Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы р. К. Бегимбетова экономикалық теория негіздері



бет1/4
Дата12.07.2016
өлшемі352 Kb.
#192967
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Р.К. БЕГИМБЕТОВА

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Қарағанды, 2008

ӘОЖ 33

КБЖ 65


Б 37

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Ә.И.Тазабеков – экономика және менеджмент кафедрасының доценті, экономика ғылымының кандидаты, Қарағанды Университеті «Болашақ».

М.Қ. Елубаева – Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы.

Т.С.Серғалиев - Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру курсының оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы.

Б37 Бегимбетова Р.К. Экономикалық теория негіздері.– Оқу құралы.- Қарағанды. – 2008. - 65 б.

КБЖ 65 я 7

Оқу құралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Департаменті тағайындаған МЖМБС-2006 бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкестендіріп жасаған Қарағанды мемлекеттік медицина академиясындағы жұмыс бағдарламасына сай «051301-Жалпы медицина» және «051302 - Стоматология» мамандықтарының студенттеріне өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбына дайындалуға арналған.

1- ші шығарылуы. (бірінші бөлім)

Оқу құралы ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланып және қабылданған.

24.03. 2008. Хаттама № 7


ҚММА Ғылыми кеңесінде бекітіліп және шығарылуға ұсынылды.

12.06. 2008. Хаттама №11



© Р.К. Бегимбетова, 2008.

Қысқартулар тізімі
ААҚ - ашық акционерлік қоғам

АҚШ - Америка Құрама Штаты

ҒТП - ғылыми - техникалық прогресс

ҒТР - ғылыми –техникалық революция

ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ҚММА - Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

ҚХР - Қытай Халық Республикасы

МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

Т.б - тағы да басқалар

Т.с.с - тағы да сол сияқты



Кіріспе
Білім беру деңгейін арттыру мен тәуелсіз Қазақстанның жаңа қатарының дүние танымдарын қалыптастыруда экономикалық теорияның алатын орны ерекше. Экономикалық теория негіздерін оқу табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы адамның орны мен рөлін объективті және сауатты анықтауға, экономикалық процестер арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік береді.

Экономикалық теория негіздерінің маңызды мәселесі - адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шекті ресурстарды тиімді пайдалану, нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу құралдары мен алатын орны, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қарқынды дамып жатқан әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика үлгісінің ерекшеліктері мен болашағын анықтау болып табылады.

Оқу құралында студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыптарының І-ші бөлімі берілген, онда келесі тақырыптар қамтылған: «Экономикалық теорияның пәні мен әдістері», «Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы», «Экономикалық институттар: Меншік және кәсіпкерлік», «Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары», «Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша».

«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері» тақырыбында экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелер, экономиканың негізгі даму кезеңдері, қолданылатын әдістері мен заңдары, жалпы экономикалық теорияның құрылымы және оның атқаратын қызметтері қарастырылған.

«Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы» тақырыбында экономикалық дамудың жалпы мәселелері, оның ішінде қоғамдық өндірістің мәні, өндіріс факторлары (жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік), құрылымы және ұйымдастыру түрлері, ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері және қоғамдық өндірістің алдында тұрған маңызды мәселелері баяндалған.

«Экономикалық институттар: Меншік және кәсіпкерлік» тақырыбында меншіктің мәні, нысандары, экономикалық қызметтері, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекеттен алу жолдары, тәсілдері мен түрлері, кәсіпкерліктің мәні мен шығу тарихы, кәсіпкерлік қызметтің түрлері, нысандары, кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері қарастырылған.

«Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары» тақырыбында экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша дәстүрлі экономика, әкімшілдік- әміршілдік экономика, еркін бәсекелестік нарықтық экономика, аралас экономикалардың негізгі белгілері бойынша ажыратылуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері сипатталған.

«Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша» тақырыбында қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы түрлері; игілік экономикалық категория ретінде; тауардың мәні мен оның қасиеттері; ақшаның мәні, пайда болуы, түрлері және қызметі; ақша жүйесі, элементтері мен ақша айналым заңы; ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері талқыланған.

Оқу құралы жоғарғы оқу орындары студенттерінің экономикалық біліктілігін қалыптастыруға, нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытының қазіргі жағдайын танып білуге және оның себептерін анықтауға септігін тигізеді деп есептеймін.

Экономикалық теорияның пӘні мен Әдістері
Адам баласының өмірлік қажеттіліктері жылдан жылға өспесе, кемімейді, ал оларды қанағаттандыру үшін қолданылатын ресурстар көлемі азаяды. Сондықтан әркім сирек кездесетін өндірістік ресурстарды ұқыпты және ұтымды пайдаланудың жолдарын қарастырады, яғни экономикалық таңдау жасайды. Осындай тәртіпті сақтау немесе заңдылықтардың орындалуын экономика қамтамасыз етеді.

Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй шаруашылығы; номос–заң) деген ұғымды білдіреді. Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос - үй шарушашылығы; номос – заң дегенді білдіреді.

«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А.Монкретьен болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған. Саяси экономия ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ ғасырлар аралығында пайда болды.

Қазіргі уақытта шетелде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтірген:



Экономикалық теория – бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс - әрекетке байланысты.

Экономикалық теория – адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

Экономикалық теория- адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.

Экономикалық теория- адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып осы жолды қолдану туралы ғылым.

Экономикалық теория- байлық туралы ғылым ретінде.

Экономикалық теория- сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтуіне қарай, ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында әртүрлі адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым.

Экономикалық теория ғылым ретінде XVI-XVII ғасырлар тоғысында пайда болды. Осы кезде тауарлы - ақша қатынастары кең дамыды. Оның өзі экономиканың даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады. «Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте»- саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеген.Олардың ойынша, қоғамның әл - ауқаттылығына сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас Мен (1571-1641жж.) болып табылады.

Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар («физиократ» гректің «физис»- табиғат, «кратос»- өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы - Франсуа Кенэ (1694-1774жж.). Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі - ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам Cмит (1723-1790жж.) және Давид Рикардо (1772-1823жж.) еңбектерінде қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі - тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс өндірісі) деп айтқан. Осы идеялар «классикалық» деген атқа иеленді, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды. Классикалык саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық саяси экономияның басты табысы – еңбек- құн теориясының негізін қалады. Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және карыз капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағидаға негізделді. Еңбек - құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалык те­ория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия - еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғауды мақсат еткен теория. Маркстік теория бойынша проле­тариат барлық еңбекші қауымды қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы тиіс.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты. Олардың бірі - маржинализм (ағылшынның mагgіпаІ- шекті деген сөзі) мектебі. Осы мектептің өкілдері – Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Эйген фон Бем-Баверк, сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стенли Джевонс. Олардың ортаға салған мәселелері - шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын субъективті түрде анықтайды, оның пайдалылығына карай бағасын орнықтырады. Экономикалық теорияның келесі бір жаңа бағыты - «неоклассикалық» бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі- Адам Смит. Оның басты еңбегі «Эко­номика ғылымының қағидалары» 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайдалылық және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж.Кларк (1847—1938жж.) шекті өнімділік және өндіріс факторлары өнімділігінің кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша қолданыстағы өндіріс факторларының саны өскен сайын оның өнімділігі кемиді. Сөйтіп, XIX-XX ғасырларда экономика ғылымын математикалык әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Экономика ғылымында «laissez. faire» қағидасын ұстанушы экономистердің де алатын орны ерекше. Олар Август Фридрих фон Хайек және Людвиг фон Мизес және т.б. Бұл ғалымдар өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұстанған. XX ғасыр басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы нарықтық механизм аркылы эконо­миканы дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы «Ұлы күйзеліс» кезеңінен бастап экономиканы қалпына келтіру максатындағы көптеген бағыттар мен өзгертулер ұсынылды. Солардын бірі - кейнстік теория. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі- Дж.Кейнс. Оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж. Кейнс экономиканы дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, «тиімді сұраныс» қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырады: жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.

Не өндіру? Тұтынушы кез-келген тауарда таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырып, бірақ ретсіздікке жол бермейді. Нарықтық шаруашылық механизмнің іс-әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері құбылыс болуы әбден мүмкін.

Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндіруші шығыны аздау, әрі сапалы өнімді шығару қажет. Оларға өндірісте ҒТП элементін кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеу, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер жатады. Нарық ҒТП-ті енгізіп, тұтынушыға бағасы мен сапасы көңілінен шығатын өнімдерді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.

Кімге өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның ара қатынасымен байланыстырылады. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, олардың табыс деңгейі және т.б. параметрлеріне байланысты сұранымға ие болатын, қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарларды тұтынушыларға, халыққа өндіру қажет.

Экономикалық теория ғылыми танып - білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген зерттеудің методологиялық негізі - диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып - білудің көптеген тәсілдерін қолданылады.

Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы - ғылыми абстракция болып табылады, яғни зерттеліп отырған құбылыстардың тұрақты қасиеттерін тауып көрсету. «Абстракция» терминін түсіндіретін болсақ, жекеше, тыс ойлау дегенді білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойда, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе - бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы.

Кез - келген процесті зерттеуде экономикалық теория тарихи және логикалық әдістерді қолданады. Бұл әдістер - құбылыс пен процестің пайда болуы мен олардың даму жолдарын көрсетеді. Демек, экономикалық теория тарихи принципті басшылыққа алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып, экономикалық теория тарихтың соңынан ілесе алмайды. Себебі, тарих көп жағдайда кездейсоқ факторлар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс-әрекетіне бой алдырады. Осы кезде логика қажет. Сондықтан экономикалық теория әдісінің ең маңыздысы принциптері- зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігі болып табылады.

Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез тәсілі қолданылады. Қоғамда зерттелетін құбылыстар мен процестер белгілер, қасиеттер және сипаттар жиынтығынан тұрады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін оларды ең алдымен құрамдас бөліктерге жіктеу қажет. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын нақтылап тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып - білу синтез деп аталады.

Кез - келген ғылым сияқты экономикалық теорияның да атқаратын қызметтері бар. Танымдық қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеу және түсіндіру болып табылады. Практикалық – іс жүзінде зерттелген теорияларды қолдану, нақты принциптер мен шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістерін жасау, мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіру. Болжамдық қызметі - экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау. Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру. Методологиялық қызмет- экономиканың ғылым жүйесі үшін теориялық және методологиялық негіз болады. Оларға салалық экономика (ауыл шаруашылық экономикасы, өнеркәсіп экономикасы, құрылыс, көлік экономикасы), қызметтік ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, статистика), әртүрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономикалық география, тұрғындар экономикасы, табиғатты пайдалану экономикасы), қолданбалы ғылымдар (маркетинг, менеджмент, жоспарлау, болжау) жатады.

Жалпы экономикалық теория шаруашылық қызметінің түрлерін, принциптерін, заңдары мен ережелерін, ресурстарды қолданудың тиімді бағыттарын жасайды. Сондай – ақ өндіруші мен тұтынушылардың және экономикалық мүдделері негізінде нарықтың дамуын қалыптастырады.

Қоғамдық Өндіріс жӘне оның құрылымы
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс - тауарлар өндіру және қызметтер көрсету мекемесі болып табылады. Өндіріс- тұтыну процесі, себебі тұтынусыз өндіріс процесі жоқ. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Өндіріс - қарапайым түрде бір затты өндіру, яғни қоғамдық тұтынудың, қандай түрі болмасын, қанағаттандыруға қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді жасау процесі. Осы кезеңде экономикалық ресурстар - жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік кабілет сияқты өндіріс факторларының өзара ұштасуы қажет. Ал экономикалык ресурстардың өзі: материалдық және табиғи ресурс - капитал мен жерден, адам ресурстары - еңбек пен кәсіпкерлік қабілеттен тұрады. Осы жағдайды ескере отырып К. Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері қандай болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал - жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Өндіріс факторлары нарығының құрамына: еңбек нарығы, капитал нарығы, жер нарығы және ақпарат нарығы енеді. Адамның көп қырлы қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әр түрлі игіліктерді жасау өндірістік іс-әрекеттерді білдіреді. Ол үшін табиғат өнімдері қайта өнделеді. Өндіріс процесіне қатысатын және соңғы өнімді (қызметті) жасауға ықпал ететін нәрсе өндіріс факторы немесе экономикалық ресурс деп аталады.

Өндіріс факторларын адамдық және материалдық-заттай факторларға бөлеміз. Адам факторына әрине, адамдар жатады, олардың білімі, тәжірибесі, өндірістік дағдылары. Адам өндірістік процестің бірде-бір негізгі тұлғасы, ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы болып табылады. Басқалары, атап айтқанда материалдық-заттай ресурстар көбінесе, өндіріс кұралдары деп аталады, өйткені олардың көмегімен адамдар өзіне қажетті игіліктерді өндіреді. Адамдардың білімі, тәжірибесі және оларды өндірісте іске асыратын өндіріс құралдарының жиынтыгы қоғамның өндіргіш күштерін құрайды.

Еңбек заты - адам еңбегі бағытталатын объектілер, ол өз кезегінде соңғы өнім болып табылады. Ал еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен еңбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді. Еңбек заты мен құрал - саймандар бірігіп өндіріс құрал- жабдығын құрайды. Еңбек заты - бұл табиғи ресурстар. Еңбек құрал – саймандары - бұл әртүрлі механизмдер мен машиналар, қажетті тетіктер және т.б. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал – жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары және материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамның басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал - жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады, басқасында – басты еңбек құралдары ретінде.

Еңбек – адамның ақыл - ойы және дене қызметтері. Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Адамның жұмыс күші шығындарынан тәуелсіз еңбек абстрактылы еңбек деп аталады. Оған мысалы, адамның еңбек ету кезіндегі жұмсаған энергиясы, ойлауы жатады.

Маржинализм теориясы бойынша өндіріс факторына: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік жатады. Кәсіпкерлік қабілеттілік- арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталықты, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді. Кәсіпкер болу - басқа біреудің істемегенін істеу деген мағынаны білдіреді. Шум Петер кәсіпкерлікті «жаңашылдық» деп түсіндірген. Мемлекетте кәсіпкерлік неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым отандық тауарлар өз тұтынушысын тауып, иесіне мол табыс әкеледі. Еңбек нарығы осы еңбек заттары мен еңбек кұралдарын қолдана алатын адамдардың білімі мен біліктілігі арқылы сипатталады. Адам еңбегі мақсатты, қоғамды жасаушы болып табылады. Еңбек нарығы - бұл бір-біріне тәуелсіз көптеген адамдардың білікті еңбек қызметтерін ұсынуы. Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері: экономикалық белсенді халық - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша 2006 жылдың мамыр айында (сараптамалық бағалау бойынша) ол 7,4 млн. адам болған; жұмыспен қамтылған халық пайыздық көрсеткішпен 64 % болды; жалдамалы жұмысшылар - 4,7 млн. адам; өз бетінше жұмыспен қамтылган халық пайыздык көрсеткішпен 35,6 % болды; жұмыссыз халық саны (табысты жұмысы болмаған оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір 15 жастағы және одан жоғары адамдар) 617,3 мың адам; жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелінген азаматтардың саны 2006 жылдың мамыр айында - 108,7 мың адам; экономикалық белсенді халықтың ішінде тіркелген жұмыссыздардың үлесі- 1,4 % болды. Жұмыссыздық деңгейі республика бойынша 7,7 % болды, ал жұмыс орындарына 2006 жылдың қаңтар-мамыр айлары ішінде жұмысқа орналасқысы келгендердің және орналасқандарының саны 78,2 мың адам болды, пайыздық үлесі 59,2 % құрады.

Капитал - бұрын өндірілген игіліктер болып келеді. Физиократтар капиталды шикізат пен кұралдар, А.Смит жинақталған еңбек және т.с.с. анықтаған. Капитал физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық капиталға өндірістік және өндірістік емес кұрылымдар, машиналар және құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар жатады. Физикалык емес капитал - адам капиталы, яғни адамның білімі, мамандығы, еңбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі және т.б. Капитал-бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетін кұн. Капиталдың натуралды нысандары: ақшалай, тауарлық, өндіргіш болып бөлінеді. Капитал нарығын өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталдары құрайды. Капитал ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар - А.Смит пен Д.Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самуэльсон, У.Нордхауздың ойынша, капитал- бұл өндіріс құрал - жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды - бұл ақша соммасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капитал ұғымына бұдан басқада көзқарастар жасалған: капитал-бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал – бұл уақыт, ал уақыт-фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал- жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады. Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты нышандарда, яғни - өндіріс құрал- жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан, капитал – күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлеріне оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданса. Өзінің басты еңбегі “Капиталда” К.Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын берген: “Капиталдың” бірінші томында: капитал-бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. “Капиталдың” екінші томында: “капитал- бұл қозғалыс” екені дәлелденген. Капиталдың толыққанды мәні: “Капиталдың” үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал-жабдығы) ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал - бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екендігін айтады. Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол көптеген түрде болады -материалдық, заттық және ақшалай. Тауарлар сатылады - ақша пайда болады, сол ақшаға тағы да тауарлар сатып алынады және тағы солай қайталана бермек. Өнерістік капитал - өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлікке бағдарланған капитал. Сауда капиталы - сауда пайдасын алу мақсатында сауданы ұйымдастырумен айналысу. Қарыз капиталы - қайтарымдылығы және пайызды төлеу кағидалары негізінде қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.

Жер – табиғи фактор. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер жатады. Жерді жалға беру арқылы үстінен түсетін пайда рента деп аталады. Жердің өзі жақсы, орташа және нашар болып бөлінеді, бұл географиялық аумағына байланысты. Жердің мәні қазіргі кезде қолдан жасалынатын топырақты құнарландыру, синтетикалық материалдар, бұрын адамның қолы жетпеген жаңа энергия түрлерін алумен байланысты төмендеген. Бірақ өндірістік қызметтің экосфераны қатты ластауына байланысты адамның табиғат күшіне тікелей тәуелді болуы себебінен жердің мәні арта түсуде. Пайдалы қазбаларға кол жеткізу де үлкен мәнге ие. Сондай-ақ адамның өмір сүру ортасы мен өндірістік объектілерді орналастыру жағдайлары да маңызды. Ал осы еңбек ұсынысын, сипатын және капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау кезінде ақпараттар нарығының алатын орнын байқауға болады. Қоғамдық өндірістегі табыстардың кұралуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің барлық факторлары механикалық және технологиялық жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануга болмайды. Тауар өндірісі үшін осы үш фактор өзара белгілі бір қатынаста болуы шарт. Әрбір факторға деген сұраныс көлемі басқа факторлардың баға дәрежесіне тәуелді. Мысалы, жұмыс күшіне деген сұраныс жалакы дәрежесіне ғана емес, қанша машина, шикізат сатып алынады және оларға деген баға қалай койылады, міне, осыларға да тәуелді. Екіншіден, өндіріс факторларына сұраныс пен олардың баға дәрежесі тұтыну сұранысынан туындайды, түптеп келгенде өндіріс кұрал-жабдықтары мен жұмыс күші адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлар арқылы өндірілетін тауарларға деген сұранысқа тәуелді. Мысалы, астық өсетін жерге сұраныс сол астықка деген сұранысқа байланысты, белгілі мамандықтағы жұмысшылар еңбегіне деген сұраныс, осы жұмысшылар өндіретін өнімге деген сұраныспен байланысты. Өндіріс факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күресі барысында сұраныс пен ұсыныстың, тауарлар бағасының ауыткуымен байланысты өндіріс факторларының иелері арасында табыстарды бөлу орын алады.

Адам қоғамының даму негізін материалдық өндіріс құрайды. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын үй және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатса, онда адам қоғамы жойылып кетеді. Материалдық өндірістер саласына: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жатады, ал материалдық қызмет көрсету саласына: көлік байланысы, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету (фабрикалар, киім жуу, тазалау орындары) жатады. Қоғамдық өндірістің материалдық саласына: театрлар, мұражайлар және т.б. жатады. Ал материалдық емес қызмет көрсетулерге: денсаулық сақтау, спорт, білім, мәдениет, ғылым және т.б. жатады.

Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр:



  1. өндірістің тиімділігін арттыру;

  2. өндірістің экологиясын сауықтыру;

  3. гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау.

Қызмет көрсету тауар ретінде күшіне енеді, сөйтіп тұтыну құнының ерекше түрі болып табылады. Ол пайдалы қызмет түрінде өмір сүріп, қоғамдық тұтыныстарды қанағаттандырады. Барлық жиынтық қызмет көрсету олардың жұмсалуына байланысты-өндірістік және тұтынушылық қызметтер болып екіге бөлінеді. Өндірістік қызмет көрсету өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыруға және ол кәсіпорын, ұйым мекемелеріне ұсынылады. Бұған жүк тасу көлігі де, байланысы да, өндіріске қызмет жасау, затты өткізуге қызмет жасау мен жабдықтауға және т.б. қызмет көрсету жатады.

Тұтынушылық қызмет көрсету халықтың тұтыну тауарлары сияқты тұрғындардың қажеттіліктерінің қанағаттандыруға қызмет жасайды. Еңбек шығындарына байланысты тұрғындарға қызмет көрсету материалдық және материалдық емес деп бөлінеді. Өндірістегі еңбектің тұтынушыларға материалдық игіліктерді немесе тұрғындар қолындағы тауардың құнын және тұтыну құнын қалпына келтірумен байланыстыратын материалдық қызмет көрсетуге жатқызамыз. Осы қызметті көрсетуге жұмсалған еңбек бір жағынан тікелей жаңа құн мен тұтыну құнын (мысалы, үй-жиһаздары, киім және т.б. дайындауға көмек көрсету) жасауға қатысады, немесе тауардың тұтыну (жөндеу жүргізу) құны қасиетін қалпына келтіреді.

Материалдық емес қызметке - заттық, материалдық түрге ие болмаған қызмет көрсету жатады. Бұл мәдени мекемелер, денсаулық сақтау, оқу, демалыс, туризм мекемелерінің қызмет көрсетуі, сондай- ақ балалар мен науқастарға және т.б. қызмет көрсету жатқызылады. Материалдық емес қызмет көрсету қоғамда, материалдықпен салыстырғанда тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруда аса маңызды мәнге ие болады. Ақылы - тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі мен байланыс қызметін көрсету, жинақ кассалары, туристік - экскурсиялық қызмет көрсетулер жатады. Әдетте бұларға тұрғындар қаржыны өздерінің отбасы бюджетінен толық төлеп отырады. Ақы төлемейтін қызмет көрсетулер - жергілікті немесе республикалық бюджет есебінен жүзеге асады. Бұған – денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету жатады. Нарық жағдайында осы қызмет көрсету түрлері ақылы негізде де жүзеге асады.

Экономикалық ресурстар – бұл өндіріс факторлары, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, темір рудасы, болат, машина, станок және т.б. жатады. Ал еңбек ресурстарына- адамның дене еңбегі, кәсіпкерлік қабілеті жатады. Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулілігі кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды: аштық, ауру, кедейлікті жоя алмайды, оларды сырттан келетін апаттан қорғай алмайды. Барлық ресурс түрлерінің шектеулі болуы, кез-келген қолда бар тауарды өндіру туралы шешім, сол ресурстарды қандай да бір басқа бұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады. Сондықтан да барлық шығындар балама шығындар бойынша көрсетіледі.

Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері ақпараттық, экономикалық және экологиялық факторларды да қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импульсі ретінде жүзеге асады. Алайда оның, мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі. Өндіріс процесінде адамдар бір - бірімен қатынаста болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық - өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір – біріне өзара әсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді. Өндірістің қызметіне өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жатады. Өндіру - бұл адамның өмір суруі және жетілуі үшін қажет материалық және рухани игіліктерді жасау процесі. Бөлу - бұл өнім өндірісіне қатысушы шаруашылық субъектілерінің тиісті үлестерін анықтайтын қоғамдық өндірістің бір кезеңі. Айырбас - бұл материалық игіліктердің және қызметтердің бір субъектіден екіншісіне өтудегі қозгалу процесі және де заттардың қоғамдық айырбасын білдіретін өндірушілер мен тұтынушылардың қоғамдық байланысының нысаны. Тұтыну - бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағатандыру үшін өндіріс нәтижелерін пайдалану процесі. Осы төрт кезең өзара байланыста болады және өзара әрекеттеседі. Өнімдердің айналымы процесіндегі қоғамдық өндірістің осы төрт кезеңде атқаратын рөлі маңызды әрі әрқилы болып келеді.

Экономикалық институттар: меншік

жӘне кӘсіпкерлік
1.1. Меншіктің мӘні, түрлері жӘне қызметтері

«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде «меншік» деген ұғым тек жермен байланыстырылады. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал – жабдығын иеленуші ретінде көрінеді, жер – қоғамдық өндірістің басты құралы. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694 – 1774жж.) «Экономикалық кесте» (1758ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Ол меншікті молайтудағы еңбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.

Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғаш рет қоғамның тапқа, яғни жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді. Уильям Петтидің «еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы» деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге дейін жойған жоқ. Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809 – 1865 жж.) меншікке өзінің көзқарасын «Кедейліктің философиясы» деген еңбегінде баяндаған болатын. Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп, капиталистік меншікті сынады. Прудон «Меншік – бұл ұрлық» деген анықтама берген. Меншіктің мұндай сиппатамасы кең тараған жоқ және ғылыми сынға ұшырады. К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуілсіз өмір сүреді. Меншік – бұл өндіріс құрал – жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстің теорияға сәйкес – құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды. Алайда меншік ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.

Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:



  1. иелену (затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);

  2. пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);

  3. бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.)

Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келу арқылы жүзеге асады. Әрине, әртүрлі игіліктерді иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал – жабдығын иелену процесін, сонымен қатар оның әлеуметтік – экономикалық салдарын талдау маңыздырақ. Өндіріс құрал – жабдығына деген меншіктің экономикалық қатынастары кез келген экономикалық моделін (нарықтық, әміршілдік - әкімшілдік, мемлекеттік, аралас және т.б.) құрастырушы болып табылады. Меншік теориясына зор үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері – Рональд Коуз (1910 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й. Барцель, Д. Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде «ойын ережесін» білуі қажет. Меншік, кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе? Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:

  1. иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы;

  2. пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы;

  3. басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;

  4. табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы;

  5. егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы;

  6. қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;

  7. игілікті мұрагерге беру құқығы;

  8. игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;

  9. сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;

  10. жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;

  11. қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік – экономикалық қатынастар.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жеке адам жердің меншік иесі болып, оны өндіру сол адамның өзіне және оның отбасына берілді. Ол өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігіне айналды. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көріне бастады.

Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО – да ( 1917 – 1991 жж. ) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында – 88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5% – дан 30% дейін ауытқиды. Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстарғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы, экономиканың салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы жүзеге асады. Экономикада бұл меншік түрінің басым болуы нақты өмірде жағымсыз жағдайларға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келеді. Ол экономика үшін аса қауіпті, онда мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асады және тапшылық пайда болады, қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасады.

Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процессінің басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай–ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және сәйкес өкілеттіктерді беру арқылы түрлендіру. Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдарының өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы. Жеке меншіктің дамуы XIX ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. ҒТП әсерімен XIX ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе кооперативтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік қалыптасты. Батыстың экономикалық теория мектебі “жеке” термині ретінде кез - келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген. Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер участкісі табысы мен жалға берілген басқада қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет ақы және т.с.с.) есебінен жасалады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты (кесте 1).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет