Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 шілдедегі № 851 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 шілдедегі
№ 851 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу тәртібін белгілейді.
2. Техникалық пайдалану мынадай процестерді қамтиды:
1) техникалық қызмет көрсету;
2) ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының ұшуға жарамдылықты нормаларының және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкестігін бақылау.
3. ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкестігін бақылауды ӘК экипаждары және ИТҚ жүзеге асырады.
4. Жөндеу әуе кемесінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ұшуға жарамдылық нормаларында анықталатын ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру процесін қамтиды.
5. Әуе кемелеріне және олардың компоненттеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Азаматтық авиация авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру ережесіне сәйкес сертификатталған ұйым орындайды. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану туралы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі және 55-бабына сәйкес танылған және шетел мемлекеті берген куәлігі бар авиациялық персонал жүргізеді.
6. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
7. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізу кезінде оларды жасап шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым берген сәйкестендіруші құжаттары (формулярлар, паспорттар, заттаңбалар, пайдалануға рұқсат беру туралы құжаттар, дәлме дәл көшірмелер) жоқ агрегаттарды, жинақтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
8. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөніндегі ұйымда оған сертификаттау және сертификат беру Қағидасына сәйкес сертификат беру арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган растайды.
9. Шетелдік мемлекеттердің авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдарына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган олардың сертификаттарын танығаннан кейін техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат етіледі.
10. Авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін орындалатын жұмыстардың көлеміне және күрделілігіне байланысты енгізеді.
11. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында нұсқаулықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) техникалық қызмет көрсету – әуе кемесін ұшуға даярлау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде ұшуға жарамдылығын (ақаусыздығын, жұмыс қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қолдау үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыстар кешені;
3) ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету – әуе көлігінің жарамды және ұшуға дайындалған әуе кемелеріне ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
4) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігімен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі;
5) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетудің желілік станциясы – Қазақстан Республикасының аумағында кемінде үш ай мерзімге авиациялық техникаға (бұдан әрі - АТ) техникалық қызмет көрсетудің негізгі базасы орналасқан әуежайынан тыс құрылатын АТ-ға техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның бөлімшесі;
6) әуе кемесінің түрленуі – әуе кемесі оның конструкциясының немесе компонентін дайындау технологиясының кез келген өзгерісі;
7) жедел техникалық қызмет көрсету – әуе кемелерін ұшуға дайындау үшін техникалық қызмет көрсету жөніндегі орындалатын жұмыстар;
8) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оларды (бұдан әрі АТҚЖ) жөндеу ұйымы - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
9) мерзімді техникалық қызмет көрсету – күрделілігі бойынша жедел техникалық қызмет көрсетудің өлшемдеріне және оларды орындау шарттарының талаптарына сәйкес келмейтін техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар;
10) ұшуға жарамдылықты ұстау - олар арқылы әуе кемесінің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі және оларды қызметтік пайдалану мерзімі ішінде қауіпсіз пайдалану үшін қажетті жәй - күйде ұстау қамтамасыз етілетін шаралар кешені;
11) жөндеу – ұшуға жарамдылығының тиісті нормаларында анықталатын әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру;
12) пайдалану (жөндеу) құжаттамасы – әуе кемесін жасаушы әзірлейтін және әуе кемелерін пайдаланудың, оларға техникалық қызмет көрсетудің және оларды жөндеудің ұйымдастырушылық, нормативтік, техникалық және өзге де қағидасын белгілейтін құжаттама;
13) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
14) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты - пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау Қағидасына және сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
15) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификат - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат.
12. Авиациялық техниканы техникалық пайдалану ұшулардың инженерлік-авиациялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын ТҚКЖ жөніндегі ұйым немесе авиациялық персонал жүргізеді.
13. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) авиакәсіпорындардың жарамды және ұшуға дайындалған әуе кемелеріне қажеттіліктерін уақтылы, толық және сапалы қанағаттандыру;
2) пайдалану құжаттамасында қойылатын, АТ-ны мақсаты бойынша тиімді және қауіпсіз пайдалану талаптарын, техникалық шарттарын және кепілдіктерін орындау.
14. ТҚКЖ жөніндегі ұйым мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жедел техникалық қызмет көрсету;
2) АТ ТҚКЖ (соның ішінде – АТ-тың ресурсын қалпына келтіру), пайдалану және оларды жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес - оны жетілдіруді, тексерулер мен байқауларды, АТ-тың сапасын және оның ТҚКЖ ұйымдастыру және орындау;
3) авиациялық техниканың ұшуда және жерде анықталған тоқтап қалулары мен ақаулары туралы деректер жинау, есепке алу және өңдеу;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өз қызметін жетілдіру мақсатында авиациялық инциденттердің, АТ істен шығуы мен ақауларын алдын алу жөніндегі іс-шаралармен бірге авиациялық техниканың сенімділігін талдау, техникалық пайдалану тәжірибесін, оның ТҚКЖ талдау және қорыту
5) жарнамалық - талап жұмысын жүргізу, АТ Жеткізушілерге олардың өнімдерінің кемшіліктерін жою туралы талаптар қою;
6) ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларының ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін бақылау;
7) оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ӘК күзетілуін қамтамасыз ету;
8) АТ-тың жай-күйін, оның ТҚКЖ, еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды бақылаудың ілгерішіл технологияларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
9) авиациялық техниканың пайдалану және оларды жөндеу құжаттамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
10) авиациялық техниканың пайдалану және оларды жөндеу құжаттамасына қажеттіліктерін қамтамасыз ету, оны жүргізу және нөмірленген (кеме) құжаттаманы қоса алғанда, сақталуын қамтамасыз ету;
11) АТ-ны жетілдіру, инженерлік-авиациялық қызметтің іс-әрекеті, ұшақтар, тікұшақтар және авиақозғалтқыштар паркінің құрамы, жай-күйі, пайдаланылуы және қозғалысы, материалдық мүлік, қосалқы бөлшектер және жабдықтар бойынша есепке алудың және есептеменің белгіленген нысандарын жүргізу;
12) авиакәсіпорын жүзеге асыратын АТ-ны техникалық пайдалану және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету;
13) қызметкерлердің нормативтік еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу өндірісін, өрт қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру, өндірісті қажетті үй-жайлармен, жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен және авиатехникалық мүлікпен қамтамасыз ету, оларды ұстау, сақтау, пайдалану және оларға қызмет көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
14) зақымданған кемелерді көшіру және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
15) оқу техникалық базасын ұйымдастыру және жарақтандыру, инженерлік-авиациялық қызмет персоналының техникалық даярлығын және мамандардың авиациялық техникада сынақтан өтуін ұйымдастыру;
16) инженерлік-авиациялық қызмет кадрларын іріктеу және орналастыру, әрбір қызметкердің өзінің қызметтік міндеттеріне жауапты қатынасын қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу.
15. ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықтың талаптарына сәйкестігін бақылауды ӘК экипаждары және ИТҚ жүзеге асырады.
Экипаж мүшелері ӘК жүйелерінің жұмысындағы ауытқуларды анықтауды және борт журналына уақытында енгізуді, ИТҚ-да – ұшу-техникалық сипаттамалары мәндерінің, ұшу режимдерінің борт журналында, АТ жұмысының параметрлерін тіркеуге арналған басқа құжаттарда жазылған, сондай-ақ объективті бақылау құралдары тіркеген ауытқулардың себебін талдауды қамтамасыз етеді.
16. Экипаждардың ӘК-ні пайдалануы ӘК-ні экипаждың жауапкершілігіне қабылдаған сәттен бастап әуе кемесін басқа қызметтердің жауапкершілігіне тапсыру кезіне дейін жерде және ұшуда (ӘК-ні ұшуда пайдалану) ӘК-ні, оның жүйелерін, бұйымдар мен жабдықтарды пайдалану жөнінде олар орындайтын операциялар кешенін қамтиды. Көрсетілген операциялар кешені ӘК нақты түрі үшін Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықпен регламенттеледі.
17. Экипаж ӘК үшін басқа қызметтердің өкілдерінен немесе басқа экипаждан оны өз жауапкершілігіне қабылдаған сәттен бастап әуе кемесін басқа қызметтің өкіліне немесе басқа экипажға тапсыру кезіне дейін жауап береді.
2-тарау. Әуе кемелерін техникалық пайдалану тәртібі
18. Ұшуларға нақты ұшуды орындау үшін жеткілікті ресурс қалдығы және қызмет мерзімі бар, техникалық талаптарға жауап беретін, белгіленген тиісті тексерістер мен даярлықтардан өткен, жарамды ӘК жіберіледі.
19. Әуе кемесі мынадай жағдайларда жарамды болып саналады:
1) планер, қозғалтқыштар және жинақтаушы бұйымдардың ресурс қалдығы және қызмет мерзімі бар, нөмірлік құжаттама (формулярлар, борт журналы) бойынша тізбеге сәйкес толығымен жинақталған;
2) кемеде регламентпен көзделген, кезекті ТҚК орындалған, ақаулықтар және олардың салдарлары жойылған;
3) өндірістік-техникалық және нөмірленген құжаттама есімделген, кеменің жарамдылығы карта-нарядта тиісті лауазымды тұлғалардың қолдарымен расталған.
20. Жарамды ӘК-ні мынадай жағдайларда ұшуға дайын деп есептейді:
1) планер, қозғалтқыштар және жинақтаушы бұйымдардың нақты ұшуды орындау үшін жеткілікті ресурс қалдығы және қызмет мерзімі бар;
2) ӘК-ге жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі - ЖЖМ), газдар, арнайы сұйықтықтар құйылған, ұшу тапсырмасына және техникалық пайдалану жөніндегі басшылық пен ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) талаптарына сәйкес барлық қажетті компоненттермен жабдықталған;
3) ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар орындалған және карта-нарядта қолдармен ресімделген;
4) ӘК карта-нарядта және борт журналында қол қойылып, қабылдау-тапсыруды рәсімдеу арқылы экипажға тапсырылған.
Көрсетілген талаптар сақталмаған кезде ӘК-ні ұшуға шығаруға рұқсат етілмейді.
21. Пайдаланушының жарамды ӘК-лерге қажеттілі әуе тасымалдарының және авиациялық жұмыстардың көлемдерімен, ӘК-ні пайдалану динамикасымен – ұшуларды жүргізу кестесімен анықталады.
22. ӘК-ні техникалық пайдалану кезінде:
1) ӘК, қозғалтқыштар және жинақтаушы бұйымдар үшін нормативтік құжаттармен белгіленген, соның ішінде – АТ-ның ұшудағы және жердегі жұмыс режимдері бойынша пайдалану шектеулерді сақтау;
2) ТҚК және сақтау кезінде жұмыстарды уақытында, толық көзделген және дұрыс орындау;
3) ТҚК кезінде пайдалану құжаттамада көрсетілген, метрологиялық тексерістерден (сынақтардан) өткен бақылау және жер бетінде қызмет көрсету құралдарын, құрылғылар мен таңбаланған құрал-саймандарды қолдану;
4) осы үлгідегі ӘК-ге қолдануға көзделген ЖЖМ, арнайы сұйықтықтарды, газдарды, шығыс материалдарын пайдалану;
5) бөлшектерді өздігінен болатын ашылудан, бұрылудан және түсуден сақтандыратын, алмалы-салмалы қосылыстарды шегендеу қағидасын сақтау;
6) ӘК-ні қозғалтқыштарды іске қосу және сынау, бөлшектеу-монтаждау жұмыстары кезінде зақымданулардан, тіркеп сүйреу және тбару (түсіру) кездерінде кедергілермен соқтығысудан сақтау;
7) ӘК-нің ұшып шығуы және қонуы, жермен жүруі және тұрағы үшін тек осы мақсаттарға арналған және жарамды жасанды және жер бетіндегі жолақтарды, жолдарды, алаңдарды пайдалану;
8) авариялық-құтқару жабдықтар жиынтықтарын (АҚЖ) мақсаты бойынша пайдалануға жарамды жай-күйде және дайындықта ұстау, үлгілік пайдалану құжаттамасы, уәкілетті орган және ТҚКЖ жөніндегі ұйым құжаттарының талаптарына сәйкес борттық АҚЖ және ӘК мүлкіне ТҚК жүзеге асыру;
9) тұрақта ӘК-нің қалпын өзгертуге және инерциялы жүйені іске қосу сәтінен бастап оны жұмыс режиміне ауыстырғанға дейін электрқоректі ажыратуға рұқсат етпеу;
10) ӘК-ні ортаның бүлдіргіш ықпалынан (қар, мұз, су, шаң және басқалары) сақтау қажет.
23. ӘК-дегі жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушылар тапсырма орындаған жерде (бөліктерде, люктерде, ауа жинайтын құрылғыларда, кабиналарда) бөлшектер, құрал-саймандар, басқа бөтен заттар қалып қоймауын тексереді.
24. Нақты үлгідегі ӘК-ге техникалық қызмет көрсету кезінде тек жарамды, тиісті пайдалану құжаттамасының талаптарына жауап беретін арнайы машиналарды, энергия көздерін, жүк көтергіш механизмдерді, қыздырғыштарды, жер бетінде қызмет көрсететін, жалпы қолданыстағы басқа да құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Көрсетілген құралдардың жарамдылығын растау тәртібін пайдаланушы және ТҚКЖ ұйымы белгілейді.
25. ИТҚ АТ-ға техникалық қызмет көрсету үшін іске қосылған, жалпы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдардың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді және жерге қосу мен өрт сөндірудің штаттық құралдарымен толықтырылмаған арнайы машиналарды әуе кемелеріне ТҚК рұқсат етпейді, жер бетінде қызмет көрсету құралдарының қалыптан тыс жұмысына байланысты болуы мүмкін авариялық жағдайларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдайды.
26. ӘК-нің ұзақтығы екі сағаттан артық тоқтап тұру кезінде (егер нақты үлгідегі ӘК-нің пайдалану құжаттамасында өзге көрсетілмесе), ал жауын-шашын, қар түсу, боран, тұман, шаңды дауыл кезінде - тоқтап тұру ұзақтығына байланыссыз ауажинағыштарға, қабылдағыштарға, толық және статикалық қысым жүйелеріне, ӘК-нің басқа жүйелеріне пайдалану құжаттамасында көзделген қорғаныш құрылғыларын орнату қажет.
Көрсетілген қорғаныш құрылғылары қызыл түске боялады және қызыл жұмсақ вымпелдері болады (ӘК-нің белгіленген қорғаныш құралдарымен ұшып шығуын болдырмау мақсатында). Қорғаныш құрылғыларын орнату орындары қызыл (қызғылт сары) түске боялған ӘК-де қорғаныш құрылғылары қара түске боялады. Ұшу және ТҚК уақытына ӘК-ден алынатын қорғаныш құрылғыларын олардың сақталуын және жарамдылығын қамтамасыз ететін орындарда сақтайды.
27. Бұйымдарды бір ӘК-ден екіншісіне ауыстырған кезде нақты жұмыстар жүргізу технологиясы қолданылады, егжей-тегжейлі әзірленген оларды ұйымдастыру, тіркеу, ақпараттық қолдау және бақылау қамтамасыз етіледі.
28. ӘК-де жинақтаушы бұйымдардың жаңғыртылған немесе жаңа үлгілерін орнатуды, жетілдірулерді орындауды, сондай-ақ АТ конструкциясын өзгертуді ӘК әзірлеушісі қолданысқа енгізген бюллетеньдер бойынша жүргізеді.
ӘК-де қосымша (штаттан тыс) жабдықтарды монтаждау және оған қызмет көрсету әзірлеушінің құжаттары бойынша орындалады.
29. Планердің, күш қондырғысының элементтеріне ТҚК, авиациялық және радиоэлектрлік қондырғы (бұдан әрі – АРЭЖ) ӘК-нің бір функционалдық жүйесіне кіретін ТҚК ұйымы қамтамасыз етеді.
30. ӘК-де қауіпсіздікті сақтау мақсатында оған ТҚК кезінде ӘК-тің борттық жүйесі мынадай жағдайларда тоқсыздандырылады:
1) АРЭЖ бойынша ӘК-де бөлшектеу және құрастыру жұмыстарын орындаған кезде;
2) бөлгіш құрылғыларды (қораптарды) байқау және тексеру кезінде;
3) электр тізбектерінде және борттық оттек жүйесінде қалпына келтіру жұмыстары кезінде;
4) ӘК-де өрттен қауіпті материалдарды пайдалану арқылы жұмыстар орындаған кезде;
5) құрылғыларды пиротехникалық құралдармен жарақтау (жарақтанудан жойған) кезде.
Көрсетілген жағдайларда экипаж кабинасында әуежайлық және авариялық электрқорек ажыратқыштарында, сондай-ақ электр энергиясының жер бетіндегі көздерін іске қосудың ажырату бөліктерінде «Токқа қосуға болмайды. Жұмыстар жүріп жатыр» мәтіні бар ескерту вымпелдері ілінеді.
«Қосуға болмайды (тиісуге болмайды), жұмыстар жүріп жатыр» мәтінімен ескерту вымпелдерін сондай-ақ тиісті жүйеде толықтырушы бұйым немесе бөлшек алынғанда (әуе кемесіне кезеңдік ТҚК кезінде тексеру үшін алынатындардан басқа) немесе оларды (монтаждау) және реттеу бойынша жұмыстар орындалғанда ӘК-нің басқару органдарында және оның жүйелерінде іледі.
3-тарау. Планерге, қозғалтқыштарға, авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету тәртібі
31. Планердің аэродинамикалық сапаларын сақтау мақсатында:
1) қанаттың басқарудың үстіңгі элементтерінің, есіктердің, жармалардың, орағытпалардың, желкөздердің, люктер қақпақтарының дұрыс тиіп тұруы;
2) сыртқы беттеріндегі тойтарма шегелердің және бөлшектер бекітпелерінің босауын, күш элементтері мен қаптамадаға бүлінулерді, сызаттарды, жарылуларды уақытында жою;
3) қаптаманың лак-бояу жамылғысын жарамды жай-күйде ұстау;
4) планердің үстін ластанулардан уақытында тазарту, қатты және кір заттардың қанаты, фюзеляжі, қауырсыны бойынша орын ауыстыруына (соның ішінде қатты, лас аяқ киіммен жүру), оларға жұмсақ төсемсіз бұйымдарды, бөлшектерді, құрал-саймандарды және жабдықтарды орналастыруға жол бермеу;
5) мұздарды жою кезінде қаптаманы зақымданулардан сақтау қамтамасыз етеді.
32. ӘК конструкциясы мен жабдықтарының коррозиялық зақымдануларға ұшыраған аймақтары үшін (гидроұшақтардың және авиахимия жұмыстары үшін пайдаланылатын ӘК-нің бөлшектері, тараптары және бұйымдары, сондай-ақ аккумулятор батареяларын, санитарлық тараптар мен буфеттерді орналастыру аймақтарындағы, конденсациялық ылғал, жауын суы, ЖЖМ, арнайы сұйықтықтар, химикаттар, шаң мен кір, түрлі металлдардың жанасуы, гигроскопиялық материалдары бар металдар жиналатын жерлердегі конструкциялар мен жабдықтар элементтері) коррозияға қарсы қорғаныш шаралары көзделеді (соның ішінде – пайдалану құжаттамасын) және жүзеге асырылады (соның ішінде – пайдалану процесінде).
33. Оларға ылғал мен арнайы сұйықтықтардың әсерінен борттық жүйелердің жұмыс қабілеттілігінің бұзылуын болдырмау мақсатында планер қосылыстарының және сұйықтар бар жүйелердің бітеулігі бақыланады, желкөздер, есіктер, люктердің қақпақтары уақтылы жабылады, дренаждық құрылғылардың жарамдылығы тексеріледі, оның жиналған жерінен ылғал кетіріледі.
ӘК-ні жуудың және жинаушы, пайдаланушы (шығарушы) құрылғыларға су құюдың алдында ауа қысымының қабылдағыштары қақпақтар орнатады (қаптар кигізеді). Жуу кезінде сұйықтықтың көрсетілген құрылғыларға, АРЭЖ бұйымдарына және электр ажыратқыштарына тиюіне жол бермейді. Егер осындай жабдық сұйықтықтың әсеріне ұшыраса, ол байқауға және тексеруге жатады.
34. Бөлшектеу-монтаждау жұмыстары және ТҚК жүргізу кезінде ТҚКЖ ұйымдары:
1) судың, шаңның, кірдің, ұсақ бөлшектердің, басқа бөгде заттардың ашық қуыстарға және планер, қозғалтқыштар, АРЭЖ жүйелерінің жеке бөліктеріне, бұйымдарына және құбырларына түсуін болдырмайтын қорғаныш шараларын қолдануды;
2) алынатын ұсақ бөлшектерді осы үшін арналған арнайы жәшіктерде (сөмкелерде) сақтауды;
3) бұйымдарды оларды зақымданулардан, соққылардан және шайқалудан қорғайтын арнайы құралдарды қолдана отырып тасымалдауды;
4) пішін үйлесімінің және монтаждау, оларды бекіту, шегендеу, бұрмалау, металдандыру, саңылаусыздандыру объектілерінің өзара орналасуының стандарттарын сақтауды;
5) белгіленген бұйымдардың, сондай-ақ олар монтаждалған жүйелердің жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс істеуінің дұрыстығын тексеруді;
6) ӘК-де осы үлгіге (серияға) сәйкес келетін, қажетті ілеспе құжаттамасы немесе таңбалауы бар, тексерілген және монтаждауға дайындалған бөлшектерді, бұйымдарды, жабдықтарды орнатуды;
7) бір рет қолдану бөлшектерін қайтадан пайдалануды (төсемдер, сіргелер және басқалары) болдырмауды;
8) планер және қозғалтқыш жүйелері бөлшектерінің, құбырларының, шлангтерінің баллондарының, бактарының (1және 2-қосымшалар), антенна құрылғылары ажыратқыштарының, олардың орағытпаларының және радиолокаторлар антенналарының бояулар мен таңбаларын белгіленген тиісті құжаттамамен ұстауды;
9) пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.
35. ӘК жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) бұйымдардың, тараптардың, коммуникациялар мен бөлшектердің жай-күйі мен монтажын, оларды конструкциялары мен қосылыстарының саңылаусыздығын, дренаждық өткізгіштердің тазалығын бақылау;
2) құйылатын өнімдердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін тексере отырып, жүйелерге отын, май және арнайы сұйықтықтар құю, газдармен зарядтау;
3) жүйелер мен бұйымдардың жұмыс қабілеттілігін және жұмыс істеулерінің дұрыстығын, олардың сүзгі элементтерін, бақылау-диагностикалық құрылғыларын және кешендерін тексеру;
4) жылжымалы мүшелеулерін және олар талап ететін майлау майын бақылауды жүзеге асыру қажет.
36. АРЭЖ-ға техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) жоғары жиілік сәулеленуінің адамдарға зиянды әсерін ескертетін сақтық шараларын қамтамасыз ету;
2) аспап тақталарының артында жұмыстар орындағаннан кейін анероидтық-мембраналық аспаптардың жұмыс қабілеттілігін, тексеріс барысында құбыр жүйелеріндегі қысымды өзгертуге қойылатын пайдалану құжаттамасын белгіленген талаптардың бұзылуына жол бермей, толық және статикалық қысым жүйелерінің саңылаусыздығын тексеру;
3) толық және статикалық қысым жүйелерінің құбырларын үрлеу кезінде барлық аспаптар мен құрылғыларды олардан ажырату;
4) электр өткізгіштерінің ұштарын ажырату, клемма қалыптарын, бөлгіш құрылғыларды жабу;
5) электр схемасында көзделген сақтандырғыштар, электр тізбектерінде тек ток күшіне желіні қорғау автоматын орнату;
6) оларды тікелей ӘК-ге орнату немесе тексеру алдында ғана бұйымдардан ораманы және сақтандырғыш құрылғыларын алу;
7) радиусы 150 мм кемірек икемді білікшелердің майысуына жол бермеу;
8) баллондарды уақытылы тексеруді және сынауды қамтамасыз ету (оларда қысым атмосфералық деңгейге дейін төмендетілген оттек баллондарын келесі пайдалануға оттекпен екі-үш рет жуығаннан және кейіннен жұмыс қысымына дейін зарядтағаннан кейін рұқсат етеді).
9) электр желісінің зақымданған сымдарын тек ыстық дәнекерлеумен (оттектерді қолданусыз) тұтастыру немесе қысыммен жалғастыру. Бір қимада бірнеше сымдарды жалғастыруға рұқсат етілмейді. Желінің (тізбектің) электр сымдарының учаскелерін алмастыруды сол үлгідегі тұтас сымдармен ғана орындау. Жаңа сым кесігінің ауданы ауыстырылатынның кесігі ауданына тең болуға тиіс, ерекшелік ретінде кесіктің жақын үлкенірек ауданының сымын пайдалануға рұқсат етіледі;
10) пиротехникалық құралдарды (пиропатрондарды, детонаторларды, жарық-сигнал ракеталарын) тасымалдауды құралдардың соқтығысуларын және олардың капсулаларының жарылуын болдырмайтын, ұялармен жабдықталған, металл ыдыстарда жүзеге асыру;
11) триммерлердің (триммерлік әсердің) және ұшу жүктемесінің, автопилоттың рульдік машинасының және олардың арқан сымының электр тетіктерін басқарудың электр тізбектеріндегі бөлшектеу-монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарынан кейін көрсетілген құрылғылардың жұмыс істеуінің дұрыстығын планерге қызмет көрсету жөніндегі мамандармен бірлесіп тексеру;
12) АРЭЖ бұйымдарын жөндеуді және олардың техникалық параметрлер нормаларына сәйкестігін тексеруді бекітілген құжаттама, тексеру қондырғылары, бақылау-тексеру аппаратуралары, құрал-саймандар мен даярланған мамандар болған кезде жүргізу;
13) гироскопиялық құрылғылары бар жүйелер мен аспаптардың жұмыс қабілеттілігі мен техникалық параметрлер нормаларына сәйкестігін бақылауды олар үшін белгіленген қыздыру уақытынан кейін жүзеге асыру;
14) инерциялық жүйелерді дайындау үшін тұрған орнының координаттары мен азимутының геодезиялық белгілерін ӘК тұрағында анықтау;
15) тапсырманы орындау үшін борттық тіркеушілердің ақпарат таратушысының тапсырманы орындауға жұмсалатын жеткілікті мөлшерімен ӘК-нің толықтырылуын қамтамасыз ету қажет;
16) Ақпаратты тасушының пайдаланатын (қалдық) уақытын есепке алуды борттық журналда жүргізу (ұшу ақпаратының борттық тіркеушілері үшін тасушының шектеулі қорымен). Борттық тіркеушінің пайдаланылмаған ақпарат тасушының қайтару тәртібін пайдаланушы белгілейді.
37. АРЭЖ-ға техникалық қызмет көрсету кезінде:
1) борттық жүйені немесе жүйенің электр қорегін ескертуші вымпел болған кезде іске қосуға;
2) электр энергиясының көздерін қосуға және ажыратуға және электр жабдығын отын құю және төгу процесінде тексеруге;
3) олардың құбырларында сиретілген немесе үлкен қысым болған кезде мембраналық-анероидтық аспаптар мен әуе сигналдары жүйесінің электрқорегін ажыратуға;
4) жүктеме астындағы әуежайлық электр қорегі көздерінің штепсельдік құрылғыларды қосуға және ажыратуға;
5) пайдалану құжаттамасында белгіленгеннен заряды кемірек бар, борттық аккумуляторлық батареяларды пайдалануға, қышқылды және сілтілі аккумуляторлық батареяларды бірге сақтауға, қызмет көрсетуге және зарядтауға;
6) жарамды батареяларды кемеде қоршаған ауаның төменгі температуралары кезінде құжаттамада белгіленген уақыттан артық сақтауға;
7) жабдықтарды біріктіру схемасына өзгерістер енгізуге және егер бұл пайдалану құжаттамасын көзделмесе, бір үлгідегі (маркадағы) аппаратураны, аспаптарды, олардың бөлшектерін және электр өткізгішін басқа үлгінің (марканың, түрленімнің) бұйымдарына ауыстыруға;
8) металдандыру қосқышының қиық ауданын, термометрлердің өтемдік сымдарының ұзындығын өзгертуге, бұраудың бортқа жақындауын бұзуға, жоғары температурасы бар бұйымдардың бөлшектерімен сымдардың жанасуына жол беруге;
9) электр машиналарына пайдалану құжаттамасы талаптарына сәйкес келмейтін шеткаларды орнатуға;
10) аспаптар мен бұйымдарды қышқылдармен, сілтілермен және басқа да химикаттармен бірге сақтауға;
11) оның энергиялық белсенді құралдарымен, майлы заттармен, қышқылдармен, басқа газдармен оның байланысын болдырмайтын шаралар қабылдамай, қышқылды жабдықтармен жұмыс істеуге;
12) қышқылды жүйенің бұйымдарына ТҚК кезінде пайдалану құжаттамасын көрсетілгендерден ерекшеленетін құрал-сайман, дәнекерлеу қорытпаларын және майлау майларын қолдануға, зарядтық құбыршектерді олардан оттекті кетіргенге дейін ажыратуға;
13) оттекпен зарядталған баллондарды басқа газдарға арналған баллондармен, қышқылдар және майлы заттар үшін арналған ыдыстармен бірге сақтауға;
14) зімпара қағазын контакторларды, коллекторларды тазарту, сондай-ақ қылшақтарды сүрту үшін пайдалануға;
15) электр өткізгішінің бұрауларын қышқылдық, отындық, майлы, гидравликалық және басқа жүйелердің құбырларына бекітуге;
16) сымдарды отын бактары орналасқан бөліктерде және таяуда ғана жанатын сұйықтармен жуу жүргізілген жерлерде дәнекерлеуге;
17) бір түйіспе бұрандамаға үш сымнан артық, сондай-ақ қима ауданы бойынша айтарлықтай ерекшеленетін сымдарды қосуға;
18) оның тізбектерінде конденсаторлар бар жабдықтарды тексеру үшін мегаомметрлер қолдануға (олардың өз қасбартінен айрылып қалуын болдырмау үшін);
19) ӘК-де ұшу ақпараты борттық тіркеушілерінің пломбаланбаған созылыңқы лента механизімдердің (жинақтаушылар, запас үнтаспалар).
4-тарау. Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету
Достарыңызбен бөлісу: |