Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі


Бас сүйек ішінде оң және сол КЖ жартылай қиылысады. Торлы қабықтың назальді бөлімінен келе жатқан жүйке талшықтары қыйлысады. Самай жақтың талшықтары қыйлыстың сырт жағында оналасады



бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі421.5 Kb.
#205744
1   2   3   4   5

Бас сүйек ішінде оң және сол КЖ жартылай қиылысады. Торлы қабықтың назальді бөлімінен келе жатқан жүйке талшықтары қыйлысады. Самай жақтың талшықтары қыйлыстың сырт жағында оналасады.


Ішкі ұйқы артериясы КЖ және хиазмаға жақын жерден сүйек негізіне өтеді. КЖ қыйлысу амағында ұйқы артериясының диаметрі – шамамен 9 мм. Ол сүйек ішіне алдыңғы жыртық тесік арқалы түрік ершігінің түбінің жанынан кеуекті қойнауды иіліп сүйек негізіне кіреді. Кеуекті қойнау – екі үлкен венозды синус,олар түрік ершігінің екі жағында орналасады. Қойнаудың жоғарғы қабырғасының жанынан көз қозғалтқыш және шығыршық жүкелері өтеді (III және IY ми жұп жүкелері). Кеуекті қойнаудың сыртқы қабырғасымен көру жүйкесі (үшкіл жүйкенің бірінші тармағы) өтеді. Әкеткіш жүйке (YI) қойнау арқылы ұйқы артериясының бағанасынан сыртқа қарай өтеді.

Мидың осы бөлігі ми ісіктері кезінде нейроофтальмологиялық симптоматиканы анықтауда үлкен маңызы бар Кеуекті қойнау жанында көру, көз қозғалтқыш, сезгіш және трофикалық жүйке жолдары тоғысады. Түрік ершігінен шығатын ісік кеуекті қуыс ішінен өтетін жүйкелерді қысып және соған еніп өседі нәтижесінде көздің қозғалысының және оның сезгіштігінің бұзылуына әкеледі. КЖ және хиазма ұйқы артериясының ірі тармақтарымен тығыз қатынасып жатады, соның нәтижесінде осы аймақта ми ісіктері өскен кезде қан айналымының бұзылыстары мен КЖ бұзылыстары байқалады. КЖ әсер ету механизімдері әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағынан ісік бағананың жанынан өтетін КЖ қысу мүмкін. Бұл кезде тамырлық қысым пайда болып жүйке талшықтарының атрофиясына әкелуі мүмкін. Бұндай көрініс жиі виллизиев шеңберінің артериальді аневризмасы кезінде және хиазмалді аймақтың ісіктері кезінде байқалуы мүмкін. Көру қызметінің нашарлауы КЖ және хиазманың қоректенуінің бұзылуынан ол ішкі ұйқы артерия жүйесінің қан айналымы бұзылу нәтижесінде пайда болады.

Хиазма мен КЖ қанмен қоректенуін ішкі ұйқы артериясының тармақтары арқылы алдыңғы милық артерияның тармақатрымен және алдыңғы артқы қосқыш артерияларының арқасында қанмен қамтамасыз етіледі. Көру тракатысы ішкі ұйқы артериясының тармақтары және артқы қосқыш артерияларының тармақтарымен қоректенеді, ол сирек жағдайда алдыңғы және ортаңғы милық артерияларының тармақтармен қоректенеді. Көру трактысының артқы-сыртқы бөлімдері тамыр өрімінің алдыңғы артериясы мен қөректенеді.

Хиазма мен КЖ жүйкесінің қанмен қамтамасыз етуін білу ми ісіктері кезінде көру қызметінің бұзылуының динамкасын анықтау үшін көмектеседі.

Қиылыстан кейін көру трактысы басталып олар тізе денешігінің және көру төмпешіктерінің жанында аяқталады. Оң жақ көз трактысы оң жақтан келетін қиылыспаған талшықтардан және сол жақтан келетін қиылысқан талшықтардан тұрады. Сол жақ көз трактысы сол жақтан келетін қиылыспаған талшықтардан және оң жақтан келетін қиылысқан талшықтардан тұрады

Тізе денешігінің латеральді бөлімінде перифериялық нейрон аяқталып және көру жолының орталық нейроны басталады, ол тізе денешігінен сәуле тәрізді шығады (пучок Грациоле). Ішкі капсула арқылы шүйде қыртысына оның медиалді беткейінде өскін тәрізді жүлге (area striata) өтеді, ол жерде көру сезгіштігі мен қаблыдау қалыптасады.

Сөйтіп көру жолы бес бөлімнен құралады:

1/ КЖ ; 2/ көру қиылысы; 3/ көру тракті; 4/ латеральді тізе денешігі; 5/ ми қыртысы.

Ми ісігі көру жолының сүйек өзегінің бойында немесе сүйек негізінде орналасқанда әсере етуі мүмкін. КЖ өзегі негізгі сүйектің кіші қанатарының жанында орналасқан. Өзектің ұзындығы 4-9 мм ал ені 4-6 мм. Көру өзегінің орбиталді тесіктерінің арасы шамамен – 28 мм, ал сүйек ішілік тесіктердің арасы14,8 мм болады.

Көздің иннервациясының бай екені ескерсек миы ісіктері кезінде әр түрлі көз симптомыдары: соның ішінде КЖ зақымдалуы (85%), хиазма (24,1%), көру трактісі (1,6%), тізе денешігінен жоғары жатқан көру жолдары (5,2%), көз қозғалтқыш жүйкенің параличтері мен парезі (15,9%), көру параличі мен парезі (1,6%), нистагм (15,9%), анизокория (11%), миоз (1%), қарашық реакциясының бұзылуы (1,1%), экзофтальм (2,3%), Горнер синдромы (0,2%) (Трон Е.Ж.), байқалады .



Науқастардың нейроофтальмологиялық шағымдарының анализі
Науқастардың нейроофтальмологиялық негізгі шағымдары: көру қызметінің төмендеуі, көз аймағында тітіркену және ауырсыну. Бұл шағымдар жиі обьективті белгілерге сәйкес келмейді (перикорнеалды иньекция және коньюнктиваның негізгі тітіркену белгілері байқалмайды). Бірақ КЖ ауырсынуы беттің жартысына, шүйде аймағына, мұрынға, кейде екі көзге берілуі мүмкін. Кейде көздегі ауырсыну жарық түскенде тітіркену мүмкін, олар блефароспазм және жас ағумен (Бурденко-Крамера синдромы) қосарлана байқалады. Кейде көздегі ауырсыну қатты ауру ұстамаларымен қосарлану мүмкін. Бұл шағымдар ми қабаттарының тітіркенуінен және үштік жүйкенің ақаулары кезінде байқалуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда науқастардың жағдайы олардың шағымдарына сәкес келмейді. Жиі көз қызметінің ауыр түрлерінде науқастардың жағдайы жеңіл, эйфориялық көңіл күйі олардың психикалық ауытқулары бары айқындалады. Кейбір науқастарда көру галлюцинациялары байқалуы мүмкін.

Науқастардың шағымдарының бір түрі көру кезінде көзінің «тұмандануы» тәрізді шағымдар болуы мүмкін, олар монокулярлы немесе бинокулярлы болуы мүмкін. Соңғысы жиі кездеседі. Бұндай жағдай бірнеше секундтан 2-3 минут аралығында болуы мүмкін. Бұл кезде көру өткірлігі 0 –ге дейін түсіп соңынан алғашқы қалпына тез келеді. Бұндай толық көруден айырылу ұстамалары жұмыстан кейін, дене қалпын тез ауыстырғанда кейде еш себепсіз кезеңмен болуы мүмкін. Уақыт өте келе ұстамалар жиілеп ұзақ уақытты болуы мүмкін, Аз уақытты көзінің «тұмандануы» ми ісіктерінің барлығында кездеседі, тек гипофиз аденомасы мен супраселлярлы менингиомалардан басқа. Жиі ол толығымен көру аймағын алуы мүмкін, ол тек ортаыңғы бөлімінде өтпелі орталық скотомалар түрінде байқалуы мүмкін. Кейде көру өткірлігі гемианопитикалық түрінде көру аймағының жартысы төмендеумен сипаталады.

Ми ішілік қысым (БІҚ) жоғары болса аз уақытты көзінің «тұмандануы» кездеседі көру жүйкесінің дискісінің іркілуі (КЖДІ) айқындала түседі.

Сонымен қатар ұстамалармен қоса науқастар бастың қатты ауырсынуына шағымданады кейде ол құсумен аяқталады.

Бірақ ұзақ уақытты бастың ауырсынуымен тез арада аз уақытты көруден айырылу жағдайлары кездеспейді. Кейбір кезде науқастарда ауыруы мазаламай, ал көру өткірлігі төмендей беретін жағдайларда кездеседі. Бұл шағымдар науқастарда гипертензионды-гидроцефалді көріністер болғанда байқалады. Науқастарда көру жүйкесінің дискісінің іркілуі басқада клиникалық симптомдармен қосарланып ісік үрдісін және оның орналасуын анықтауға көмектеседі. Науқастан толығымен анамнез жинаудың көмегімен БІҚ себебін анықтауға болады (қабыну үрдісі немесе ісік).

БІҚ жоғарлау ұстамалары мен аз уақытты көруден айырылуды көру мигреньмен ажыратпалы диагноситика жасау керек. Соңғысында науқастарда перифериялық көру аймағында жыбырлағыш зигзаг пайда болып олар біртіндеп ортасына қарай ауысу мүмкін.

Ол өзінің максималді даму сатысында бұл симптом науқастың көруіне кедергі болады бірақ ешқашан 0 дейін түспейді. Көру мигрень ұстамалары кейде бір сағаттқа дейін созылуы мүмкін, соңы қатты 2-3 сағат көлемінде бастың ауырсынуымен, кейде лоқсумен, құсумен аяқталады. Көру мигреньнің бір себебі микапиллярлы қан айналуының бұзылуынан болуы мүмкін. Бұл ақаулар дененің басқа мүшелерінде байқалуы мүмкін, ол қол мен аяқта жансыздануымен, олардың бозаруы тырнақтардың көгеруімен көрініс береді.

Жиі науқастар көзінде екеулену сияқта шағымдар айтуы мүмкін ол науқас басын немесе дене қалпын тез ауыстырғанда байқалуы мүмкін. Ол аяқ астынан пайда болып соңында тұрақты түрде науқасты мазалауы мүмкін.

Көзінің екуленуі көз қозғалтыш жүйкелер (III,IY,YI) зақымдалғанда бұлшық еттерінің қызметі бұзылғанда пайда болады. Көз қозғалтыш жүйкенің зақымдалуы аралық ми немесе мидың үшінші қарыншасы зақымдалғанда байқалаы. Көз қозғалтыш жүйке зақымдалған кезде қарашық реакциясы бұзылуы мүмкін, бірақ ол науқастың өзіне білінбеуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда қарашық реакциясы бұзылуы науқастарда келесі шағымдардың пайда болуына әкеледі жарыққа тітіркену ол қарашықтың толық қысқармауынан болады. Науқастар көзінің жарыққа тітіркенетіне және жарық кезде әлсіз көретіне шағымданады. Кейде науқастар заттарға қадалып қарағанда олар жүзіп тұрғандай көрініп басы айналуына шағымданады. Бұл шағымдар науқаста нистагм дамуымен байланысты, олар жиі ми ісіктеріне соның ішінде артқы ми шұңқырында (мишық, көпір мишық бұрышында, мидың 4-ші карыншасында) орналасқан ісктерге тән болады. Бірақ науқастырда артқы ми шұңқырында ісік орналасса басының айналуы мен заттардың айналуы тәрізді шағымдар айтуы мүмкін. Бұл ұстамалар кезінде науқастар жиі көзін жауып жатады. Науқастар көзін ашып көз алмасын қимылдатса басының айналуы күшейіп пароксизм шыңында құсу байқалуы мүмкін.

Науқастардың шағымдарының бірі көру өткірлігінің төмендеуі. Ол жиі басталып келе жатқан орталық скатомалардың болуымен қатар КЖ зақымдалуының басталып келе жатқанын көрсету мүмкін.

Кейбір жағдайларда науқастар қай аймақта көруі төмендегенін айтып береді. Бұл жағдайда науқастың ортаңғы көру өткірлігі жоғары бола тұра жақыннан немесе алыстан оқи алмау сияқты шағымына өте мұқият болу керек.

Бұл жерде орталық фовееолльді көру зонада парацентралды скотомалар науқасқа оқуға мүмкіндік бермейді. Бұл скотомалар КЖ зақымдалуы кезінде маңызды мағлұмат бере алады жиі олар қабыну үрдісінің себебінен болады.

Кейбір жағдаларда оқи алмау-алексия – нақастың жаза алмауы немесе жазылған сөзді танымауы сияқты көрінісі болуы мүмкін. Бұл бұзылыстар шүйде немесе төбе аймағы зақымдалғанда байқалады. Кейде алексия аграфиямен қосарлануы мүмкін.

Науқастар көру шағымдарынан басқа әрқилы шағымдар айтуы мүмкін мысалы сөйлемнің бір жолын оқып келе жатып бір уақытта толық жолды көрмей қалуы мүмкін. Сонымен қатар науқастар қарап тұрған заттың тек жартысын ғана көретінін немесе орта сызықтан асқан кезде оны толық көрмей кететініне шағымдануы мүмкін. Кейбір жағдайларда науқастар адам бетіне қарап тұрып оның тек бір көзін, бір бетін жарты ернін ғана көріп тұрғанын айтады. Бұл жағдайда науқаста көру трактісі зақымдалу барысында пайда болған гомонимді гемианопсия (ГА) жайында ойлауға болады. Бірақ көру трактісінің зақымдалуынан пайда болған толық гомонимді гемианопсия (ГА) бар науқастарды зерттеу барысында бұндай шағымдар айтпайтынын себебі олар көзін қозғалтқанда олар көрмейтін аймақтың ақауын толықтыра алады. Бұл шағымдар жиі миынының шүйде аймағы зақымдалуы бар науқастарда байқалады. Бұл науқастар жиі «гемианопсиялық» шағымдар айтады себебі олар көру ақауын толықтыра алмайды.

Бұндай нейроофтальмологиялық симптоматиканы гассеров түйіні аймағы, үшкіл жүйкенің көру тармағы және оның тармақтары зақымдалғанда байқалуы мүмкін. Егер науқаста көздің өткір ауырсынуы сырт жағанан айқындалмаса онда науқаста көру жүйкесінің жіңішке ретроградты талшағы зақымдалғаны жайында ойлауға болады. Ол жүйкенің орбитаға жоғарғы көз саңылауынан шыққан жерінде негізгі бағанадан бөлініп ми қабықшаларынан өтіп мишық шатыршасына қарай бағыталады. Бұл талшықтың тітіркенуі жиі ми қабықшаларының зақымдалуы нәтижесінде көзде өткір ауырсынумен байқалады. Тенториалды жүйке синдромына нейроофтальмолог дәрігер көп көңіл бөлуі керек себебі көздің өткір ауырсынуы жергілікті қабыну үрдісінің көрінісі болуы мүмкін. Қабықтық ауырсыну синдромы жиі ми ісктері кезінде сонымен қатар басқада ми және онық қабықтарының ақауларында байқалады.

Сонымен қатар көру жүйкесінің орбитальді талшығы тітіркенгенде айқын көрініс береді. Бұл назо-цилиарлы жүйке (Шарлен) синдромы ол көзде өткір ауырсынумен қатар, қатты жас ағумен және ринореямен ол қасаң қабықтың тактилді сезімталдығы бұзылғанда, ал кейбір ауыр жағдайларда–нұрлы қабықтың тітіркену белгілері функционалды зақымдалулардың ауырлығына сәйкес келмейді ол көз алмасының және конъюнктиваның гиперемиясы. Егер зақымдалу таралған болса бұл симптомдарға орбитаның жоғарғы-ішкі жақтарын басқанда ауырсыну қосарланады. Сонымен қатар көру жүйкесінің терілік тармақтары таралған аймақтарда маңдайда, мұрынның қыры мен қанатында гипостезия немесе ауырсыну пайда болуы мүмкін. Айқан көріністі мидың қабыну үрдістері немесе гассеров түйінінің ісктері беруі мүмкін. (Самойлов А.Я., 1959).

Қасаң қабықтың рефлексінің төмендеуі немесе болмауы мидың артқы шұңқырының ісігі кезінде байқалады.

Көзді сыртай қарғанда айқындалатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет