ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16
ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29
ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53
КІРІСПЕ
Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз. Халықаралық арақатынастардың ерекше аясы болып терроризм және экстремизм табылады. Бәріміз білетіндей, аталған екі құбылыс белгілі-бір мемлекеттің аумағында орын алғанымен, бүкіл әлемді масасыздандыратын мәселеге айналды. Себебі бұл оқиғалар дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделеріне қайшы тұрып, олардың бейбіт, тыныш және ынтымақтастық өмірін қауіпті жағдайға тірейді. Алайда, көптеген ғалымдар, бұл мәселелерді әлемдік қатынастардың жаһандануымен байланыстырады. Қазіргі заман өзінің күрделі қатынастарының қиындай түсуімен және рухани құндылықтарға кері көңілмен қараудың тенденциясымен түсіндірілетін адам және қоғам, қоғам және мемлекет, мемлекет және әлемдік қауымдастық арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соқтырады.
Бүгінгі күні тұрақтанған Батыс және Шығыс түсініктерінің бел ала бастауы мемлекеттер арасында саяси, экономикалық және тағы басқа тұрғыдағы мәселелерге байланысты, қарапайым қоғамға әбден түсініксіз, үлкен және қауіпті қорытынды – ланкестік, экстремистік қақтығыстарға әкелді. Енді, бұл орныққан жағдай - ешкімге де тиімді еместігін көрсетеді.
Мұндай жағдайда әлемдік қауымдастықтың терроризм және экстремизммен күресудегі әсерлі әреккеттер болып мемлекет тарапынан кепілденген адамдардың оған бірігіп қарсы шығуы табылады. Мемлекеттер бұл аяда қызметтесу арқасында халықаралық өзара әрекеттестіктің құқықтық және саяси негіздерін орнықтырады. Көрсетілген өзара әрекеттестік мынадай жалпы мақсаттарға бағытталған – халықаралық бірігудің арқасында ғана іске асатын халықаралық қылмыстылыққа қарсы әрекеттерді ұйымдастыру, халықаралық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесін құру.
Біз білетіндей, террордың нәтижесінде адам құқықтары мен бостандықтары жексұрын, қатігез және көргенсіз нысанда бұзылады. Ланкестік акт, қагдай да көрініспен орын алса да, тіптен, соғысқа әкелетін нысандағы экстремизм – ең алдымен, адам баласына, оның бағаланбас өмір фактісіне үлкен қасірет әкеледі. Хылықаралық құқытың бірден-бір қағидасы – адам құқықтары мен бостандықтарын кесетін экстремистік және (немесе) ланкестік әрекеттердің қайта –қайта жандануы қоғамда адамға өмір сүруге ешқандай мүмкіндік бере алмайды.
Ал мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде орнығуы әбден дұрыс бағыттың дәлелі.мемлекеттер бұл мәселені шешу жолында мынадый бағытты ұстануы жөн – ұлтаралық және мемлекетаралық келісім.
Терроризм және экстремизм өздерінің қылмыстық мақсаттарын орныдау үшін барлық объектілерді пайдаланады, соның ішінде әлемде ең қымбат – адам өмірі, оның денсаулығы мен қоғамдағы күнделікті іс-қимылын жоюға дейін баруға безбейді.
Орта Азия аймақтарында экстремизм және терроризм мәселелері ерекше көңіл аударуға тұрарлық жағдай. Аталған аймақ Қазақстанға көршілес мемлекеттерден тұрғандықтан өздерінің аумақтарында экстремизм және терроризм көріністері жандануының көркеюіне байланысты туындаған ішкі тұрақсыздық жағдайлары үлкен қауіп төндіреді.
Таңдалып отырған бітіру жұмысының өзектілігі - жасалған қорытындылармен дәлелденеді. Онда халықаралық өзара әрекеттестіктің аймақтық мәселелері мен олардың болашақта даму тенденцияларын қарастыруға байланысты зерттеулер жүргізіледі.
Тұрақтанған жағдайда Қазақстан экстремизм және терроризмге қарсы тұруға байланысты халықаралық ынтымақтастық жүйесіне белсенді түрде енуде.
