Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет1/30
Дата05.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455130
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Керн-Йирасектің


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІН ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

1.1. Керн-Йирасектің баланың мектепке дайындығын анықтау тесті

Бұл тест балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған. Тест төрт тапсырмадан тұрады. Балалардың мектепке дайындығын анықтау.

1.Қай жануар үлкен - ат па, әлде ит пе?

Ат - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.

2. Күндіз жарық, ал түнде ...

Қараңғы - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.

3. Аспан көгілдір, ал шөп ...

Жасыл - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.

4. Шие, алма, жүзім, алмұрт - бұл...

Жемістер - 1 балл, дұрыс емес жауап - 1 балл.

5. Пойыз өтерде неге жолдың жиегінде шлагбаум төмен түсіріледі?

Себебі: пойыз бен автокөлік соғысып қалмау үшін, пойыздың астына түсіп кетпеу үшін (т.с.с.) - 0 балл. дұрыс емес жауап - 1 балл.

6. Тараз, Алматы, Қызылорда - бұлар?

Қалалар - 1 балл, станциялар - 0 балл, дұрыс емес жауап - 1 балл.

7. Кішкентай ат - ол құлын, кішкентай ит - бұл ... Кішкентай қой - бұл...

Күшік, қозы - 4 балл, егер екі сұрақтан біреуі болса 0 балл. дұрыс емес жауап - 1 балл.

8. Сағат қанша болғанын көрсетіп тұр? (сағатта көрсету) Жақсы көрсетілген - 4 балл. Тек жарты немесе тура көрсетсе - 3 балл. Сағат білмесе - 0 балл.

9. Ит тауыққа ұқсаған ба, әлде мысыққа ма? Неліктен ұқсас, олардың несі бірдей? Мысыққа, өйткені оларда төрт аяқ, жүндері, құйрығы ұқсайды - 0 балл. Мысықка ұқсастықтарын айтпаса - 1 балл.

10. Неге барлық автокөліктерде тежегіш бар?

Екі жағдайда (таудан түсіп келе жатқанда, бұрылыста соғысып қалмау үшін) - 1 балл. Бір жағдайда - 0 балл, дұрыс емес жауап - 3 балл.

11. Балға мен балтаның ұқсастығы неде?

Бірдей екі ұқсастық - 3 балл (олар ағаштан, темірден жасалған, олардың ұстағыштары бар). Олар аспаптар, олармен шеге қағуға болады - 1-2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

12. Тиін мен мысық қалай ұқсас?

Олар жануарлар (оларда 4 аяқтары бар, жүндері, олар ағаштарға өрмелей алады) - 3 балл. Бір ұқсастық - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

13. Футбол, ұзындыққа секіру, теннис, жүзу - бұл ... Спорт, дене тәрбиесі - 0 балл. Ойындар (жаттығу), гимнастика, сайысу - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

14. Қандай көлік түрлерін білесің?

Үш жерде жүретін көлік немесе толық атаулары, ұшақпен, жеңіл автокөлікпен, кемемен (тек түсіндіріп болғаннан кейін). Көліктер - 2 балл.

Дұрыс емес жауаптар - 0 балл.

15. Кәрі адам мен жас адамның айырмашылығы неде?

Ақ шаш, шаштарының жоқтығы, әжім, көп жұмыс істей алмайды, жақсы көре алмайды, жақсы естімейді, көп ауырады, өледі - 4 балл. Бір немесе екі айырмашылық - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

16. Неге адамдар спортпен шұғылданады?

Екі жағдайда (денсаулығы мықты болуы үшін, шынығу үшін, күшті болу үшін, тез жүріп тұру үшін, өздерін тік ұстау үшін, семіз болмау үшін) - 4 балл. Бір жағдайда - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет