84
2) шабуыл тобы – іздеу нысаның қолға түсіруді тікелей
жүзеге асырады, оған, әдетте, батыл, мықты және бастамалы
сарбаздар кіреді;
3) атысты қамтамасыз ету тобы – шабуылдаушылар
қимылын атыспен талқандаушылар.
Іздеуге взводты дайындау
тек қарсыластан ғана емес,
сонымен бірге ӛз әскерлерінен де жасырын жүргізіледі.
Дайындыққа бӛлінген уақыт қалыптасқан жағдайға байланысты
бір тәуліктен бес тәулікке дейін созылуы мүмкін.
Іздеудегі взводты түнде басқаруды взвод командирі электр
шамымен белгі беру, баулар кӛмегімен, дауыстап пәрмен беру
арқылы жүзеге асырады.
Іздеуді жүргізу кезінде взвод қимылы тӛмендегі ретпен
жүзеге асырылады. Жеке
құрамның іздеуге дайындығын
тексергеннен кейін взвод күшейту құралдарымен бірге іздеу үшін
бастапқы
қалыпқа
шырады,
ол
бірқатар
жағдайларда
қорғаныстың алдыңғы шебінде — бейтарап жасақта болуы
мүмкін. Кейде іздеу жүргізу алдында артиллерия және минаатар
атысымен қарсыластың анықталған түнгі кӛру құралдарын басу
керек.
Ӛтпе жасау топтары алға жылжып, қарсыластың
инженерлік бӛгеттеріне ӛтпе (кейде екі ӛтпе) жасайды және оның
дайын болғандығы туралы белгі береді.
Белгіні алғаннан кейін
атысты қамтамасыз ету тобы ӛтпеден ӛтіп, кӛрсетілген атыс
позициясына қарай жасырын жылжиды. Атысты қамтамасыз ету
тобының артынан ӛтпеден жасырын түрде шабуылшы тобы
ӛтеді.
Шабуыл нысанына шусыз, жасырын және мейлінше жақын
келген шабуыл тобы взвод командирінің белгісімен (әдетте, ол
шабуыл тобында болады) кенет шабуылдап іздеу нысаның қолға
түсіреді. Егер нысанға жасырын жақындау мүмкін болмаса, онда
нысанның қапталына жасалған атысты қамтамасыз ету тобының
қарқынды атысы астында бір мезгілде граната лақтырылады.
Шабуыл барысында шабуыл тобы кезекпен бағытталған қысқа
автоматтың атыс (жүру барысында), ал атысты қамтамасыз ету
тобы бір орыннан (жатып) кӛздеп ұзақ кезекпен автоматтық атыс
жүргізеді.
85
Қойылған міндеттерді орындағаннан кейін,
ең әуелі атысты
қамтамасыз ету тобы ӛз атысымен талқандай отырып шабуыл
тобын жібереді де, соңын ала ӛзі де кетеді. Ең соңынан ӛтпе
жасау тобы кетеді. Іздеу ауданынан взводтың кету ауданы,
әдетте, маңдайшеп пен қапталдардан сүйемелдеуші артиллерия
мен минаатар
атысымен іске асырылады, бұл қарсылас
тарапынан ізге түсуді болдырмау үшін жасалады. Атысқа
шақыру (пәрмен беру) белгісін іздеуді басқаратын командир
береді.
Достарыңызбен бөлісу: