«Қазақстан Республикасының дағдарыстан кейінгі дамуы»
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз. Қазақстан экономикасының позитивті қарқыны және оның 50 бәсеке қабылетті әлемнің елінің қатарына кіруге ұмтылуы мемлекеттік реттеудің алдында жаңа міндеттерді қоюда. Дағдарыс жағдайынан кейінгі Қазақстан экономикасының даму мәселелерін қарастыратын болсақ, еліміздің экономикасының даму қарқыны келесі жылы жеткілікті жоғары деңгейде қалатынына сенімдімін. Әрине дағдарыстың орасандығы мен сандаған қиындықтары, ауқымдылығы әлемнің одан әрі дамуы мен тұрақтылығына, экономикасына зиян келтірді. Әлемдік қаржы дағдарысы негізінен қаржы жүйесінің ақауларына байланысты туындаған. Елбасымыз Үкіметпен бірге дағдарысқа қарсы тұру жобасын ұсынды және де дағдарыстан шығуды тек жалғыз басымызбен ғана емес, халық болып, ел болып бірге қарсы тұрдық. «Көппен көрген ұлы той» дейтін баяғы бейқам заманның күні дәл осы бүгінгі күнді айтуымызға болады. Дағдарыстың дабылы қағылған екі жылдың ішінде экономиканың еңсесін түсірмеу үшін Үкімет қыруар жұмыстар жасады. 2007 және 2008 жылдары дер кезінде қабылданған дағдарысқа қарсы бағдарламалардың, сондай-ақ солардың негізінде жүйелі жүзеге асырылған іс-шаралардың арқасында ел экономикасы сыртқы әсерлерден болған сан алуан сындарға лайықты төтеп берді, қиындықтарға мойымады. [1]
Ағымдағы жылғы экономикалық даму көрсеткіштері Қазақстанның ұстанымы тұрақты екеніне дәлел бола алады. Былтырғы жылдың тоғыз айында жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсімі 109,7 пайызды құрады. Ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына қауіп немесе себептер жоқ, өйткені іргелі факторлар өзгерген жоқ. 2010 жылдың басында Қазақстан дағдарысқа қарсы жүргізген саясатының тиімділігі бойынша жетістікке жеткен он елдің қатарына енді. Қазақстанның дағдарысқа қарсы шараларына берілген жоғары бағаны “Дағдарыстан кейінгі әлем институты” қорының сауалнамасы да растады. Сауалнама әлемнің 57 елінің 247 жетекші экономисі, қаржы талдаушылары, ғалымдары, компаниялардың топ-менеджерлері, журналистері мен саясаткерлері арасында жүргізілді. Міне осындай кезеңдерде жалпы да, жалқы да тізе қосып тірлік ету керектігі тайға таңба басқандай айқындалды емес пе? Сонымен қатар, өткен жыл бойынша Қазақстан сенімді және тұрақты экономикалық өсу траекториясын көрсетіп отыр. Экономиканың негізгі салаларының (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік және байланыс) даму динамикасын көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9 айдың қорытындысы бойынша 8 пайызға, ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,4 пайызға ұлғайды. 9 айда ІЖӨ өсімі 7,5 %-ды құрады. [2] Тұрақты да қарқынды өсу динамикасын экономиканың барлық салалары көрсетті және біз үшін маңыздысы, ол шағын және орта бизнесте байқалып отыр. Әрине, жылжымайтын мүлік пен банк секторында қиындықтар сақталуда, бірақ ондағы қалпына келу үрдістері де көп уақытты қажет етеді. Атап өтерлігі, ел экономикасының тұрақтану белгілері ең алдымен өнеркәсіпте байқалып отыр. Егер өндіріс көлемінің құлдырауы биылғы наурыз айында өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7,4 пайыз болса, маусым айында 7 пайыз өсумен алмасқан. Сонымен қатар, әлемдік экономикалық конъюктураның теріс қысымына қарамастан, осы жарты жылдықта өткен жарты жылдықпен салыстырғанда экономиканың локомотивтері болып саналатын ауыл шаруашылығы саласында өнімін өндіру 2,7 пайызға, кен қазу өнеркәсібінде - 1,8 пайызға, газ конденсатын қосқанда мұнай өндіру - 3,6 пайызға, табиғи газ өндіру - 4,5 пайызға, байланыс қызметтері - 3,6 пайызға артқан. Сонымен қатар, жартыжылдықта негізгі капиталға салған инвестиция 7,3 пайызға өскен. Ол негізінен көлік және байланыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларындағы инвестиция көлемінің өсуінен байқалып отыр.
Әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елдердің экономикасына зиян келтірді, көбіне зиян шеккендер АҚШ долларын қолданған аймақтар жатады. БТА Альянс банктеріне мемлекеттік көмек көрсету жаһандық дағдарысқа қарсы тұрудың алғы шарттары болды. Барлық банктер шотына 120 миллиард теңге аударылды: Казкоммерцбанк – 24 млрлд тг; Халық Банк - 24 млрд тг; БТА – 40 млрд тг; Альянс Банк – 14 млрд тг; ал АТФ, Центркредит,Каспий,Еуразиялық, Темір, Цесна банктерінің әрқайсысына 3 млрд теңгеден. Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуына, сөз жоқ, банк саласы үшін қосымша өтімділік, пайыз ставкаларын субсидиялауды қамтамасыз ету сияқты мемлекеттік қолдаудың жедел шаралары әсер етті. Нәтижесінде ол бизнестің экономикалық белсенділігін арттырды. Ал ол өз кезегінде номиналды ғана емес, сонымен қатар нақты жалақының 6,8%-ға өсуіне ықпал жасады. Логикалық тізбек түрінде бұл бөлшек сауда айналымының 13%-ға артуына әкелді. Соның нәтижесінде ішкі сұраныс өсімі ІЖӨ өсуіне біршама ықпал етті. Ұлттық Банктің алтынвалюта қоры резервінің төмендеуі Ұлттық қордың активтерінің тиісінше өсуімен дәйектеледі. Олардың өзіндік жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайызы). Банктер қалыпты деңгейде жұмыс істеуде.Қор жиынтығының қысқара түскеніне қарамастан, банктер экономиканы кредиттеуді жалғастыруда. 2007 жылғы 10 айда экономиканы кредиттеу көлемі 53,8 пайызға, соның ішінде тамыз-қазанда – 4,9 пайызға артты. Біздің бүгінгі қалпымызға шүкіршілік ететіндей негізіміз бар. Бұлай деуімізге мына жайлар түрткі болады. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының көзқарасынша, қазіргі таңда әлемдік экономика біртіндеп тұрақтала бастаған. Соған қарамастан рецессия таяу уақытта әлі аяқтала қоймайтын сыңайлы, ал мұндай алапат сілкіністен кейін әлемдік экономиканың қалпына баяу келетіні болжанып отыр. Сарапшылардың бұлай дейтіндей жөні бар. Өйткені барлық жетекші экономикалық державаларда әлі күнге дейін макроэкономикалық көрсеткіштердің нашарлауы тіркеліп отыр.[4]
Қазақстанның экономикасы тығыз ықпалдасқан ТМД-ның көптеген елдерінде әлі күнге дейін Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) өсім қарқынының айтарлықтай төмендеуі байқалып отыр. Мәселен, 2009 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Украинада ІЖӨ-нің құлдырауы 21,6 пайызды, Арменияда - 16,3 пайызды, ал Ресейде - 13,4 пайызды құраған. О баста жүргізілген дұрыс экономикалық саясаттың арқасында, қазіргі дағдарыс жағдайында Қазақстан экономикасы сыртқы әсерлерге айтарлықтай бекемдігін көрсетті. Бұлай дейтініміз, Үкімет былтырғы жылы нақты ІЖӨ-нің күрт төмендеуіне жол берген жоқ. Нәтижесінде 2009 жылға қарағанда 1,4 пайызға экономиканың оң өсімі байқалып отыр. Бұған қоса, инфляциямен күрес сынды күрделі мәселе де тиянақты шешіліп жатқанын айтып өткен жөн. Мәселен, өткен жылдың 6 айында орташа жылдық инфляция - 8,7 пайыз құрады, бұл 2009 жылдың маусым айына қарағанда 10,3 пайыздық тармаққа төмен. Бұның барлығы экономика өсуінің оң жағын көрсетеді. Әрине, экономиканың ырғақты өсу негізін инвестициялар құрайтыны даусыз. 2010 жылы бұл салада да инвестиция көздері құрылымының өзгеруіне қатысты оң үдерістер қалыптасты. Инвестициялардың денін бизнестің жеке қаражаты құрса, олардың үлес салмағы жалпы көлемде 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы 32,9%-ға қарағанда 46,0%-ды құрады. Бұл бизнестің инвестициялық әлеуетінің қалпына келуінен хабар беретін жақсы көрсеткіш. Бірақ бүгінгі күнгі инфляция деңгейі болашаққа күмән туғызады. Инфляция елдегі ахуалды анықтайтын негізгі және маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі. Оның ықпалын барлық экономика субъектілері, сонымен қатар бизнес те, халық та сезінеді. Сондықтан экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инфляция Ұлттық банк белгілеген шекте қалып отыр. Қазіргі уақытта елдегі инфляция Ұлттық банк белгілеген 6-8 % шегінде сақталып тұр. Бұл ұлттық валютаның нығаюы арқасында жүзеге асырылуда, ол импорт тауарларының бағасына, сонымен қатар тұтыну сұранысының біртіңдеп өсуіне, шетел капиталы ағымының төмендеуіне және ақша массасының біршама өсуіне ықпал етеді. Мысалы, инфляция қыркүйек айында 0,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 0,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%, ақылы қызметтер 0,8%-ға өсті. Жоспарланған инфляцияның дәлізіне кіру үшін азық-түлік тауарларының бағалары 9,7%-дан аспауы тиіс. Инфляция деңгейіне қандай факторлар ықпал етеді? Бұл монетарлық және монетарлық емес факторлар. Монетарлық факторларға елдегі ақша массасының өсуін жатқызуға болады. Мысалы, 2007-2008 жылдардағы инфляция өсуіне (18-20%-ға дейін) монетарлық фактор басымдығы ықпал етті. Бұл кезеңде Қазақстан экономикасы сонымен қатар негізделмеген ақша массасының артуымен, экономикамен салыстырғанда үлкен шетел капиталы ағымы көлемімен, жоғары тұтыну сұранысымен, мемлекеттік шығындар өсімімен, халықтың атаулы табыстарының негізсіз күрт өсуімен, үлкен сыртқы қарыздың қалыптасуына әкелген екінші деңгейлі банктердің агрессиялық саясатымен сипатталды. Осының бәрі экономиканың “қызып кетуіне”, алыпсатарлық көңіл- күйге, бағалардың негізсіз өсуіне әкелді. Бүгінгі күн мүлдем басқаша. [5] Банктер ақша ұсынуды едәуір қысқартып, несие саясатын абайлап жүргізуде. Бюджет тапшылығы орын алуда. Өсім қарқыны жаһандық экономика қарқыны тәрізді қалыпты болады. Сондықтан дағдарыстың туындауына еш себеп жоқ деп айта аламыз. Бүгінгі күні инфляциялық қысым факторлары арасында бірінші орынға монетарлық емес факторлар шықты. Ол — рыноктар монополиясы, әлемнің жекелеген елдерінде астық өнімі болмауынан туатын инфляциялық ықтималдар, қызмет бағаларының өсуі, жекелеген алыпсатарлық әрекеттер. Үкімет инфляцияны ұстап тұру жөнінен шаралар қабылдауда. Мәселен, ағымдағы жылдың басында “Азық-түлік қауіпсіздігінің кейбір мәселелері туралы” заң күшіне енді. Осы заңға сәйкес өндірісі, тұтынылуы және баға құрылымы жергілікті атқарушы органдардың тарапынан қатаң мониторингіленетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі бекітілді. Осы тауарларға рұқсат етілетін бөлшек сауда бағалары шегінен асып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Қазақстан Бас министрі Кәрім Мәсімов үкімет жиналысында жасаған мәлімдемеде Қазақстанның 2010 жылы әлемді жаулап алған жаһандық дағдарысқа қарамастан 7 пайыз деңгейінде өскенін айтты. Қазақстан экономикасында одан бұрын нысанаға алынған болжамдарға қол жеткізілгенін атап айтқан Мәсімов өнеркәсіп өндірісінің 10 пайызға өскенін мәлімдеді. Қазақстанда 2010 жылғы инфляция көрсеткіштері де 7,8 пайыз болып жарияланды. Орта мерзімдік болашақта Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі факторы ішкі тұтынудың артуы, сонымен қатар әлемдік экономиканың одан әрі қайта қалпына келу шаралары бойынша экспорттық тауарларға сыртқы сұраныстың өсуі де негіз болады. Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті. Дағдарыстан аман-есен шықтық, енді міне өрлеуге аяқ басқалы жатырмыз. Қаншама жылдар ішінде күш-жігеріміздің арқасында жиналған табысымызды жоғалтуға құқымыз жоқ.
Сонымен қорыта келетін болсақ, Елбасының саясаттын елге жеткізетін осы отырған жастар. Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Моодy’с Инвесторс Сервіце, Стандард & Поор’с и Фітцһ Ратінг’с Лтд сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды. 2005 жылғы 20 желтоқсанда Фітцһ Ратінг’с рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.[3] Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. [2] Қазақстанның қарқынды экономикалық өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағыттылығын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі ел экономикасы беріктігінің қол жеткен жоғары деңгейін көрсетеді. Өз ойымды Елбасының сөзімен аяқтағым келеді: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Достарыңызбен бөлісу: |