Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Психология-педагогика факультеті
Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы
«ТҮСТАНУ»
«Бейнелеу өнері және сызу», «Кәсіптік оқыту»
мамандықтары бойынша
студенттерге арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей қаласы 2013 ж.
Құрастырушы: ______________ аға оқытушы Татиев Т.А. «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасында бекітілді Хаттама № ______ «____» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. _____________ Мырзаканов М.С.
Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды
Хаттама № ______ «____» ___________ 2013 ж.
Психология-педагогика факультетінің кеңесінде бекітілді.
Хаттама № ______ «____» ___________ 2013 ж.
Психология-педагогика факультетінің деканы,
_____________ Аубакирова Р.Ж.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
2. Глоссарий
3. Теориялық бөлім
4. Тәжірибелік (практикалық) сабақтардың тақырыбы, ОСӨЖ және СӨЖ.
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Ахроматикалық түстер – түс тоны жоқ түстер (сұр, қара, ақ).
Үйлесімді түстер – негізгі түсті таңдауға ықпал етуші түс.
Туыстық-үйлесімді түстер – 90 градус шамасында түс, шеңберіне кіретін түстер.
Туыстық түстер – 30 градус шамасында түс шеңберіне кіретін түстер.
Қанықтылық – түс тазалығын меңзейді.
Жарық – электромагниттік толқын.
Спектр – жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала.
Жылы түстер – от денелі түстер (қызыл, сары).
Суық түстер – судың салқындығын еске түсіретін түстер (көк, көгілдір, күлгін).
Хроматикалық түстер – түстік тоны бар спектрдің барлық түстері.
Түстік шеңбер – бір-біріне біркелкі өтетін спектр түстері.
Түстік параметрлер – түстік тон, жарық, қанықтылық.
Түстік тон – түс атауы.
Жарықтық – түстік жарық немесе қоюлықты көрсетеді.
КІРІСПЕ
«Түстану» курсы студенттің жобалық ойлауға жаңа деңгейді игеруіне ықпал жасайтын кәсіптік даярлықтың негізі болып табылады. Дәріс І семестрде оқылады.
Оқыту мақсаты: Түстердің үйлесімділігі және оларды тәжірибеде игеру теориясының жалпы заңдылығын меңгеру. Түстік-фактурлы композицияны құрудың ережелері мен негізгі заңдарын меңгеру, суретші мен дизайнерге қажетті көркемдік талғамды, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.
Оқыту міндеттері: 1) Түстану заңдылықтарының ғылыми құрылымын меңгеру; 2) Түстердің үйлесімділігі жөніндегі тәжірибелік дағдыны игеру; 3) Түстану аясындағы шығармашылық жұмыстарды орындау әдісін меңгеру; 4) Студенттердің көркемдік талғамы мен шығармашылық мүмкіндігін дамыту.
Білімділік: Курс (дәріс) аяғында студент түстер қатынасының үйлесуі жөніндегі негізгі заңдарды меңгеруі тиіс.
Білік: 1) Бейнелеу өнері, дизайн және ДҚӨ аясында түстер қатынасының үйлесімділігі жөніндегі заңдылықты қолдану; 2) Көркемдік шығармашылықтың түрлі бағытында түс композициясының үйлесімділігін құрудың тәсілдері мен құралдарын меңгеру; 3) Өздік білім жетілдіру арқылы түстану бойынша білімін жетілдіру; 4) Шығармашылық қызметте ғылым мен тәжірибенің табыстарын пайдалану.
Дағды: Түстер қатынасының үйлесімділігі бойынша жұмыс дағдысын акварель, гуашь, живописінің, графиканың, декаративті-қолданбалы өнер, сондай-ақ аралас техника арқылы игеру.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Түстану пәнінің бағдарламасы дәрістік жүйе бойынша қарастырылмағандықтан ақпараттық мәлімет практикалық сабақтармен ОСӨЖ сабақтарында беріледі. Аталған дәріс бойынша студенттер өздігінен әдебиеттер мен ақпараттық мәліметтерді зерттеуді болжамады. Төменде студенттің меңгеруі тиіс білім бойынша тақырыптар берілді.
ТҮС ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
Түс – форма анықтайтын феномен. Түстің спектрлік табиғаты. Юнг-Гельмгольцтің көрудің үштүстік теория Оствальдтың тұйықталған түстңк денесі. Шугаев, Гете, Ньютонның және басқалардың түстік шеңбері. Негізгі және қосымша түстер. Түстер мен дақтардың (пигменттердің) атауы. Түстік рең, жарықтық, қанықтылық, түстердің негізгі мінездемесі. Түстердің оптикалық және химиялық араласуының заңдылықтары. Жарық. Түс және жарық. Жарықтың түрлі көздері мен жағдайларына байланысты түстердің өзгеруі. Түстерді қабылдауды түзету бойынша жарықты қолдану.
АХРОМАТИКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР.
Ахроматикалық композицияның бейнелеу мүмкіндіктері. Жарықтың өзара әрекеттестігі. Түрлі реңдер ауданының пропорциялық қатысы. Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны. Толық жарықтық диапазон. Ашық сұр жарықты диапазон. Қою сұр жарықты диапазон. Ахроматикалық бейнелеудегі таңдалған диапазонның көркемдік мүмкіндіктерінің ролі мен мәні.
ТҮС ЖӘНЕ ТҮСТЕРДІҢ ГАРМОНИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСІМІ.
Түстердің физикалық араласуы. Хроматикалық түстердің бір реңді гармониялық үйлесім құрылымының заңдылықтары. Жарық диапазондардың ролі. Түс реңдерінің қанықтылығы.
Туыстық үйлесім топтары. Туыстас түстердің топтарының гармониялық үйлесімділігін ұйымдастыру мен құрудың заңдылықтары.
Қосымша (контраст) түстердің гармониялық үйлесімін ұйымдастыру және тқұрудың заңдылықтары.
2 туыстас – (контраст) қосымша түстердің гармониялық үйлесімділігін ұйымдастыру.
Әр төрт топтағы туыстас – (контраст) қосымша жұптардың көпнұсқалық ұсынымы.
3 туыстас – (контраст) қосымша түстердің гармониялық үйлесімділігін құрудың заңдылықтары.
Гармониялық триадтың бірінші түрі (әр жақты үшбұрыш аясында). Гармониялық триадтың 2-ші түрі (тең жақты үшбұрыш аясында). Гармониялық триадтың 3-түрі (тік бұрышты үшбұрыш аясында). 4 түстің гармониялық үйлесімі. Туыстас – контрасты үйлесім принципі бойынша құру (аралық түстер). Туыстас үйлесім принципі бойынша құру (негізгі түстер).
ДИЗАЙНДЕГІ ТҮСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ.
Түстердің түр өзгерту қасиеттері. Заттардың қасиеттеріне байланысты түстерді қабылдау. Жарық, түс және фактура композицияның құралдары мен элементтері. Эргономикада түстерді қолдану. Дизайндегі түс контрастын ұйымдастыру принциптері. Колорит. Дизайннің колористік шешімі – түстік комбинация. Түс және орта.
ДИЗАЙННІҢ ТҮРЛІ ШЕҢБЕРІНДЕ ТҮСТЕРДІ ҚОЛДАНУ.
Мебельді, костюмді, архитектуралық ортаны жоспарлауда дизайнерлік әрекеттің техникасы мен түрлі материалдарды қолдану. Қолданған материалдарға сәйкес түстің қасиеттерін өзгерту фактура. Фактура түрлері. Хромотикалық композицияларда түрлі фактураларды қолдану және жасау тәсілдері графикадағы техниканың түрлілігі.
ТҮС ЖӘНЕ КЕҢІСТІК.
Түс және орта. Түс-түр өзгертуші құрал; жаңа заманғы архитектура түстің алатын қосалқы орны.
Түс – кеңістікті салмақ пен көлемді модификациялау құралы. Түстің көмегімен кеңістіктік иллюзия мен сезінуді құру. Кеңістіктік жоспарлар мен акценттік назар объектілерінде түс параметрлерінің критерийлері, олардың тұтыну мерзімі.
ТҮСТІ ҚАБЫЛДАУ.
Түсті көру арқылы қабылдау заңдылықтары. Психологиялық, физиологиялық және физикалық факторлар. Түстердің жылы-суық болуы. Түстің өзіндік емес сапасы. Константты және аконстантты қабылдау. Контраст. Бірізді, шекералық контрастың әрекеті.
ТҮСТІҢ БЕЙНЕЛІ-ЭМОЦИОНАЛДЫ МӘНДЕГІ СҰРАҚТАРЫ.
Түстің мағыналық мінездемесі. Түс символикасы. Түске деген қатынастың тарихиаспектілері. Түрлі ғалымдар мен суретшілер шығармашылығында, өнердің түрлі ағымдары мен бағыттарындағы түстерге деген қатынастың ерекшеліктері.
ӘДЕБИЕТ
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ:
-
Иттен И.Искусство цвета. – М.: Искусство, 2002-203 б.
-
Зайцев А.С. Наука о цвете и живопись. – М.: Искусство, 1986-158 б.
-
Шукурова А.Н. Архитектура Запада и мир искусства 20 века. –М: Стройиздат, 1989-318 б.
-
Ефимов А.В. Формообразующее действие полихромии в архитектуре. –М: Стропиздат, 1984-168 б.
-
Кабижанова Г.К. Основы декоративной композиции. –Алматы, 2002
Қосымша әдебиет:
-
Козлов В.Н.Основы художественного оформления текстильных изделий. М: 1981.
-
Фридлинг Г., Ауэр К. Человек-цвет-пространство-М: Стройиздат, 1973-141 б.
-
Оствальд В. Цветоведение. –М:., 1925.
-
Поплов В.В. Цвета и их красивые сочетания. –М.1890.
-
Волков Н.Н. Психология искусства. –М.2001.
-
Волков Р.Н. Композиция в живописи. –М: Искусство, 1977. Ч.1-263 б.
-
Геге И.В. Об искусстве. –М: Искусство, 1975-624 б.
-
Миронова Л.Н. Цветоведение. Библиотека дизайна. www.sreda.bum.ru/libr.htm
-
CSD 20s Цветоведение. Dic.miem/edu/ru/Action/doclibra.nsf/09c70fa5f5608
-
Энциклопедия дизайна. www/alta-d.ru/encyclopedia/design/htm/
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ, ОСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ.
ОСӨЖ, СӨЖ және практикалық сабақтардың әдістемелік нұсқаулығы келесі бөлімдер аудиториялық тапсырмалардың жалғасы болатындықтан, бір бөлімде ғана баяндалады.
№ 1 тақырып. Ахроматикалық композициялардағы жарықтық диапазондар.
Практикалық тапсырма, ОСӨЖ.
1. Толық, ашық сұр, қою сұр жарықтық диапазонының форэскизін орындау.
2. Түрлі жарықтық диапазондарда бір реңді гармонияларды орындау.
СӨЖ тапсырмасы.
1. Бір жағдайда рең аудандары тепе-тең, келесі жағдайда үш реңнің бірінің аз аумақты алатын жағдайға ие толық жарықты диапазонда үш реңдік ахроматикалық композицияны орындау.
2. Түрлі жарықты-реңдік қалыптағы ахроматикалық композицияны орындау (толық, ашық сұр, орташа сұр, қою сұр диапазондар).
Міндет-стилдендіру және декаративті тасымалдау. Жарықты диапазондар мен реңдердің пропорциялық қатынасы.
Мазмұны:
1. Бес ахроматикалық реңдердін, гуашьпен қағазды реңдеу, тең сатылығын тексеру.
2. Түрлі жарықты-реңді қалыптағы тұйықталған симметриялық және ассимметриялық композицияларды орындау.
- ақ, орташа сұр, қара фондарда, толық жарықты диапазондарда;
- ашық сұр диапазонда, ақ, ашық сұр, орташа сұр фондарда;
- қою сұр диапазонда орташа сұр, қою сұр, қара фондарда.
Мотивтері: геометриялық фигуралар (2,3 және тодан да көп), - өсімдік әлемі (қарапайым түрлер), - жануарлар әлемі (күрделі емес мотивтер).
Орындау техникасы: реңделген қағаздардан жапсыру. Мөлшері – 7х10 см (тігінен).
3. Рең аудандары бірдей толық жарықты диапазондарда раппортты үш реңді ахроматикалық композицияларды орындау.
Материалдар: А4, А5 форматты ватман қағазы, акварель, гуашь, саны – 1 эскиз.
4. Үш реңнің бірі аз ауданды алып, жататын толық жарық диапазонның тұйықталған үш реңдік ахроматикалық композициясын орындау.
Материалдар: А5-тен А4 форматтағы ватман қағазы, акварель, гуашь, саны – 1 эскиз.
5. Түрлі жарықты диапазонда ахроматикалық композицияны орындау (жарық реңдер бестен артық болуы мүмкін).
Әр реңнің алып жатқан ауданының пропорциялық қатынасын түрлендіру ұсынылады.
Мотивтер: стильдендіру және декоративті тасымалдау, пейзаж, натюрморт, өсімдік, жануарлар әлемдері, архитектуралық детальдар (бөліктер).
Материалдар: (А5-А4) форматтары, техника, жасанды материалдар.
Әдістемелік ұсыныстар.
Таңдалып алынған жарықты диапазонға сәйкес композицияның жалпы реңдік қалпы, сондай-ақ композицияның эмоционалдық әрекеті өзгереді. 4 жарықты диапазон бар.
1) Толық жарықты диапазон – композицияда ақ, орташа сұр, қара реңдер пайдаланылады. Бұл диапозон өзге диапазондарға қарағанда басты ерекшелігі сол, міндетті түрде ақ және қара реңдер қатысады. Толық жарықты диапазонның үш реңді композициясы үйлесімді.
2) Ашық сұр жарықты диапазон – композицияда ақ, ашық сұр, орташа сұр реңдер қолданылады. Бұл диапазонда ақ түс міндетті түрде қатысып, қара түс, мүлде қатыспайды. Композиция жеңілдігімен, жұмсақтығымен ерекшеленеді. Өздерінің реңдік қалыптарына сәйкес нәзік.
3) Орташа сұр жарықты диапазон. Бұнда 3 сұр рең қызмет етеді. Олар: ашық сұр, орташа сұр, қара сұр. Ақ, қара түстердің мүлде қатыспауы. Бұл диапазонның композициясы өзге диапазондармен салыстырғанды ұстамды. Статика идеясын жүзеге асырады. Орташа сұр диапазондардың композицияларының айқындылығы аз, бірақ олардың реңдік жағдайы хроматикалық композициядағы түс реңдерінің өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
4) (Қою) қара сұр жарықты диапазонда орташа сұр, қара (қою), қара реңдер қатысады. Композициядағы ең ашық рең орташа сұр рең болып табылады. Өзге диапазондардан басты ерекшелігі – ақ реңнің болмауы, қара реңнің міндетті түрде қатысуы. Композиция қараңғылықты білдіріп, драмалық сезімге бой алдырады.
Әдебиет:
1. Ибрайшина Г.К. Оснвы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010.-100 б., ил., 20-37 б.
2 Тақырып. Түс гармонын құру.
Практикалық тапсырмалар және ОСӨЖ тапсырмалары.
1) Бір реңді гармонияны құру.
2) 4 топтағы туыстас гармониялар мен түрлі жарықтағы диапазондарды құру, салу.
3) 4 топтағы контрасты түстерді түрлі жарықтық қатынаста салу.
4) Түрлі жарықты диапазондарда туыстас контрасты түстердің 4 тобын салу.
СӨЖ тапсырмасы.
«Жыл мезгілдері, Көңіл - күй» атты ұранмен түстерді ұйымдастыру.
Мазмұны:
1. Бір реңді гармонияны құру, салу хроматикалық тондардың түрлі жарықты диапазонында композиция орындау. Қағаз бетінде 5х5 тік бұрышты форматта 6 композиция орналасады. Жұмыс барысында түстер шеңберінің жүйесі ескеріледі, яғни, қағаздың ортасына ашық сұр диапазонның форэскизі, ал шеттеріне (қою) қара сұр жарықты диапазон орналасады. Осы орындалған форэскиздердің негізінде композициялық эскиздерді орындауға болады.
Бір реңді гармондар қанықтылығымен, ашықтығымен ерекшеленуі тиіс.
Мотивтер: жолақтар.
Материалдар: А4 ватман қағазы, гуашь, түрлі өлшемдер мен формадағы қылқаламдар, суға арналған ыдыстар, колер палитраны араластыруға арналған ыдыстар.
Әдістемелік ұсыныстар:
Бір реңді гармондар ахроматикалық композицияға өте жуық. Ерекшелігі – мұнда бір ғана рең (қандай да болсын) қатысады. Түстердің бір реңді гармониясын реңдер қатарының гармониясы деп те атайды.
Гармониядағы түстер тек қана ашықтығымен, қанықтылығымен ерекшеленеді. Бір реңді гармондар үшін үйлесімді түстерді аудандарының пропорциялық қатынасы маңызды.
Әдебиет:
1. Ибрайшина Г.К. Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010, стр.28, 46-51.
2. Түрлі жарықтағы диапазондарда туыстас гармонияның 4 тобын құру. Хроматикалық реңдердің түрлі жарықтағы диапазондарын көрсететін композиция орындау. 5х5 тік бұрышты форматта 6 композиция орналасады. Жұмыс барысында түстер шеңберінің жүйесі ескеріледі. Яғни, қағаздың ортасына ашық сұр диапазонның форэскизі, ал шеттеріне (қою) қара сұр жарықты диапазон орналасады. Осы орындалған форэскиздің негізінде композициялық эскиздерді орындауға болады.
Бір реңді гармондар ашықтығымен, қанықтылығымен ерекшеленуі тиіс.
Мотивтері: жолақтар, анық емес геометриялық фигуралар.
Материалы: А4 ватман қағазы, гуашь, түрлі өлшем мен формадағы қылқаламдар, суға арналған ыдыстар, палитр мен колерлерді араластыруға арналған ыдыстар.
Әдістемелік ұсыныстар.
Туыстас түстердің гармониясы дегеніміз – екі негізгі көрші түстердің ортасындағы шеңбердің бір бөлігінде орналасқан түстердің байланысуы.
Туыстас түстердің 4 тобы бар: қызыл сары, көк қызыл, көк жасыл, сары жасыл.
Түс гармониясында түс тепе-теңдігі сақталады. Сондықтан түстер арасында бөтендік сезілмейді. Негізгі мәселелер: басты түстердің тепе-теңдігі емес, негізгі бір түстің аралық көрші түстермен үйлесімділігі жөніндегі көзбен көргендегі тепе-теңдік.
Жұмыс барысында түстер шеңбері жүйесінің сызбасы қолданылады – жоғарыда сары, төменде көк, сол жақта қызыл, оң жақта жасыл, сондай-ақ жарықтың диапозондар да ескеріледі: қағаз ортасында – ашық етеміз, шеттерінде қоюлаймыз.
Әдебиет:
1. Ибрайшина Г.К. Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010, стр.28, 52-57.
3. Түрлі жарықты диапазондарда контрасты түстердің 4 тобын салу. Хроматикалық реңді түрлі жарықты диапазондарды көрсететін композицияларды орындау. 5х5 см жақты тік бұрышты форматта 6 композиция орналасады. Қағазбен жұмыс барысында түстер шеңберінің жүйесі есепке алынады, яғни – қағаз ортасына ашық сұр диапазонның форэскизі орналасады, қағаз шеттерінде қара сұр жарықты диапазон орналасады. Орындалған форэскиз негізінде композициялық эскизді орындауға болады.
Ақ және күңгірт түстерді қолдана отырып, түрлі қанық түстердің гармониялық үйлесімін құру.
Материалдар: А4 ватман қағазы, гуашь, түрлі формадағы, түрлі өлшемдегі қылқаламдар, суға арналған ыдыстар, колер, палитраны араластыру үшін қажетті ыдыстар.
Әдістемелік ұсыныстар.
Контрасты түстер түс шеңберінің қарама-қарсы бөліктерінде орналасқан. Контрасты түстердің гармониялық үйлесімін құруда кез-келген, содан кейін түс шеңбері бойынша оған сәйкес контрасты түсті (міндетті түрде түс шеңбері арқылы) анықтау керек.
Бір реңді гармонияны келесі бір реңді гармониямен үйлестіру қажет (мысалы, түрлі қызыл түсті түрлі жасылмен үйлестіру).
Әдебиет:
1. Ибрайшина Г.К. Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010, стр.28, 58-63.
4. Түрлі жарықты диапазонда туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру. Хроматикалық реңді түрлі жарықтық диапазондакомпозиция орындау. Қағазға 6 композиция орналасады. Жұмыс барысында қағазда түс шеңберінің жүйесі ескеріледі, яғни қағаз ортасына ашық сұр диапазонның форэскизі қағаз шеттеріне (қою) қара сұр жарықтың диапазонның форэскиздері орналасады. Орындалған форэскиздер негізінде композициялық эскиздерді орындауға болады.
1. Түрлі жарықтық диапазондарда 2 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.
2. Осындай түстердің, 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.
3. Әр түрлі жарықтың диапазонда 1 түрдегі 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.
4. Әр түрлі жарықтық диапазонда 2 түрдегі 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.
Мотиві: Анық сызылмаған геометриялық формалар.
Материалдары: А4 ватман қағазы, гуашь, түлі формадағы, түрлі өлшемдегі қылқаламдар, суға арналған ыдыстар, колер, палитраны араластыруға арналған ыдыстар.
Әдістемелік ұсыныстар.
Туыстас-контрасты жұптардың төрт тобы бар:
- жылы қызыл және көк жасыл;
- суық қызыл көк және көк жасыл;
- жылы қызыл сары және суық қызыл көк;
- суық көк жасыл және жылы сары жасыл.
Жұптардың бір жағынан жалпы негізгі түстердің санына байланысты туыстық белгілері байқалады.
Туыстас контрасты түстердің арасындағы гармониялық үйлесімі геометриялық сызба түрінде жүзеге асады.
1. Түс шеңберінің аяғында тәк және көлденең хордтардың орналасуы
2. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде тең жақты үшбұрыштың орналасуы.
3. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде үшбұрыштың орналасуы.
4. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде тік бұрышты үшбұрыштың орналасуы.
5. Әр жақтарды екі туыстас контрасты түстерді сипатталған түс шеңберінде шаршы тәріздес қалыптасуы, олардың (түстердің) үйлесімділігі.
Әдебиет:
1. Ибрайшина Г.К. Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010, стр.28, 64-95.
2. Бриловская Л.В. Арт-дизайн: красивые вещи (серия «Стильные штучки», - Ростов н)Д:Феникс, 2004.-256 с., стр. 36-56.
3. Купер М., Мэтьюз А. Язык цвета.-М.: Эксмо, 2002.-144 с.
4. Лилли Саймон и Сью. Сила цвета и цветотерапия: Используйте преобразующие силы света и цвета для здоровья и благополучия /перевод с англ.-СПб.: «ДИЛЯ», 2006, 96 С.
5. Самые важные правила сочетания цветов (сост. С.Бояринова. –М.: Астрель) Полиграфиздат, 2010.-159 с.
Достарыңызбен бөлісу: |