2. Мәліметтер қорын жобалау
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу режимі
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі топқа бөлуге болады:
1. жобалаушылар. Олардың міндеті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер базасының кестелерінің құрылымын анықтап беру.
2. қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер қорын толтырумен айналысады.
Осыған сәйкес мәліметтер қорымен жұмыс істеудің екі режимі бар: біріншісі мәліметтер қорын құрып, оның құрылымын өзгертіп, обьектілерін құру болса, екіншісі дайын мәліметтер қорын пайдалануға арналған.
Мәліметтер қорын жобалауда және пайдалануда оған келесі талаптар қойылады:
1. Пәндік саланы жабдықтауды бейнелеудің барабарлығы (толықтығы, тұтастығы, қайшылықсыз болуы, мәліметтердің көкейкестілігі).
2. Әртүрлі категориядағы пайдаланушылардың өз ара әсерінің мүмкіндігі;
кіру мүмкіндігінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.
3. Интерфейстің жақындығы.
4. Құпиялылық пен жасырындылықты қамтамасыз ету.
5. Бағдарламалар мен мәліметтердің өзара тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
6. Мәліметтер қорының сенімділігі қамтамасыз ету; мәліметтерді кездейсоқ және қасақана бүлдіруден қорғау; жүйе істен шыққан (сбой) жағдайдамәліметтерді тез және толық қалпына келтіру мүмкіндігі.
Мәліметтер схемасын даярлау.
Мәліметтер схемасын даярлау-оның негізгі обьектісі кестенің құрылымын дайындаудан басталады.
3. Microsoft Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi
Microsoft Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi қарапайым екі өлшемді кесте –реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандайда бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр түрлі формалардың есеп беруін (отчет) құруды жүзеге асырады. Мәлiметтер қорын жасамас бұрын қатты
дискiде каталог құрып, жасалынатын мәлiметтер қорының файлын сақтаймыз. Microsoft Access өңдеу объектiсi мәлiметтер қоры файлы болады, оның кез- келген аты және mdb кеңейтiлуi бар. Бұл файлға Microsoft Access–тiң негiзгi объектiлерi: кесте, форма, сұрау,бет, есеп беру, макрос, модуль кiредi.
Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: |