Қажет болғанда сорттау жолының ұяшығына өріс бойынша сорттау командасын орнатуға болады.
Ескерту.
-
Конструктор режимі терезесінде «Топтық операция» қатары көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде сәйкес батырмасын шертіп немесе Көрініс – Топтық операция командасын беріп, оны енгізіп қоюға болады.
-
Конструктор режимі терезесінің жоғарғы бөліміне байланысты бірнеше кестелерді орнатып немесе оларды байланыстырып, «Өріс» жолына олардың кез келгенінен таңдалған өрістерді енгізуге болады. Құралатын сұраныс осы өріс атауларынан тұрады.
Мысал. «Емт-Ст» және «Стипендия» кестелерін пайдаланып, стипендия тағайындауға арналған (бұйрық жобасына енгізілетін) сұраныс құру керек.
Жұмыс технологиясы.
-
Сұраныс – Конструктор командасын беріп, Конструктор режимі терезесін экранға шығару.
-
«Кестені қосу» терезесінен Конструктор терезесінің жоғарғы бөліміне «Емт-Ст» және «Стипендия» кестелерінің өрістер тізімін орнату. Олар автоматты түрде байланыстырылып қойылады (байланыстыру бұрын орындалған). Байланыстырылмаған кестелерді байланыстырып қою керек.
-
Сұраныс бланкісінің «Өріс» жолына «Емт-Ст» кестесінен «Тегі-аты», «Стипендия» кестесінен «Процент» атауын өшіру (егер көшірілетін өріс атаулары көп болса, сұраныс бланкісі автоматты түрде оңға кеңейеді).
-
«Іріктеу шарты» жолындағы «Процент» өрісінің ұяшығына >=2 шартын (өрнегін) енгізіп, терезені жабу.
-
Сұраныс құрылымының өзгертілуін сақтау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Терезенің Иә батырмасын шерту.
-
Сақталатын сұраныс аты сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Терезеге атау ендіріп (мысалы, Емт1), OK батырмасын шерту.
Ол берілгендер қорының Сұраныс бөліміне жазылып қойылады.
Ескерту. Сұранысты бір өрісі бойынша сортталған түрде де дайындауға болады.
10-сурет. Сұраныстар конструкторы.
1.7.4. Өрнек құрастырушы.
Сұраныс бланкісінің терезесінің Іріктеу шарттары жолына күрделі логикалық шарттарды (өрнектерді) енгізілуі мүмкін. Өрнек литерал, оператор, функция , т. б. бола алады. Ол экранда сол күйінде көрінеді.
Литерал – тырнақша ішінде жазылған мәтін, мысалы, «Ахметов».
Оператор – төмендегі операторларды пайдаланып жазылған, мәні тек Иә (True) немесе Жоқ (False) болатын логикалық өрнек.
Арифметикалық: + (қосу), - (азайту), * (көбейту), / (бөлу), ^ (дәрежелеу);
Салыстыру: <, <=, >, >=, =, <>, Between (>=);
Логикалық: And (және), Or (немесе), Not (емес);
Between…and – аралықтарды таңдау операторы. Мысалы, >=1978 and <=1989 және Between 1978 and 1989 түрінде берілген логикалық шарттар баламалы.
Функция – операцияны орындау үшін пайдаланылатын атау.
Access-тің құрамында көптеген стандартты функциялар бар. Мысалы:
-
sin, cos, log, tan;
-
max(…) – сандық мәндер максимумын табу;
-
sum(…) – мәндер қосындысын есептеу;
-
avg(…) – арифметикалық ортаны есептеу;
-
count(…) – жазулар санын анықтау.
Өрнекті сұраныс бланкісінің белгіленген ұяшығына автоматты кірістіруге мүмкіндік беретін Өрнек құрастырушы (построитель выражений) процедурасының терезесі бар. Оны ашу үшін аспаптар панелінің Құрастыру түймесін шерту керек. Онда жоқ болса, сұраныс бланкісін ашып, өрнек ендірілентін өріс ұяшығын оң түймеден шерту керек. Көрінген пунктердің Құрастыру...қатарын таңдаса болғаны.
Өрнек құрастырушы терезесінің жоғарғы бөліміне төменгі бөлімнен екі рет шертілген немесе клавиатурадан терліген өрнек жазылып қойылады. Оның кейбір символдарын терезе ортасында орналасқан панельден таңдауға болады. Төменгі үш блоктың біріншісінде сұраныс құруға қажетті кестелер, өрнек құруға пайдаланылатын функциялар мен операторлар бумалары және т. б. орналасқан. Буманы ашып, объектіні таңдаған кезде оның элементтері ортаншы блокқа, элемент таңдалған кезде мәндері оң блокқа кірістіріліп қойылады.
Өрнек құрастырылған соң оның сұраныс бланкісінің курсор орналасқан ұяшығына кірістіру үшін құрастырушы терезесінің OK түймесін шерту керек.
Ескерту. Клавиатурадан ендірілетін өрнек элементтерінің кейбірі кіші клавиатурадан терілуі тиіс.
1.7.5. Нәтижелік сұраныс. Сұраныста есептеулер.
Сұранысты кестелердің тек қажетті берілгендерді таңдау арқылы емес, өрістерін өңдеу нәтижелерінен құруға болады. Мысалы:
-
топтық операция жүргізу: кестенің қайталанылатын өрістік элементтерін біріктіру (нәтижелік, айқыш сұраныс құру);
-
сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу (сұраныста есептеулер жүргізу).
Нәтижелік сұраныс.
1-мысал. Бағалары бірдей түрлі атаулы заттар кестесі құрылған (Зат1, 11-сурет). Олардың бірдей атауларын және бағаларының қосындысын біріктіріп, бір жазу ретінде көрсететін нәтижелік сұраныс керек (12-сурет).
Жұмыс технологиясы:
-
БҚ терезесін ашып, Сұраныс – Құру – Конструктор командасын беру (Сұраныс режимінде Конструктор терезесін ашу).
-
Ашылған сұхбат терезесіндегі (Запрос1: терезесі) «Өріс» қатарын әдеттегідей толтыру.
-
«Топтық операция» (групповая операция) жолындағы ұяшықтарға Топтастыру (группировка) сөзі автоматты түрде енгізіліп қойылады. Оның «Баға-т» өрісінің ұяшығына Sum функциясын ендіру (Баға-т өрісінің типі сандық болуы тиіс).
Зат1: таблица
|
Код
|
Зат
|
Баға-т
|
1
|
Пальто
|
5700
|
2
|
Пальто
|
8850
|
3
|
Костюм
|
4915
|
4
|
Костюм
|
7817
|
5
|
Костюм
|
6418
|
Зат1-сұр: Запрос на выборку
|
Код
|
Зат
|
Sum-Баға-т
|
1
|
Пальто
|
14500
|
2
|
Костюм
|
19160
|
12-сурет. Нәтижелік сұраныс
11 – сурет. Зат1 кестесі
1.7.6. Сұранысқа есептелінетін өріс қосу.
2-мысал. Қоймаға келіп түскен киімдер жөнінде кесте құрылған (Кизат, 13-сурет). Кестеге әр типті (шифрлы) зат бағаларының қосындылары көрсетілген жаңа өріс қосып, оны сұраныс түрінде сақтау керек.
13-сурет. Киімдер, олардың саны және бағалары енгізілген кесте.
Жұмыс технологиясы:
-
БҚ терезесін ашып, Сұраныстар – Құру командасын беру керек. Жаңа сұраныстар терезесі ашылады.
-
Терезенің Конструктор қатарын екі рет шертіп, Сұраныс бланкісі терезесін ашу.
-
«Кестені қосу» терезесінен оның жоғарғы панеліне «Кизат» кестесінің өрістер тізімін орнатып, «Кестені қосу» терезесін жабу.
-
Бланкінің Өріс жолына өріс атауларын көшіру.
-
Осы жолдың келесі бос ұяшығына қос нүкте арқылы ажыратып, есептелінетін өріс тақырыбы (мысалы, «Нәтиже») мен мәндерін анықтайтын өрнекті төменгі форматта енгізу:
Нәтиже [Кизат]! [Саны]* [Кизат]! [Баға-т]
Өрнекті клавиатура арқылы теруге немесе «Өрнек құрастырушы» арқылы автоматты түрде енгізуге болады. Бұлардың соңғысы әрі тез, әрі мұнда синтаксистік қате жіберілмейді. Ұяшыққа Нәтиже: атауы енгізілген соң өрнек құрастырушыны пайдалану тәсілі:
1) «Құрастырушы» терезесін ашып, онда көрінген «Кестелер» бумасын екі рет шерту;
2) көрінген «Кизат» кестесін таңдау. Оның өрістер тізімі ортаншы блокқа көшіріледі;
3) «Саны» қатарын екі рет шерту;
4) Клавиатурадан * символын теріп алып, «Баға-т» қатарын екі рет шерту. Өрнек жоғарғы блокта көрінеді;
5) Оған қосылған «Выражение» сөзін алып тастап, терезенің ОК батырмасын шерту. Сұраныс бланкісінің өрісіне өрнек автоматты түрде көшіріліп қойылады.
6) Сұраныс бланкісін жауып, ашылған сұхбат терезеге сұраныс атауын ендіру. Құрылған сұраныс келесі 14-суретте көрсетілген.
Код
|
Шифр
|
Зат
|
Саны
|
Баға-т
|
Нәтиже
|
1
|
Т001
|
Пальто
|
25
|
5200
|
130000
|
2
|
Т002
|
Пальто
|
30
|
6325
|
189750
|
3
|
Т003
|
Костюм
|
16
|
4345
|
69520
|
4
|
Т004
|
Костюм
|
27
|
5896
|
159192
|
5
|
Т005
|
Костюм
|
35
|
3805
|
133175
|
Тапсырма. «Разряд» өрістері арқылы байланыстыруға болатын А және В кестелерін пайдаланып, өріс атаулары Тегі-аты, Разряд, Айлық, Ставка, Қолына болатын сұраныс құру керек.
Тегі-аты
|
Разряд
|
Ставка
|
Ахметов М.К.
|
18
|
1,2
|
Ермеков Ж.Н.
|
18
|
1
|
Нұрланова М.Б.
|
19
|
0,75
|
Разряд
|
Айлық
|
18
|
7500
|
19
|
8300
|
А В
Нұсқау. Сұраныс бланкісінің соңғы өрісіне енгізілген өрнек
Қолын: [А]! [Айлық]* [В]! [Ставка]
1.7.7. Қайталанатын өріс мәндерін есептеу.
Кестенің бір өрісіне қайталанатын мәндер енгізілген болса, олардың қайталану санын көрсетуге болады.
3-мысал. 11-суретте бейнеленген Зат1 кестесі үшін 15-суретте көрсетілген сұраныс құру керек.
Зат
|
Саны
|
Костюм
|
3
|
Пальто
|
2
|
15-сурет. Өрісте қайталанатын мәндер санын көрсеткен сұраныс.
Сұраныс құру тәсілі:
-
БҚ терезесін ашып, Сұраныстар-Құру командасын орындау керек.
-
Көрінген «Жаңа сұраныс» терезесінен «Қайталанатын жазулар» қатарын екі рет шерту. Сұхбат терезелері бар Қайталанатын жазуларды іздеу шебері программасы іске қосылады. Терезелерінен кесте және қажетті өріс атауларын (Зат1, Зат) таңдап, сұранысқа жаңа ат беру жеткілікті.
Мұндай сұраныс бір өрісінің көптеп қайталанатын мәндері бір кестеден мәліметтік кесте құру үшін өте ыңғайлы. Бірақ оның кемшілігі де бар: сұранысқа өрістік мәні қайталанбайтын жазулар енгізілмейді.
1.7.8. Айқыш сұраныс.
Айқыш сұраныс кестенің таңдалған өрістерінен берілгендерді топтап, оларды ыңғайлы түрде көрсетеді. Мысалы, «Зат1» кестесін пайдаланып, 10-суретте бейнеленген сұраныс құруға болады. Ол үшін орындалуы тиіс амалдар:
-
БҚ терезесін ашып, Сұраныстар – Құру командасын беру.
-
Көрінген «Жаңа сұраныс» терезесінен «Айқыш сұраныс» (перекрестный запрос) қатарын екі рет шерту керек. Сұхбат терезелері бар Айқыш сұраныс шебері программасының бірінші беті көрінеді.
-
Терезелерде кесте тізімдерінің қажеттісін таңдап (Зат1), пайдаланылатын өріс атауын (Зат) таңдалған өріс бөліміне көшіру; мәндері өріс тақырыптары болатын өріс атауларын (Баға-т) және қорытындысын жинақтау функциясын таңдау (Cout).
-
Соңғы терезеде сұранысқа ат беру.
Айқышср: перекрестный запрос
|
|
Зат
|
Итоговое значение
|
3805
|
4345
|
5200
|
5896
|
6325
|
|
Костюм
|
3
|
1
|
1
|
|
1
|
|
|
Пальто
|
2
|
|
|
1
|
|
1
|
1.8. Формалар.
Кесте үлкен болса, оны құру кезінде түрлі қателер жіберілуі мүмкін. Кейде кестені пайдаланушыға толық көрсетпей, бір ғана жазуымен танысты-
рады. Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Форма – берілгендерді экранна ендіруді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың тәсілдері:
-
Автоформа (форманы автоматты түрде құрады);
-
Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде құрады);
-
Қолдан (конструктор режимі арқылы).
1.8.1. Автоформа.
Автоформа – кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және жазулар қосуға болады. Автоформа құрудың тәсілдері:
1) бір жазуды бөлек-бөлек бір бағанда көрсету (бағандық автоформа);
2) әр жазуды қалпын сақтап көрсету (таспалық автоформа);
3) әдеттегідей кесте түрінде көрсету (кестелік автоформа).
Олар жаңа форма терезесі арқылы таңдалады. Терезені ашу үшін БҚ терезесінен Формалар – Құру командасы берілуі тиіс. Оның «Автоформа» қатарларының бірін және кестелер тізімі енгізілген өрістен кесте атауын таңдау керек. Мысалы, Бағандық автоформа және Емт кестесі таңдалынып, ОК түймесі шертілген кезде әр өрісі жеке қатарда жазылған автоформаның бірінші жазуы көрінеді. Келесі жазуларын экранға шығару үшін Жазуға өту түймелерін пайдалану жеткілікті. Формаға жаңа жазу қосу үшін соңғы «Жазуға өту» түймесін шерту керек. Бос жазу бланкісі көрінеді. Оны толтыру әдеттегідей. Курсорды өріс ішіне орналастырып, берілгендерді редакциялап шығу да мүмкін.
Форма жабылған кезде өзгерістер мен жаңа жазулар негізгі кестеге кірістіріліп қойылады да, форма құрылымын сақтау сұралынатын сұхбат терезе ашылады. Оның Иә түймесін шерту керек. Келесі ашылған терезеге форма атын енгізу жеткілікті. Ол БҚ-ның Форма бөліміне жазылып қойылады.
Кестені таспалық және кестелік режимде көру, форма құру, оны өңдеу тәсілдері де бағандық формалармен жұмыс істеу тәсілі сияқты. Таспалық және кестелік формалар әдеттегі кесте сияқты көрінеді, бірақ біріншісінде әр өріс мәні тіктөртбұрыш ішіне алынып, оларға форма режимі орнатылып қойылады. Автоформалардың кестеден тағы бір ерекшелігі – оларға программаның автоматты түрде фондық сурет кірістіріп қоюы.
16-сурет. Форманы автоформа көмегімен құру.
1.8.2. Формалар шебері.
Автоматты түрде форма құрудың екінші тәсілі: Формалар шебері программа-
Сын пайдалану. Онымен жұмыс істеу тәсілі:
-
«Жаңа форма» терезесін экранға шығару.
-
Терезенің «Форма шебері» қатарын және кестелер тізімінен кесте атауын таңдап, ОК батырмасын шерту. Төрт қадамдық сұхбат терезесі бар Формалар шебері іске қосылады.
-
Бірінші қадам терезесінде өрістерді «Таңдалған өрістер» бөліміне көшіру.
-
Екінші қадам терезесінде Бір бағана, Таспалық, Кестелік, Тураланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді. Олардың бірін (мысалы, Бір бағанға белгісін) орнату.
-
Үшінші қадам терезесінде форманың сырт көрінісін безендіруге арналған Глобус, Шырша, Бұлттар, Кеш т.б. фондық сурет атауларының бірін таңдау.
-
Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, «Көріп шығу не берілгендерді ендіру үшін форманы ашу» (открытие формы для просмотра или ввода данных) ауыстырып қосқышын орнату және Дайын (готово) батырмасын басу.
Дайындалған форманы көріп шығу үшін ашылған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.
17-сурет. Форманы шебер көмегімен құру.
1.8.3. Форманы қолдан құру. Форма конструкторы.
Автоформа немесе Форма шебері арқылы құрылған форма құрылымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режимінде ашып, көріп шығу жеткілікті. Құрылымда Форма тақырыбы, Берілгендер облысы және Формаға ескертпесі бөлімдері бар.
Формаға енгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп атайды. Олар негізінен екі типті: байланысты және байланыссыз.
Байланысты басқару элементтері БҚ кестесінің өрістік берілгендерін пайдаланады. Мысалы, берілгендер облысына өріс атауы көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі сәйкес мән жазылады. Керісінше, өріске не енгізілсе, ол кесте өрісіне де енгізіледі.
Байланыссыз элемент – формада кесте өрісіне байланыссыз құрылған элемент, мысалы, формаға енгізілген түсініктеме сөздер, сызылған түрлі кескіндер.
Таспалық форманы қолдан құру жолы:
-
БҚ терезесін ашып, Формалар – Құру командасын беру.
-
Көрінген Форма құру терезесінен кесте атауын және Конструктор қатарын таңдап, ОК батырмасын шерту.
Access Конструктор режимінде форманы іске қосып, толтырылмаған берілгендер облысы көрінетін терезесін, элементтер және қажетті аспаптар панельдерін экранға шығарады.
Берілгендер облысы - өрістер құрылатын және күйге келтірілетін форманың негізгі бөлімі.
Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру үшін пайдаланылатын батырмалар енгізілген: Үстіне жазу (надпись), Өріс, Ауыстырып қосқыштар, Жалауша, Тізім, Сурет, Сызық, Төртбұрыш т.б.
Берілгендер облысының өлшемін тышқан арқылы өзгерту қиын емес. Элементтер панелін де экранның кез келген жеріне орналастыруға болады.
-
Элементтер панелі экранда көрінбесе Көрініс – Элементтер панелі командасын беру немсе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шерту. Көрініс - Өрістер тізімі командасын беріп немесе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шертіп, Өрістер тізімі терезесін экранға шығаруға болады.
-
Элементтер панелінің «Аа» (үстіне жазу) батырмасын шертіп, көрсеткіш арқылы (оларды салу әдісі Paint - ¯a объектіні таңдау төртбұрышын орнату сияқты).
-
Төртбұрыш ішіне өріс атауын енгізіп, КҚ (enter) клавишін басу. Төртбұрыш таңдалып, жиектеріне сегіз кішкене шыршадан тұратын таңдау белгілері орнатылып қойылады.
Төртбұрыш объект үшін берілген орынды, ал оның ұзындығы бөлінген
орын өлшемін көрсетеді. Қажет болса, форматтау әдісі бойынша қолдан қысу, ұзарту немесе өлшемін өзгертпей, түрлі бағытта жылжытуға болады. Жылжыту алдында көрсеткішті жиегіне әкеліп, оның ашылған қол бейнесіне айналуын күту керек.
Форма элементтері төртбұрыш ішіне объект түрінде ендіріледі.
-
«Өрістер тізімі» терезесінен берілгендер облысының екінші қатарына Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша өріс атауларын көшіру. Оларды бірінші қатарға енгізілген сәйкес өріс атауларының астына орналастыру керек. Атаудың сол жағында оның қолтаңбасы автоматты түрде енгізіліп қойылады. Оны алып тастау үшін төртбұрышын таңдап, Del клавишін басу керек.
-
Енгізілген басқару элементінің орналасуын дұрыстау. Таңдалған элементті жобалаушының өз қалауынша орналастыру мүмкін. Оларды тор сызықтарының үстіне бір қатарда орналастырған және әр объект үшін қажетті ұзындық өлшемін енгізген жөн. Элементтерді тор сызықтарының үстіне орналастыру үшін Формат – Түралау командасын беру керек.
Ескерту. Таңдалған төртбұрышты жылжыту мен өлшемін өзгертуді курсорды басқару клавиштері арқылы орындаған жеңіл. Қосымша Ctrl клавиші басылып тұрса, төртбұрыш жылжиды, Shift клавиші басылып тұрса, өлшемі өзгереді. Басқару элементтерін таңдап, форматтау панелінің «Масштабтау» батырмасы арқылы өлшемдерін өзгертуге болады.
-
Файл – Алдын-ала көру командасын беріп, форманың құрылған форматын көріп шығу.
-
Конструктор режиміне қайтып оралып, қажет болса, элементтерді қайта форматтау. (Esc клавишін басып немесе Көрініс – Конструктор командасын беріп, режимге қайта оралуға болады).
-
Конструктор режимі терезесін жабу. Форма құрылымын өзгертуді растау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Оның Иә батырмасын шерту.
-
Атау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Access тағайындаған атауды қалдыруға немесе жаңа ат беруге болады.
Құрылған формада берілгендер облысының бірінші қатарына енгізілген басқару элементтері өріс атаулары түрінде жазылып, екінші қатарға өрістер тізімінен көшірілген элементтер орнына берілгендер енгізіліп қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: