ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» акционерлік қоғамы
жоғары оқу орындарда
электронды оқытуДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ туралы
ереже
Алматы, 2011
жоғары оқу орындарда
электронды оқытуДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ туралы
ереже
1. Пайдалану саласы
1.1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында электронды оқытуды ұйымдастырудың талаптары мен нормалар жүйесін, сонымен қатар білім субъектілерінің ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы біліктілігін қалыптастырудың біріңғай саясатын анықтайды.
1.2. Ережені төмендегілер қолдануы мүмкін:
-
меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар ҚР барлық жоғары оқу орындары;
-
педагогикалық кадрларды қайта даярлау және квалификацияны жоғарылататын институттар, ғылымизерттеу институттар;
-
электронды оқытуды контентті, техникалық және технологиялық қамтамасыз ететін қжымдар мен компаниялар;
-
жоғары білім саласын мемлекет тарапынан бақылайтын орталық және жергілікті басқару органдары.
1.3. Ереже білім қызметін лицензиялау барысында, жоғары оқу орындарын аттестациялауда, оқу бағдарламаларды даярлау барысында ҚР мемлекеттік басқару органдары мен ұжымдары пайдалануы мүмкін.
2. Нормативтік сілтемелер
Аталмыш Ереже төмендегі құжаттарға сәйкес жасалынған:
2.1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
2.2. «Білім туралы заң» Қазақстан Республикасының Заңы 27 шілде 2007 ж. № 389-1.
2.3. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы» Заңы 11 қаңтар 2007 ж. № 217-3.
2.4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыконецформыначалоформы.
2.5. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы (Астана, Ақорда, 18 ақпан 2011 ж.).
2.6. Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2007 – 2012 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы.
2.7. ҚР Мемлекеттік стандарты СТ РК 1091-2002 «Программалық құжаттардың біріңғай жүйесі. Терминдер мен анықтамалар».
2.8. ҚР БМС «Оқытуды қашықтыө білім технологияларын пайдалана отырып ұйымдастыру. Негізгі ережелер». 5.03.004-2009, ҚР БЖҒМ бекіткен 04.06. 2009 ж.. № 266.
2.9. Қазақстан Ресупбликасының білім беру мекемелерінде толығымен компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету» туралы №781 бұйрығы 27.09.2004 ж.
2.10. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 Бұйрығы.
2.11. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 Қаулысы.
2.12. Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысы.
2.13. Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 ақпандағы N 173 қаулысы.
2.14. Жоғары кәсiптік бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 Қаулысы.
2.15. Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 213 Қаулысы.
2.16. ҚР Мемлекеттік стандарты (МС ҚР 34.016-2004). Қашықтан оқытудың техникалық және программалық құралдары. Жалпы талаптар. (ГОСО РК 5.03.004-2006).
2.17. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 Бұйрығы.
2.18. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 Бұйрығы.
2.19. Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысы
2.20. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары пәндерінің үлгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және ресімдеудің әдістемелік нұсқауын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 11 қарашадағы № 514 бұйрығы.
2.21. Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 169 Бұйрығы
3. Негізгі анықтамалар
Ережеде төмендегідей негізгі анықтамалар қолданылады:
3.1. Маманның инфокоммуникациялық мәдениеті деп маманның жеке тұлғалық, коммуникативтік, кәсіби қасиеттерінің жиынтығын айтамыз. Ол жиынтық еңбек қызметінің жылдам өзгеріске ұшырап отырған инфокоммуникациялық орта жағдайында ақпараттық аспектісімен тығыз байланысты, өйткені тек сол жағдайда еңбекте биік жетістіктерге жету мүмкін.
3.2. Инфокоммуникациялық біліктілік деп ақпараттық қоғамның азаматтарының басты біліктілігін, сонымен қатар, ақпараттықкоммуникациялық технологияларды кәсіби немесе оқутаным қызметте пайдаланылатын білім, әрекет, қызметті жүзеге асыратын тәсілдердің жиынтығын айтамыз.
3.3.Инфокоммуникациялық тұлға деп адамның инфокоммуникациялық менталитеті байқалатын, біліктілік пен сауаттылығы бар тұрақты әлеуметтік маңызды қасиетттер жүйесін айтамыз. Осы қасиеттерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өздігінен жетілу мен өздігінен даму барысында тиімді пайдалана алатын тұлғаны айтамыз.
3.4. Ақпараттық-білім беру ортасы дегеніміз арнайы білім беру үрдістің субъектілері мен объектілерінің инфокоммуникациялық қатынасының педагогикалық жүйе.
3.5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегеніміз ақпаратты жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және оны пайдалануға арналған әдістер, өндірістік үрдістер мен техникалық құралдар жиынтығы.
3.6. Ақпараттық-білім порталы дегеніміз жоғары оқу орын субъектілерінің өзара қатынасын құрайтын аспаптық педагогикалық ұйымдастырылған және азаматтардың сұраныстарына жауап беретін орта.
3.7. Электронды оқытудың контентті қамтамасыз дегеніміз жалпы білім беру мақсаты бар педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясы арқылы қолданбалы программалық өнімдер мен сандық білім ресурстарының жиынтығы.
3.8. Электронды оқытудың телекоммуникациялық қамтамасыз етуі дегеніміз электронды инфрақұрылымды қолдана отырып, білім беру үрдістің субъектілерінің қатынасын локальды және ғаламдық желі арқылы техникалық және технологиялық қамтамасыздандыру.
3.9. Сандық білім беру ресурстары дегеніміз білім жүйесінде субъектілердің өзара қатынасуында маңызды рол атқаратын электронды құрылғыларда тасымалданатын дидактикалық материалдар. Электронды оқыту дегеніміз мотивациялы мақсаттық, мазмұндық, іс әрекеттік және бағалы нәтижелілік компоненттердің бірігуімен педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған ақпараттық білім ортасында жүзеге асатын дербес оқыту түрі.
3.10. Электронды ғылыми зертхана (ЭҒЗ) дегеніміз арнайы пәндерді оқу барысында түрлі виртуалды тәжірибелерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын программалық өнім. ЭҒЗ болашақ білімнің бастамасы, жаңа прадигманың көрінісі, онда дәстүрлі оқыту мен электронды оқытудың формалары мен әдістері пайдалана отырып ғылыми білімдердің қаржыландыруды көп қажет етпейтін сапалы жаңа деңгейде қолдануына мүмкіндік туғызады.
4. Жалпы ережелер
Электронды оқыту ҚР жоғары оқу орындарында ұйымдастырылады және мына мәселелерді шешеді:
-
аталмыш мәселе бойынша біріңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етеді;
-
жалпы коөпшілік халыққа, сонымен қатар жарымжандығына қарамастан дәстүрлі және электронды кәсіби білім алуға мүмкіндік туғызады;
-
білім беру үрдісін жаңартпалықпен қамтамасыз етеді;
-
профессороқытушы құрамға акпараттықкоммуникациялық технологияларды оқұ үрдісінде қолдану жөнінде талаптарды анықтайды.
4.2 Осы Ереженің талаптары міндетті түрде төмендегі шараларды орындауда ескерілуі қажет:
-
мамандықтар мен кәсіби бағыттар бойынша оқу бағдарламарын жасағанда;
-
меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық жоғары оқу орындарында білім беру үрдісін ұйымдастыруда;
-
жоғары оқу орындарына оқуәдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқауларды жасағанда;
-
жоғары оқу орындарын лицензиялау және мемлекеттік аттестациялау кезінде;
4.3 ҚР жоғары оқу орындарында электронды оқыту туралы Ереже
-
білім субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынас парадигмасын енгізуді;
-
ақпараттандыру заңдылықтарын ескере отырып кәсіби білімнің мазмұнын, деңгейі мен сапасын анықтайтын талаптарды регламенттеуді қамтамасыз етеді.
4.4 Жоғары оқу орындардағы электронды оқытудың мақсаты мен міндеттері студенттер мен оқытушылардың инфокоммуникациялық мәдениетін қалыптастыру, олардың терең білімдерге қол жеткізуін, кәсіби деңгейлерін әлемдегі басқа әріптестермен қатынаса отырып өсіру, сонымен қатар бәсекелестікті жоғарылату.
4.5 Осы Ереженің талаптарын орындау барысында жауапкершілік жоғары оқу орындарда болады.
5. Электронды оқытудың субъектілері
5.1. Жоғары оқу орындарда электронды оқыту жүйесінің негізгі субъектілері болып студенттер, солардың ішінде мүгедек студенттер де, оқытушылар, қызметкерлер және т.б.
5.2. Электонды оқыту жүйесінде білім алушылардың міндеттері мен құқықтары жалпы ережеде көрсетілген құқықтар мен міндеттеріне теңестіріледі.
5.3. Жоғары оқу орын қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары Қазақстан Республикасының Заңдылығымен анықталады.
6. ҚР жоғары оқу орындарында электронды оқытуды жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
6.1. Кәсіби бағдарланған электронды оқыту білім беруге рұқсат берілген лицензиясы бар жоғары оқу орындарда жүзеге асырылады.
6.2. Электронды оқытудың мазмұны жоғары кәсіби білім бағдарламалармен анықталады. Мамандықтарға бағытталған білім бағдарлама мазмұнының міндетті минимумы мемлекеттік білім стандартымен бекітіледі.
6.3. Қысқартылған білім бағдарламалар бойынша оқитын азаматтар, орта кәсіби білімі және жоғары кәсіби білімі бар азаматтардың да электронды білім алуы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес жасалынған оқу жоспар бойынша ұйымдастырылады.
6.4. Электронды оқыту бір бірінен ерекшеленетін міндетті дәрістердің мөлшері, оқыту үрдісті ұйымдастыру, оқыту технологиясыменен түрлі формаларда жүзеге асады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес ғылыми кеңестің шешімімен және білім алушының қалауымен білім бағдарламалары аталған формалар үйлесіп қолдануы мүмкін.
6.5. Күндізгі оқу барысында электронды оқыту құралдарын қолдану оқу жүктемесінің 30%-нан көп болмауы керек.
6.6. Электронды оқыту оқу орынның білім беру міндеттерін комплексті шешуге бағытталып, төмендегі жуйешелер арқылы жүзеге асады:
-
жоғары оқу орынды (университетті) басқару жүйесі (SMU);
-
сыныпты басқару жүйесі (CRMS);
-
оқу үрдісін басқару жүйесі (LMS);
-
тестілеу жүйесі (TMS);
-
өзара әрекет менеджменті (CRM);
-
жоспарлау жүйесі (PMS);
-
пәндер бойынша электронды әдістемелік жүйелер (MMS);
-
электронды психология-мониторинг жүйесі (MPsMS);
-
ақпараттық-анықтама жүйесі (IMS).
6.7. Электронды оқыту жағдайында оқу үрдістің негізі ретінде дәстүрлі білім беру сияқты оқу жоспары, ректор немесе бірінші проектор бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес жасалынған жеке оқу жоспары болып табылады.
6.8. Электронды оқыту жағдайында төмендегідей оқу қызметінің түрлері қолданылады: бейнелекция, кеңес, онлайн семинар дәрісі, практикалық дәріс, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, коллоквиум, өздік жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, практика, курстық проектілеу, дипломыдқ проект, магистерлік диссертация.
6.9. Электронды оқыту жағдайында оқу қызметтің барлық түрлері мынадай жағдайда ұйымдастырылады:
оқытушының студентпен педагогикалық қарым-қатынасы аудиторияда немесе электронды байланыс құрал арқылы;
тьютордың студентпен педагогикалық қарым-қатынасы аудиторияда немесе электронды байланыс құрал арқылы;
электронды оқу ресурстарын пайдалана отырып стденттік өздік жұмысы.
6.10. Жоғары оқу орынға қабылданған азамат студент ретінде сынақ кітапшасы мен студенттік билет екі түрде қамтамасыз етіледі: электронды және дәстүрлі.
7. Электронды оқытудың телекоммуникациялық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар.
7.1. Оқу орынның телекоммуникациялық арнаның өткізгіштік қабілеті оқу жоспары анықтаған барлық оқу түрлерін пайданған жағдайда толығымен электронды оқыту жүйесін қамтамасыз ету керек.
7.2. Оқу орындардың технологиялық инфрақұрылымы Интернет желісіне кіру мүмкіндігімен анықталады. Ол мүмкіндік түрлі арна арқылы анықталады. Олар: аналогтык, жеке орнықталған (выделенная), сымсыз (беспроводная), спутниктік, мобильді және т.б. Интернеттену келешекте Wi-Max және Wi-Fi, Wap-технологиялар сияқты сымсыз мүмкіндікке алып келеді.
7.3. Электронды оқыту жүйесі түрлі ресурстарға паналанған, масштабты және берік мүмкіндік болуы тиіс.
7.4. Пайдаланушының интерфейсі браузерге негізделуі қажет (Internet Explorer, Netscape Communicator және т.б.).
7.5. Электронды оқыту жүйенің платформасы көп деңгейлі архитектураны ұйымдастыру мақсатында географиялық шектеу болмау қажет.
7.6. Электронды оқыту жүйесі аппаратты бөлікті жасаушыдан тәуелсіз болуы керек. Платформаның архитектурасы модульді принциппен жасалуы қажет, әрбір модуль дербес автоматтандырылған объектіні жүзеге асыруы тиіс.
7.7. Электронды оқыту жүйесі білім беру жүйесі туралы барлық дерекқормен қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, тқмендегі қызметті атқаруы тиіс:
-
Білім жүйесін басқаруды қамтамасыз ететін басты құрал;
-
Білім берудің даму жолын ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін құрал;
-
Түрлі мәліметтерді орталықтандыратын және электронды оқыту жүйесінің әрбір жерінен мүмкіндік беретін білім беру жүйесін мониторингтеу құралы;
-
Білім беру жүйесі бойынша қажетті статистикалық мәлімет пен есептілікті қалыптастыратын құрал.
7.8. Электронды оқыту жүйесі барлық жоғары оқу орындар туралы мәліметті сақтауы қажет (бұдан әрі – Портал). Портал пайдаланушыларға түрлі бәләм алуға қажет ақпаратпен толығымен қамтамасыз ету керек.
7.9. Автоматты түрде статистикалық дерекқор мен есептер болуы тиіс (студенттердің үлгерімі, жай және онлайн дәріске қатысуы, конфренциялардың нәтижесі және т.б.).
7.10. Электронды поштаны корпоративті және сыртқы желілерде қабылдау және жіберу қызметі болу қажет,
7.11. Пайдаланушы Порталда жұмыс жасау барысында төмендегідей қызмет атқарады: ақпараттармен танысу, тіркелу, қауіпсыз жұмыс жасау, порталдан шығып кету.
7.12. Пайдаланушыларға ақпаратты ұсыну болып мәліметті персонализациялау, статикалық және динамикалық контентті ұсыну, түрлі көмек көрсету.
7.13. Порталды пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасы ретті және үйлестіру интерфейске байланысты. Интерфейс тілдік саясатты орындау барысында үш тілде болу қажет: қазақ, орыс, ағылшын.
7.14. UMS (University Management System) студенттердің қатысушылығын және олардың үлгерімін бақылайды.
7.15. CRMS – Classroom Management System (Сыныпты басқару жүйесі) – арнайы программалық өнім. Оның ерекшелігі оқытушы студенттердің компьютерлерін басқаруға, оқу үрдісін бақылай алады. Сонымен қатар, лингафон кабинетінің функциясын орындайды, дауысты, диалогтіғ түрлі бейне хабарларды жасатып, таратады.
7.16. LMS – Learning Management System (оқу үрдісін басқару жүйесі), барлық білім үрдіс субъектілеріне (оқу орын басқармасына, оқытушыларға, студенттерге, ата-анаға) оқытуды интерактивті режимде, on- и off-line режимдерінде басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеке блог пен портфолио арқылы кәсіби тәжірибесімен алмасуға, студенттердің үлгерімін бақылауға, олардың рейтингтерін көруге жағдай жасайды.
7.17. TMS – Test Management System (тестілеу жүйесі) – Бұл жүйенің менеджері тест сұрақтарын даярлауға (редакциялау, өзгерту, жасау) жағдай жасайды. Тест сұрақтарына жауап беру барысыныда студенттер сұрақтардан сұрақтарға ауысу құқығы болу қажет. Тестілеу алдында студенттер авторизациялануы керек.
7.18. MMS - Method Management System - Түрлі пән бойынша электронды әдістемелік жүйелер психология-педагогикалық, әдістемелік білімдерді ингеграциялауға бағытталған. MMS дегеніміз мобильді, ашық, дамып отыратын, технологиялық дерекқор болып табылады.
7.19. Электронды психология-мониторинг жүйесі (MPsMS) дегеніміз пайдаланушылар арасында кері байланысты орнату үшін сұрақ-жауып әдісін қолдануға болады.
7.20. IMS - Information Management System (Ақпараттық-анықтама жүйесі) мекеменің қызметі жөнінде қысқаша мәлімет алуғы мүмкіндік береді (дәріс кестесі, хабарландыру және т.б.). Е-learning жұйесінде әрбір пайдаланушыға есеп алатн мүмкіндік болу керек.
8. Электронды оқытуды контентті қамтамасыз ету талаптары.
8.1. Білім беру қызметті электронды оқыту жағдайында контентті қамтамасыз ету деп сандық білім ресурстарын түрлі құрылғыларда болуы және оларға оперативті мүмкіндіктің болуын айтамыз. Сандық білім ресрустары толығымен білім беру үрдісін, студенттердің білім сапасын қамтамасыз ету керек. Сандық білім ресурстарына оперативті рұқсат жолдары ТВ, кейс немесе желі технологиялар арқылы анықталуы мүмкін.
8.2. Контентті қамтамасыздандыру төмендегі шараларды қажет етеді:
8.2.1. Ғылымдық принципі (оқу материалының мазмұны ғылыми дәлелденген болуы керек, қолданылған терминология оның заманауи ғылыми түсіндірмеге сәйкес болуы қажет).
8.2.2. Қол жетерлік принципі (оқу материалдарын студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру, интеллектуалды, рухани, дене шамадан тыс тапсырмалардың болмауы).
8.2.3. Көрнекі принципі (барлық сезім органдарын барынша оқу материалын қабылдау мақсатында пайдалану, оқу материалдарын барынша визуализациялау).
8.2.4. Жүйелік принципі (сандық білім ресурстардың оқу үрдісінің арнайы құрылымдық компонентіне сәйкес болуы).
8.2.5. Түсінушілік және интерактив принципі (пайдаланушыларға нақты оқу міндеттерін анықтау, студенттердің қызығушылығын ескеру және олардың мотивациясын қолдау, тиімді ақыл-ой қызметін ұйымдастыру, білім алушылармен on-line режимінде және кері байланысты ұйымдастыру арқылы қарым қатынасты орнату).
8.2.6. Теория мен практиканың байланыс принципі (оқу материалдарының практикаға бағдарлануы, сандық білім ресурстардың қазіргі қоғамның дамуын ескеру, яғни мазмұнның жаңаланып отыруы).
8.2.7. Кәсіби бағдарлану принципі (болашақ маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды және саланың сұранысын ескеру).
8.3. Электронды оқытудың контентті қамтамасыздану формасы ретінде электронды ғылыми зертханалар (ЭҒЗ) болып табылады. ЭҒЗ деп арнайы пәндерді оқу барысында түрлі виртуалды тәжірибелерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын программалық өнім. ЭҒЗ болашақ білімнің бастамасы, жаңа прадигманың көрінісі, онда дәстүрлі оқыту мен электронды оқытудың формалары мен әдістері пайдалана отырып ғылыми білімдердің қаржыландыруды көп қажет етпейтін сапалы жаңа деңгейде қолдануына мүмкіндік туғызады.
ЭҒЗ түрлі жоғары кәсіби білім беру мамандықтар бойынша жасалынады.
8.10. Бейнелекциялар ғылымда ерекше орын алған оқу орынның жетекші ғалымдары жасайды. Бейнелекцияның қырылым мен мазмұны кафедраның отырысында талқыланып, оқу-әдістемелік бөлімде бекітіледі.
9. Жоғары оқу орнының инфрақұрылымы
9.1. Электронды оқыту мына талаптарға сійкес болу керек, олар: құрылыс нормалар мен ережелері, оқушылармен оқытушылардың санитарлық және гигиеналық денсаулық сақтау нормалары, оқу болмелерін жабдықтау, телекоммуникация құралдары.
9.2. Мекеме серверлік, интерактивті лекция залдар, мультимедиялық лингафон кбинеттері, ғылыми виртуалды лабораториялар, технопарктер, сандық оқу теледидар, электронды оқу залдары, қор орталықтары, медиатекалар және Интернет кафе болуы қажет. Білім беру қажеттілігі бар жағдайда әрбір бөлме интерактивті тақтамен, мультимедиа проектормен, бейнекамерамен, телевизормен, бейнемагнитофон, фотоаппарат, DVD/VCD-плеермен қамтамасыз етілуі қажет.
9.3. Компьютерлердің жалпы саны аудиторияларда Санитарлық ережелер мен нормалармен анықталып, бір компьютердің алатын орны 6.0 кв.м. кем болмауы қажет. Барлық компьютерлык техника локальды желіге біріктірілуі қажет.
9.4. Конфигурация ПК должна обеспечить выполнение соответствующих видов учебной деятельности. Наличие на каждом рабочем месте CD – привода, веб-камеры, звуковой карты и наушников является обязательным.
9.5. Шектеулі білім беру ақпарат және студенттердің жұмыс материалдары серверде сақталуы тиіс. Оларға мүмкіндік арнайы клиенттік программалық қамтамасыздандырылуы қажет.
9.6. Пайдаланып отырылған бағдарламаның лицензиясы болу қажет.
9.7. Жабдықтың құрамында көбейту техникасы болу қажет. Олар: принтер, көширме аппараты мен сканер.
9.8. Аудио мәліметті және бейнебасылымдарды тексеру үшін жабдықтың құрамында әрбір 10 студентке бір жаңғырту аппараты болу қажет.
10. Электронды оқыту жүйесін кадрларлармен қамтасыз ету талаптары.
10.1. Профессороқытушы құрамы, инженерліктехникалық жәе оқуқосымша қызметкерлер акпараттықкоммуникациялық технология саласында квалификацияны жетілдіру және қайта даярлау өту және аттестациялану.
10.2. Жоғары оқу орнында дерекқор және компьютерлік желілер саласындағы сертификацияланған мамандардың болуы.
10.3. Мекемеде профессороқытушы құрамында 30 адамнан кем болмауы керек:
- кемінде 4 ғылым докторы,
- кемінде 5 ғылым кандидаты,
- кемінде педагогикалық қызмет тәжірибесі 5 жылдан кем емес және акпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану тәжірибесі бар 8 оқытушы,
- кемінде сертификатары бар 6 программист,
- кемінде 2 бағдарламаның әкімшісі,
- бейнетүсірілім жасайтын инженерлі-техникалық мамандар.
10.4. Ұжымның төмендегі мүмкіндіктері болу қажет:
- электронды оқу басылымдар мен әдістемелік құралдарды жасау, тираждау тәжірибесі;
- оқу әдістемелік қамтамасыздық;
- электронды оқулықтар, электронды мультимедиялық оқу бағдарламалары, бейне лекциялар;
- тұрғындармен кеңес жұмысын жүргізу мақсатында жеке веб-сайт болу қажет.
11. Электронды оқыту барысындағы академиялық еркінділік
11.1. Жоғары оқу орындары электронды оқытудың техникалық және технологиялық қамтамасыздануына байланысты білім беру бағдарламары мен оқу жоспарларын өзгерту құқығы беріледі.
11.2. Оқытушылар оқу үрдісінің сапасын жоғарылату мақсатында өздігінен курстар мен пәндердің мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес, педагогикалық әдістер мен құралдарды, технологияны анықтауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |