Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы


§ 1 Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері



бет4/5
Дата17.07.2016
өлшемі411 Kb.
#205529
1   2   3   4   5
§ 1 Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері.
Жаңа заман құқықтануында адам құқытары мәселелерін алдыңғы қатарға көтерілуі – рухани мәдениет пен өнегеліліктің қайта жандануының куәсі болып табылады. Бұл процесс мемлекет ішінде де, жаһан әлемдік деңгейде де саяси-экономикалық және әлеуметтік, мәдени мәселелерді айқын адамның қатысуымен шешілуі прогресімен және цивилизациялық өркендеудің мызғымас байланысы туралы идеяның кристализациялануы жөнінде жаңа саяси ойлардан туындайды.

Адам құқықтары нақты осы мәселені қамтуға бағытталған, яғни әлемдегі болып жатқан барлық оқиғалар мен әрекеттерде адамның бәсең бақылаушыдан белсенді қатысушыға айналуы болып табылады.

Жаңа ойлау позициясынан өміріміздің мәнін қайта қарауда қоғамдағы адам құқықтарымен байланысты. De-facto жағдайына шынайы көзбен қарау керек. Қоғамда орын алған бірде бір дағдарыс жағдайы адамның тәуелсіздігін және бостандығын қамсыздандыруынсыз, оның қоғамдық өмірдегі барлық аяларында реалды белсенді қатысуына жағдай жасамауынсыз қалпына келе алмайды.29

Адам құқықтары олардың әлеуметтік қызметіне, қоғамдық қатынастарына, индивидтің болмыс тәсілдеріне бірқалыпты өрілген. Адам құқықтары қоғам мен мемлкеттің дұрыс қызметтесуі арқылы индивид бостандығы мен басқа адамдардың бостандықтарының сәйкестігі негізінде конфликтілерді, қарама-қарсы тұруды, қайшылықтарды жоятын, олардың әрекеттері мен жасаған істерін үйлестірудің, байланысын реттеудің, өзара әрекеттестіктің нормативті нысаны болып табылады. Өмір сүру, ар-ождан, қолсұғушылық, ой-пікр ұстаным бостандығы, жеке өмірдің автономисясына, саяси процестерге, экономикалық қызметтерге қатысу құқықғы, яғни қажетті экномикалық деңгейге жетуге бағытталған құқықтар мемлекетпен мойындалуы және қорғалуы керек.

«Билік-тұлға» ғұмырлық антагонизмімен аталған бүтін қоғадық, саяси-құқықтық институтты құра тұра, адам және азамат құқықтары мен бостандықтары әрқашан да қозғалмалы дамуда болады. Онымен мемлекетте болып жатқан түрлі процестерде бірлестіктердің, ұлттардың ұдайы күрестері айқындалады, сонымен қатар жеке алған азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтарын талап етуі көрініс табады. Бұл жерде біз тұлғаның, биліктің, мемлекетің көлеңкелі құрылымдардың және басқа да к.штердің мүдделерінің өмір бақи қайшылықтарын байқай аламыз. Екінше мыңжылдық әлемге апокалипсис – террорды әкелді. Бұл дегеніміз – мыңдаған өмірді кесетін жоюшы күш; оған қарсы тұруға дайын мемлекеттерден аттай алмайтын қақтығыстарды қоятын қатігез күш.

Соңғы жылдары арлығында көптеген ТМД мемлекеттері жергілікті, ал кейбіреулері, үлкен ауқымды өздерінің аумақтарында халықаралық терроризм күштеріне қарсы ауыр күресін жүргізуде. Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру әрекеттері жергілікті деңгейде Азия мемлекеттері мен Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы көрініс бола алады.

2002 жылдың 4 маусымында Алматыда Азиядағы сенім шаралары мен өзара әрекеттестік жөніндегі мемлекеттер-қатысушылер басшылары отырысының бірніші саммиті өтті.30 Саммитке қатысушы мемлекеттердің он алты басшылары Алматы актісіне және Азиядағы сенім шараларын қалыптастыру және терроризммен күресу жөнінде декларацияға қол қойды. Саммитті ашу барысында оның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп жариялады: Азиялық қауіпсіздік институтын құру барысында Еуропаға қарағанда аса күрделі ұиындықтармен кездесу әбден мүмкін болады. Бұл азиялық мемлекеттер өз даму жолдарын еуропалықтарға қарағанда екі есе тез болғанына қарамастан АСШӨӘ шешуші мақсаты – Азиядағы қауіпсіздік пен бейбіишілікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту болып табылады. Ал оның негізі болып конфликтілі жағдайларды бейбіт жолмен реттеу, адам құқықтарын қорғау, сауда байланыстарын күшейту болып табылады.

Отырыс қатысушылары жаппай жою қаруларын толық ликвидациялауға бағытталған барлық кұштерді қолдануды уаделесті. АСШӨӘ басымдылығы болып ядролық қарусыздандыру табылады. АСШӨӘ көшбасшылары терроризмді оның барлық нысандары мен кқріністерін бірауздан сынады, сонымен қатар оны қолдау немесе үнсіз тану. Аймақтағы қауіпсіздік қатері ретінде сепаратизм және заңсыз есірткі заттардың айналымы. АСШӨӘ мүшелері басқа мемлекеттердің аумағында барлық ланкестік жіне сепаратистік қозғалыстарды қолдамайтындығын айтты. 2000 жылдың сәуірінде Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан мен Өзбекстан арасында «Жақтардың терроризммен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да тұрақтылық және қауіпсіздкке байланысты қауіптермен күресу жөнінде бірлескен әрекеттері туралы» Келісімге қол қойылды.31

Бішкекте өткен 2000 жылдың тамызында Орталық Азия мемлекттері басшыларының кездесуінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыстанның боевиктердің тықсыруына қарсы тұру әрекеттері жөнінде талпынысын қолдады және халықаралық терроризм құбылыстарына бірлескен қарсылоықты ұйымдастыру жөнінде бірқатар ынтасын ұсынды. Сол жылдың қараша айында Қазақстан Парламенті Ташкент Келісімін ратификациялады.32 2001 жылы қазан айында Бішкекте өткен Саммитте жергілікті коалициялық әскери топшаларын құру жөнінде шешім қабылданды. Мәні бойынша бұл шешім жергілікті қауіпсіздіктің жаңа жүйесінің фундаментін қалыптастырды.

Орта Азия және Қазақстан мемлекеттері үшін үлкен саяси маңыз, 2000 жылдың жазында Душанбеде өткен Шанхай форумының бес мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында бірқатар келісілген шешімдер мен бекітілген аймақтағы экстремизм және терроризммен біріккен күресу жүргізу ерлігін атап өту жөн. Бұл Шанхай форумының аймақтағы қауіпсіздікке төндіретін жаңа қауіппен күресудегі потенциалын пайдалануына жақсы негіз қалыртастырады.

2000 жылы терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресу жөнінде Шанхай Конвенциясы қабылданды (Шанхай, 2001жыл 15 маусым).33

Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып, ең алдымен, халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау, мемлекеттер арсында достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуды көздедйі; терроризм, сепаратизм және экстремизм халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікке, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастардың дамуына, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға қауіпті екенін біле тұра; аталған құбылыстар Жақтардың аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін, сонымен қатар олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қатер төндіретінін мойындай тұра; 1998 жылдың 3 шілдеде Алматы бірлескен мәлімдемесінің қағидаларын, 1999 жыл 25 тамыздың Бішкек Декларациясын, 2000 жыл 5 шілдегі Душанбе Декларациясы және 2001 жыл 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы Декларациясын басшылыққа ала отырып, ланкестік әрекеттерді алдын-алу, ашу және бұлтартпау аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Қатысушы мемлекеттер қажетті болуы мүмкін шараларды қабылдайды. Соның ішінде, сәйкес жағдайда ұлттық заңнама аясында. Яғни ланкестік актілер ш жағдайда саяси, философиялық, идеологиялық, ұлттық, этникалық, дәни немесе басқа аналогиялық сипаттағы ой – пікрлерімен ақталмауын қамтамасыз етуді жүзеге асыру және, егер мұндай әрекеттер орын алатын болса, олардың ауырлық деңгейіне сәйкес жаза қолдануды көздейді (3 бет).

2005 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресудегі ынтымақтастық концепциясын жобалаған.34 Концепция Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресудегі, сонымен қатар оны жүзеге асыру механизмі аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаттарын, міндеттерін, қағидаларын, бағыттар мен нысандарын анықтайды. Концепция преамбуласында белгіленгендей ШЫҰ міше мемлекеттері терроризсм, сепаратизм және экстремизмді былай анықтайды:

- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастардың дамуына, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарынжүзеге асыруға кедергі келтіреді;

- ШЫҰ мүше мемлекеттерінің аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігіне, сонымен қатар олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп-қатер төндіреді;

- Ланкестік актілер, олардың себептерін, олардың себептеріне байланыссыз, ешқандай жағдайда ақталуы мүмкін емес. Ал оларды жүзеге асыруда кінәлі ұйымдар мен тұлғалар жауапкершілікке тартылуы керек.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері Біріккен Ұлттар Ұйымы Жырлығының мақсаттары мен қағидаларына ұстанушылығын, басқа да халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және көрші достық қатынастардың дамуын, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға байланысты жалпы танылған халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын қолдайтынын бекітті.

Концепцияға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері өз аумағында орналасқан республика азаматтары мен басқа тұлғаларды терроризм, экстремизм және сепаратизм қауіптерінен қорғауды қамтамасыз ету;

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің антиланкестік потенциалын дамыту.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар:

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттері терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресу аясында біртұтас саясатты қалыптастыру және атлмыш қызметті мемлекетаралық үйлестіруін жүзеге асыру;

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерімен тиым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың қызметін тоқтатуға баяланысты біыңғай жоспарды құру, соның ішінде аталмыш ұйымдардың тізімін құрып, олардың қаржылық капиталдары мен мүліктерін конфискациялауды жүзеге асыру;

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің антиланкестік потенциалын жүзеге асыру мен дамытуды қамтамасыз ету;

- Терроризм, сепаратизм және экстремизм сипаттағы қызметі үшін жазаның мызғымастығы мен қайтарымсыздығын қамтамасыз ету;

- Террористік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін немесе жасады деп сезіктелген халықаралық іздеуге жарияланған тұлғалардың бірыңғай іздеу реестрін құру және жүргізу;

- Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресуде ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін дамыту;

- Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресуде мемлекетаралық шаралр жүйесін қалыптастыру және жүзеге асыру.

Жан-жақты ынтымақтастықтың қағидаларына сүйене отырып, 2000 жылы Ташкентте Қазақстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында «Терроризммен, саяси және діни экстремизммен, ұйымасқан трансұлттық қылмыстылықпен және Жақтардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қауіптерімен күресудегі біріккен қызмет жөнінде» Келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Жақтар мемлекеттердің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, адам құқықтарының бұзылуына, қоғамның бостандықтар мен демократиялық негіздерін таптауға әкелетін терроризм, экстремизм және барлық нысандардағы ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылықтың даму тенденциясы мен көлемінің өсуімен толғанатындығын жариялады. Мүше мемлекеттер азаматтардың өміріне, құқықтары мен заңды көзқарастарына, мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы мен егемендігіне қылмыстық қолсұғушылықтан мықты қорғануды қамтамасыз ету ұмтылысын айқындады; олар саяси, идеологиялық , ұлттық-этникалықғ діни немесе басқа сипаттағы ой-толқындары ақталуы мүмкін емес терроризмді, саяси және діни экстремизмді бірауыздан ұсынады; ланкестер мен экстремистерге баспана беруге немесе олардың шарттарына көнуге қарсы тұратындығын жариялады да, оған қоса жасаған әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға ұмтылатынын және осы мақсаттарға орай мүдделі мемлекеттерге қылмыскерді беру туралы халықаралық шарттардың негәзәнде тапсыруды шешті. Жақтардың ынтымақтастығы олардың Орталық құзіретті органдары арқылы жүзеге асырылады.

Келісімнің 6 бабына сәйкес мүше мемлекеттер өз елдерінің заңнамаларына сәйкес келесі қылмыстық әрекеттерді алдын-алу, ашу, бұлтартпау және тергеуде ынтымақтасуға міндеттеледі:

- терроризм - тұтқындарды ұстау, диверсия, ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да қоғамдық қауіпсіздікке қауіпті қолсұғушылық;

- әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни қайшылықтарды жандандыру;

- саяси және діни экстремистік актілер;

- ланкестер мен экстремистерді дайындау орталықтарын қйымдастыру және қызметін жүзеге асыру;

- қару-жарақтардың , әскери құрылғылардың , жарылғыш затар мен құралдардың, радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы;

- есірткі заттардың және психотропты заттардың заңсыз айналымы;

- контрабанда, кеден және салық заңнамаларының бұзылуы;

  заңсыз көші-қон;

- автокөлік құралдарымен байланысты заңсыз операциялар;

- экономика аясындағы қылмыстар, заңсыз қаржылық операциялар;

- жасанды паспорттар және басқа да жеке басын куәландыратын құжаттарды, құнды қағаздар мен ақшалай белгілерді заңсыз жасау және тарату, сонымен қатар оларды жасауға арналған техникалық құралдарды тарату;

- Жақтардың ынтымақтастығын қажет ететін басқа да ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылық нысандары.

Қазақстанның аймақтық ынтымақтастық щеңберінде терроризм және экстремизммен күресу аясындағы халықаралық ынтымақтастығы күшее түсуде.

Қазіргі таңда Қазақстандық мамандардың аталмыш аядағы бірқатар Батыс және Азия мемлекеттерінде тәжірибе алмасу мен оқыту жөнінде келісімдерді бекіту туралы мәселе қарастырылып жатыр.35 Республикада заңнама деңгейінде үлкен жұмыс өткізіліп жатыр. Қазақстан терроризммен күресуде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізді. Ланкестік әрекеттердің ошақтарына тиесілі болмаған Қазақстан АҚШ, Ауғанстан, Ирактағы орын алған оқиғалардан бұрын барлық ланкестік әрекеттерден азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын бірқатар нормативтік актілерді қабылдаған.

Орта Азия мемлекеттері сүйенетін орталық құжат болып «Терроризммен күресудегі құқықтық нормалар мен адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша» Халықаралық Заңгерлер Комиссиясының Декларациясы табылады (Берлин Декларациясы).36

Декларацияда құқықтық нормалар мен адам құқықтарын қарсылықтың күрделі екені туралы анақтайды. әлемнің барлық аймақтарында терроризм қаупіне қарсы тұру әрекеттерінің барлықтарына мәлім және жалпыға бірдей құқықтық қағидалар жеткілікті дәрежеде жетілген деп айту қиын. Адам құқықтарын заңи қорғау аясында күптеген жетістіктер ланкестердің объектілеріне айнала бастады.

Терроризм адам құқықтарына үлкен қауіп түндіреді. ХЗК терроризмді сынап, барлық мемлекеттердің міндеті – ланкестік әрекеттерге қарсы әсерлі шараларды қолдану екенін жариялады. Халықаралық құқық бойынша мемлекетте барлық аддамдардың қауіпсіздігін қорғауға құқығы мен міндеті бар.

2001 жылдың қыркүйегінен бастап көптеген мемлекеттер жаңа контртеррористік шараларды қабылдай бастады. Бірақ олар мемлекеттердің халықаралық міндеттемелеріне қарсы тұрады. Бірқатар мемлекеттерде 2001 жылдың қыкүйегінен кейін тұрақтанған әлсіз климат кейінірек орын алған адам құқықтарын бұзушылықтарын ақтау себепшісі болды.

Мемлекеттер ланкестік қызметті жоюға бағытталған шараларды қабылдау барысында құқықтық нормаларды қатаң ұстану керек, оның ішінде қылмыстық және халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар адам құқықиары жөнінде халықаралық заңнамаларындағы нақты нормалар мен міндеттемелерді, босқындар туралы заңнамаларын, сәйкесінше жағдайларда гуманитарлық құқық қағидалары. Бұл қағидалар, нормалар мен міндеттемелер терроризмге қарсы өкіметтің заңды әрекеттерінің рұқсат етілген шекараларын айқындайды. Ланкестік әрекеттердің жексұрын сипаты мемлекеттер үшін өз халықаралық міндеттемелерін, әсіресе, адам құқықтарын фундаментальді қорғауға байланысты орындамауға негіз немесе сылтау бола алмайды.

Қауіпсіздік жөнінде бел ала бастаған додаларда фундаменталды құқықтар мен бостандықтарды терроризмді түпкілікті жоюға құрбан етуге идеялары насихатталуда. Алайда терроризм қаупі төніп тұрған адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттің борышы мен оныі бұл қорғауды жүзеге асыру барысында қалған құқықтарды бұзылмайтындығын кепілдейтін міндеті арасында ешқандай құқықтық коллизия жоқ. Керісінше, ланкестік әрекеттерден адамды қорғаумен қатар, адам құқықтарын құрметтеуде мемлекет қолдауға міндетті бірегей қорғау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Соңғы кездері орын алған қайғылы оқиғаларды еске ала отырып, ХЗК терроризмді басуда мемлекеттер келесі қағидаарды толығымен орындау керек екенін жариялайды:

1) Қорғау міндеті. Мемлекеттің құзіретіне жататын бүкіл аумақтағы, сонымен қатар ол оккупациялаған немесе бақылаудағы жерлерді қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және құрметтеуге міндетті. Осы мақсатта барлық контртеррористік шаралар заңдылық қағидалары қажеттілікттің, дискриминациясыз жолмен жүзеге асырылуы міндетті.

2) Сот органдарының тәуелсіздігі. Контртеррористік шараларды жүзеге асыру барысында мемлекет сот органдарының тәуелсіздігінің кепілі болуы керек. өкіметтік органдар сот процедураларына араласа алмайды және сот шешімдеріне сенімсіздік білдіре алмайды. Олар жариялаған шешімдерге көнуі керек.

3) қылмыстық құқықтың қағидалары. Мемлекет контртеррористік шараларды асыра пайдалануды болдырмауға міндеттенеді.

4) құқықтардың мызғымастығы. Мемлекет халықаралық шарттар немесе әдет-ғұрып құқығы бойынша қалыптасқан құқықтардың әрекетін тоқтата алмайды. Мемлекет нәсіліне, түсіне, жынысына, дініне, тіліне, саяси немесе басқа ұстанымдарына, ұлттық, әлеуметтік немес этникалық тұрғыдағы пікірлерді, меншік немесе басқа жағдайларға байланысты дтскриминацияға ұшырауды болдырмау шараларымен қоғамды қамтамасыз етуі қажет.

5) Абсолютті нормалар. Мемлекет әрқашанда қатаң, қатігез, адамгершіліксіз және ар-ожданды, намысты таптайтын әрекеттреді болдыртпауға және оған толық тиым салуға міндеттенеді.

6) Бас бостандығынан айыру. Ешкім де, ешқашан да ашқандай дәлелді себепсіз тұлғаны бас бостандығанан айыра алмайды. Егер тұлға қамауға алынған болса, ол habeas corpus құқығына ие бола алады, яғни түтқындалған тұлғаны сотқа ұсыну жөніндегі ұйғарым.

7) Әділетті сот қарауы. Мемлекет әрқашанда қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаға әділетті және тәуелсіз соттармен қамтамасыз етуі керек. Олар, міндетті түрде заң негізінде қалыптасады. әділетті сот қарауының кепілдіктері: кінәсәздәк презумпциясы, айғақтар мен дәйектерге сараптама құқығы, қорғау құқығы, соның ішінде білікті заң көмегін көрсету мен сот шешімін қайта қарауға жіберу құқығы.

8) фундаменталды құқықтар мен бостандықтар. Контрланкестік мемлекеттік шараларды өткізу барысында мемлекеттер фундаменталды құқықтар мен бостандықтарды қорғау мен құрметтеуге міндетті, сонымен қатар ойын жеткізу, дін, ар ождан, бірлестіктер, жиналыстар және бейбіт шерулер бостандықтары; оған қоса жеке адам өміріне қолсұқпаушылық құқығы. Бұл , өз кезегінде, жасырын ақпарат тарату мен жинау аясында ерекше орын алады.

9) құқықтық қорғау құралдары мен шығынды өтеу. Мемлекет контрланкестік шаралар барысында әрбір тұлғаға жасаған шығындарын , міндетті түрде, өтеу керек және адам құқықтарын қатты бұзғаны үшін жауапты тұлғаларға қарсы сот процесін ашу керек. Осы шараларды жүзеге асыруды бақылау тәуелсіз органдарға беру керек.

10) күштеп қайтаруды болдырмау қағидасы. Мемлекет басқа бір мемлекетке ланкестік әрекеттері үшін сотталған немесе айыпталған тұлғаны мына жағдайларды қайтаруға, беруге, тапсыруға немесе аударуға болмайды: егер бұл мемлекетте аталған тұлға адам құқықтары өағидаларын бұзуға әкелсе, соның ішінде зорлау немесе қатігез, намысын таптайтын жағдайларға әкеліп соқтырса, соттан тыс өлім жазасы тағайындалса және тағы басқа.

11) гуманитарлық құқықтың комплиментарлығы. әскери қақтығыстар мен оккупация жағдайында мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары мен қағидаларды сақтау мен қабылдаумен қатар, адам құқықтары жөніндегі заңнамаларды сақтау қажет.

§ 2 Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.
Орта Азия аумағында терроризм және экстремизммен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығы арнайы халықаралық ұйымдардың пайда болуы және қызметтесуімен расталады. Біздің ойымызша, халықаралық заңгерлер комиссиясы жөнінде нұсқаулығы адам құндылықтарын терроризммен күресі кезінде қорғау мәселелері негізгі бағыт-бағдар болуы керек. Олар:

- ХЗК мүшелері, оның ішінде уәкіл етілге құрметті, ұлттық және ұйымдастырушылық өкілдері-мүшелері, бір-бірімен немесе барлығы қосылып контрланкестік шаралар мониторингін және олардың адам құқықтары мен құқықтық нормалардың сәкестігін бағалаумен айналысады;

  ХЗК сот тәртібімен шектен тыс контрланкестік заңды актілерді және ұлттық деңгейдегі шараларды дауға түсіреді. Сонымен қатар, адам құқықтары жөнінде халықаралық заңнамаларға толық сәйкес келетін саяси механизмдерді насихаттаумен айналысады;

- ХЗК адам құықтары аясындағы халықаралық міндеттемелерге бүкіоәлемдік және жергілікті ұйымдардың контрланкестік шаралар және жоспарла сәйкестігін келтіруге бар күшін салады;

- ХЗК 2003 жылдың 23-24 қазанында қабылданған (Женева, ХЗК конференциясы) контрланкестік әрекеттер мен адам құқықтарына мониторингі халықаралық механизмі қажеттігі жөнінде Үкіметтік емес ұйымдардың Декларациясында қарастырылған адам құқықтары міндеттемелері мен контрланкестік әрекеттердің оларға сәйкестігі туралы мониторингінің механизмін құру үшін демеу көрсетеді;

- ХЗК адам құқықтары аясында қызмет ететін заңгерлер мен ұйымдарды аталмыш мәселемен бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Орта Азия аймағына сәйкес келетін Шанхай Ынтымақтиастық Ұйымының мүше мемлекеттерінің ынтымақтастық концепциясына сәйкес, терроризм, экстремизм, сепаратизммен күресудегі ШЫҰ жергілікті антиланкестік құрылымындағы атқарушы комитетімен үйлестіруші – жедел, халықаралық құқықтық және ақпараттық-аналитикалық қызметті жүзеге асыруда келісілген шешшімдерді іске асырады. Олар ШЫҰ мүше мемлекеттерінің терроризм, сепаратизм, экстремизммен күресудегі ынтымақтастық, ШЫҰ аумғында антиланкестік құрылым кеңестері белгіленген.

Экстремизм және терроризммен күресуде анталанкестік орталықтар қалыптасады және әрекет етеді. Мұндай орталықтар ТМД щеңберінде құрылады. Онда Орта Азия мемлекеттері белсенді қатысушылық білдіреді. Сөйтіп, ТМД мүше мемлекеттерінің антиланкестік Орталық құру туралы шешіміне сәйкес (2000 жылы 1 желтоқсан, Минск),37 ол ТМД-ның арнайы салалық органы болып табылады және ТМД мүше мемлекеттерінің құзіртетті органдарының арасындағы байланысты үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған. әрине, бұл қызмет хылықаралық терроризмнен бөлек басқа экстремизм көріністерімен күресуге арналған.

Орталық өз жұмысында ТМД мүше мелекеттер Ішкі Істер министрлігінің Кеңесімен, Бас прокуратуралардың кеңесімен, шекара әскерлері мен қолбасшылар кеңесі мен олардың органдары, сонымен қатар ТМД мүше мемлекеттер аумағында ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да қылмыстардың қауіпті түрлерімен күресудегі үйлестіруші бюросымен қызметтеседі.

Орталық өз қызметін ТМД мүше мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдарының арнайы жасақталған антиланкестік бөлімшелердің мүмкіндіктерін пайдалнумен жүзеге асырады, сонымен қатар қауіпсіздік және арнайы қызмет органдарының Бірлескен мәліметтер банкін жаасаумен атқарады.

Орталықтың негізгі тапсырмалары мен функциялары болып мыналар табылады:

- халықаралық терроризм мен басқа экстремизм көріністерімен күресудегі ТМД мүше мемлекеттерінің құзіретті органдарының өзара байланысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

- ТМД міше мелекеттер мен басқа да мелекеттерде орын алған халықаралық террористік және тағы басқа экстремистік әрекеттердің таралу тенденциялары мен өсу қарқыны жөнінде ақпаратты қорытындылау;

- қауіпсіздік және арнайы қызмет органдарының Бірлескен мәліметтер банкінің негізінде ТМД мүше мемлкеттердің басқа құзіретті органдарының мәліметтер банкін құру және тағы да басқа аранйы банктер құру.

Айта кетуге тұратын жәйт, Орталық Азия аумағы бойынша ТМД мүше мемлекеттердің Антиланкестік ортылықтың бөлімін құру туралы Шешімнің іске асуы.38 Атлаған Шешімге сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басшыларының Кеңесі Орталық Азия аумағы бойынша ТМД мүше мемлекеттердің Антиланкестік ортылықтың бөлімін Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында орналастыруды жөн көрді.

Осылайша біз Орта Азия аумағында орын алып жатқан, бірден бір өзекті мәселе – экстремизм өз жолындағы мемлекеттер тарапынан қарсылыққа тиесілі тойтарыс бере алмайтындығында күмәніміз жоқ. Әрине, аталмыш мәселе бүгін не ертең шешіле қоймас. Алайда оған бүгіннен бастап халықаралық қауымдастық өз тойтарысын нық қадаммен бастады деуге әбден жасырынбай айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет