Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетінөнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.
Басқарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалетрияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді.
Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер етті. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі континентальды Еуропа (Франция, Германия және т.б.) елдерінде ұлттық шоттар біртұтас нысанында қаржы және басқарушы есеп шоттары болып саналады.
Екінші дүниежізілік соғыстан кейін Еуропаның экономикалық өміріне американдық капитал ене бастады да, сосын олар экономиканың басты салаларын иеленді, онымен бірге бухгалтерлік есепте англо-американдық тәсілі таныла бастады. Осыдан кәсіпорындағы әкімшіліктердің мүдделерін (қызығушылығын) қамтитын қаржылық пен басқарушылық және де коммерциялық құпияны сақтайтын шоттар жоспары керек екені жөнінде теориктер мен практирдің пікірлері бір жерден шықты. Ұлттық шоттар жоспарының одан әрі дамуы қаржылық есепті жасау мүмкіндігіне бағытталды және көбінесе олар өздерінің қаржылық есеп аясында шектелді. Бұндай құрылымдқ өзгерістер ағарту саласына да өз әсерін тигізе бастады.
Басқарушы есептің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық бухгалетрлер ассоциациясының түлектерге бухгалтер-талдаушы квалификациясын беріп, басқарушы есеп бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалетрлік есептің қаржы және басқарушы есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқындады.
Отандық экономикада басқарушы есепті жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалетрлік қызметтің атқаратын жұмысы совет үкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып ұарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалетрі есептік те, ондай-ақ жоспарлы-талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мен орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейілерінде біртіндеп бухгалетрлік қызметтен жоспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бугалтерлік өкілеттіліктің бір бөлігін беру орын алды. Осының нәтижесінде бухгалетердің бұл қызметі іс жүзінде кәсіпорынның шаруашылық мірінің фактілерін есетік тіркеумен ғана шектелгені баршаға мәлім.
Қайта құру кезінде, нарықтық экономиканың пайдасына орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың ролін дәлелсіз төмендетудің салдарынан – кәсіпорынның техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отандық тәжірибеде қолданылған техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспарды жасаудың тәртібін еске салады.
Қазақстандық экономистерге жақсы танымал, факторлық ауытқуларын талдау кезінде пайдаланады.
Кеңестік экономикасының, тұсында басқарушы есептің бір тұжырымдамасы (концепциясы) – жауапкершілік орталықтары бойнша басқару болып табылады, яғни осының бір белесіндей көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды енгізуге бірқатар табанды талпыныстар жүргізілді.
Ең бастысы, басқарушы есептің негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады. Отандық тәжірибеде калькуляциялауға байланысты мәселелер терең зерттелген. Басқарушы есетің «стандарт-кост» жүйесіне ұқсас болып келетін калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдістері аясында, бүгігде өте бай теориялық және практикалық тәжірибелер жинақталған. Олай болса, директивтік экоомикада пйадаланылған басқарушы есептің тәсілдері мен әдістері неліктен тиісті нәтижелерді бермеді, деген заңды сұрақ туады ? Жауабы оңай: өндірістік шығындарын төмендетуде мүдделі меншік иесінің болмауы. Дәлірек айтсақ, баға белгілеу, шығын механизмінің аясынан аспады, ал «экономика – үнемі болу керек» ұраны тек қана ұран болып қалды. Тек қана нарықтық қатынастар жағдайында басқару әдістерін басқарушы есептің біртұтас жүйесіне объективті түрде интеграциялау мүмкіндігі туды.
Басқарушы есептің шексіз құқына тән кейбір мәселелерімен шаруашылық субъектінің жекелеген бөлімшелері бүгінгі күннің өзінде-ақ айналысуда, бірақта бұл ақпараттар әр түрлі службалар арасында сан тарапқа бөлшектенген, сондықтан оларды дер кезінде, кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай деңгейде болмай отыр.Экономикалық қызметті талдау жүргізілсе де, ол тек шыруашылық субъектілеріндегі негізгі қаржылық көрсеткіштері толық қалыптасып біткен соң барып бір шама кешіктіріліп жасалады және де оларға әсер ету мүмкіндіктері де пайдаланбайды; жеке бөлімшелердің жұмыстарының тиімділігі мүлдем талданбайды.
Шаруашылық субъектілерінде қажеттілік пісіп-жетілсе де, іс-жүзәнде салықтық жоспарлау жоқ. Сонымен бірге басқарушы есептің негізін құрайтын калькуляциялаудың ойластырып табылған тәсілі, кейбір жағдайда, ұйымдардың салықтық ауыртпалығын жеңілдетуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына кшуі, яғни жаңа экономикалық жағдайлар, міндетті түрде бухгалтерияның атқаратын қызметтері мен өкілеттіліктерін ұлғайтты. Бухгалетрлік кәсіп сапалы деңгейге дейін шықса, ал бухгалтер-талдаушы өз қызметінде шаруашылық фактілерді есептік тіркеуден өндірісті басқаруға тсе, онда есептің жаңа сатыға көтерілгені.
1997 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында қаржылық ееп берудің халықаралық стандартына сәйкес бухгалетрлік есепті қайта құру бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандартарына сәйкес ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады. Бұл мақсатқа – кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар жүйесінқалыптастыра алса ғана жетеді. Монографияның басты міндетінің бірі, шаруашылық субъектілерінде басқарушы есепті құруда, түсіндіруде, енгізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету болып табылады.
Бірақта, А.Д.Шереметпен, Безрукихтың П.С. пікірлерінше, отандық тәжірибеде қазір басқарушы есеп ұғымы кеңінен қолданбайды деп жазады. Оның көптеген элементтері бухгалетрлік есепке (өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау); жедел есепке (жедел есеп беру); экономикалық талдауға (өнімнің өзіндік құнын талдау, қабылданған шешімдердің негізделуі, жоспарлы тапсырмаларды орындауды бағалау және т.б.)кіреді. Сонымен бірге, отандық тәжірибеде басқарушы есеп маркетингпен әлі де үйлеспеген, нақты шығындардың болжамды шығындардан ауытқуы анықталмайды, болашақ ақша бірлігі сияқты категориясы қолданбайды және т.б.
Басқарушы есептің қалыптасуы, деп жазады Карпова Т.П. ол калькуляциялық есептің базасында қалыптасқан, сондықтан оның оның негізгі маөмұны болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде пайда болған аудармалы және отандық жүрген ақпараттарда, және бухгалтерлік есеп бойынша шыққан еңбектерде «Басқарушы есеп» туралы берген ұғымының анықтамасында кездеседі.
Жаңа элементтері толығымен қалыптасып бітпесе де, басқарушы есепті біздер үшін таныс емес нәрсе деп қарастыруға болмайды, сондықтан ондағы жаңа элементтерді ескере отырып, оларды қазақстандық жағдайға бейімдеу және меңгеру жұмыстарын жүргізу керек.
Авторлардың бірқатары оның аналитикалылық қырын да көрсетеді. Аналитикалық дегеніміз, деп жазады Стуков С.А., ол танымдық құндылықты көрсетпейтін, ешқандай артық нақтылық жасамайтын, тек еептік мәліметтерді жеткілікті түрде ақпараттық тұрғысынан талдап тексеруді түсіндіреді. Бірақ бұл дегеніміз «басқарушы есеп» терминін «жедел және басқарушы талдау» терминімен бірдей деп теңестіру (саюшылық) емес, ол тек қана жеткізіп берілген (берілетін) мәліметтердің жеделдігі мен дер кезіндегі («отты із бойынша») сияқты басқарушы есепке қойылатын талаптар (немесе әдістер, немесе тәсілдер).
Басқарушы есептің құрамында, деп санайды Карпова Т.П. және басқалары тек онда ақпараттар жиналады, топталады, теңестіріледі, және шарушылық субъектілерінің табыс алуы кезінде қатысу үлесін анықтау және құрылымдық блімшелердің қызметінің нәтижелерін анық және сенімді көрсету мақсатында зерттеледі.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде үнемі «басқарушы есеп» термині арқылы негізгі қызметпен байланысты табыстар ме шығындар есебінің бақылауының жеткіліксіз бөлігі ғана түсіндіріледі, толығымен қамтылған емес. Осыған байланысты кейде «шығындар есебі» мен «басқарушы есеп» терминдерінің арасында теңдік белгісі қойылады. Мұндай тәсіл, жай немесе қарапайым жағдайларда қолайлы (шағын және орта, негізінен бір ғана өнімді өндіретін субъектілер,) ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге қолайсыз, өйткені онда басқарушы есептің кмегімен шешілетін мәселелер қомақты, сондықтан ол жүйемен, саламен, сыртқы ортамен байланысты болуы мүмкін, бұл жағдайда «шығындар» ұғымы сияқты ұғымнан оның аясы едәуір кеңірек.
Бұл бағыттың дамуы, қазіргі кездегі экономикалық кәсіби әдебиеттерде өте жиі кездесетін «басқарушы» және «өндірістік» есеп ұғымдарының бірдей деп теңдестіруіне әкелді, ал соңғысынан, яғни «өндірістік» есепті өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебімен бірдей деп теңдестіруге (саюға) ықпал етті.
Бірақта «Басқарушы есеп» терминнің мұндай ұғымымен толық келіспейтіндер де жоқ емес. Мәселен,тВахрушина М.А. тарихи өндірістік есеп басқарушы есептің негізін салушы деп санайды. Өндірістік есеп жұйесі батапқыда есеп айырысулар түрінде дамыды, оның негізгі мақсаты өнім бірлігіне шаққан түсім мен өндіріс шығындарын анықтау болып табылатын. Қазіргі уақытта өндірістік есепке үлкен талаптар қойылып отыр. Осы талаптардың қатарына мыналар жатқызылады: өндіріс шығындарын қадағалау, артық шығынның себептерін талдау, сондай-ақ үнемдердің мүмкін болатын резервтерін анықтау. Мүмкін осыдан шығар олардың ұқсастықтары мен ажыратудың күрделілігі.
Сондықтан да «Басқарушы есеп» терминіне екі жақты көқарас пайда болып отыр. Бір жағдайда басқарушы есеп өнімнің өзіндік құны, шығындары туралы ақпараттарды түсіндіру мен жинау жүйесі ретінде, яғни басқаша айтқанда терминді «контролинг» (немесе жай «бақылау») терминіне жақын келетін шаруашылық субъектінің қызметтерін (іс-әрекетін) бақылау үшін есепті ұйымдастырудың ұлғайтылған жүйесі ретінде қарастырады.
Ал, басқа жағдайда ол басқару шешімдерін қабылдау үшін дер кезінде және толық ақпаратпен қамтитын қайнар көз ретінде қарастырады.
Бұл бизнес үшін бағдарламалық өнімдерге өз әсерін тигізіп отыр – олар шешім қабылдау үшін қажет ақпараттарды шоғырландырып беруге, оның ішінде шығындардың есебін тәмтіштеп (детальдап) және оны кәсіпорынның функцияоналдық компоненттеріне таңып, яғни есептіктен біртіндеп басқарушылыққа ұласып отыр. Бірақта бұл біздің тәжірибеде басқарушы есептің кейбір элементтерінің жоқтығына қарамастан, тек олардың барын біртұтас құрылымға біріктіріп (бірінші тәсілі де, екінші де), белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін бағытталғаны маңызды.
Бұл кезде қаржы жән салық есебінің стандарттық нысандары басқарушы есеп жүйесінің бір бөлігі бола бастайды. Осыдан, басқарушы есептің мәнділігін белгілеу, кәсіпорынның ақпараттық-бақылау жүйесін тұтас сипаттайтын, яғни: үздіксіздік мақсатқа бағытталғандығы; ақпаратпен қамтудың толықтығы; объективті түрде қоғамның экономикалық заңдарын қолданудың пратикалық жүзінде көрсету; ішкі және сыртқы жағдайларда өзгеретін басқару объектілеріне әсер ететін қағидаларының жиынтығын қарастыруға ықпал етеді, деп жазды Карпова Т.П.
Сондықтан, авторлардың көпшілігінің жорамалы бойынша, ең қарапайым түрде баяндап жазғанда басқарушы есеп жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі кәсіпорынның басқарушыларының басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін, қажет көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады делінген. Егер бұл тап осындай маөмұнда болса, онда ол бірде-бір зерттеушілердің пікір таласын туғызбайды.
Бірақта, теориялық талдамалардың кемшілігіне мынаны жатқызамыз: авторлардың ешқайсысы нарыққа қажет басқарушы және өндірістік есеп сияқты ұғымдарды ажыратып қарамайды. Осыдан келәіп, жоғарыдағы авторлар нарыққа қажет басқарушы есеп сияқты көп жоспарлы және күрделі құбылыстың мәні мен тереңдетілігін толығымен көретпейді, басқарушы есепті бағалау барысында тек сапалылығы, маңыздылығы, құндылығы теңдей элементтері қолданумен ғана шектеледі.
«Басқарушы есеп» ұғымын біркелкі анықтау осы есептің практикалық мәселелері, яғни есептік жүйені құру, оны құрайтын құрылымды, шаруашылық өміріндегі оның ролі, баға белгілеу мен өзара әрекеттестігі және т.б. туралы пікір сайысына әкеледі. Сәйкесінше, осы ұғыммен байланысты толық түсініспеушілікутер іс жүзінде (практикада) қатты байқалдып отыр. «Басқарушы есеп» дегеніміз не деген сұраққа біреулер – бұл менеджерлер үшін компьютерлік есеп, үшіншілері – тіптен абдырап қалып, ештеңе айта алмайды.
Өзінің мазмұнды әрі күрделі еңбегінде Друри К. екі терминнің екеуінде өте жиі синоним ретінде пайдаланады. Мәселен, проф. Друри К. оны келесідей оймен тұжырымдайды: «өндірістік есеп деп өнім запастарының құнын бағалау үшін өндірістік шығындар туралы мәліметтер жиынтығын түсіндірді», ал «басқарушы есеп» термині шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу сияқты басқарушылық сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажет ақпараттарды дайындауды білдіреді.
Басқарушы есеп – бұл басқару шешімдерін қабылдау үшін ақиқат (релевнттық) ақпараттарды беру. Немесе басқа сөзбен айтқанда: «Басқарушы есептік жүйе, ол басшылықтың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну және жинақтау жүйесі болып табылады». Сондай-ақ, басқа да, ғылыми сипатта емес бірқатар сөзбе-сөз үзінділерді келтірейік: «Басқарушы есеп – ұйымдардың қызметтерін өзіндік басқару, бақылау және жоспарлау үшін қолданылатын, тек бір тұтас ұйымның аясында, оның басқарушылық аппаратын, ақпаратпен қамтамасыз ететін бухгалетрлік есептің ішкі жүйесі».
Басқарушы есеп – шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, осының негізінде ұзақ және қысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдері жедел қабылдау. Барлық жоғарыда келтірілген «басқарушы есептің» анықтамалары таза «есеп» тұрғысынан қарауды негіз етіп санайды, «басқару» терминіемес, сондықтан мұнда анық және маңызды ажыратуды жүргізу қажет. Осындай ажыратулар өндірістік пен басқарушы есепке де керек. Ажырату барысында жіберілген қателіктерді Рэй Вандер Вил, В.Ф. Палий бірден байқады да, және оны олар былай деп пайымдады: «блұ айырмашылықты сезудегі қабілетсіздіктің арқасында басқарушы есеп жүйесін пайдалану талпыныстары кезінде менеджерлердің жіберген көптеген сәтсіздіктерінің терең себеп-салдары болып табылады».
Әдетте, «басқарушы есеп» терминнің шешуші сөзі етіп «есеп» саналғанда, келесі жағдайлардың жүйелілігі байқалады. Бірінші кезекте, бұл жүйесі пайдалану кезінде өте үлкен көңіл цифрларға бөлінеді. Екіншіден, мақсаттың қойылу процесі сандық өлшем арқылы соқыр тиісті міндеттердің тізбесін жасауды талап етеді. Мндай міндеттер, кәсіпорынның алдына қойылған мәселелерді шешу үшін, қажет болатын алдын ала шараларды орындамай, әдетте түк те емес нәрселерден ойластырады. Нәтижесінде менеджерлер үнемі қолынан шығып кететін баластанбаған және үйлестірілмеген мақсатты міндеттердің тізбесі пайда болады.
Отандық және шетелдік зерттеулердің талдауы бізге мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бір қарағанда түсінікті болып көрінетін нарықтық қажеттілікке сай басқарушы есебі сияқты ұғымға, яғни: бағалау критерияларының жинағының көмегімен өндірісті басқарудың экономикалық механизмі ретінде, сондай-ақ ғылыми талқыға жаңа «басқарушы есеп» ұғымын енгізуге және ағымдағы төлем қабілеттілігін анықтауға, қаржылық тұрақтылыққа қабілеттілік пен нәтижені ескеретін, оны бағалаудағы мүлдем жаа кешенді бағыт сияқты ұғымдардың толық мәнін ашуға қажеттілік пайда болды. Бірақта, осы күнге дейін нарықтық жағдайда, жарық көрген әдебиеттерде «басқарушы есептің» тұжырымдалған ұғымы жоқ. Біздің пікірімізше: басқарушы есеп – бұл экономикалық интегралданған есептеулердің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізінде (базасында) кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау.
Бұл анықтама, біздіңше, жүйе ретінде, сондай-ақ ерекше ішкі жүйе ретінде кәсіпорындарды басқарудағы иерархияның барлық деңгейіне қолайлы.
Басқарушы есептің мәнін сипаттай келе, оның маңызды ерекшелігін, яғни оның басқару процесін есептік процеспен байланыстыратындығын ерекше атап өту керек. Басқарудың барлық циклдық процесінде көрініс табатын басқарушы есебінің объектілерінің жиынтығын оның пәні деп атайды. Басқарушы есеп пәні болып ұйымдардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістік қызметі болып табылады.
Бұл арада кәсіпорынның өзі басқарушы есептің пәні ретінде, сондай-ақ оның (басқарушы есептің) сыртқы ортасымен өгеше қатынастырамен байланысты болатын өте күрделі ашық әлеуметтік-техникалық жүйесі ретінде көрінеді. Табыс табу мен басқа мақсаттарға қол жеткізу үшін, кәсіпорындарға сырттан келіп түсетін сұранысты қанағаттандыру үшін, игіліктерді (тауарлар мен қызмет көрсетулер) өндіреді. Одан басқа, біз «ішкі жүйе» деп атайтын кәсіпорындардың потенциалдық элементтері (персонал мен өндіріс құралдары) объектілермен өзара әрекеттеседі.
Бұл әрекетке материалдық және материалдық емес, нақты және номиналды игіліктерді (ақшаларды) жинақтау, беру, қайта өңдеу, алумен байланысты процестер жатқызылады. Көбінесе нақты игіліктер – осылар әрекет ететін объектілер – кіретін және шығатын элементті кіргізетін болса, онда олардың арасында ақпараттық, тауарлы (материалдық), сондай-ақ ақшалай ағындар пайда болады. Бұл ағындар кәсіпорын арқылы өтеді де және сыртқы ортамен байланыстырады. Ақпараттық ағындар ішінара тауарлы және ақшалай ағындарының қатысуынсыз жүреді. Тауарлар ағынын және басқа нақты ағындары, сондай-ақ ақшалай ағындары ақпараттық ағындаркмегімен басқаруға болады.
Тікелей қаржылық сипатқа ие шаруашылық операциялар (бағалы қағаздармен операциялар, мүлікті сату немесе сатып алу, жалға және лизингтік операциялар, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.б.) басқарушы есептің пәні аясынан шығып кетеді.
Қазіргі кезде басқарушы есеп пәнінің анық анықтамасы жоқ. Бұл мәселені шешу мүлдем қазііргі есеп жүйесін бөлшектеу және оның батыстық үйлестікке ауыстыруды білдірмейді. Ол теориялық та, практикалық та тұрғыда мүмкін емес. Мәселе есеп объектісінің аясын табиғи ұлғайтумен байланысты күрделі өзгерістер төңірегінде өрбиді, қолданыстарғаикемділік беру және жаңа есеп әдістемесін енгізу, шаруашылық процестерін басқаруда бухгалетрдің алатынорнын өзгерту.
Басқарушы есеп іс жүзінде басқару процесін есеп процесімен байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:
субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде адамдардың мақсатқа сәйкес еңбегін қамтамасыз ететін өндірістік ресурстар;
шаруашылық субъектілердің өндірістік қызметінің жиынтығын құрайтын, шаруашылық процестері және олардың нәтижелері;
Кестеде келтірілген объектілер ауқымды сипатқа ие және оны бірінші топқа жатқызады. Мұнда тікелей басқарушы есептің арқасында ғылыми-техникалық прогрестің осы және басқа да бағыттың мақсатқа сәйкестігі мен дәлелділігі анықталады, сондай-ақ олардың тәжірибеде іске асырылу механизмі дайындалады.
Ал басқарушы есептің объектілерінің екінші тобына келесі қызметтердің түрлері жатады: