Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасын бекіту туралы


§4. Жолаушылар салондарында және экипаж кабинасында ауаны баптау



бет6/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#134249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§4. Жолаушылар салондарында және экипаж кабинасында ауаны баптау
      248. Жолаушылар ұшақтарын және экипаж кабинасын жылытудың, суытудың және желдетудің әуеайлақтық жүйелері мен борттық жүйелерін пайдалану тәртібі мен шарттары осы үлгідегі ӘК-ге арналған ПҚ-да айқындалады.
      249. Жерде жолаушылар салондарындағы және экипаж кабинасындағы ауаны жылыту және суыту әуеайлақтық ауа баптағыштардың, ал олар болмаған жағдайда ауа баптаудың борттық жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Ауаны жылыту үшін пайдалану құжаттамасында көзделген әуеайлақтық жылытқыштар да пайдаланылады.
      250. Ауа баптаудың борттық жүйесін басқаруды және жолаушылар салондары мен экипаж кабинасындағы ауа температурасын бақылауды бортинженер (бортмеханик, ұшқыш) немесе осы жүйені пайдалануға, қосалқы күш қондырғысын іске қосуға және пайдалануға рұқсат берілген ИАҚ жұмыскері жүзеге асырады.
      251. Жылыту мен суытудың әуеайлақтық және борттық құралдарының техникалық жай-күйі жолаушылар салондары мен экипаж кабинасына шаңның, күйенің, механикалық бөлшектердің, түтінді және басқа да зиянды газдардың түсуіне жол бермеуге тиіс.
      Осы құралдарға тікелей қызмет көрсететін және пайдаланатын ТҚКЖ ұйымдары мен жұмыскерлер пайдаланылатын ауа баптағыштар мен жылытқыштардың техникалық жай-күйін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
§5. Әуе кемелерінің авиақозғалтқыштары мен жүйелерін жылыту
      252. ӘК қозғалтқыштары мен жүйелерін (бұйымдарын) жылыту тәртібі мен шарттары осы үлгідегі ӘК-ге арналған ПҚ-да айқындалады.
      253. ӘК қозғалтқыштары мен жүйелерін жылытуды жүргізетін мамандар орындалатын жұмыстар аймағынан кетпегені, жылыту құралдарының жұмысын, жылытқыштан шығатын ауаның температурасын, жылытылатын бұйымдар мен оларды жапқан тыстардың жай-күйін бақылағаны, өрт қауіпсіздігі талаптарының толық сақталуын қамтамасыз еткені жөн.
      254. ӘК қозғалтқыштары мен жүйелерін жылыту кезінде:
      1) ақаулы және ПҚ-да көзделмеген жылыту құралдарын пайдалануға;
      2) ақаусыз өрт сөндіру құралдарынсыз жылытуды жүргізуге;
      3) жылытқыштарды әуе кемесінің ең жақын нүктелерінен 3 м-ден жақын қашықтықта орнатуға;
      4) жылытқышты оны пайдалану үшін жауапты маманның қарауынсыз қалдыруға;
      5) жылытқыш үшін ПҚ-да көзделмеген отын түрлерін пайдалануға;
      6) ӘК-ге және жұмыс істеп тұрған жылытқышқа отын құюға;
      7) жұмыс істеп тұрған жылытқышқа отын құюға, оны көзделген тұйықтағыш құрылғысын пайдаланбай, жылыту үшін іске қосуға және пайдалануға;
      8) ӘК бұйымдары мен жүйелерін ашық отпен жылытуға;
      9) осы ӘК-де қозғалтқышты іске қосуға;
      10) жылытқыштың механикалық зақымдалған және жанар-жағар май материалдарымен ластанған тегеурінді құбырларын пайдалануға;
      11) жылытқыштан немесе оның құбырларынан шығатын ауа температурасын ПҚ-да көзделген шектерден артық жоғарылатуға;
      12) жолаушыларды отырғызуды жүргізуге жол берілмейді.
§6. Әуе кемелерінің үстіндегі қар мен мұзды кетіру
      255. Әуе кемесі жерде болған кезде ИТҚ уақытылы қаптау, үстіне арнайы сұйықтық жағу, бітеуіш орнату және әуе кемесінің осы түрі үшін ПҚ-да көзделген өзге де керек-жарақтар арқылы планердің, қозғалтқыштың, радиатордың, АРЭО бұйымдарының ішіне мұз қатудан және қар түсуден қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.
      256. Мұзды кетіру кезінде осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ басшылыққа алынады. ӘК-нің үстінен, ауа тартқыш құрылғыдан қарды кетіргеннен кейін ғана мұзды тазалау жүргізіледі. Мұзды тазалау үшін жылы су, жылытылған қатуға қарсы сұйықтықтар, жылу машиналары, әуеайлақтық жылытқыштар қолданылады. Кенептен және басқа да жұмсақ материалдағы мұзды жылы ауаның немесе судың көмегі арқылы кетіреді. Жылу машиналары әуе кемесіне ең жақын нүктеден 3,5 метр қашықтықтан жақын емес орналастырылады.
      257. Мұзды жылы сумен және қатуға қарсы сұйықтықпен кетіру кезінде механизмдер мен оның ішіне су тиіп кету мүмкіндігі болмауы керек, онда судың қатуы ӘК жүйелері жұмысының тоқтауына әкеп соғуы мүмкін. ӘК үстіне мұздың қайта қатуының алдын алу мақсатында оның үстіне қатуға қарсы сұйықтық шашады немесе жылы ауамен жылытады. Сонымен қатар рулдердің, элерондардың, триммерлердің, қанатындағы механикаландыру бөлшектерін, шасси түйіндерінің және басқа да механизмдердің қуысын жылы ауамен жылытады. Осы жұмыстарды орындағаннан кейін рульдердің, элерондардың, триммерлердің жай-күйі, анероидтық-мембрандық аспаптардың жұмыс істеуі тексеріледі.
      Мұз бен сүңгіні кетіру үшін қолданылатын судың, ауаның және сұйықтықтың температурасы ПҚ-да белгіленген шектен аспауы тиіс, әсіресе бұл ұялы конструкциялардың бөлшектеріне қатысты.
      258. Қарды, мұзды және сүңгіні кетіру бойынша жұмыстар алдын ала стартқа ӘК-ні сүйретуге (бұруға) дейін орындалады. Қажет болған жағдайда қар мен мұзды қайта кетіру ұшуға қозғалардың алдында тікелей орындалады.
      Аталған жұмыстарды әрбір рет қайталап орындау ТҚК үшін белгіленген тәртіппен жеке наряд картасында ресімделеді.
      259. Мұздың қатуының алдын алу және кетіру жөніндегі жұмыстарды орындауға оларды қауіпсіз жүргізудің практикалық дағдысын тексерілген, белгіленген тіртіппен меңгерген ИТҚ жіберіледі.
§7. Тиеу-түсіру жұмыстары
      260. ӘК-де тиеу-түсіру жұмыстары ӘК жауапкершілігіндегі лауазымды адамның рұқсатымен жүргізіледі.
      Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде мынадай талаптардың орындалуы:
      1) пайдаланылатын көлік пен өзге де құралдардың келу-кетуін және жұмысын бақылау;
      2) ӘК-ні, борт құралдарын, жабдықтар мен такелажды зақымданудан қорғау;
      3) отсектерде (жүк кабиналарында) жүктерді дұрыс орналастыру және бекіту, әуе кемесінің талап етілетін орталықтануы;
      4) жолаушылар салондарының, жүк кабиналарының (отсектердің) алдыңғы және артқы бөліктеріне тиеудің (түсірудің) кезектілігін сақтау;
      5) жүк кабинасының еденіне тиеу нормалары бойынша, жүктемелер бойынша шектеулерді сақтауды;
      6) артқы тірегі жиналған (тірек домкратпен) кезде тиеу (түсіру) бойынша жұмыстарға жол бермеу;
      7) рампыны, траптарды, траптың астындағыларды дұрыс орнату;
      8) арқалық крандарды, тельферлерді, жүк арбаларды, жүк тиеу тростары мен блоктарды тиеуге (ПҚ-да белгіленген күштен асырып) жол бермеу;
      9) арқандап байлау түйіндері мен арқандарың, тежегіштер мен керек-жарақтардың осы салмағы үшін ПҚ-да көзделмеген жүктер мен техниканы бекіту үшін пайдалануға жол бермеу қамтамасыз етіледі.
      Жөнделмеген көлік орамындағы (контейнерлердегі, поддондардағы, жүк арбаларындағы және тағы басқа) жүктерді ӘК-ге тиеуге жіберуге жол берілмейді.
      261. Борттағы тиеу-түсіру және арқандап байлау жабдықтарының, сондай-ақ оған ТҚКЖ-дың бұзылмағанын және пайдалануға даярлығын тексеру жөніндегі жұмыстарды ӘК пайдаланушының/иесінің ИАҚ бөлімшесінің жұмыскерлері жүзеге асырады. Аталған жабдықты мақсаты бойынша пайдаланар алдында ол экипаждың жауаптылығымен қабылданады, олар оны ПҚ талаптарына сәйкес дұрыс пайдалануды және экипаж мүшелерінің арасында функцияларды бөлуді қамтамасыз етеді.
§8. Қозғалтқыштарды қосу және сынау
      262. ПҚ-да көзделген жағдайларда, сондай-ақ ӘК командирінің немесе әуе кемесінде орындалатын ТҚК жұмыстары басшысының шешімі бойынша ӘК қозғалтқышын қосу және сынау жүргізіледі.
      263. ӘК қозғалтқышын қосуды және сынауды:
      1) әуе кемесінің осы түріне арналған осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен (3-тарау) жіберілген мамандар;
      2) ӘК-нің осы түріне арналған жұмыстарға даярланған пилоттар, ал ұшақтар үшін сонымен қатар бортинженерлер (бортмеханиктер) жүргізеді.
      Тікұшақтарда қозғалтқыштарды сынауға тек олардың пилоттары жіберіледі.
      Басқа санаттағы мамандар тікұшақтардағы қозғалтқыштарды қосуға және қыздыруға (сынамастан) жіберіледі. Олар тікұшақ қозғалтқыштары жұмысының шекті режимдерінде оны ұстап қалуды қамтамасыз ететін зәкір құрылғылармен және арқандап байлау құрал-жабдықтармен жабдықталған, мамандандырылған алаңда (осы мақсат үшін ПҚ-да белгіленген қурал - жабдықтармен) оларды арқандап байлау кезінде тікұшақтарды сынайтын тірек бұрандасының жетегін сөндіру құралдарымен жабдықталған.
      264. ӘК қозғалтқыштарын тұрақ жерінде, перронда және алдын ала стартта қосуға рұқсат етіледі, ал оларды сынау, оның ішінде тарту күшін сынау ӘК-нің осы түрі үшін қажетті жарақтары бар арнайы жабдықталған тұрақта жүргізіледі.
      265. Экипаж кабинасындағы жұмыс орнына отырғанға дейін ӘК қозғалтқыштарын қосуды және сынауды жүзеге асыратын маман:
      1) тұрақ жабдықтарынының даярлығы мен өртке қарсы құралдардың болуын;
      2) тұрақ алаңының қоқыстан, қардан, мұздан тазалануын, тұрақтағы және оның маңындағы әуе кемелерінің, жерде қызмет көрсету құралдары мен мүліктің қауіпсіз орналасуын;
      3) ауа сорғыш және серіппе құралдарда, ауа қысымын қабылдағыштарда қабы мен бітеуіштердің болмауын;
      4) люктердің жабылуын;
      5) ӘК негізгі тірек дөңгелектерінің астында тірек қалыбының болуын, арнайы арқандап байлау құралдарының (қозғалтқышты сынау кезінде ұстап қалатын), аталған құрылғылардың тірек қалыбымен дұрыс қосылуын;
      6) қосуды қамтамасыз ететін мамандардың даярлығын тексереді.
      266. Әуеайлақтық энергиямен жабдықтау көздерін борт желісіне және ұшақтағы сөйлесу құрылғысына қосу қозғалтқышты қосқанға дейін жүргізіледі, ал олар қосушының командасы бойынша сөндіріледі. Бұл ретте әуе кемесінің осы түрі үшін белгіленген бағдар бойынша техникалық персонал ӘК-ге жақындауды және одан кетуді жүзеге асырады.
      267. Қозғалтқышты қосуға, қосуды орындауға, қыздыруға, сынауға және тоқтатуға даярлау жөніндегі барлық әрекеттерді (операцияларды) қосушы ПҚ-да жазылған технологияға сәйкес жүзеге асырады.
      268. Қосушы мен қамтамасыз етушінің арасындағы екіжақты байланысқа жол беретін ұшақтық сөйлесу құрылғысымен (радиобайланыспен) жабдықталған әуе кемесінде қосу тек осы байланысты пайдалана отырып қана жүргізіледі. Ұшақтық сөйлесу құрылғысын пайдалану мүмкін болмаған кезде (радиобайланысты) пайдаланушы әзірлейтін қосуды қамтамасыз етудің визуалды схемасы қолданылады. Барлық жағдайларда да көзделген командалар мен сигналдар (5-қосымша) пайдаланылады.
      Қозғалтқышты қосуды қамтамасыз ететін мамандардың қосу кезінде әрекет ету қағидасын, қосушының командасын, сондай-ақ тұрақта орын ауыстыру қағидасын қатаң орындағаны жөн.
      269. ӘК командирі жүргізер алдында қозғалтқышты қосуға қозғалыс қызметінің диспетчерінен, ал қосуды орындауға кемені шығаратын маманнан рұқсат алады. Кеменің басқа қозғалтқыштарының қабы алынбаса қозғалтқыштарды қосуға рұқсат етілмейді. Егер қосқаннан кейін жүргізер болса, қосар алдында дөңгелектердегі тірек қалыптары алып тасталуы керек, бұл ретте дөңгелектердің тежеліп тұруы тиіс.
      270. Егер дөңгелектердің тежегіш және қозғалтқыштарды басқару жүйелері, күш беретін құрылғыларды бақылау аспаптары жөнделмеген, қосушы мен қамтамасыз етушінің арасында сенімді байланыс болмаған (ПҚ-да айтылған жағайларды қоспағанда) жағдайларда, қозғалтқыштарды қосуға және сынауға жол берілмейді.
      Қозғалтқыштарды қосу және сынау кезінде:
      1) қозғалтқышты қосу және сынау технологиясында көзделгеннен басқа, ӘК-де басқа да жұмыстарды орындауға;
      2) экипаж кабинасындағы жұмыс орнын қосушының тастап кетуіне;
      3) қосуды қамтамасыз етушінің қауіпті аймақтарда ұшақтың алдында немесе артында, әуе бұрандаларының айналу алаңында, тікұшақтың тірек бұрандасының астында болуына, оған белгіленген жұмыс орнын тастап кетуіне;
      4) ПҚ-да белгіленген қозғалтқышты қосу, қыздыру, сынау және тоқтату режимдерін бұзуға жол берілмейді.
      271. Қозғалтқышты сынау немесе қосу кезінде адамдарға немесе ӘК-ге қауіп төнген жағдайда, тұрақта болған кез келген лауазымды адам дереу қозғалтқышты сөндіру туралы оны қосатын немесе қосуды қамтамасыз ететін адамға осындай жағдай үшін белгіленген сигнал (команда) береді.
§9. Әуе кемелерін сүйрету
      272. Әуеайлақтағы әуе кемесін перронға, тұрақ алаңына, қозғалтқыштарды қосу шегіне (алдын ала старт), ұшақтұрақта, арнайы тұрақта (алаңда) сүйретеді.
      Жүретін жолдар мен ұшу-қону жолағы бойынша ӘК-ні сүйрету қозғалыс қызметі диспетчерінің рұқсатымен жүзеге асырылады. Диспетчермен байланыс үшін борттық раиобайланыс сүйретудің барлық кезеңінде қосылып тұрады.
      273. Ауысымдағы жұмыс басшысы ӘК-ні сүйрету туралы шешім қабылдайды, сүйрету үшін жауапты маманды (сүйрету басшысын) және бригада құрамын тағайындайды.
      Сүйретуге жауапты мамандар (сүйрету басшысы) мен бригада жұмыскерлері осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен даярлануы және жіберілуі қажет.
      274. ӘК осы түрін сүйрету үшін жарамды жасанды немесе топырақты жерде жолдар (алаңдар, трассалар) бойынша ӘК-ні сүйрейді.
      Тәуліктің қараңғы уақытында сүйрету аса жоғары сақтық шаралары сақтала отырып, борттық аэронавигациялық жарықтар қосылып төменгі жылдамдықта жүзеге асырылады.
      275. Сүйрету үшін радиостанциялармен және габаритті шамдармен, сондай-ақ арнайы сүйрету құрылғыларымен (сүйрегіш, трос) жабдықталған автомобильдік немесе тракторлық шассилерге арналған сүйреуіштер пайдаланылады.
      276. Сүйретуді бастар алдында оның басшысы ӘК-ні сүйрету үшін тағайындалған бригада персоналдарына нұсқаулық жүргізеді. Ол ауа-райының осындай жағдайларында (әсіресе, көктайғақта, қатты желде) жұмысты орындау ерекшелігін, тұрақта кемелерді орналастыруды және жерде оларға қызмет көрсету құралдарын, ӘК-нің орын ауыстыру жолдарымен сүйрету құралдарының жай-күйін көрсетеді, бригада мүшелерінің жұмысқа даярлығын тексереді, оларға қауіпсіздік техникасы нұсқаулығын түсіндіреді.
      277. Сүйретуге жауапты маман әуе кемесін сүйретуге қатысатын барлық адамдардың әрекетіне басшылық жасайды. Ол жұмысты орындар алдында:
      1) кеменің сүйретуге даярлығын (дөңгелек тежегіштерінің жөнделгенін, есіктердің, люк қақпақтарынын және отсектердің жабылғанын, жерде қызмет көрсету құралдарының ӘК-ден сөнгенін және оларды кемеден қауіпсіз қашықтыққа алуды);
      2) сүйрету құрылғысының, сүйрету кезінде пайдаланылатын сүйреу жабдығының, байланыс құралының жөнделгенін;
      3) тұрақтан ӘК еркін шығару мүмкіндігін тексереді.
      278. Ұшақтар мен тікұшақтарды ұшақтық сөйлесу құралының (радиобайланыстың) көмегімен сүйретеді, ал өте жеңіл және жеңіл авиация ұшақтарын сүйретуге жауапты маманның, ӘК командирінің жұмыс орнындағы маманның және сүйреуіш жүргізушісінің арасындағы визуалды байланыстың көмегімен сүйретіледі.
      Радиоқұрал мен сигналдардың көмегімен (6-қосымша) дыбыстау арқылы команда беріледі. Сүйретуге жауапты маман экипаж кабинасындағы жұмыскер мен сүйреуіш жүргізушісіне көрінетін жерге орналасады.
      279. Сүйретілетін ӘК-ні (сүйреуішті) мәжбүрлеп тоқтатқан кезде кеме дөңгелегінің астына тірек қалыбы орнатылады.
      280. ӘК командирінің орнында сүйрету кезінде болған маман авариялық жағдайларда әуе кемесін тоқтату бойынша уақытылы әрекеттерді қамтамасыз етеді.
      Кедергімен соқтығысу қаупі төнген, ӘК сүйреуіштен шығып кеткен, водила сынған, ӘК-нің сүйреуішті басу қаупі төнген (ақырындап шығып кеткен, сүйреуіш тоқтаған) жағдайда, авариялық жағдай туғызуы мүмкін басқа да жағдайларда дөңгелекті тежеу қолданылады.
      281. ӘК-ні жұмсақ (тросты) тіркеуішпен сүйреткен кезде бригада мүшелері тростың дөңгелекке тимеуін және дөңгелектің тросты басып кетпеуін қадағалайды.
      282. Гидроұшақтарды сүйрету катердің және тростың көмегімен жүргізіледі, ол артқы құлпына (гакқа) немесе алдыңғы сүйрету құлпына бекітіледі. Оны әуе кемесі командирінің орнында экипаж кабинасында болуы тиіс гидроұшақ командирінің (пилотының) басшылығымен жүзеге асырылады. Оның нұсқауларын сүйреуіш – катер командасының барлық мүшелері орындауы тиіс.
      283. Сүйрету кезінде:
      1) ӘК-ні орнынан теңселте қозғалтуға;
      2) адамдардың ӘК үстінде (қанатында, фюзеляжда және т.б.), сүйреуіш кабинасы мен сүйретуші құрылғының астында болуына;
      3) қозғалыс кезінде ӘК мен сүйреуіштің ажырауын жөндеуге;
      4) сүйреуіш артқа жүрген кезде ӘК-ні итеруге;
      5) алдыңғы тірегімен құмға батқан ӘК-ні алып шығуға жол берілмейді.
§10. Әуе кемесінің тұрмыстық жабдықтарына қызмет көрсету, жуу
      284. Тұрмыстық жабдықтарға қызмет көрсету әуе кемесіне ТҚК құрамдас бөлігі болып табылады және оны жүргізуге даярланған және рұқсат етілген жұмыскерлер орындайды.
      285. Тұрмыстық жабдықтарға қызмет көрсетудің жоспарлы мерзімдері мен технологиясы пайдалану құжаттамасында берілген.
      Тұрмыстық жабдықтарға қызмет көрсету бойынша қосымша жұмыстардың қажеттілігі экипажбен, жабдықтардың бұзылуымен, жоспарланатын ұшу ерекшелігімен, сондай-ақ әуе кемесінде орындалатын ТҚК жұмыстары басшысының шешімімен айқындалады.
      286. ӘК-ні сыртын ішінара немесе толық жууды арнай машиналарды қолданып немесе қолмен жуу жүзеге асырылады. Жууға металдардың коррозиясын, бұйымдардың бояуларының, органикалық шынының, резиналардың, маталардың, пластмассалардың бұзылуын болдырмайтын жуу құралдары ғана қолданылады.
      Әуе кемесін жуу кезінде ластанғанды кетіру үшін металл щеткалар мен қырып тастайтын немесе бетін бұзатын басқа да металдарды қолдануға жол берілмейді. Жуу кезінде орындаушылар жуу материалдарының қанатының ішіне, отсектерге, кабинаның еденіне, ауа тартқыш құрылғыларға және бұйымдарға тамуына жол бермейді, сондай-ақ олардың қатып қалуын болдырмайды.
      Арнайы химиялық құралдарды пайдалана отырып ӘК-ні толық жууды (суға қондыру) қалдақтарды жинау үшін керек-жарақтармен жабдықталған арнайы тұрақтарда (алаңдарда) жүргізеді.
      ӘК-ні жуғаннан кейін анероидты-мембранды аспаптарының жұмысқа жарамдылығы тексеріледі.
11-тарау. Авиациялық техниканың жай-күйін және оған техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау
§1. Жалпы ережелер
      287. АТ-ның техникалық жай-күйі және оған ТҚК сапасы:
      1) визуалды және оргонолептикалық белгілері (шулар, иісі және т.б.) бойынша;
      2) әрекет етуін тексерумен (функционалды бақылау);
      3) аспапты (автоматты, қолмен, аралас) бақылау құралдарымен;
      4) регламентті жұмыстардың толық орындалуын (соңғысы ТҚК сапасын бақылауға жатады және оны бағалаудың негізгі бөлігі болып табылады) тексерумен айқындайды.
      Бақылау әдістері мен құралдарының номенклатурасы пайдалану құжаттамасымен айқындалады.
      288. Бақылаудың аспапты құралдарын қолданбастан жөнделгені, жүмысқа жарамдылығы және дұрыс жұмыс істеуі айқындалуы мүмкін АТ объектілерін визуалды бақылайды.
      Органолептикалық белгілері бойынша авиациялық техниканың жұмыс істемеуін немесе бұзылғанын тек сыртқы белгілері бойынша айқындайды.
      289. Әрекет етуін тексерумен авиациялық техниканың жұмысқа жарамдылығы мен дұрыс жұмыс істеуін айқындайды.
      290. АТ жай-күйін аспапты бақылау ауыспалы, жылжымалы, орнатылған және қашықтық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылады.
      АТ-ны аспапты бақылауды жүзеге асыратын ИАҚ мамандардың қолданылатын құралдар бойынша тиісті даярлығы және орындалатын жұмыстарға рұқсаты болуы тиіс.
      291. АТ жай-күйін бақылауға белгіленген түрде құжаттамалық расталған, метеорологиялық тексеру мен аттестациядан өткен жөнделген аспапты құралдар ғана жіберіледі.
§2. Бақылауды ұйымдастыру
      292. Бақылаудың мақсаты АТ жөнделгенін, жүйелері мен бұйымдарының жұмысқа жарамдылығы мен дұрыс жұмыс істеуін, істен шығулардың, бұзылудың және техникалық пайдалану қағидаларын бұзудың алдын алу болып табылады.
      293. АТ жай-күйін бақылау пайдалану және жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      294. Жұмысты орындаушылар ТҚКЖ-дың толықтығы мен сапасын (жедел және кезеңді ТҚК кезінде, сондай-ақ АТ жөндеу жүргізген кезде) қамтамасыз етеді, оларды орындау процесінде АТ жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді. Жедел және кезеңді ТҚК-нің толықтығы мен сапасын, сондай-ақ жөнделуін бақылау ТҚКЖ сапасын қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін пайдалану және жөндеу құжаттамасының және авиациялық техникада ТҚКЖ бойынша пайдаланушы мен ұйымның ішкі құжаттамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
§3. Әуе кемелеріне қызмет көрсетуді пайдалану кезіндегі бақылау
      295. Ұшуда АТ жай-күйін бақылауды экипаж ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Экипаж ұшуда анықталған ақаулар туралы борт журналында жазады.
      296. ТҚКЖ-дың жедел, кезеңді және ерекше түрлері, базалық немесе уақытша әуеайлақтар, ӘК-нің жалғыз немесе топтық базалық орналасу жағдайында инженер-техникалық персонал АТ-да орындайтын ТҚКЖ-дың бөлшектеу-монтаж, реттеу және басқа да барлық жұмыстары кезінде АТ жай-күйін бақылауды жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын мамандарды жүргізеді.
      297. Орындаушы мен бақылаушы құжатқа (наряд картасы, операциялар бойынша ведомостар және т.б.) қол қойған жағдайда әуе кемесінің ТҚКЖ-ы жекелеген жұмысты орындау сапасын бақылауды жалпы аяқталды деп санайды.
      298. Егер бақылау үшін ұсынылатын жұмыс технологиялар немесе белгіленген көлем бұзыла отырып орындалса, бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам бұл жұмысты кемшіліктерді жою үшін қабылдаудан бас тартады.
      Мұндай жұмысты қайта ұсыну және қабылдау тәртібін ТҚКЖ жөніндегі ұйым айқындайды.
§4. Қарап тексерудің арнайы түрлері
      299. Қарап тексерудің арнайы түрлеріне АТ пайдаланушының/иесінің, АТ әзірлеушілердің және жеткізушілердің құжаттарында ПҚ белгілейтін мерзімде және көлемде орындалатын АТ-ның бір реттік, инспекторлық және бақылау қарап тексерулер (тексерулері) жатады.
      Бір реттік қарап тексеру нәтижелері ӘК формулярында, «Бюллетендер мен нұсқаулар бойынша пысықтаулар мен қарап тексерулерді орындау» бөлімі жазылады. Басқа қарап тексерулердің нәтижелері борт журналының VI бөлімінде немесе көрсетілген мақсат үшін пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым бекітетін «Арнайы қарап тексерулерді есепке алу журналында» жазылады.
      300. Бір реттік қарап тексеру конструкциялардың жекелеген бөлшектері мен элементтерінің, бұйымдар мен жүйелерін егжей-тегжейлі тексеру, олардың жұмыс қабілеті мен жұмыс істеу дұрыстығын егжей-тегжейін тексеру үшін жүргізеді.
      Бір реттік қарап тексеруді орындау тәртібі, оның жүгізу үшін қажетті қаражат пен ресурстар, қатысу мен жауапкершілікті бөлу тараптардың бір реттік қарап тексеру қажеттілігін айқындайтын келісімімен белгіленеді.
      301. Инспекторлық қарап тексеру ӘК-нің техникалық жай-күйін, оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен сапасының жай-күйін бағалау үшін жүргізіледі. Инспекторлық қарап тексерулерді жүргізу тәртібі мен кестелері, пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның лауазымды адамдарының инспекторлық қарап тексерулерге қатысу нормалары пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжатында белгіленеді. Пайдаланушы уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша өздерінің қатысуымен, сондай-ақ тараптар келіскен тәртіппен басқа ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ӘК-ге инспекторлық қарап тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      Инспекторлық қарап тексеру көлемі оның таңдалған үлгі бағдарламасында немесе қарап тексеруге тапсырма беретін басшының жекелеген нұсқауында айқындалатын. Нақты қарап тексерудің бағдарламаларына қажет болған жағдайда ұшу-техникалық сипаттамалардың Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарынан ауытқуларын жою жөніндегі қабылданған іс-шараларды, пысықтауларды орындауды, ТҚКЖ сапасының жай-күйін, ПҚ жүргізуді, өлшеу құралдарының, құралдың, жер үстінде қызмет көрсету құралдарының жарамдылығын тексеру енгізіледі. Қарап тексеруге қатыстыруға ӘК ұшу бөлімшелерінің инструкторлық құрамдарын, экипаж мүшелерін пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басқа қызметтерінің тиісті даярлығы және авиациялық техникада жұмысқа рұқсаты бар мамандарын тартуға рұқсат етіледі.
      302. Инспекторлық қарап тексеру кезінде анықталған ӘК-нің ақаулар, оның техникалық жай-күйін бағалауды, инспекциялайтын топ мамандарының ескертулері мен тұжырымдары қарап тексеруге барлық қатысушылары қол қоятын ақауға арналған нарядқа (ақаулар ведомосы) жазылады.
      Ақауларға арналған наряд карта-нарядтармен бірге сақталады.
      Қарап тексерулердің нәтижелері жөніндегі материалдар пайдаланушының және авиациялық техниканың ТҚКЖ сапасын талдау жөніндегі ТҚКЖ жөніндегі ұйымның ИАҚ құжаттарында, анықталған кемшіліктерді жою және оң тәжірибені енгізу жөніндегі іс-шаралар айқындалатын басқа құжаттарда көрініс табады.
      303. АТ бақылау қарап тексеру әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы куәліктің (сертификаттың) қолданысын ұзарту және ресурсты ұзарту, зақымдалған ӘК-ні қалпына келтірілгеннен кейін, кемені жөндеуден алған кезде, пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы айқындайтын басқа жағдайларда жүргізіледі.
      Қарап тексеруді жүргізу үшін пайдаланушының ИАҚ басшысы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым комиссия тағайындайды, қарап тексеру көлемін айқындайды және комиссия актісін бекітеді. Бақылау қарап тексеруі туралы жазба ӘК формулярында және борт журналында («Жай-күйді бақылау» бөлімі) енгізіледі. Комиссияның барлық мүшелері қол қойған ақаулар ведомосы әуе кемесінің ісінде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет