География пәнінен І-тоқсан бойынша қорытынды бақылау
Сұрақтарға жауап беріңіз.
География ғылыми нені зерттейді? Оның қандай салалары бар? (1балл)
Физикалық география нені зерттейді? (1 балл)
Қазіргі заманда география ғылымының алдына қандай міндеттер қойылады? (1 балл)
Геоморфология туралы не білесіз? (1 балл)
География ғылымының зерттеу нысанын атаңыз. (1 балл)
Ғалымдарды зерттеулерімен сәйкестендіріңіз. (5 балл)
№
|
Ғалымдар
|
|
|
Зерттеулері
|
1
|
Эратосфен
|
А
|
Геодезияның дамуына үлес қосқан ортағасырлық ғалым
|
2
|
М.Поло
|
В
|
«География» ұғымын енгізіп, ғылыми географияның негізін қалаушы
|
3
|
Әл-Бируни
|
С
|
«Дүниежүзінің алуан түрлілігі» еңбегінің авторы
|
4
|
Васко де Гама
|
Д
|
Француз мұхит зерттеушісі. Әлемдегі тұңғыш аквалангті ойлап тапқан
|
5
|
Жак Ив Кусто
|
Е
|
Үндістанға теңіз арқылы саяхат тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды
|
Зерттеу әдістерін ерешеліктеріне қарай атаңыз.
Зерттеу нысандарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, кеңістіктік әркелілігі анықталып, зерттеледі. Георафия ғылымында алғаш рет ХІХ ғасырда неміс ғалымы А.Гумбольдт қолданды____________________________________________________(1балл)
6 сарапшы қатысады, әрбір сарапшы 3 идея ұсынуы керек, сарапшыға идея ұсынуға 5 минут беріледі, мүлде жаңа, құнды идеялар жинақталады__________________________________________________(1 балл)
Нысан, құбылыс, үдеріс туралы жазбаша немесе ауызша түрде сипаттама береді________________________________________________________(1 балл)
География ғылымында маңызды рөл атқара отырып, басты мақсаты-өзіндік белгілер жиынтығы бар аумақтық жүйелерді анықтап, кеңістіктегі шекараларын белгілеу, сипаттау______________________________________________________(2 балл)
Кестені толтырыңыз. (9 балл)
1
|
Топоним
|
|
2
|
Гидроним
|
|
3
|
Ороним
|
|
4
|
Ойконим
|
|
5
|
Хороним
|
|
6
|
Зооним
|
|
7
|
Космоним
|
|
8
|
Этноним
|
|
9
|
Фитоним
|
|
Тест сұрақтарына жауап беріңіз (20 балл)
1.Жер туралы ғылымдар кешені:
А) геология В) климатология С) география Д) экономика
2. Қалалар дамуының заңдылықтарын зерттейтін географияның бағыты
А) демография В) урбандалу С) экология Д) гляциология
3. Х. Колумб ашқан теңіз:
А) Солтүстік теңіз В) Жерорта теңіз С) Кариб теңіз Д) Қызыл теңіз
4. «Мұхиттардың ластануы» жататын мониторинг деңгейі:
А) аймақтық В) жергілікті С) локальды Д) ғаламдық
5. Мониторинг жөніндегі алғашқы үкіметаралық кеңес өткен қала:
А) Рио-де-Жанейро В) Париж С) Найроби Д) Хельсинки
6. Бірінші атласты ойлап тапқан ғалым:
А) Х. Колумб В) Марко Поло С) Герард Меркатор Д) Страбон
7. Ойлау қабілеті нәтижесінде құрылған модель:
А) заттық В) таңбалық С) логикалық Д) математикалық
8. Латынның «иілу» деген сөзінен алынған, карта, план және сызба бетіндегі ирек, иілген сызықтар бойымен қашықтықты анықтайтын құрал:
А) тұсбағдар В) курвиметр С) планиметр Д) палетка
9. Географиялық ақпараттарды қазіргі заманғы технологиялар көмегімен жинақтап, қайта өңдейтін сала:
А) геология В) геогморфология С)геоурбанистика Д) геоинформатика
10. Жердің орталық өзегі:
А) мантия В) ядро С) литосфера Д) жер қыртысы
11. Жер қырытысының ең жұқа жері:
А) Анд тауы В) Ніл өзені С) Шығыс Еуропа Д) Тынық мұхиты
12. Жердің қатты қабаты:
А) атмосфера В) гидросфера С) литосфера Д) биосфера
13. Мантияның жер массасындағы үлесі:
А) 50% В) 55% С) 87% Д) 67%
14. Жер ғаламшарының жасы:
А) 3 млрд В) 1 млрд С) 7 млрд Д)5 млрд
15. Жер шарындағы сөнбеген жанартаулар саны:
А) 100-ге жуық В) 800-ге жуық С) 1000-ға жуық Д)300-ге жуық
16. Екі материктік тақталар арасындағы конвергенция:
А) коллизия В) субдукция С) обдукция Е) спрединг
17. Жер қыртысының қозғалмалы бөліктері:
А) Шығыс Еуропа В) Альпі-Гималай С) Батыс-Сібір Д) Аустралия
18. Ең қатты минерал:
А) тальк В) гипс С) топаз Д) алмаз
19. Қазақстандағы атақты Шарын каньонының қалыптасуы:
А) карст В) морена С) антиклиналь Д) бедленд
20. 6000 м биіктікте түзілетін, жауын-шашын жаумайтын бұлт:
А) будақ В) шарбы С) қабат Д) ашық
Сызбаны толтырыңыз. (6 балл)
Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары
Көрнекілік
Мәтіндік
Достарыңызбен бөлісу: |