Зерттеудің негізгі мақсаты болып экстремизм және терроризммен күресудегі Орта Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық қағидалары мен мазмұнының жалпы мінездемесін қалыптастыру табылады. Жоғарыда аталған мақсатқа сәйкес, бітіру жұмысының авторы келесі тапсырмаларды шешуге бет бұрды:
- экстремизм және терроризм түсінігі мен себептерін анықтау;
- Орта Азия аймағында діни экстремизмнің құқықтық ерекшеліктерін ашу мен оның ішкі және сыртқы факторларын айқындау;
- Қазақстан Орта Азия аймағында қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орнына байланысты халықаралық құқықтық мәселелердің мінездемесі;
- Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақытылығына төнетін ішкі қауіптерді анықтау;
- Қазақстанның қауіпсіздігі мен саяси тұрақытылығына төнетін қауіптердің сыртқы факторлары жандануының құқықтық мәселелерін айқындау;
- Қазақстан мен Орта Азия аймағында экстремизм және терроризм әрекеттерінде адам құқықтарын қорғау мен бұзылу мәселелерін анықтау;
- Қазақстан мен Орта Азия аймағында экстремизм және терроризммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін анықтау.
Бітіру жұмысының объектісі Орта Азиядағы экстремизм және терроризммен күресу аясындағы халықаралық қатынастарда туындайтын құқықтық мәселелер болып табылады.
Ал оның пәні – зерттелетін аядағы халықаралық құқық нормаларының орын алуы және ондағы қызметінің даму деңгейі. әрине, бұл бітіру жұмысында, мен, өзімнің студенттік лауазымынан ешқандай көлемді ұсыныстарды енгізе аламаймын. Бірақ ғылыми жетекшімнің ұстанған бағыт-бағдары маған дұрыс қорытындылыр шығару септігін тигізеді деп ойлаймын.
Қарастырылып отырғалы тұрған тематиканың методологиялық негізі – мемлекеттік және құқықтық құбылыстардың жалпығылыми және жекеғылыми әдістерін қарастыру: тарихи, салыстырмалы, логикалық, формальді-құқықтық, функционалды және тағы басқа.
Теориялық және тәжірибелік маңызына терроризм және экстремизммен күресудегі Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық аясында халықаралық құықық ғылымының келешекте дамуы жатады.
Зерттелетін аядағы халықаралық қатынастардың әрекет ету қағидалары мен мазмұнының түсінігі туралы ғылыми көзқарастардың жетілуіне әсер тигізеді деген қорытындыға жетуге болады. Халықаралық қатынастардың жетілуі – оын алған экстремизм және терроризм қуіптеріне әсерлі тойтарыс бере алады. Тек оған жету жолдары адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына ешқандай кедергі келтірмесе және оларға қарсы тұрмаса... Жұмыста қарастырылған нәтижелер мен ұсыныстар халықаралық құқықтың дамуына пайдалы болады деген үміттеміз.
Алдарыңызға ұсынылған бітіру жұмысы үш тараудан, алты параграфтан, кіріспе, қорытынды бөлімдерінен, пайдаланылған қайнар-көздер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі компьютермен терілген елу бес беттен тұрады.
І ТАРАУ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ЛАНКЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖАНДАНУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
§ 1 Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері.
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 18 ақпанында шыққан «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, экстремизм және оның түрлері болып келесі әрекеттерді ұйымдастыру және (немесе) жасау табылады:
- жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың атынан іс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;
- жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды:
-
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметті күштеп ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құрылымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизм);
-
Нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизм);
-
Діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауірсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдануды (діни экстремизмді) көздейтін іс әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Заңнамасы мынадай түсінік береді – экстремизмді қаржыландыру, және оған өз анықтамасын береді: жеке және (немесе) заңды тұлғаларды, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерін экстремистік мақсатта қаржыландыру. Оның ішінде қаржылық капитал, жылжымайтын мүлік, оқу полиграфиясы және материалдық-техникалық базаны, телефон, факсимильдік және басқа байланыс түрлері, ақпараттық қызмет, сонымен қатар басқа да материалдық-техникалық құралдырды ұсыну жолымен жүзеге асады. «Экстремизм» терминінің жалпы және кең тараған түсінігі болып оның сөзбе сөз аудармасы (*extremus* латын тілінен – «шеткі», «шектен тыс» деген мағынаны білдіреді) табылады. Осыдан экстремизмді қоғамда қалыптасқан және кең тараған нормалар мен ережелерді радикалды түрде жоққа шығаратын шеттен тыс көзқарасар мен әрекеттерде ұстану деп анықтама беруге болады. Жоғарыда экстремизмге берілген анықтамасы өзінің мазмұны жағынан жеңіл және нақты болып көрінсе де, бұған қарамастан сарапшылар ортасында бұл құбылысқа әртүрлі түсінік орын алады. Бірақ, айтуға жөн болатына жәйт, «экстремизм» анықтамасына біркелкі позициясының жоқ болуы бүкіләлемдік сарапшылар қоғамына тән және осы мәселе бойынша бүгін де, әрқашан да өткір пікір-сайыстар орын алады. Шарттың мағыналы үлесімен сарапшылар ортасын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ - өзінің экстремизм түсінігі мен анықтамасында оны жеткілікті негізде бір мағыналы ешқандай шартсыз анықтайды, сонымен қатар оны, яғни «экстремизмді» тек негативті және әлеуметтік қаупі бар құбылыс деп санайды. Осы дефиницияны жақтаушылар – көпшілік және оларды, шартты түрде, «консерваторлар» деп белгілеуге болады.
Алайда жоғарыда айтылған мәселеге анағұрлым дифференциалды түрде келу арқылы ынталанатын белгілі-бір зерттеушілер тобы экстремизм түсінігінің жалпылама маңынасынан шығатын болса, бұл құбылыс біржақты кері болып анықтала амайдыдеген пікірді ұсынады. Оларды шартты түрде «либералдар» деп белгілеуге болады.
Жекелеп алып қарайтын болсақ, адам құқықтары жөнінде Ресей институтының сарапшысы Лев Левинсонның пікірінше, «экстремизмнін бір мағынаға ие бола алмау себебі, ең алдымен, бұл феномен түсінігіне кіретін түрлі мінездегі әрекеттер аясының өте кең болуында. Сондықтан экстремизмнің нақ өзіне тиым салудың мағынасы жоқ. Экстремизм – бұл қылмыс емес. Бұл «Гринпис» та, әлем марштары да, бір сөзбен айтқанда жалпы қабылданған тәртіптен тыс болатын әрекеттер»1.
Осы логикадан шығатын болсақ, экстремизмге тек негативті, қауіпті құбылыс сияқты берген анықтамалардың бәрі объективті болып қарастырылуы мүмкін емес және айтылған күрделі әлеуметтік феноменнің толық бағасына үміткер бола алмайды. Либералдардың көзқарасы бойынша экстремизм түсінігін кең ауқымда қарастыру мәселесі және осыған орай туындайтын терминнің бір мағыналы болмауы, сонымен қатар оның жанама құбылыс болуы түрлі коллизиялырының саяси, саясаттанушылық, моральдық-этикалық қайшылықтардың туындауына негізгі себепкер болып табылатын басты сәт екенін ұмытпауымыз жөн.
Жоғарыда айтылған құбылыстың антиәлеуметтікжәне антиқұрылымдық сипатқа ие екенін мақұлдай отыра, сонымен қатар экстремизм феноменінің әрмағыналы түсініктерді жақтаушылардың айтылған қорытындыларының даулы екенін де растай отыра, олардың келтірген дәйектерінде белгілі-бір сау логика бар екенін мойындау керек.
Жалпы, бұл көзқарасқа сүйенетін болсақ бір шынайы маңызды қауіп бар. Яғни мемлекет тарапынан басқа да мүдделі субъектілер тарапынан да өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін экстремизм терминінің кең мағынасын, пайданы көздейтін бір мақсатқа бағытталған талқылауды кері пиғылмен қолдану болып табылады. Экстремизм анықтамасын әртүрлі талқылаудың бірден-бір себебі: нақты емес, түсініксіз және жүйесіз дефиницияның кең таралуы. Осыдан экстремизмді классификациялауда адамадар әрбір орныққан тәртіптен тыс шығатын әрекеттерді жасауды кіргізе алады. Сөйтәп оларға өз ықпалын тигізетін саяси оппоненттерін жоюға және тағы да басқа пайда табу мақсаттарына жетудегі байланыс, көбінесе, авторитарлы және тотаритарлы нысандағы басқару жүйелерінде, мемлекет тарапынан экстремизмді өздерінше талқылау мен оны пайдалыну қазіргі таңда әлемдік саяси тәжірибеде көрініс табады. Дегенмен, шынайы өмірде орын алған әртүрлі саяси экстремистік қйымдар нақтыы басқару режиміне қауіптілігін көрсеткенімен, әлеуметтік қауіпті немесе деқұрылымдық элементтері бар критерийлерді көтере алмайды. Осылайша «либералдық» позицияны жақтаушылар белгілі-бір субъектінің әрекетінде экстремистік сипаты бар депсыныптаған жағдайда нақты қарсы ісер етуші құрал жоқ екендігін дәйекті түрде көрсетеді.
Талқыға салған экстремизм түсінігін кең көлемді қарауын қорытындылайтын болсақ, «консерваторлар» да, «либералдар» да өздерінің аталмыш терминге берген анықтамалырында өте маңызды қателер бар екеніне көзіміз жетеді. Экстремизм феноменін қарастыруда жоғарыда ұсынылған ерекше тәсілді кең мағынада түсінуге бағытталғанымен, шектен тыс әдістер мен көзқарасты ұстанушылардың әрекеттерін қабылдауы ақталмайды және оны ерекше саяси дефиниция ретінде қарастыруға мәні жоқ. Мұндай экстремизм мағынасын оның түп тамырына жетіп талқыға салу былай деп түсіндіріледі. Ең алдымен, бұл күрделі әлеуметтік құбылыстың пайда болуын мұқият қарастыру барысында және оның түсінігін нақты белгіленген шектерге дейән қарастыру арқылы негізгі, біржақты және нақты критерийлерді анықтау жолымен біз мынадый қауіпті құбылысқа ықпалды түрде қарсы тұра аламыз. Сонымен қатар, бұл терминнің түсінігін заңсыз пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарды атап қте аламыз.
Экстремизм генезисінің анализі бізді жеткілікті дәрежедегі қарапайым қорытындыға әкеліп соқтырады. Бұл дегеніміз аталмыш феноменнің пайда болу негізінде саяси, экономикалық, әлеуметтік, этникалық, діни-конфессионалдық мінездегі көзқарастары мен қайшылықтардың еркін соқтығысуы жатыр.
Белгілі бір мемлекетте өздерінің бағдарламаларын ұстануға түрле себептермен мүмкін болмайтын қарсы тұрған (оппозиция) шектен тыс тәсілімен саяси, діни, этникалық және таға басқа мәселелерін шешуге бет бұрады. Себебі жиі экстремистік әрекеттер дәл осындай тұғырықтан шыға алмайтын жағдайда туындайды. Қырғыз сарапшысы М. Койчукуловтың айтуынша, «экстремизмнің туындау табиғаты түрлі идеяларға қарсылық: саяси режимге, әлеуметтік теңсіздікке, белгілі әлеуметтік топтардың, этникалық, ұлттық және коныессионалдық одақтардың қоғамдағы орнына қанағаттанбаушылық»2 . дегенмен айтып өтуге жөн болатын жәйт, барлық қақтығыстар зорлық, зомбылық, заңсыз антиқоғамдық нысанға ие болмайды. Тек қана нақты критерийлердің бар болуы арқылы қарастырып отырған әрекетті экстремистік акті немесе жай ғана қоғамдық және жекелеген құқықтар мен тәртіпті ұстану, сақтау жолымен белгілі бір топтардың көзқарастарының ерекше шерулері деп анықтауға болады. Тәжікстан зерттеушісі А. Имомовтың әділетті пікірі бойынша, «экстремизм жеке құбылыс ретінде дара қылмыс болып табылмайды. Қалмыс болып оның туындауы, оның салдары табылады. Өз кезегінде бұл қылмыстық әрекет мемлекетке, қоғамға және жеке тұлғаға қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекет жасауда көрініс табады»3.
Экстремизмді баяндайтын критерийлерді анықтау басты мақсат және ой болып табылады. Осы мақсаттарға орай экстремизм тек заңсыз және антиқоғамдық әрекеттерде пайда болатын деқұрылымдық идеялармен күресетін қажеттілік емес, сонымен қатар аталған критерийлерге кірмейтін идеяларды бөліп шығару мақсатын көздейді. Алайда толық ақиқат болып келетін жағдай – экстремизм анықтамасына әртүрлі түсініктеме беру арқыы ешқандай біркелкі критерийлер жүйесі жоқ және әрбір зерттеуші өзінің экстремизмге критерийлер жүйесін береді.
Біздің ойымызша, атақты Ресей маманы М. Краснов экстремизм критерийлеріне анағұрлым нақты және жүйелі баға берді4. Оның пайымдауынша экстремизмге төмендегі жағдаяттарға бағытталған доктриналарды, идеяларды, ағымдарды тартуға қатысты әрекеттер жатуы керек. Олар:
- Адамдардың сыныптық, мүліктік, нәсілдік, ұлттық немесе діни белгілері бойынша бөлінуі;
- Адам құқықтарын жоғарғы «басты» конституциялық құндылық екенін жоққа шығару;
- Идеяларды еркін тарату мен айырбастауды, плюрализмді заңдастыру мүмкіндігін жою;
- Жалғыз ғана мемлекеттік идеологияны қалыптастыру немесе орнату.
Жоғарыда көрсетілген критерийлер аяқталған болып объективті тұрғыдан есептелмесе де, біздің көзқарасымыз бойынша экстремизмді анықтаудағы өзінің үлкен ықпалын тигізе алады. Солай бола тұра, негізгі және маңызды принцип ретінде мемлекет және қоғамға, жеке тұлға құқықтарына қауіп төнетін әрекетті бағалау критериі қарастырылады.
Бұл анализ негізінде мынадай екі маңызды қорытынды жасауға болады:
Біріншіден, экстремизмнің шынайы пайда болу негіздері тек мына жағдайда болады: жеке индивидум немесе қоғам топтары өздерінің көзқарастарын радикалды түрде орнату мақсатында мемлекет қауіпсіздігі ұстанымдарына, басқа қоғамның құқықтарының саөталуына потенциалды қауіпті қалыптастыру.
Екіншіден, тек қана нақты критериялардың бар болыу арқылы экстремизмге дұрыс анықтама беруге болады. Мұндай жағдайда экстермизммен күресу «басқаша ойлайтындармен» күресу болмайды. Яғни адам құқықтары қағидаларына, пікір плюрализміне, діни, саяси, әлеуметтік аядағы идеяларға қарсы тұрмайды. Оған қоса, экстремизмнің антидемократиялық, антиқоғамдық мінезге ие екендігін есепке алатын болсақ, онымен уақытылы және ықпалды түрде күресу мемлекеттің қауіпсіздігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы кепілі боолады деп пікір бекітуге болады.
Болмаған жағдайда, яғни мемлекет және қоғам өз әлсіздіктерін көрсететін болса, немесе экстремистік әрекеттерге мүлдем тойтарыс бере алмаса, бұл өз кезегінде, міндетті түрде мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесінің эрозиясына әкеліп соқтырады. Бұған байланысты, біздің ойымызша, экстремистік әрекеттірдің әрбір мемлекетке немесе қоғамға мүмкін болатын салдарды Ресей мамандары В. Зорин және Э. Паин анықтады:
- саяси аяда мүмкіндіктер деңгейі кәдімгідей жоғарылайды, яғни, іс жүзінде маргиналды болып саналатын саяси күштер беделді болып келеді де, саяси этиканың жалпы деңгейі төмендейді. Осылайша мемлекетің бүкіл қоғамына кері әсер тарайды;
- қоғамдағы шыдамдылық тоза басьайды да, ақыр соңында саяси жүйе әлсірейді;
- қазіргі таңда зорлық, зомбылық мақсаттарға жету жолында анағұрлым тиімді және жеңіл тәсіл ретінде қалыптасқан. Бұл орайда аталмыш тәсілдер жастарға кері әсер тигізеді. Өйткені олардың табиғаты түрлі ержүрек әрекетерге және романтикалық ерліктерді жүзеге асыруға бағытталған және бұл талпыныс экстремистік идеялар мен қорытынды мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі. Нақ осы жағдай мен экстремистік ағымдардың ұйымдастырушылары мен идеологтар пайдаланады. Олар «идея үшін» түрлі ланкестік актілер немесе басқа да қылмыстарға баруға дайын жанкүйерлерді қалыптастырады5;
- және ең соңғы аспект – қорқыныш. Қорқыныш азаматтық өмірдің ішінде эрозия болады да, мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақсыздығына қолайлы жағдай туғызады.
Әрине экстремизмнің жандану себептері әр қоғамға және мемлекетке ерекше тұрғыдан әртүрлі болуы мүмкін. Жандану себептері субъективті және объективті жағдайларға тәуелді болады. Әлбетте экстремизмнің жандануы мен таралуының базистік шарттары бар және олар іс жүзінде барлы қоғамдар мен мемлекеттерге тиесілі. Мысалға, Д. Ольшанский қазіргі таңдағы экстремизмнің жандануы мен тарлуының негізгі факторларын бөледі: өлеуметтік-экономикалық тапшылық, азаматтардың ауқымды үлесінің өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі, билік құрылымдары мен саяси институт деформациясы, олардың қоғамдық даму мәселелерін шеше алмауы, саяси режимнің тоталитарлы нысаны, билікті оппозицияның басуы, басқаша көзқарастарды ұстанушыларды құдалау, ұлттық толқындар, жекелеген топтардың өз мақсаттарын тезарада шешуге ынталары, көшбасшыладың саяси амбициясы және т.б.6 . Әрине бұл факторлар жиынтығын қолдану арқылы белгілі бір экстремистік актінің пайда болуын түсіне алмаймыз, себебі, жеке жанданған экстремизм нақты мемлекетте, қоғамда өзіндік спецификалык факторларға әсер етеді.
Бірақ, дегенмен жоғарыда ұсынылған факторларға қорытынды беретін болсақ, бұл тізім бізге қазіргі замандағы экстремизм себептері туралы анықтаманы айқындайды. Экстремизмнің жандануы мен әрекет етуін анықтайтын жоғарыдағы негізгі факторларды жалпылағанда экстремизм жалғаспалы саяси тұрақсыздық кезеңінде, мемлекеттік институттардың әлсіздігі кезінде, сонымен қатар экономикалық тапшылық жағдайында белсенді болады деген қорытындыға келеміз.
Негізгі факторлармен қатар экстремизмнің жандануы мен тарлуына жанама әсер тигізетін факторлар тобы бөлінеді. Олардың қатарына, мысалы, мыналар жатады: халықаралық және ішкі мемлекеттік экстремизм әрекеттерімен күресу жүйесі мен дүрыс немесе толық жұмыс істемеуінде; қоғамның, оның бөлек топтарының саяси және құқық мәдениеінің төмендігі; мемелекетаралық қатынастардың әлсіреуі; әлеуметтік шиеленісудің өсуі және тағы басқа7.
Міндетті түрде көз саларлық жәйт, экстремизмге пәндік анализдердің талқылауына арналған зерттеулердің күрт өсуі кейінгі кезде жоғарылағанымен, әлі күнге дейін терминологиялық ахуал сақталуда. Көп кездесетін шатасулар – экстремизм жіне терроризм түсініктері арасында туындайды. Бір жағынан экстремистер өздеріің мақсаттарына жету үшін маңызды рөл террористік әрекеттерге берілген. Осы жағдайда «экстремизм» және «терроризм» терминдері деқұрылымдық, оның қоғамдық, антимемлекеттік және жалпы антиадамгершілік бағыттардағы әрекеттерді жүзеге асыруымен байланысты. Алайда, бұл екі құбылыстың арасында тығыз байланыс болғанымен, олар синонимдер болып табылмайды және экстремизм және терроризм түсініктерін нақты ажырату керек. Аталған терминдермен ерікті түрде тек қана Бұқаралық Ақпараттар Құралдары, саясаткерлер шатасуымен қатар арнайы мамандар да бұл терминдерді айту барысында мәні жағынан қателеседі. Бұл терминдердің жағымсыз жағынан араласып кетуіне әкеліп соқтырады.
Біздің ойымызша, экстремизм мен терроризм арасындағы айырмашылықтарды неғұрлым нақты анықтаған Ресей маманы Г. Мирский: «Экстремизм және терроризм өте тығыз және өте жақын құбылыстар, бірақ олардың арасында автоматты байланыс жоқ: егер әрбір террорист –экстремист екені белгілі болса, онда әрбір экстремист- террорист екені қате пікір». Әрине экстремизм белгілі бір ой толқынының тәсілі мен логикалық түрде террорды ақтауға әкеледі, бірақ бұл қызу нүктесіне жетуге міндетті емес8.
Адам әрекеттерінің, көзқарастарының шектен тыс болу дәрежесін қарастыру барысында, біздің ойымызша, анықтамалардың ішінде экстремизмге жақын түсінік – радикализм. Ресей зерттеушісі Д. Ольшанский радикализмді (латын тілінен аударғанда, radix - тамыр) қоғамда бар «әлеуметтік және саяси институттарды түпкілікті және қайтарымсыз (радикализмді түптамырымен) өзгертуге бағытталған әлеуметтік-саяси идеялар мен әрекеттер деп анықтайды».
Экстремизм және радикализм бір-біріне жақын, тіптен, туыс құбылыс ретінде қарастырылады. Олардың екеуіне де тән қасиет, алдарына қойған мақсаттары мен тапсырмаларына жету барысында шектен эксестік позициялары мен әрекеттерді ұстану болып табылады. Бірақ олардың арасында да белгілі-бір айырмашылық бар. Ольшанскийдің пайымдауынша, «Радикализм, экстремизмге қарағанда түрлі идеялардың мазмұндық жақтарына өте үлкен көңіл бөледі және екінші орынға бұл идеяларды іске асыру тәсілін мұқият талқылайды, радикализм тек қана «идеялық», бірақ әрекетсіз бола алады, ал экстремизм әрқашанда әрекетті болады және әрдайым «идеялық» бола бермейді».9 Осылайша әрекеттердің қауіптілік және ауқымдылық деңгейін есепке ала отырып, келесідей логикалық тұрғыдан тығыз байланысты иерархиялық тізбесін ұсынуға болады: радикализм-экстремизм-терроризм. Қателеспес үшін терроризм эксремизмнен шығады дегенді ұмытпау керек және мәні жағынан терроризм экстремизмнің бір бөлігі болып табылады. Себебі терроризм кең ауқымдағы көріністердің ішінен өзіне тек ең қатігез тісілдерді ендірді. Бұл тәсілдер үлкен саяси мақсаттарға жету үшін барлық әдістерін қолданады, тіптен мемлекеттік, саяси, қоғамдық қызметкерлерді жоюмен қатар қарапайым азаматтарды өлтіруге, түрлі материалдық объектілерті жоюға дейін барады.10
Жалпы экстремизм мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлемдегі көптеген мемлекеттері үшін ең өзекті болып табылады және бұл мемлекеттердің саяси және экономикалық даму деңгейіне қатысы жоқ. әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, экологиялық және басқа да мақсаттарды шешу тәсілі ретінде әрбір қоғамда, мемлекетте жандана алады, соның ішінде экономикалық дамыған және саяси тұрақты елдер де бар. Әлбетте келтірілген әлемдік тәжірибеде «өтпелі кезеңдегі мемлекеттердегі» қоғамның экстремизмге ұшырау дәрежесі анағұрлым жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Ал біздің білуімізше бұл мемлекеттер қатарына , әрине, Орта Азия елдері де жатады. Орта Азия мемлекеттері қысқа мерзім ішінде өздерінің саяси және экономикалық жүйесін қалыптастыруға мәжбүр болғандықтан, түрлі деқұрылымдық, соның ішінде, экстремистік құбылыстардың жандану белсенділігі артады.
Жаңа заман ғылымында экстремизмнің келесі түрлерін атап өтуге болады:
-
Антижүйелік экстремизм – ең көп тараған түрі. Діни ұйымдардың саяси күшке ие деңгейін мойындамайтын оппозиция мен билік арасындағы қақтығыс (Алжир). Солай бола тұра билік жүйесіне енген ресми руханият радикалды ислам элементтеріне қарсы шығады. Өйткені олар бұл элементтердің исламға қарсы мінезде екенін негізге алады (Мысыр). Сонымен қатар, ол «исламизм-секуляризм» нысандағы қарама-қайшылықтарға әкеліп соқтырады. Оған дәлелді мысал ретінде, Түркияны алуға болады. Онда билік етуші элита өоғам ішінде төмен қолдауға ие болғандықтан орын алған репрессияларға әлсіз тойтарыс берді.
Мұнда басты шарт болып, басқару режимінің таңдаған рухани қоғамның саяси позициясы табылады. Сәйкесінше бұл қоғам таңдаған нысанға сүйене отырып, мемлекеттің мүддесін қолдайтын немесе, керісінше, қалыртасқан саяси құрылымға қатысты оппозиция болатынын байқаймыз. Мысалы, Ибн Танмия, Ибн Каийм және тағы басқалардың нұсқауларымен дамыған хабалиттік құқықтық жүйе, ислам мен монархияның қатар жүруі мүмкін емес болуына қарамастан, КСА монархиялық режимінің көрінісі болып табылады.
-
Этникалық экстремизм – түрлі этностардың қоғамда басты доминант болуына бағытталған әрекет ретінде қарастырылады. Сонымени қатар бұл этностар мен аз ұлттар нақты преференциялар мен жеңілдіктер ұсыну әрекеті болып табылады. Бұл тойтарыс ұлт-азаттық соғын нысанына ие бола алады, немесе СУАР, Индонезия, Шешенстан және тағы басқа мемлекетерде орын алған қақтығыстарда сияқты созылмалы тапшылық кезінде пайда болған ұйымдасқан саяси топтарға айналатын трансформацияға ұшыраған әрекетер.
Азаттық жолындағы халықтың әрекеті оған діни-дәстүрлі сипат беруі күшее түсетін факт заңды болып қала береді. Дәлел ретінде, Кавказа болған Шәміл көтерілісі; Алжирдағы - Әбдел Қадыр басқарған француз отаршыларына қарсылық көрсету кезеңі; Индонезиядағы – Дипонегоро басқарған көтеріліс барысында және Суматр аралында Голландия отаршыларына қарсы салафизм туы астында болған көтеріліс ошақтары; Израильдің сионистік саясатына қарсы тұрған Палестина халқының шерулері; Солтүстік Үндістандағы – Сеийд Ахмед Барлевидің басқаруымен өткен вахаббиттер көтерілісі. Кейін бұл көтерілітер Ситан, Пенджап; Кашмирде орын алды; Ливиядағы Италия отаршыларына қарсы сенсуитердің көтерілісі; Солтүстік Ирландиядағы радикалды әрекеттердің жандануы.
-
Cекталық экстремизм - өзінің бақылауға түспейтін және айқын еместігі себептерінен діни экстремизмнің бірден-бір қауіпті нысаны болып табылады. Олардың да әрекет ету әдіс-тәсілдері ерекше сипатқа ие.
-
Діни экстремизм (Антиконфессианалдық), Орта Азия аймағында кең тараған экстремизм түрі болғандықтан ерекше қызығушылықты тудырады. Діни экстремизм қоғамда діни құндылықтардф күштеп тарату тәсілі арқылы, зайырлы мемлекеттің діни ұйымдарды басуы арқылы іске асады.
-
Саяси экстремизм – саяси бірлестіктер арасында халықаралық немесе ішкі мемлекет топтарының қақтығыстарында көрініс табады. Бұл қақтығыстар жоғарға мемлекеттік деңгейдегі, сол мемлекеттік органдарда геосаяси және геоэкономикалық көзқарастарды ұстану мен тарату барысында пайда болады. Сонымен қатар, белгілі бір саяси мақсаттарға жету үшін ланкестік қорқыту немесе бопсалау арқылы нақты топтардың көзқарастарын жылжытуға немесе көрші мемлекеттегі тұрақсыздықты қолдау арқылы болатын мемлекетеаралық қарама-қайшылықтарды айтамыз. Терроризм қалыптасқан тұрақтылы күштерін бұзуға бағытталған, немесе тапшылықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін әрекет ретінде қарастырыла алады. Одан міндетті түрде нақты саяси және экономикалық пайда алу мүмкіндігі туады.
1985 жылдың 27 желтоқсанында Абу Нидаль палестиналық ланкестік ұйымының екі тобы бір уақытта Рим және Вена қалаларында «әл-Ал» компаниялардың кассаларында жолаушыларға шабуыл жасады. Ал 1986 жылдың 6 қыркүйегінде аталған Абу Нидаль ұйымының шеидтер мен Палестиналықтар тобы Стамбул Синегогасында қантөгіс жорығын қйымдастырды.
Осы екі акция арасындағы байланыс – Араб-Израиль арасындағы конфликттіні бейбіт жолмен шешуді жоққа шығару, жою болып табылады. Бұл екі шабуыл Иордания мен ООП арасындағы Батыс жағалаудың қатысуы жөнінде келңссөздер шарықтау шегіне жеткенде Арафаттың басшылыққа өтуін қолдаған екі Еуропалық мемлекет болды. Стамбулдағы қантөгіс Таба анклаваның тағдыры жөнінде Израиль мен Мысыр Үкіметтері басшылары арасындағы келіссөздердің болдырмауын жүзеге асыру мақсатында өтті.
Жаңа заман кезеңіндегі Нью Йорк пен Вашингтон қалаларында орын алған ланкестік актілерге байланысты аталмыш сценарий қайталануы мүмкін. Бірақ енді бұл аренада ойыншылардың рөлдері әртүрлі болады. өзінің өыру, жою масштабтарына орай бұл жағдайды макродеңгейде өарастыру қажет. Яғни тараптардың біреуіне ислам әлемі мен Батыс бағыттары және жаңадан құрылған блоктар арасындағы күштер байланысын бұзу жөнінде макродеңгейдегі мәселені қарастыру болып табылады.
Көптеген қақтығыстарды қорытындылауға келгенде әлемдегі орын алған конфликтік жағдай өздерінің геосаяси мақсаттарына жетуіне байланысты саяси позицияларын белгілеу үшін ірі державаларға пайдалы екендігіне көзіміз жетеді.
СУАР, Ауғанстан, Иран, Ирак, Парсы шығанағы, Ливия осімен өткен қақтығыстар желісі, экономикалық және геосаяси жағынан тартымды болуына сәйкес, елуінші жылдардан кейін антиамерикандық бағыт ұстанушылардың геосяаси күйреу сызығы өтті.
Терроризм әрқашанда геосаяси көзқарастарын жүзеге асыру болып табылды. Аталмыш мәселеге мысал келтіретін болсақ, КСРО ның құлдырауына дейінгі суық соғыс кезеңі. Геосаяси бәсекелестік жағдайында, негізінен, идеологиялық-таптық мінезге ие болған бүкіл әлемде күрес орын алды. Ал экстремистік ұйымдар бұл жағдайда ішкі қақтығыстарды қолдану арқылы геосаяси мұқтаждықтарды ендәруші құрал ретінде саналды.
Бұл саясатта елдер арасында мемлекетаралық қатынастардың өршуі маңызды фактор болып табылады. Ол дегеніміз, этникалық немесе конфессиялық факторларды пайдалану жолымен қақтығысқа бір тараптың енуі, немесе көрші аймақта тұрақсыздықты қолдау. Мысалға, Пәкістан мен Қытай, Солтүстік-Шығыс Үндістандағы Нага және мизо сепаратизмін қолдауы мемлекетаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болды. өз кезегінде Солтүстік-Шығыс Үндістан Пәкістандық билікке қарсы күресте Бенгалдық ұлшылдар жағына шықты.
Дәл осы жағдай сияқты Иран және Ирак мемлекеттері Күрдтер көтерілісшілерін қолдады да, іс жүзінде олардың азаттық шерулерін мемлекетаралық қатынастардағы айырбас теңгесіне айналдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |