Жалпы есептеуіш желілері
Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.
Ауқымды желілер - бұл хаттама жиынтығының бiртұтас байланысы үшiн пайдаланылатын желiлердiң, шлюздердiң, серверлер және компьютерлердiң бүкiләлемдiк бiрiгуi.
Ауқымды желілердің қызметi
Бүгiн Интернеттiң дамуы өте зор, бiрақ қолданушылар оның қызметiнiң жиынтығын өз қалауынша сараптайды. Көбiнесе кең қолданылатын Интернет қызметтерiне мыналар жатады:
- World Wide Web;
- File Transfer Protocol (FTP) серверлерi;
- Жаңалықтар;
- Gopher;
- Telnet.
World Wide Web
World Wide Web (бүкiләлемдiк өрмек) - бұл Интернеттiң мультимедиялық қызметi, онда HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтiндiк құжаттарды дайындау тiлi) тiлiнде құрылған көлемдi гипермәтiндiк құжаттар сақталған. Гипермәтiн - бұл мәтiндi елестету әдiсi, бейне, дыбыс және көрiнiс барлығы бiр-бiрiмен қосалқы ассоциативтi желi арқылы байланысқан. Гипермәтiн форматы қолданушыларға мәтiндi кез келген ретте қарастыруға мүмкiндiк бередi. Одан басқа Интернетке саяхат жасауға көмектесетiн хаттамалар да бар, яғни ресурсты тауып, оны бiр компьютерден екiншiге жолдауға болады.
3
2
Delphi ортасы
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРМЕН ЖӘНЕ ЖЕЛІЛЕРМЕН ЖҰМЫС
Жүйелік блокты компоненттерін анықтау.
Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының білу, олардың қызметтері және негізгі қасиеттері. Сыртқы түріне қарап жүйелік блоктың компоненттеріне қарап анықтауды үйрету. Олардың қосылу жолы мен қосылу ретін анықтау.
Видеоадаптердің макеті, аналық тақташа, қатты дисктің корпусы, флопидисктің жинағыштары, интерфейстік кабелдер.
- Компьютерлік жүйенің толықтығына көз жеткізу (қажет жағдайда жүйені желіден ажырату).
- Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының толықтығына көз жеткізу.
- Жүйелік блоктың орнын анықтау, жүйелік блоктың қуатын анықтау (жарлықта берілген).
- Аналық тақташаның орналасу орнын анықтау.
- Аналық тақташаның блокқа орнатылу қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |