Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрліігі



бет1/6
Дата08.08.2022
өлшемі74.69 Kb.
#459903
  1   2   3   4   5   6
МАК есеби 2020-21 БПАМ


«Cырдария» университеті

ҚА комиссия төрағасының (төрайымының) есебі УЕ-07-22 ФР-02

12 беттің -беті




«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ

Бекітемін
«Сырдария» университетінің ректоры, философия докторы (PhD), қауым.проф.м.а.
________Б.С. Тоқмұрзаев
_____ _______ 20__ жыл
7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯ
ТӨРАҒАСЫНЫҢ (Магистратура)


Е С Е Б І

2021 -2022 оқу жылы


«Филология және гуманитарлық білім»
факультетінің кеңесінде қаралды
№ _ хаттама __ __________20__ жыл
Кеңес төрағасы,
__________М.Б.Мейірбеков


Жетісай, 2022
І. ЖОО –да осы білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың
деңгейі

7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 5-қосымшасына сәйкес «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кеінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» мен ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазанындағы №604 бұйрығының 7-қосымшасына сәйкес «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», университет Ғылыми Кеңесінің шешімі мен факультет өкімін негізге ала отырып қорытынды аттестаттау 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертацияны қорғау жүзеге асырылады. Берілген білім беру бағдарламасын меңгерген түлек педагогикалық, зерттеушілік, ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік-педагогикалық, оқыту-тәрбиелеу, оқыту-технологиялық қызметін атқаруға дайын болады.


Түлектердің кәсіби қызметінің нысандары – білім беру мекемелерін қамтиды: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары мен білім беру департаменттері болып табылады.
2021 - 2022 оқу жылында кафедрадағы 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша профессор - оқытушылар саны-4. Олар: 2 штаттық бірлікте жұмыс істейді. Кафедра оқытушыларының базалық білімдері білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді. 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша 3 оқытушының ғылыми атағы бар, оның ішінде: доктор, доцент – 1 (6,4%), кандитат, доцент – 1 (22,5%), кандидат, аға оқытушы – 2 (12,9%) құрайды.
7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші магистранттарды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595-ші «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» туралы бұйрығына сәйкес жүргізіліп бітіруші магистранттар магистрлік диссертацияны қорғайды. 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бітіруші магистранттардың магистрлік диссертацияны қорғауға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары кафедра мәжілістерінде (хаттамалар: №1, 26.08.2021, №2, 15.09.2021; №5, 15.12.2021.; №7, 16.02.2022. №8, 16.03.2022.) талданған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595-ші «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» туралы бұйрығына сәйкес бітіруші магистранттардың магистрлік диссертацияны қорғауы бойынша қабылдайтын қорытынды аттестаттау комиссия құрамы бекітілген. (№53 20.12.2021) Қорытынды аттестаттау комиссия құрамын бекіту туралы бұйрығы.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандитаты Сыдықов М.Е.
ҚА комиссиясының құрамына ғылыми және академиялық дәрежелері бар тәжірибелі, жоғары білікті мамандар енгізілген. Қорытынды аттестаттау комиссия жұмысының кестесін (25.04.2022) Тіркеу офисі құрып, университет ректоры бекіткен.
Кафедрада бітірушілерге арналған стендтер дайындалып, қорытынды аттестаттауға қажетті барлық мәліметтер: шолу лекцияларының кестелері, магистрлік диссертацияны қорғауын алдын-ала қорғау кестелері ұсынылған.
Магситарант білім бағдарламасын игеру үшін әрбір магистрант кітапхана қорын, мәліметтер базасын еркін пайдаланып, пәндер бойынша әдістемелік құралдармен, нұсқаулармен, магистрлік диссертацияны қорғаутары бойынша көрнекі құралдар, аудио-видео материалдармен қамтамасыз етілді.
Университет кітапхана қорында 350557 бірлік басылымды құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде 283682 бірлік; ғылыми әдебиеттер – 25000; оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер – 155279; электронды басылымдар қоры – 9265; бір магистрантке шаққанда 145 оқулықтан келеді. Университетте тегін интернет Wi-Fi жүйесі қызмет жасайды. Кітапхана-библиографиялық үрдістерін автоматтандыру үшін ЖШС «Kazakh Soft» компаниясы өңдеген «КАБИС. Standard» (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған кітапханалық бағдарламасы енгізілген.
«Білім беру технологиялары» кафедрасы оқытушыларының дайындаған электронды тасымалдағыштардағы 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша 13540 оқулықтары, оның ішінде 62 ғылыми мақалалар бар.
Университетте оқу үрдісін ақпараттандырудың басты бағыттарының бірі – компьютерлік технологияларды қолдану да жолға қойылған. Оқу үрдісінде қолданыста жүрген 10 компьютердің барлығы интернет желісіне қосылған, магистранттар интернетті тегін пайдаланады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін ендіру мен магистранттардың танымдық қызметін белсендіру саласында жоспарлы жұмыстар жүргізілген. Айталық, барлық бітіруші магистранттар университеттегі мультимедиалық орталықта «Интерактивті тақтаны сабақта қолдану тәсілдерін меңгеру» курсынан өтіп, білімін жетілдіріп, арнайы сертификаттармен марапатталды. Кафедраға қарасты №32, №49, №28 дәрісханалар қазіргі заман талабына сай мультимедиалық және көрнекі құралдармен, стендтермен жабдықталған. Сонымен қатар магистранттарге ғылыми инновациялық зерттеу орталығында арнайы дайындалған лабораториялық дәрісханаларда лабораториялық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік жасалған.
Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін барлық меңгерілген пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірленген. Оқу-әдістемелік кешен жұмыс жоспарға сәйкес құрастырылып, мазмұнына: пәннің жұмыс оқу бағдарламасы, лекциялар мәтіні, практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізу жоспары, магистрлік диссертацияны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, өзіндік жұмыстардың материалдары кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет