Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне Єылым министрлігі



бет1/7
Дата27.11.2022
өлшемі114 Kb.
#465875
  1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-71952


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Жұқпалы емес аурулар» кафедрасы




Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы»
Орындаған: ВМ-31 топ студенті
Атауова Д.М.
Тексерген: оқытушы Қаржауова Е.Х.
Орал-2011
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Несепті зерттеу
2.2. Сынамаға несепті алу әдістері
2.3. Несепті консервілеу
2.4. Жалпы қасиеттері
2.5. Несептің физикалық қасиеттері
2.6. Несептің химиялық қасиеттері
2.7. Несептің тұнбасын зерттеу
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе

Қазіргі уақытта малды күтіп бағы, дұрыс азықтандыру, оны түрлі аурулардан сақтау, ауру біліне қалса ем қолдану – аса маңызды мәселелер. Осыған орай мал ауруларының пайда болу себептерін, олардың алғашқы белгілерін, емдеу тәсілдерін, аурудың болдырмау шараларын жақсы білу қажет. Сондықтан да халықтың мал дәрігерлік сауаты мен мәдениетін көтере түсу, озат тәрбиеші, қалың бұқара, әсіресе малшылар арасында кеңінен насихаттау игілікті іс болмақ.


Мал дәрігерлік, зооинженерлік білім беру жүйесінде және тәжірибесінде немесе мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында клиникалық диагностика пәнінің алар орны ерекше.
Бұл пәнде шаруашылықтағы малдарды әртүрлі аурулардан алдын-ала сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жоғары сапалы мал өнімдерін алу мүмкіндіктері туғызылады. Оның әдістерімен организмдегі жүйелерді зерттеу негізінде ауруларды айырып, қажетті уақыт күттірмейтін шараларды дер кезінде дәл тауып қолдану керек.
Малдың несеп жүйелері, соның ішінде бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Малдан несепті лабораториялық зерттеулер үшін алады. Несеп арқылы малдың ауруларын анықтауға болады.
Несеп – организмге зиянды және қажетсіз нәрсе болып саналады. Бұл несеп арқылы мал ауруларының сан қилы клиникалық көрәністерін дәл анықтап, дер кезінде диагноз қоюға мүмкіндік туады. Қай ауруды анықтасақ та бұл несептің маңызы өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет