«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай,
ұстаз
еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек
екендігін
баршамыз
мойындаймыз.
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой
иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам
қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің” бетін
ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды
терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп,
адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін
аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек
айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін
бойындағы асыл
қасиеттерін
шәкірттеріне
сіңіріп,
тер
төгеді.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін
ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды
парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені
баршамызға
ақиқат.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие
беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік
рухта бағыт-бағдар
беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде
ерекшеленеді.
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға
деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп
тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу
– бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы
батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды
ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,
еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…
Өмірге ұрпақ берген
аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай
ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой,
адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің
жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа
жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Ұстаздықты
ұлағат тұтып, мен де бала күнгі «ұстаз болсам» деген
арманыма талмай талаптанып жүріп бүгінде қол жеткіздім. Менің ұстаз
болуыма, әсіресе қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болуыма түрткі
болған бірден бір адам –ол менің 5-6 сыныпта қазақ тілі мен әдебиет пәнінен
сабақ берген, ардақты да аяулы ұстазым-Гүлзира апай еді. Ұстазымның ең
алдымен адам баласын өзіне баурап алатын майда қоңыр үні мен жайлап қана
жымиып қарайтын мейірімді, биязы жүзі әлі күнге дейін көз алдымда. Және де
әрбір шәкіртін жекелеп дараламай, жан тәнімен жақсы көретіндігі, әрбір
шәкіртінен болашақтың жарқырап жайнап тұрған сәулесін көретіндей нық
сеніммен, асылдың сынығындай
қарап ерекше бір мейіріммен, қадірлеп,
бағалай білетіндігі мені таң қалдырмай қойған емес. Сол ұстазымның
арқасында шығармашылыққа деген қызығушылығым мен құштарлығым
оянды. Ұстазым сабақты түсіндіргенде сондай бір ілтипатпен, керек болса сол
шығармадағы кейіпкердің өзі болып образға еніп кететін. Есімде 5 сыныпта
оқып жүрген кезім. Бір күні ұстазым: «Үйде ана туралы шағын шығарма жазып
келіңдер», — деп тапсырма берді. Мен үйге келген соң неден бастасам,
қалай жазсам деп көп ойландым.
Ары ойланып, бері ойланып, бір кезде өз басымнан өткен
оқиға бойынша анамның аялы алақанының
қасиеті жайлы біржарым парақ болатындай шығарма жаздым. Мектепкекелге
н соң
мұғалім
сабақта бірнеше оқушының
шығармаларын
өздеріне
оқытқызып, оны ашық талдап өз пікірін айтып жатты. Кезек маған да жетті.
Мен орнымнантұрып өзімнің шығармамды бастан аяқ оқып шықтым.
Сыныптыңіші
құлаққа
ұрған танадай тып-тыныш.
Мұғалім біраз үнсіздіктен кейін мені жанына шақырды. Бір ретшығармамды
өзі дауыстап оқып
болған
соң:
- Шығарманы өзің жаздың ба? – деп сұрады
- Иә, апай, өзім жаздым,- деп жауап бердім. Сол кезде ұстазым менің
маңдайымнан синап: «Міне, нағыз шығарма. Мен әрбіреуіңнен осындай
шынайылықты, ұшқыр терең ойлылықты, әр нәрсенің
қадір-қасиетін толық
түсіне білетін даралықты күтемін. Сенің, айналайын, Назира,
болашақта
жұлдызың жарқырап биіктен көрінетініңе мен кәміл сенемін. Сенің
шығармашылық дарының бар, соны жоғалтып алма. Өркенің өссін!» — деп
жылы лебізін білдірді. Осыдан бастап ұстазым маған алдыма үлкен бір бағыт-
бағдар жол ашып бергендей болды. Тақпақ шығарып, әр түрлі тақырыпқа
шағын әңгімелер жазып, мектепшілік қабырға газеттеріне шығып
жүрдім. Және осы ұстазымды сол кезден бастап өзіме пір тұтып, болашақта
қайтсемде
ұстаз боламын деген арманда жүрмін.
Иә, арманыма жеттім.
Бірақ
осы
қиын
да жауапкершілігімол
ұлы
кәсіптің жемісін көру
үшін
мен жас маман ретіндекөп
тәжірибе жинап, ізденіп, мойымай еңбек етуім керек. Мектепте ұстаз болып
жұмыс істегеніме небәрі бес жылболды. Осы бес жылдың ішінде ұстаздықтың
алғашқы қызығы мен шыжығын да бастан кешірдім. Қиналып қынжылсам да,
қуанып марқайсам да алға қойған мақсатыма қол жеткізу үшін шәкірт оқытуда
ұстаздық етуден жалықпайтыным айдан анық.
Меніңше, Ұстаз — ұлттың айнасы, ұлт діңгегі. Кез-келген ұстаз өз
шәкіртінің өмірде дұрыс азамат болып, елін, жерін, отанын сүйетін патриот
болып, шоқ жұлдыздардың ішінде жарқырап сәуле шашып қана қоймай,
ұстазының берген өнеге-үлгісімен ұлт бірлігін, ұлт діңгегін берік ұстауға жан-
тәнімен ат салысатын азамат болғанын қалайды. Ұстаздың бұл арман-тілегі
толығымен орындалу үшін тынбай еңбек етіп, ұстаздың өзі жан-жақты «сегіз
қырлы, бір сырлы», жоқтан бар жасайтын,
талғамы жоғары, ойы ұшқыр,
талабы зор, заманына сай жаңа оқыту технологияларын терең меңгерген,
байсалды да парасатты, алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін
күресетін, талаптана білетін дара да дана тұлға болу керек деп ойлаймын.
Сондықтан ұстаз боламын десең, ұлт діңгегі бол. Ол дегеніміз ұстаз үшін
қилы-қилы үлкен сынақ өткелдерден өту. Сол өткелдерден еш сүрінбей
өткенде ғана бала тәрбиесі мен білімін тиянақты да орнықты, ұлт келбетін
айқындай
алады.
Қазіргі заманда ұстаз болу қиын деп жатады. Мен өз басым оған келіспеймін.
Ұстаз болу қиын, әрине. Бірақ
ізденіп талаптанған адамға, ынта-жігермен
тағатсыз еңбек еткен адамның еңбегі еш кетпес деп ойлаймын.
Қорыта келе, ұстаз болған соң мамандығыңа ісің, ынта-тілегің сай адам
бол. Халқыңның, ұлтыңның діңгегі берік болсын десең тынбай еңбек ет,
талмай шәкірт тәрбиеле. Сонда ғана еңбегіңнің жемісін көріп, шәкіртіңнің
жалпы халқыңның құрмет-қошеметіне ие боласың.