Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Дата25.06.2016
өлшемі230.93 Kb.
#157960
түріРеферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯ
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бейбіт және әскери уақыттың әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері.

Орындаған: Садыбек Ұ.Ә.

Тобы:201 «Б» МПД

Жетекшісі:Жақсылықкеліні Ұ.А.

ШЫМКЕНТ, 2016 ЖЫЛ
Қысқартылған сөздер
АҚ- Азаматтық Қорғаныс 

ҚӘУЗ – қатты әсер ететін улы заттар

ҚжБШЖ- Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар

ҚР-Қазақстан Республикасы

т.б.-тағы басқа

ТЖ- Төтенше жағдай

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері

  2. ҚжБШЖ жүргізу тәсілдері мен амалдары

  3. Құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдығы

  4. Құтқару және басқа шұғыл қалпына келтіру жұмыстары

  5. Құтқару жұмысындағы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері.

  6. Паналау ғимаратынан құтқару жұмыстары

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе


Құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар.

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді[4].

Менің жұмысым 11 беттен, 6 әдебиеттен тұрады


Негізгі бөлім

Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым- зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады.ҚжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; кұрама ic-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланыс- қан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жік- теледі:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);

— қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

— басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

— зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

— зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру. Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

— өрт сөндіру ;

— коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

— тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

— осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орында- рын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

— алаңдарды тазалау;

— техника орнату;

— қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

— жұмыс орындарын жарықтандыру т.е. Адамдарды құтқару жұмыстары күні-түні ауа райының кез келген жағдайында орындалады.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштерінің, әртүрлі жұқ- палы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көлік- тегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсер ететін улы және зиянды заттармен ластанады.Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр жау ықти- малдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толмас залал шегеді.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануар- ларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.



Қызметтердің негізгі міндеттері:

- мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдікшаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;

- ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;

- зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;

- ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;

- жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;

- қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлыта ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;

- дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;

- ТЖ-дағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.



АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерің қамсыздандырудың негізгі түрлері:

- барлау


- инженерлік қамсыздандыру

- химиялық қамсыздандыру

- медициналық қамсыздандыру

- көлікпен қамсыздандыру

- материалдық-техникалық қамсыздандыру

- гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

Бұзылыстың сипаты мен желдеткіш жүйесінің қалпына қарай адамдар бо- луы мүмкін бөлмелерді газдан желдету, өрттен, су басудан, сақтау амалын қарастырылып, қажет болса жер асты жолдарына көршілес штректер арқылы, ал мүмкіндік болса аман қалған шахталық көлік құралдар (электртасушы, кө- ліктік науа, лебедкалар) және апатты көтергіштер көмегімен адамдар жер үс- тіне көшіріледі. Құтқару жұмыстарын әскериленген тау-кен-құтқару бөлім- дерімен және қосымша шахталық тау-кен-құтқару топтары тау-кен-құтқару жетекшілерінің тікелей басшылығымен өткізеді.Бөлімшелердің жеке құрама- сы құтқару жұмыстарды шахтада, кен-қазбада жүргізу үшін распираторлар- мен,газқағарлармен, өздік құтқару құралдарымен қамсыздандырылады. Шах- таларда құтқару жұмыстарын шахта АҚ басшысы және инженерлік-техника- лық қатардан шыққан адамдар жүргізеді. Негізгі назарды олар (өрт, түтін, газ аумағындағы) адам өміріне қауіп төндірстін өртті өшіру бойынша жұмыста- рына аударады[1].

ҚжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық залалдану дәрежесінен;құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайла- рынан тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарга, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек.

Кіретін жолдары бір бағытты қозғалысында 3-3,5м енімен және екі бағытты қөзғалысында ені 7м болады. Мұнда бір бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200м сайын 15-20м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады.

Панахана ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзынғанды тазалау, одан кейін есікті аршу немесе бұзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Зақымдалған адамдарды жасалған жол арқылы мына амалдарымен: қолмен, плащпен, брезентпен, пленкамен, көрпемен, сүйреу жолымен, зембілмен т.б. заттар арқылы орындалады. Адамдарға алғашқы медициндік жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аудандарға шоғырландырады.

Тірі адамдарды тапқан бойда құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды.

Электрқуат жүйелеріндегі аварияларын жоюы тек тоқ айырылған соң (ғимарат кірісінде ажыратқышты, сақтағыштарды айырған, сымдарды кесумен) өтеді. Электр жұмыстарында жүйе аумағы екі жақтан жерленеді.

Канализациялық торабында аварияларды жою үшін ағынды суларын бұрып, зиян шеккен жерін ажыратады.

Технологиялық құбыр берілістерінің қирау шамасында шұғыл жұмыстар жарылыс пен өрт болдырмау мақсатында (құбыр тосқауылдарын және қысым ұстайтын насостарын өшіру) орындалады.

Құтқару жұмыстар барысында қираған ғимараттарды бұзу жұмыстары көтергіш, трактор немесе жару амалдарымен жасалады. Қабырғалардың күшейтілуі неше түрлі тіреулер арқылы өтеді[2].

АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.

Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:

- АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;

- белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

- жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама ішіне өзгеріс керек болса жасау;

- автокөлікті, және т.б. мүлікті қабылдап оның ақаусыздығын тексеру ;

- жеке құрамаға табелдік мүлікті таратып, оның күтілуін қадағалау;

- жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

- жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

- жиналу ауданында (талап етілсе) автокөлікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

- құрама ішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жина- лу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Жиналу орындарында жеке құрама табелдік мүлік қабылдайды оның ақау - сыздығын тексеріп, жеке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.

Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжу үшін толық дайындыққа келтіріледі.

АҚ құрамасының дайындыққа келтірілгендігі туралы жоғары бастыққа баяндайды (АҚ штабының бастығына).

Зақымдалған ошақты жою міндетін алған бетте командир жағдайды білу үшін барлаушыларды жібереді. Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлау- шылар әр 300—400 м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды. Зақымдалған ошағын тауып, олар аумақты зерттейді, ошақ шека- расын оған кіру жолдарын анықтайды,ҚӘУЗ таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу сипатын, зардап шеккендердің хал-ахуалдарын бағалайды. Алған мәліметтерді барлаушылар құрама командиріне дереу баяндайды. құрама ко- мандирі бастықтың ақпары негізінде және барлаушылардың, мәліметтеріне қарай өз шешімімен қол астындағыларға ауызша бұйрық береді. Бұйрықта құрама командирі авария саналатын және орнын,улы заттар түрін әрі бұлар- дың таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу дәрежесін, өрт жағдайын көрсе- теді.Сол орында құрама командирі ең басты шешімдерді анықтайды және ма- шиналардың т.б. құралдардың пайдалану ретін нақтылайды[3].

     Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі Қазақстан Республикасы заңындағы негізгі түсініктемелер:авариялық-құтқару қызметі,авриялық-құтқару құрылымы,төтенше  жағдайды алдын-алу кезіндегі шұғыл жұмыстар,құтқарушы,төтенше жағдайды алдын-алу кезіндегі басқарушы,авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері.“Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі”  Қазақстан Республикасының 1997 жылы 27-ші наурызды қабылданған.Бұл заң  табиғи техногенді  сипатқа ие  төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдардың ұйымдастырылуын реттейді.Заңда құтқарушылардың қызметі,статусы,құқығы менміндеттері,жұмыс тәртібі,демалысы,еңбек төлемі қарастырылған.Авариялық-құтқару қызметі-төтенше жағдайдың алдын-алуға тағайындалған,функциальды бір жүйеден құралған,оның негізін  құрайтын авариялық-құтқару құрамына құтқарушы-орындаушылар,авариялық-құтқару және шұғыл жұмыс атқаратындар, құтқарушы осы жұмысты басқарушылардың кіші ,орта және жоғарғы құрамы мен  осы жұмысты қосымша техникамен қамтамасыз ету қызметі кіретін басқару органдарының жиынтығы.Авариялық-құтқару құрылымы құтқару және шұғыл  жұмыстарды жүргізуге арналған,арнайы аспаптар мен материалдар, технника,құралдармен жабдықталған құтқарушылар бөлімшесі,ол  авариялық-құтқаруь қызметінің құрамына кіретін  жеке құрылым болып саналады.Құтқару жұмыстары-адамдарды,материалдық жән  мәдени бағалықтарды,қоршаған ортаны,әртүрлі сипаттағы қауіп төндіретін факторлар әсерін алдын-алуға және шеттеуге арналған төтенше жағдай аумағындағы іс-әрекет.Авариялық-құтқару қызметі төтенше жағдайдың алдын-алу  кезіндегі шұғыл жұмыстарды,құтқару жұмыстарын,төтенше жағдай кезінде халыққа, зақымданушыға медициналық және басқа көмек түрлерін көрсету,адамдардың денсаулығын,өмірін және жұмысқа қабілетін сақтауға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету шараларын  жан-жақты жүргізеді.

     Құтқарушы-құтқару және шұғыл жұмыс жүргізетін арнайы дайындықпен аттестациядан өткізілген азамат.Құтқарушылар статусы  Қазақстан Республикасы заңдылығымен бекітілген  құтқарушының міндеті  мен құқығының жиынтығы.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды  төтенше жағдай аймағында жүргізу азаматтық қорғаныс пен   төтенше жағдай жүйесінің негізгі міндеті болып саналады.Құтқару  және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізудің мақсаты адамдарды құтқару  және зақымданғандарға  медициналық көмек   көрсету,авариядағы зақымдануды жою, экономика нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай туғызу  болып табылады.Төтенше жағдай аймағындағы  құтқару жұмыстарына зақымданған ошақты барлау,колонналық жол салу және үйінділердің арасынан өткел жасау, нысанға барар жерлердегі және құтқару жұмыстары  жүргізілетін нысандардағы өртті өршітпей сөндіру,құлап қалған паналау ғимараттары  мен жасырыну орындарын қазып,аршу,олардан зардап шеккендерді көшіру,үйінділердің астынан адамдарды құтқару,оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп,емдеу мекемелеріне жөнелту,халықты төтенше жағдай аймағынан көшіру,адамдарға санитарлық өңдеу жүргізу,аймаққа,техникаға және киімге  дегазация,дезактивация,залалсыздандыру жұмысын жүргізу жптады.

      Авариялық шұғыл қалпына келтіретін жұмыстарға басып қалу қауіпі бар үйлер мен ғимараттарды нығайту немесе бүтіндей құлату,энергия желісін қалпына келтіру,коммуналдық-энергиялық желілер мен ғимараттардағы аварияларды жою,зақымданған байланыс желілерін қалпына келтірулер жатады.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар күні-түні ,кез келген ауа райында, құтқару толық аяқталғанша үздіксіз жүргізіледі.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды төтенше жағдай аймағында ұйымдастырылған түрде жүргізу үшін азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың топтары құрылады .Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар:

-қорғаныс ғимараттарын,жертөлелерді ашуға арналған көліктер(экскаваторлар,крандар,домкраттар);

-тесіктер жасап ауа жіберуге арналған пневматикалық құралдар;

-темірді кесуге арналған құралдар;

-жолсыз жермен көліктің жүруін қамтамасыз ететін құралдар,

-сумен қамтамасыз ететін құрылғылар(бұрғылауқұрылғысы,сүзгіш стансылар);

-адамдарды іздеу құралдары(кинолог,иттер,жылу пеленгаторы).

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуде техника мен көлікті қолданудан басқа болжау,жағдайды бағалау,төтенше жағдай аймағын бақылау,құтқаруды жүргізу алгоритмін құру,жұмыс аймағының ерекшеліктерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі.Кез келген магистральдағы және  ғимарат ішіндегі газ тараптарын өшіру,аса маңызды.Трубалардағы саңылаулар брезентпен оралады.Бұл жұмыстың барлығы оқшаулағыш газ сейілткіш кию прқылы жүргізіледі.Электр тораптарын жөндеу,олардағы тоқты толық өшіргеннен соң жүргізіледі.Технологиялық тораптардағы авриялық жұмыстар сорғыштармен су өткізгіш құбырларды жапқаннан кейін жүргізіледі.Құлағалы тұрған ғимараттарды жарылғыш зат,трактор арқылы бұзады. 

  Аралас зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу.Аралас зақым ошағында құтқару жұмыстарын жүргізіп,ұйымдастыру,ядролық  және  химиялық зақым ошағына  қарағанда қиын.Бұл қарсыластың  бір мезгілде жаңа  қарудың барлық түрлерімен  шабуыл жасағандағы  жағдайдың  қиындығымен түсіндіріледі.Аралас зақым ошағы бейбіт кезеңде де болуы мүмкін.Мысалы,жер сілкінісі кезінде ғимарат қирағанда газ магистральдарының жарылысына әкеледі,бұл бөлме ішінің газданып,өрт шығып,адамдардың улануын туғызады.Химиялық өндірістерде улану өте улы заттар сақталған ыдыстардың бұзылуынань  пайда болады.Армениядағы жер сілкінісінде атом электр стансасында апат болу қаупі төнді,бұл қираудан басқа,қоршаған ортаның радиоактивтік ластануға әкелуі мүмкін еді.Сондықтан жер сілкінісінен кейін АЭС-сын жабу туралы шешім қабылданды.Аралас зақым ошағында құтқару жұмыстары дұрыс жүргізілуі үшін барлаудың барлық түрлерін ұйымдастырады.Бактериялық заттардың түрлерін анықтауда,аса қауіпті  жұқпалы аурулардан қорғау режимі бойынша шаралар жүргізіледі.Қоздырғыштың түрін анықтағаннан кейін зақымдану ошағы  мен жақын жатқан аудандарда эпидемияға қарсы оқшаулау шаралар жүргізіледі.Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бастығының шешімімен биологиялық зақымдану ошағында карантин,ал айналасындағы аудандарда обсервация жарияланады.Барлаудың негізгі күші улағыш заттар мен әсері өте күрделі улағыш заттардың түрін,концентрациясын,таралу бағытын,жұқпалы аурулар қоздырғышының түрін және қолдану әдісін,зақымданған аудан шекарасы мен учаскелердің барлық түрлерін анықтауға жұмылдырылады.Аралас зақымдау ошағында ең алдымен қауіпті зақымдау факторын анықтайды,оның әсерін төмендетіп,содан кейін басқа зақымдау факторларының әсерін жояды.Барлау мәліметтерін қорытындылай келе,азаматтық қорғаныс бастығы құтқару жұмыстарының жүргізілуін шешеді.Азаматтық қорғаныс бастығы жоғарыда келтірілген  құтқару жұмыстарынан басқа ядролық ошақта халықты таратып орналастыру  және көшіру пунктерін анықтап,карантин  және обсервация аймақтарында олардың меззімін беогілейді,құрылымдарды қорғаныс заттарымен,сонымен қатар бактериялық,радиоактивтік,улағыш заттармен зақымданғандарға көмек көрс етуге арналған дәрілермен қамтамасыз етілуін,дегазация,дезактивация және залалсыздандыруға жататын аймақты анықтауды,эпизоотияға,эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық шаралардың жүргізілуін бақылайды.

      Аралас зақымдану ошағында жұмыстың дұрыс жүргізілуі,дер кезінде медициналық күштер мен құрылыдарды ошаққа кіргізіп,улағыш және әсері өте күшті улағыш заттармен зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету мерзімін  мейлінше қысқарту қажет.Зақымданғандарға алғашқы медициналық көмекті медициналық құрылымдар  көрсетеді.Қан тоқтату мен жарақатты танудан басқа радиоқорғағыш дәрілер,антидоттар,антибиотиктерді кең қолдану,сонымен қатар жедел алдын-ала және жартылай санитарлық өңдеу жүргізу қарастырылады.Улағыш заттар мен әсері өте күшті улағыш заттармен  зақымданғандарға бірінші кезекте көмек көрсетіледі,себебі бұл заттар ерекше қауіпті жылдам әсер етеді.Зақымданғандарды химиялық,бактериологиялық және  радиоактивтік заттармен уланғанына,түріне ауырлығына байланысты топтарға бөледі,себбі медициналық көмек көрсеткенде,көшіргенде зақымданудың таралуын шектеу мүмкіндігі болады. Зақымданғандарды эпидемияға қарсы шараларды қолданып,оқшаулау арқылы емдеу мекемелеріне көшіреді.Зақымдау ошағын қорғауда коменданттық қызметтің ұйымдастырылуына аса көңіл бөледі және оған кіріп,шығуды бақылайды.Аралас зақым ошағында құрылымдарды ауыстыру үшін қатаң тәртіпті қадағалау шаралары жүргізіледі.Ауысқан құрылымдар ауданнан шығарылып,бактериялық,радиоактивтік,химиялық зақымдау түрлерін ескере отырып, арнайы өңдеуден өткізіледі.Қажет болған жағдайда құрылымдар орналасқан кауданға карантин жүйесін енгізеді.Карантин немесе  обсервация  тәртібін азаматтық қорғаныстың басшысы ғана өзгерте алады.Аймақты, жолды,ғимараттарды және көліктерді залалсыздандыру кезінде,алдымен оларды дегазациялайды және залалсыздандырады,содан кейін,егер радиоактивтік  зақымдану деңгейі қалыпты радиация мөлшерінен жоғары  болса,дезактивация жүргізіледі [4].



      Құтқару жұмысындағы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері.Медициналық көмекпен қамтамасыз ету жеке құрылымдардың денсаулығы  мен жұмысқа қабілетін  сақтау үшін,науқастар мен зақымданғандарға дер кезінде медициналық көмек көрсету,оларды көшіру,емдеу және тез арада қатарға қосылуы,сонымен қатар жеке құрылымдар арасында жұқпалы  аурулардың  өршуінің алдын  алу үшін қажет.Медициналық көмекпен қамтамасыз  етуге емдеу,алдын-алу,санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы  және  емдеу-көшіру шаралары,сонымен қатар құрылымдардың әрекет  етуінің барлық кезеңдерінде жүргізілетін  жұмыстар кіреді.Құтқару жұмыстарымен  қатар медициналық көмекпен қамтамасыз ету санитарлық жасақтар күшімен құрылған  медициналық  құрылымдар бекеттерінде жүргізіледі.Ауылдық нысандардағы медициналық көмекпен қамтамасыз ету құрылымдарының  қызметін санитарлық  бекеттер  немесе совхоздардың  фельдшерлік учаскелеріне   жүктеледі,қажет болған жағдайда олар аудандық  аурухананың мамандарымен  күшейтіледі.Жалпы басқаруды ауданның азаматтық  қорғаныс,төтенше жағдай медицина қызметінің бастығы жүргізеді.Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.Жартылай қираған ғимаратта,үйінді астында,паналау мен паналау ғимараттарында қалған зардап шеккендерге көмек көрсетудің ерекшеліктері.Үйінді астында қалған паналау ғимараттарынан адамдарды құтқаруды жалпы тағайындалған құрылымдар жүргізеді.Жұмыс келесі ретпен атқарылады:паналарды үйінді астынан табу,паналаушылармен байланыс орнату ,үйінді  астында қалған панаға ауа жіберу, инжинерлік көлікке арналған  панаға апаратын өткізгіш құрылғы қою,коммуналдық шаруашылық  тораптарындағы апатты жою,үйінді астында қалған паналау  ғимаратын ашу,панадан  жинау орныны дейін жол салу,зақымданғандарға медициналық көмек көрсетіп,оларды медициналық пунктерге көшіру,сау адамдарды жинау бекетіне  жіберу және ашылғань панаға белгі қою. Үйінді астында қалған паналарды іздестіру жұмысы нысанның жоспары және жергілікті белгілер бойынша жүргізеді.Зақымдау ошағына  инжинерлік барлау тобы жіберіледі,олардың міндеті паналар  және паналаушылар қандай  жағдайда екенін анықтау.Паналау ғимаратындағы адамдармен байланысқа түсу үшін,осындай   радиобайланыс  қолдануға болады.Егер радиобайланыс мүмкін болмаса паналаушылармен  ауа жинағыш тесіктер,люктар,панаға кіретін жылу немесе  су құбырларынтақылдату арқылы сөйлеседі.Сүзгіш  желдеткіш арқылы  ауа жіберу  жүйесі бұзылған  жағдайда,панаға ауа жіберу үшін  ауа жинағыш  өзекті  тазалайды,мұны жасау  мүмкін  болмаған  жағдайда,қабырғада  тесіктерді  бұрғылап,жылжымалы желдеткіш  немесе  компрессор  арқылы ауа жібереді.Пананы ашу үшін,міндетті түрде авариялық шығу жолын тазарту  керек немесе қабырғаға ойық жасау  керек.Мұндай жұмысқа  экскаватор,бульдозер және крандар  қолданылады.Жертөлелердегі  паналардың  авариялық  шығу  жолы  болмайды.Сондықтан ол жерде негізгі  кіру жолын  тазарту керек.Тазарту  үшін  автокранды  қолданады,оның көмегімен  кіру жолын  жауып  қалған  ірі  заттардан   тазартады,содан  кейін есікті жұлып алады.Кірер жолды тазалау мүмкін болмаған жағдайда,жабынды үстінен тесік  жасайды.Бұл әдіс паналау ғимаратындағы үйінді өте биік болғанда және жабындыны бөліктерден тазалау мүмкін болғанда қолданады 

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар жер үсті көлігі (автомобиь, тміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ), су көлігі (теңіз, өзен) санитарлық бейімделген көліктер жатады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдауды тасымалдаудың амалдары анықталады: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен, автобуспен, автомобиль шанғымен.

Иықтап – көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің 2 аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанын ұстайды.

Арқалап – көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның 2 аяғы арасына иығын беріп тұрады және тізесін бүгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолмен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.

Қолмен – көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолмен арқасынан, екінші қолмен санынан алады, адам көтерушінің мойынын құшақтайы. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолмен алдында ұстап келеді.

Екі көтерушімен – «қол ұстасып», «бірінің артынан бірі» және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып» тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды. «Бірінің артынан бірі тасымалдауында көтерушінің біреуі зардап шегушіні арт жағынан жақындап тізерлей отырады. Бас жағынан тұрған көтеруші бір қолын арқа астына екіншісін белдің астына жібереді, басқа көтеруші екі қолын оның балтыры астына жібереді, ал жарақаттанған адам бірінші көтерушінің мойнын құшақтайды.

Зембілмен – тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық-көрпе, киім арқылы қолайлы жағдай жасау керек. Зембілге жатқызу шарты: зембілді зардап шегушінің жарақат жағынан қояды; 2-3 адам сау жағынан бір тізесін бүге отырады, қолдарын ақырын зардап шегушінің астына жіберіп, оны бір сәтте көтереді. Осы мезгілде үшінші не төртінші адам зембілді зардап шеккеннің астына қояды ал көтерушілер абайлап жатқызады.

Автомобиль шанағында тасымалдау. Автомобиль шанағына тиеу алдында оны даярлау қажет: артқы жағдайын және зембіл қол құлағы үшін барлық құлыптарды ашады, белбеулерді жазады, шанақтан ауыстырмалы зембілді шығарады.

Тиеу барысында санитарлық жасақшы буыны зембілді бас жағымен ашылған шанаққа кіргізеді. «Жан-жаққа» нөмірі бойынша 4-ші мен 1-ші нөмірлілер зембілдің оң жағында, ал 2-ші мен 3-ші нөмірлі сол жағында тұрады. «Көтер» – командасы бойынша топ зембілді қажет биіктікке көтеріп зембілдің бас жағын аяғына сабымен шанақтың жиегіне қояды. «Кіргіз» әмірі бойынша зембілді шанаққа итереді. Оны жүргізуші немесе еріп жүретін адам қабылдайды.

Автобус ішінде жарақат алғандарды тасымалдау барысында осы айтылған ережелер орындалады. Зембілдерді терезе арқылы кіргізуге болады. Автобус ішінде оны жасақшылар қабылдайды.

«Қолмен», «арқалап», «иықтап» тасымалдау әдістері егерде зардап шегушінің сүйегі сынбаған жағдайда ыңғайлы, ал сынған жағдайында «екі көтерушімен» қолайлы.

Санитарлық зембілдер. Санитарлық зембілдер стандартты өлшемдері бар: 221,5 см ұзындығы, ені 55 см, биіктігі – 16 см, массасы 10 кг дейін. Зембілді жиналған (оралған) түрінде сақтайды әрі тасымалдайды.

Зембілді бір уақытта 2 адам ашады. Белбеулерді жазып, бағаналарды қол ұстағыш арқылы керіп матаны тартып қояды. Одан кейін тіземен тіректі сырт еткен дыбыс естілгеше басып,тігістің қалайша жабылғанын тексереді. Бас жағына жастық не бсқа қолда бар жұмсақ затты қояды.

Зембілді жинау барысында 2 тасушы бір уақытта құлып тиектерін ашады, тиектерді өздеріне қарай тартады, зембілді жартылай жинап, аяқтарымен жоғары аударады, сонда мата зембілден кері бағытқа төңкеріледі, одан кейін бағаналады, зембілді аяғына қойып матаны 3 орап белдіктермен бекітеді.

Тасымалдауды жеңілдету үшін зембілге арнаулы белдіктер орнатылады. Ол 360 см ұзындығы бар екі 6,5 см шетінде металды тоғасы бар брезенттік белдік. Тоғыстан 1 метр аралықта брезент жапсырмасы тігілген, ол белдіктің бос шетін өткізіп тоғыса бекітуге мүмкіндік береді. Сонда белдік сегіздік секілді болады.

Зембілмен тасымалдағанда бір қатар ережелерді сақтау керек. Жазық жермен жүргенде зардап шегушіні аяғын еркін жазып ал, егер, оның халі мүшкір болса, оның басын алға қаратып тасымалдаған жөн. Бұл артта келе жатқан көтеруші жарақат алғанның бетін яғни хал-ахуалын қадағалауына мүмкіндік береді, керек болса тасымалдауды тоқтатып қажетті жәрдем көрсету үшін де қажет.

Тасымалдаушыларға өкшелерін баса қалыспай жүгірудің қажеті жоқ, керісінше баяу, төмпеш-ойықтарды айналып жылжыған дұрыс.

Тауға қарай көтерілгенде зардап шегушінің басын алға, ал төмен түскенде артқа қаратып жылжыған дұрыс. Аяғы сынған жарақат алушыларды керісінше тасиды. Жалпы көтерілуі не төмен түсуі кезінде зембіл көлбеу күйінде болуға тиіс. Ол үшін: көтерілу кезінде артта келе жатқан адам зембілді өз иығына дейін көтереді, ал төмен түсуге осы әдісті алда келе жатқан адам қайталайды.

Арнаулы зембіл жоқ кезінде оны қолда бар (бақан, таяқша, пальто, көрпе және т.б.) құралдардан жасайды. Ондай зембілдер адам салмағын мықты көтеретіндей болу керек. Көтергіш белдіктерді 2-3 бөліктер, брезент, жайма, жуан жіп-арқан кесінділерінен жасауға болады [5].

 Тесік жасау үшін соққыш және бұрғылау балғалары қолданылады.Қабырғада ойық жасау,жабынды үстіндегі үйінді өте биік болғанда және паналау ғимаратының  сыртқы қабырғасына жетуге мүмкіндік болмағанда жасалынады.Бүл үшін паналау ғимаратының жабын қабырғасын ашып тазалау қажет,ол жерден тесік жасау керек,жер асты галереясының қабырғасынан ойық жасау,паналау ғимаратын ашудағы ең қиын жұмыс.Бұл паналау ғимаратының үстін,кіру жолдарын үлкен үйінді басып қалғанда қолданылады,оныжасау үшін көп уақыт қажет.Пананың қабырғасына       жету үшін жер асты галериясын қазады.Бұл галерияның өлшемі 0,8 х 2м және өлшемі 1,0 х 1,0м вертикальды шахтадан қаланады,оны үйінді шекарасынан қысқартады.Пана қабырғасына жеткеннен кейін онда галереядан тесік жасайды.Паналау ғимаратын ашылды деген кестемен белгіленеді.Үйінді астындағы зардап шегушілерді құтқару үшін үйіндіні тексеруден,оған қалай жақындап, қандай әдістер қолдану керектігінен бастау керек.Зардап шегушілерді іздеу үшін аймақты,нысанды,тұрғындар кварталын тексеруден бастайды.Бір мезгілде қайталап құлаудың алдын-алу шараларын қолданады, газ және электр тораптарын өшіріп,су берілуін тоқтатады.Үйіндінің жоғарғы бөлігіндегі зардап шегушілерді құтқару үшін,бойлап үйіндіні жоғары жағынан тазалайды.Зардап шегушілергше қосымшаь жарақат түсірмес үшін алдымен ірі,сосын ұсақ бөлшектерден және қоқысты қолмен тазалайды.Ғимарат ішінде үйінді астында қалған адамдарда құтқару үшін үйіндінің бүйір қабырғаларынан тар жол жасау қажет,жол салу кезінде ғимараттардың қираған элементтері арасында пайда болғансаңылауларды қолдану қажет.Жолды бағаналармен бекітедіжартылшай қираған,жанып жатқан ғимараттардан адамдарды құтқару үшін өртке қарсы құрылымдкар бір мезгілде өртті сөндіреді.Бұл жағдайда жалпы және едициналық құрылымдар жұмыс атқарады. Баспалдақ торшалары бұзылған жағдайда зардап шегушілерді сақталған немесе азғана бұзылған,көрші баспалдақ торшаларынан көшіреді.Баспалдақ торшаларынан шығу жолы бұзылса,оны уақытша тақтайдан жасалған баспалдақпен ауыстырады.Адамдарды түсіру үшін бекімелі баспалдақтар,жіптер,жіп баспалдақтар,механикалық баспалдақтары,көліктік телескоптық бағаналар және көтергіштерді қолданады,олармен коммуналдық-техникалық қызмет құрылымдары жабдықталады.Өрт қауіпі немесе қирау төніп тұрнған ғимараттардың жоғар,ы қабатындағы адамдарды түсіру үшін тік ұщақтар қолданылады.Түтіндетілген жағдайда адамдардыь құтқару ерекше қиындық тудырады,өйт-кені қорқыныш жағдайындағыь адамдар күтпеген орындарға тығылады.Құтқарушылар адамдарды тауып қана қоймай, оларды тез арада жанып жатқан түтінді ғимараттан шығару керек[6].

Қорытынды

Сонымен, құтқару жұмыстары адамдарды құтқарып алумен қатар, қоршаған ортаны қорғау, оларға төнген қауіпті қатердің алдын алуымен тікелей байланысты. Сондықтан бейбіт және әскери уақыттың әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу өте маңызды болып табылады. Өйткені кез келген жағдайда төтнше жағдайлар болуы мүмкін, осындай жағдайларда құтқару жұмыстарын тиянақты жүргізу арқылы адамдардың өмірін аман алып қалуға болады. Сол себепті әрбір мемлекет өз халқын қорғау мақсатында, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға, жоғары деңгейде дайын болуы керек. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды  төтенше жағдай аймағында жүргізу азаматтық қорғаныс пен   төтенше жағдай жүйесінің негізгі міндеті болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Қазақстан Республикасы ТЖ жөніндегі Агенттігі, ТЖ және АҚ Республикалық курстары, І кітап Алматы-2003ж.Жалпы беті.....................................................................[219-240бет]

2. "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері", Оқу құралы, Нәбиев Е. Астана, 2012ж Жалпы беті……………………………………………………………...[131-145бет]

Қосымша:


3.«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2015.10.01.берілген өзгерістер мен толықтырулармен)…………….….[78-80бет]

4.”Авариялық-құтқару қызметтері және құтқаругылар мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы 27.03.1997

Электрондық ресурс:



5. http://www.studfiles.ru/preview/5428124/page:5/

6.http://group-global.org/ru/publication/14550-rol-sluzhby-mediciny-katastrof-v-realizacii-gosudarstvennoy-programmy-salamatty

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет