Таным жəне шығармашылық



Pdf көрінісі
Дата23.10.2022
өлшемі172.87 Kb.
#463301
Снимок экрана 2022—10—06 в 09.48.26



Таным жəне шығармашылық
Адамзат баласы қалыптасқаннан бері өзін қоршаған орта, дүние, ғарыш əлем
туралы жəне өзінің жеке өмірі мен болмысы жөнінде ойтолғамдар жүйесін
қалыптастырып, субъект əлемді қалай таниды, түпкілікті тани ала ма деген сауалдарды
ақыл-ойға айтарлықтай қиындық туғызатын құбылыстар бойынша туындатып келді.
Философия таным теориясы мен метафизикадан тұратынын ескерсек, таным –
философиялық талдаудың пəні болып қарастырылады жəне арнайы ілім ретінде филосо-
фиялық ойтолғамның басты саласына айналған. Таным барынша күрделі жəне ауқымды
мəселелерді қамтығандықтан, оны зерделейтін сала – таным теориясы деп аталады.
Таным теориясы (гносеология) – танымдық қызмет кезіндегі субъект пен
объектінің арақатынасын, білімнің шындыққа қатынасын, адамның дүниені танып білу
мүмкіндігін, білімнің ақиқаттығы мен айқындық өлшемдерін зерттей келе, сана мен
материя, идеалдылық пен материалдылық, сезімдік пен логикалықтың арақатынасын
зерделейді. Философияда кантшылдық, махизм сияқты бағыттар таным теориясына аса
маңыз бергендігі соншалық, оны философияның өзімен теңестіреді.
Таным дегеніміз – белгісізден белгіліге қарай, толық емес айқынсыз білімнен
неғұрлым дəл, айқын білімге қарай шексіз жүріп отыратын қоғамдық-тарихи құбылыс.
Яғни, адам санасы қалыптасқаннан бері дүниенің қыр-сыры, өзін қоршаған орта туралы
неғұрлым көбірек мəлімет жинауға тырысып келді жəне ол шектеліп қалмақ емес.
Танымды үдеріс ретінде қарастырсақ, оған басты екі элемент қатынасады: танитын жəне
танылатын. Олар бір-біріне қарама-қарсы тұратын субъект пен объект бо-лып табылады,
яғни, адам мен дүние таным үдерісін айқындап тұрады.
Таным 
теориясының 
терминологиялық 
сипаты 
«гносеология» 
жəне
«эпистемология» деген ұғымдармен беріледі: Гносеология – («гнос» - таным, «логос» -
ілім деген мағынада) таным туралы ілім. Ал эпистемология («эпистема» - білім, «логос» -
ілім деген мағынада) таным теориясы, яғни, эпистемологиялық – танымдық-теориялық
деген мағынада қолданылады, бірақ көп жағдайда гносеология, эпистемология, таным
теориясы өзара мағыналас, синонимдес ұғымдар ретінде қолданылады. Гносеология:
таным сыны мен танымға бөлінеді. Гносеологияға тікелей қатысты бірнеше бағыттар
құрылған: эмпиризм, эмпириокритицизм, идеализм, феноменализм, сенсуализм,
материализм т.б.
Гносеологияның басты мəселелерінің бірі – білімнің шындыққа қатынасы болып
табылды. Шындық (действительность) – метафизикалық мағынасында сол өмір
сүретіндердің болмысы, яғни, өмір сүретіндер болмысының шынайылығы. Ол ақиқатпен,
шынайылықпен, айқындықпен байланысты ұғым.
Сонымен, таным дегеніміз – абсолютті ақиқатқа мəңгі, шексіз жақындау. Біз бұған
ешқашанда толық жете алмаймыз. Алайда, адам осы процесте сыртқы дүниені бірте-бірте
танып біліп, оны өз мақсатына қарай өзгертеді, өзі де дамып отырады.
Таным процесі субъект пен объект арасында болады. Субъект адамның өзі, ұжым,
халық табылады. Ал, объект табиғаттың кез келген заты емес, тек адамның назары түсіп,
онымен қарым-қатынасқа түсетін зат. Объект пен субъект қарым–қатынасын төмендегідей
нақтылауға болады:
1. Таным объектісі субъектігі тəуелсіз объективті шындық немесе оның фрагменті
болып табылады.
2. Таным субъектісі тарихи даму барысындағы адам жəне адамзат қауымдастығы.
3. Адам санасында əуел бастан болатын мазмұн жоқ, ол өз мазмұнын объективті
дүниеден алады, осы тұрғыдан объект субъектіге қарағанда белсенді.
4. Алайда, объективті шындықтың өзі субъект онымен қарым-қатынасқа түскенде
ғана таным объектісіне айналады. Осы тұрғыдан субъект те белсенді.
Əлеуметтік танымның ерекшелігі – қоғамды тануда объект пен субъект бір-бірімен
тығыз, ажырамас бірлікте, байланыста болады. Қоғамдық заңдылықтар объективті, бірақ
олар қоғамнан, адамның материалдық рухани өндірісінен, мүддесінен тыс өмір сүрмейді.
Заттар мен құбылыстарды тану сезімдік түйсінуден басталады. Сезім мүшелері
бізге заттардың түрі, түсі, дəмі, иісі туралы алғашқы мəліметтерді береді. Сезімдік таным
үш түрлі формада жүреді. Олар: түйсік, қабылдау, елестету. Бұлар танымның алғашқы,
қажетті сатылары болып табылады. Кез келген таным адамдардың сыртқы дүниенің
заттарын, құбылыстарын тікелей қабылдауынан басталады. Алайда, сезімдік таным
сыртқы дүние заңдылықтарын, заттардың ішкі мəнін түгелдей аша алмайды. Бұл үрдіс
абстракты, теориялық ойлау арқылы жүзеге асады. Осылай, біз танымның бірінші
сатысынан оның жоғарғы сатысы, абстракты ойлауға көшеміз. Ол да үш түрлі формада
жүзеге асады. Олар: ұғым, пікір, ойқорытынды. Абстракті ойлаудың қандай ерекшеліктері
бар.
Сезімдік танымға қарағанда абстракті ойлау заттағы, құбылыстағы керексіз,
негізсіз жақтарды алып тастайды да, ең маңызды, қажетті жақтарын алып,


қорытындылайды. Екіншіден, шындықты тікелей емес, басқа да бір заттардың, білімнің
негізінде бейнелейді. Сондай-ақ, ол əрқашанда белсенді, мақсатқа бағытталған сипатта
жүреді. Сезімдік таным жəне абстракты ойлау бір-бірімен тығыз диалектикалық
байланыста. Сезімдік танымнан абстракті ойлауға өту, одан практикаға бару танымның
диалектикалық жолы болып табылады.
Таным мен практиканың қарым-қатынасы қандай? Таным шындыққа идеалды
қатынас. Ол шындықтың өзімен емес, оның субъективті образдарымен істес болса,
практика қоғам қажеттілігіне сай өзгертуге бағытталған əрекет болып табылады.
Тəжірибенің төмендегідей бітімдерін атап өтуге болады: өндірістік, ұйымдастырушы жəне
басқарушылық, қоғамдық-саяси, отбасылық-тұрмыстық, мəдениет, білім беру, тəрбиелеу
саласындағы əрекет, ғылыми-тəжірибелік əрекет. Таным объектілері адамның
практикалық қызметімен тығыз байланысты жəне əрқашан соған тəуелді болады.
Адамдардың заттық, материалдық мақсатқа сай өзгертушілік қызметін практика деп
атайды. Яғни, практика дегеніміз – адамдардың табиғатты жəне қоғамдық құбылыстарды
мақсатқа сай өзгертуге бағытталған қоғамдық жəне материалдық қызметі. Қоғамдық
практиканың негізі – материалдық игіліктерді жасау.
Ақиқат субъект пен объект арасындағы байланыс негізінде жүріп жататын
əлеуметтік – тарихи процесс. Ақиқат – субъектінің шындықты дəл сондай күйінде, санаға
тəуелсіз күйінде бейнелеуі. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы
жағынан субъективті. Объективті ақиқат – деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі
субъектіге, адамға, адамзатқа тəуелсіз мазмұнды айтады.
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол
ақиқатты бірден, тұтасынан абсоютті түрде емес, тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана
білдіреді. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат
деп, ал, толық жəне тура білімді – абсолютті ақиқат деп атайды.
Ақиқаттың диалектикалық материалистік теориялары мына қағидаларға сүйенеді:
1. Ақиқат – əлеуметтік процесс.
2. Объективті ақиқатты мойындау – абсолютті ақиқатты мойындау деген сӛз.
3. Ақиқат барлық жағдайда да нақты.
4. Практика – ақиқаттың өлшемі.
5. Ақиқатты тану – қайшылықты күрделі процесс.
Ғылыми таным – танымдық əрекеттің жоғары бітімі. Ғылыми танымның ерекшелігі
қандай? Ғылым қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Ғылыми таным
нысаналы ( мақсатқа сəйкес) таным, ол нақты міндеттерді шешуге бағытталған. Оның
өзіндік таным тəсілдері мен бітімдері бар. Ғылыми танымға қатаң нақтылық пен дəлдік
тəн. Оның мақсаты дүние туралы жаңа, терең білімдер алу.
Ғылым – күрделі қоғамдық құбылыс, адам əрекетінің арнайы саласы. Бұл əрекет
барысында қоршаған орта мен оның заңдылықтары туралы білім қалыптасады. Дүниені
теориялық игерудің бітімі ретінде ғылым оны практикалық тұрғыдан қайта өзгертумен
тығыз байланысты болады. Ғылым еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету
мəселелерін шешудің негізі болып табылады. Қазіргі кешенді мəселелерді шешуде
қоғамдық, жаратылыстану жəне техникалық ғылымдардың интеграциялануының рөлі
артып отыр. Ғылыми таным – танымдық əрекеттің жоғарғы бітімі болып табылады.
Ғылымда таным тəсілдерінің кқптеген түрлері қолданылады:
1. Жалпылама диалектикалық тəсіл. Бұл тəсілді ғалымдар шындықтың барлық салаларын
зерттеу үшін танымдық процестің барлық кезеңдерінде қолданады.
2. Жалпы ғылымдық тəсілдер. Бұл барлық ғылымдарда қолданылады. Жалпылыма
тəсілдерден айырмашылығы – таным процесінің белгілі бір сатыларында ғана
қолданылады. Бұған анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент жəне т.б. жатады.
3. Арнайы тəсілдер. Белгілі бір ғылымда немесе практикалық əрекет саласында қолдану
үшін жасалынады.
Ғылыми танымның эмпирикалық жəне теориялық деңгейлері бар. Эмпирикалық
деңгейге – тəжірибе (бақылау, эксперимент) барысында алынған білімдер жатады.
Яғни, білім ақиқаттығы жəне өлшемі – алынған мəліметтердің ақиқат немесе жал-
ған екендігінің қарастырылуы, тексерілу тəсілдері, демек, ақиқаттың өлшеміне сəйкес
сарапталады. Əуелі білім алынады, оның ақиқаттығы тексеріледі, ақиқат өлшеміне сəйкес
келсе, ол шынайы білімге айналады.
Таным жалпы алғанда шексіз процесс, бірақ адам танымы-ның жəне
танылатындықта белгілі бір шегі болуы мүмкін. Осы шектен əрі қарай танылмайтын,
интеллигибельділік жайлайды. Бұл үдерістерді Н.Гартман 4 қабатқа бөліп көрсетеді:
танылған, танылуға жататын, танылмаған, танылмайтын. Сондықтан философия
тарихында «алдымен адам дүниені танып біле ала ма, білсе қандай деңгейде, таным
нəтижелері шындыққа сəйкес келе ме?» деген сауалдар туындаған.
Скептицизм – объективті шындықты танып білу мүмкіндігіне күдік келтіретін
ағым. Алғаш рет Антика дəуірінде қалыптасқан, таным нəтижелерінің ақиқат болып
табылмайтындығын дəйектеген.
Агностицизм – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара жоққа
шығару туралы түсінік. Бұл терминді Гексли енгізген. Бұл бағытты: Д. Юм, И. Кант, ие-
роглифтер теориясы, непозитивизм ағымы қолдайды. Мəселен, Юмнің түсінігі бойынша,


объективті дүние бар ма, жоқ па ол шешілмейтін мəселе. Себептер мен іс-қимыл
қатынасын интуициямен де логикалық талдау жасаумен де, дəлелдеумен де шығару
мүмкін емес.
Иллюзионизм – адам қабылдаған шындық, дүние, объекті сол күйінде
бейнеленбейді, тек алдамшылар (иллюзиялар) түрінде көріну мүмкін деп санайды.
Мəселен, И. Кант айтқандай: «Барлық заттар шынайы өмір сүреді деп санап, əрекет ет»
деген тұжырым осы алдамшы қабылданған дүниеде əйтеуір өзі қалағандай тіршілік
ететіндігі туралы ой ниетін бе-реді.
Наитивизм – танып білудің мистикалық сипаты туралы ілім. Осы бағытқа сəйкес,
ақиқат – пікір таластыру арқылы емес, тосыннан берілген шабыттан туындап, құдайдың
адамға жоғарыдан берген ойымен ашылады. Бұл көбіне теологиялық докториналармен
тұжырымдалады.
Иррационализм – ақыл мен ойлау-дың танымдық мүмкіндігі шектеулі деп
санайтын, интуиция, сезім, түйсікті танымның түп төркіні деп есептейтін философиялық
бағыт. Бұдан интуитивизм бағыты бөлініп шығады да, рационалдық танымға қарсы
болып, сыртқы дүниедегі білімдер ме мəліметтер интуицияға негізделеді деп, оны
сананың ерекше қабілеті ретінде көрінетін, сезімдік тəжірибеге жəне дискур-сивтік,
логикалық ойлауға сыймайтын, шындыққа «тікелей» же-туді қамтамасыз етеді деп
түсіндіреді. Интуитивизмнің негізгі өкілдері: Бергсон, Лосский т.б. Бірақ Р.Декарт
дəлелдеудің де-дукциялық формасы аксиомаларда жатыр, ал аксиомаларға еш-қандай
айғақсыз, таза интуиция ретінде жетуге болады деп тү-сінген. Сондықтан ол
интеллектуальдік интуицияға маңыз бер-генмен, оны бəріне ортақ жалпы қасиет деп
санайды.
.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет