Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі



бет43/47
Дата21.02.2022
өлшемі0.62 Mb.
#455630
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Фармацевтикалық-тауартану

Студент білуге тиіс:

  • тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттар туралы түсінікті.

  • тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттардың химиялық, физикалық қасиеттерін.

  • осы топ дәрілік заттардың техника қауіпсіздігін, сақталу ерекшеліктерін.

  • оттегі баллонының құрылысын, таңбалануын.

  • редуктордың құрылысы мен қолдануын.

  • оттегі баллонының қолдануын, техника қауіпсіздігін.

  • оттегі жастықшаның сапасына қойылатын талаптарды.

Осы таҚырып бойынша баҚылау сҰраҚтары:



  1. Тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттар туралы түсінік.

  2. Тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттардың физикалық, химиялық қасиеттеріне байланысты топтасуы.

  3. Тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттардың сақтау бөлмелеріне қойылатын талаптар.

  4. Тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттардың орналастырылуының, сақталуының негізгі принциптері.

  5. Тез тұтанғыш және жарылғыш заттарды қабылдау, фасовкалау, босату ерекшеліктері.

  6. Тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттармен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігі.

  7. Оттегі баллонның құрылысы. Маркировкасы. Редуктордың құрылысы және қолданылуы.

  8. Оттегі жастықтың сапасына қойылатын талаптар, оттегі жастықтың қолданылуы.

  9. Оттегі баллондардың қабылдану ережелері. Оттегі баллондардың эксплуатациясы. Техника қауіпсіздігі.

  10. Оттегі баллондардың сақталуы және тасымалдануы. Дәріханалық мекемелерден оттегін босату ережелері.

  11. Баллондағы азот тотығының сақталуы.

АҚпаратты-дидактикалыҚ блок

Физика-химиялық қасиеттеріне байланысты өрт тудыратын заттар жеңіл жанатын және жеңіл тұтанатын, ал қопарылыс туғызатын заттар қопарғыш және қопарылыс тудыратын болып бөлінеді.


Бұл заттарға мыналар жатады:

  1. Жарылғыш заттар-нитроглицерин.

  2. Жарылғыш қаупі бар заттар-калий перменганаты және күміс нитраты.

  3. Жеңіл тұтанатын заттар-спирттік және эфирлік экстрактілер, эфир, скипидар, сүт қышқылы, хлорэтил, коллодий, клеол, Новиков сұйықтығы, органикалық майлар, рентгендік пленкілер, этил спирті және спирт ерітінділері, ацетон, хлороформ

  4. Жеңіл жанатын заттар-байлап таңу материалы, күкірт, глицерин, өсімдік майлары, дәрілік өсімдік шикізаты.

Қауіпті және қопарғыш заттарды сақтайтын складтар жанбайтын және тұрақты сөрелермен арнайы жабдықталуы керек. Электропроводкалар және электрожабдықтар қабырғаға кіріп тұруы керек, немесе труба ішінде болуы керек. Электрошамы герметикалық арматурада, сөндіргіштер коридорға болу керек.
Жеңіл жанғыш сұйықтықтар 100кг мөлшерден жоғары арнайы бөлек ғимаратта шыны немесе металдық ыдыста сақталуы тиіс.
Дәріханаға тауар түскен соң тез арада оны сақтайтын орнына жеткізу керек. Бірнеше дәрілік затты бір бөлмеде босатуға қатаң тиім салынады.
Өрт қауіпті және қопарғыш заттарды қоймада сақтағанда, әр бөлменің есігінің сыртында анық көрінетін жазумен мынандай жазулар жазылуы керек: “Қауіпті”, “Қопарғыш”, “Шылым шегуге болмайды”, “Өрт қауіпінде мына сымтетікке хабарлас”.
Өрт қауіпсіздігіне жауапты жолдас Ф.И.О.
Жұмысқа кірер алдында әрбір қызметкер өрт қауіпті, қопарғыш заттарды сақтау, алғаш жәрдем көрсетуді білу керек. Жылына бір рет қызметкерлердің осы сұрақ жөнінен білім тексеру, ол үшін арнайы квалификациялы комиссия құрылып, қорытындысы протоколда жазылуға тиіс. Барлық дәріханалық мекемелерде өрт сөндіргіш заттар болу керек. Мемлекеттік өртке қарсы бақылау органының талабына сай болу керек. Өрт қауіпті заттарды сақтау жеңіл жалындағыш және тез жанғыш заттардың негізгі қауіпті тез жануы, тез бұзылуы негізгі көзі ашық от, электр разряды алыс сақталуы керек. Сондықтан бұл заттарды сақтағанда және жұмыс жасағанда сақ болу керек. Бұл заттарды жылжыту су моншасында немесе спиралі жабылған плиткелерде жүргізілуі тиіс.
Бұл заттарды ашық ыдыстарда сақтауға тиым салынады. Бұл заттарды минералды қышқылдармен бірге, газдармен, жеңіл жанатын заттармен бірге сақтауға болмайды.
Калий перменганаты күкірт, органикалық майлар, эфир спирт, глицерин, органикалық қышқылдар және басқада органикалық қосылыстармен әсерлесуі және реакцияға түсуі әсерінен-қопарылыс береді. қоймаларда металл барабандарда, дәріханаларда аузы жақсы тығындалған штангластарда сақталады.
Нитроглицерин ерітіндісін жақсы тығындалған шыны ыдыстарда, салқын, жарықтан қорғалған жерлерде, оттан қауіпсіз жерлерде сақтау керек. Ыдысты жылжыту, оны өлшеу ақырындап, абайлап жүргізілуі тиіс, себебі төгілген нитроглицерин булану нәтижесінде қопарылыс тудыруы мүмкін. Кішкене ғана мөлшері теріге тисе улануға әкеліп соғуы мүмкін. (бас ауырады т.б.)
Эфирді сақтау кезінде (әсіресе ауамен әсерлескенде) асқын тотық түзіледі, бұл асқын тотық шайқау, соққы кезінде жарылыс беруі мүмкін. Сондықтан абай болу керек!
Өрттің тудыруы мүмкін затқа оттек балоны жатады. Дұрыс пайдаланбау және дұрыс сақталмау нәтижесінде оттек жанбайды, бірақ газдардың жануын қолдап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет