Ғарыштық аппарат. ҒА астробейімделіп енгізілген датчикпен автономдық навигациялық ішкі жүйе негізінде үшосьтік тұрақтандырғыш қолданылған. Бұл ішкі жүйе ±20 км орналасуы және кеңістік жағдайы бойынша 0,25 мс қадамымен мәліметтерді ±0,25° дәлділігімен қалыптастырады.
Күн батареясының шығыс панельінің қуаты 1430 Вт-қа тең. Алғашқа электр қорегі СЭП - 22...36 В. L диапазонындағы құралдың тұтыну қуаты - 230 Вт. Буферлік электр көзі ретінде 22-элеметті никель – сутекті аккумуляторлы 48 А/ч сыйымдылықтағы батарея қолданылған. Ол көлеңке зонасынан ҒА шығысына дейін кернеу қорегін автоматты ұстап тұрумен қамтамасыз етеді. ҒА массасы - 690 кг. Қызмет көрсету мерзімі - 5 жыл.
ҒА үш антенна топтары орналасқан:
1616...1626,5 МГц диапазонында қабылдап және жіберуге 48 парциальды сәулелерді қалыптастыратын, алты фазаланған антенналық торлар;
19,4... 19,6 ГГц және 29,1...29,3 ГГц диапазонында түйіскен станциялармен байланысты ұйымдастыру үшін төрт антенна;
23,18...23,38 ГГц диапазонында спутник арасындағы байланыс үшін төрт талшықты – жарықты антенналар.
Әрбір сәуленің параметрлерін тәуелсіз өзгертуге мүмкіндік береді, бағдарламалық жолмен бағытталу диаграммасы АФАР беріледі.
Поляризация түрі: абоненттік желілерде және фидерлікте оң жақ айналмалы және спутниктер арасындағы желілерде тігінен.
Достарыңызбен бөлісу: |