2
УДК 28
ББК 86.38
Қ 77
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН
ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН
Қ 77. Құран Кәрім хикаялары / – Алматы: «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013.
ISBN 978-601-7016-23-4
Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл кітапта қасиетті Құран
Кәрімде көркем сөзбен кестеленіп, асқан шындықпен жазылған ұлағатты
хикаялар баяндалады. Адам, Нұх, Ибраһим және тағы басқа
пайғамбарлардың бастарынан өткен қызықты оқиғалар мен ғажайып іс-
әрекеттер суреттеледі, ғибратқа толы өмірлерінен сыр шертіледі. Ислам
дінін мұрат еткен адамдарды ізгілікке, адамгершілікке, жақсылыққа
шақырып, олардың көңілдеріне жарқын нұр себеді. Кітап орта мектеп
оқушыларына арналған.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-7016-23-4
© «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013
3
КІРІСПЕ
Аллаһ тағала Адам атаны жаратып, оны жұбайымен бірге Өз қалауымен
жер бетіне түсірді. Ол
екеуіне, яғни Адам ата (аләйһис-сәләм) мен Хауа
анаға, жер бетінде ұрпақ көріп, көбейетінін
және ондағы Өзінің берген
ризық-несібелерінен пайдаланып, бір Өзіне ғана шүкіршілік етіп, құлшылық
жасаулары керектігін түсіндірді. Сонымен қатар барша адам баласына
азғырушы, адастырушы Ібіліс шайтан мен оның серіктеріне ешуақытта
ермеуді ескертті...
Адам ата және оның ұрпағының бір бөлігі Жаратушылары – Аллаһ
тағаланың
бұл бұйрығын бұлжытпай орындап, өмірлерін Аллаһқа иман
келтіріп, құлшылық жасаумен өткізді. Адамнан таралған ұрпақтың екінші
бір бөлігі уақыт өте келе азғырушы Ібіліс лағынеттің арбауына түсіп, тура
жолдан адасты. Әр дәуірде, әр заманда өмір сүрген
Адамның ұрпақтары
қашан өз Раббыларының көрсеткен тура жолын ұстанудан ауытқып,
бірқұдайшылдық, мейірімділік пен адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерден
мүлдем айырылып, өзара қанаушылық, зұлымдық пен әділетсіздік қоғамды
меңдесе, сол сәтте Аллаһ тағала оларға тура жолға бастаушы елшілері мен
пайғамбарларын жіберіп отырды.
Бұл еңбекте
Құран Кәрімде баян етілген, Аллаһ тарапынан адамдарға
тура жол көрсетуге жіберілген, пенделерді бір Аллаһқа құлшылық жасауға
шақырған пайғамбарлар мен елшілердің және олардың қауымдарының
өмірлерінен
суреттер, үзінділер берілген. Біз бұл кітаптан ардақты
пайғамбарлардың өмір барысымен таныса келе, олардың үлгі-өнеге
тұтарлық
жақсы
мінез-құлқы,
кеңпейілділігі
мен
мейірімділігі,
қарапайымдылығы мен сабырлылығы және ең бастысы –
шынайы
тақуалығы жайлы оқып білеміз.