолдануға жiберу үшiн азаматтық авиация ұйымдары (бұдан әрi – өтiнiш берушi) уәкiлеттi органға еркiн нысандағы өтiнiш жiбередi:


      Өтiнiшке мынадай құжаттар:
      1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатының көшiрмесi (ұшуды орындау немесе авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiк) немесе азаматтық авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегi ұйым сертификатының көшiрмесi;
      2) мәлiмделген авиациялық стандарттар қолданылатын және ұшу жарамдылығының ұсталуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекетте тiркелген әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi (азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы болып табылатын өтiнiш берушi үшiн) құжаттар көшiрмелерi;
      3) мәлiмделген авиациялық стандарттарға жауап беретiн ұйымдық құрылым сипаттамасының көшiрмесi;
      4) халықаралық тәуелсiз аудиторлық ұйым жүргiзген мәлiмделген авиациялық стандарттарды қолданудың сәйкестiгiне аудиттi бағалау нәтижелерiнiң көшiрмелерi;
      5) мәлiмделген авиациялық стандарттардың талаптарына сәйкес әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын ұстау және/немесе техникалық қызмет көрсетудi орындау жөнiндегi құжаттардың көшiрмелерi;
      6) мыналар:
      ұшуды жүргiзу;
      ұшу жарамдылығын, техникалық жай-күйi мен жабдықты инспекциялауды (бақылауды) да көздейтiн пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру және авиациялық техникасын жөндеу рәсiмдерi;
      мәлiмделген авиациялық стандарттарға сәйкес авиациялық персоналдың дайындығын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық
      7) ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi жөнiндегi құжаттардың көшiрмелерi;
      8) сапаны бақылау жүйесi жөнiндегi құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi.
      Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылады.
      5. Мәлiмделген авиациялық стандарттар қолдануға жiберудiң немесе жiберуден бас тартудың негiзi уәкiлеттi органның күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде қабылданатын шешiмi болып табылады.
      6. Шешiм оң болған жағдайда, уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнi жарамдылық уақыты бойынша шектелмейтiн мәлiмделген авиациялық стандарттарды қолдануға жiберу туралы жазбаша хабардар етедi.
      7. Егер:
      1) өтiнiш берушi ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      2) өтiнiш берушi көрсететiн қызметтер (жұмыс түрлерi) авиациялық стандарттарды қолдануға мәлiмделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда жiберудi беруден бас тартылады.
      8. Мәлiмделген авиациялық стандарттарды қолдануға жiберуден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге бас тарту себептерiн көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет