Ахатова Замира
Алматы техника-экономикалық байланыс колледжі
информатика пәні оқытушысы
Компьютерлік желілер туралы түсінік
(Информатика. Сабақ жоспары)
Сабақтың мақсаты: Компьютерлік желілердің қызметін біледі. Компьютерлік желі түрлерін анықтайды. Компьютерлік желілердің жағымды және жағымсыз жақтарын салыстырады.
Сабақ типі мен түрлері: Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық технологиялар, аралас сабақ, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, саралап деңгейлік оқыту.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар: Анықтамалық әдебиет, сілтемелер, лекциялар, анықтамалар, деңгейлік тапсырмалар бойынша үлестірме материалдары, плакаттар, формулалар.
Техникалық жабдықтау, материалдар: Тақта, проектор.
Бағалау критерийлері Компьютерлік желілердің қызметін біледі. Компьютерлік желі түрлерін анықтайды. Компьютерлік желілердің жағымды және жағымсыз жақтарын салыстырады.
Бағалаутапсырмалары Смайликтер арқылы бағалау.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру, кабинеттің тазалығын және дайындығын тексеру, оқушылардың жұмыс белсенділігін көтеру, жұмыс дәптерінің барын тексеру, білім алушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Алдыңғы сабақта өтілген материалдарды еске түсіру.
3. Білім алушылардың негізгі кезеңде дайындығын тексеру.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы ауызша сұрақтар беріледі.
1.Желіде жұмыс істеуде қандай қауіп-қатер бар деп ойлайсыңдар?
2.Интернетте қандай ақпаратты жариялауға болмайды?
3.Әлеуметтік желілерді пайдалануда қандай қауіп-қатер бар?
4. Жаңа білімін және дағдыларын дамытуды қалыптастыру.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Компьютерлікжелілер туралы түсінік. “Геймификация” технологиясы арқылы оқушылар жаңа тақырыптың атауын өздері табады.
Сабағымыздың мақсатын ашу.
Видеоролик. “Сен білесіңбе?”
Жаңа тақырыпты меңгерту;
Достарыңызбен бөлісу: |