ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«АЛМАТЫ ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС
Тақырыбы: Білім беру саласындағы телекоммуникациялық желілер
13004000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)
1304043-Техник- бағдарламашы
Жетекшісі: Бекбосынов А.У
Орындаған: ПО-4-1 Жұмағалиұлы Е.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР, ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАСАУ МӘСЕЛЕСІ
Телекоммуникациялық жүйелерге негізделген білім беруші электрондық басылымдар мен қорлар
Біздің өркениетіміздің күллі тарихы қоғамның қалыпты дамуы үшін, адамдар арасында ақпараттық алмасулардың маңызы зор екендігін көрсетті. Өткен ғасырдың 60-жылдардың орта шенінде адамдар бір-бірімен компьютерлерін байланыстырып үйрене бастады. Мұның өзі компьютерлердің компьютерлік желіге қосуына, бірнеше компьютерлердің кез-келгенінде отырып, әрбір адамның құралдық, программалық және ақпараттық осынау қорлардың бүкіл бірлігін пайдалану арқылы, ақпарат алмасуына мүмкіндік ашып берді. Бұл сияқты желіде жекелеген компьютерді пайдаланушылар өзара файлдары мен хабарламаларымен алмасуға желілік принтерді және де басқа да қосымша құрылғылармен , әсіресе, ақпараттарды қолдана отырып, дербес компьютер желісінде бар іріктеліп, екшелген ақпараттармен пайдалануға мүмкіндік ала алады.
Оның үстіне, жергілікті желілер білім беру саласында бар жергілікті желілерден хабар беретін әр түрлі оқу орындарының компьютерлерін де біріктіре алады. Жергілікті желілерге қарағанда глобалды желілер кеңістіктік шектеушілікке бағынбайды. Глобалды желіге кез-келген компьютер қосыла алады. Кез-келген адам осы желіге орналасқан ақпаратпен қатынас орнатуға мүмкіндік ала алады. Глобалды телекоммуникацияның барынша көп тарағандығының мысалы Интернет желі болып табылады. Интернет жалғыз ғана телекоммуникаци-ялық желі емес. Одан басқа Fido немесе Sprint желілері де бар. Осылайша, мектептердің көпшілігі мен жоғарғы оқу орындары жергілікті желімен де, глобалды желімен де жұмыс істей береді. Негізінен алғанда жергілікті және глобалды желі деген түсініктің өзі де біржақты екендігін түсінген абзал. Сонымен, мәселен, білім беру жүйесінің телекоммуникациялық желісі бір жағынан, денсаулық қорғау, қорғаныс, өнер немесе мәдениет жүйесіндегі ұйымдарындағы компьютерлерді қамтымайтындығы тұрғысынан алғанда, жергілікті де, екінші жағынан, мұндай желі түрліше континенттерде орналасқан білім беру жүйесі мекмелерінің компьютерлерін қамти алады және осы жағынан алғанда, мұны толықтай алғанда глобалды деп есептеуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |