Сабақ жоспары Күні: Сыныбы: 6 «А» Сабақтың тақырыбы



Дата14.11.2022
өлшемі13.76 Kb.
#464789
түріСабақ
hfghf7


Сабақ жоспары
Күні:
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Жасуша құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және бейорганикалық заттар: су, тұз ерітінділері. Қоректік заттардың қорға жинақталуы.
Мақсаты:оқушыларды ұйымшылдыққа шақыра отырып жасушаның химиялық құрамымен таныстыра отырып білімдерін толықтыру.
Күтілетін нәтежие:оқушылар жасушаның химиялық құрамын талдап,өзіндік түсінік қалыптастырады.
Не арқылы бағаланады: Үй тапсырмасы және қосымша сұрақтар мен тапсырмалар жаңа сабақтағы белсенділігі ескеріліп бағаланады.
Сабақ барысы: 1.Қызығушылықты ояту
2.Мағынаны тану
3.Толғаныс
4.Үйге тапсырма беру
-Амандасу
-Кезекшімен сұхбат
-Сабаққа дайындалу
Үй тапсырмасын тексеру.Ауызша лездеме сұрақ-жауап және тест тапсырмасын орындау арқылы тексеру.
1.Қызығушылықты ояту
Өткен сабақты еске түсіре отырып цитоплазма мен ядро,вакуольдің құрамын оқушылармен бірлесе талдау.
2.Мағынаны тану
Жасушаның химиялық құрамы ондағы органикалық және бейорганикалық қосылыстардың болуымен анықталады.Нәруыздар,майлар,көмірсулар-органикалық заттар.
Нәруыз-тіршіліктің негізі.Аминқышқылдары мономерлерінен тұратын күрделі полимерлер.Аминқышқылдарының негізгі бөлігін оттек,көміртек,сутек,азот құрайды.Нәруыз молекулалары негізгі құрылыс материалы болып табылады.Нәруыз –ферменттер жасушадағы биохимиялық реакциялардың жүруін тездетеді.Жоғары темперстурада нәруыздар бұзылады.
Майлар — суда ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар.Олар май қышқылы мен глицериннен құралған.Ағаштардың бұталардың діңінің бұтақтарының қабық қабаты жасушаларына көп мөлшерде май жиналады.Жылдың суық кезеңінде өсімдіктердің діңдерінде,бұтақтарында қорға жиналған крахмал майға айналады да ,көктемде қайтадан крахмалға айналады.
Көмірсулар — өсімдік жасушасының 90%-ын көмірсулар құрайды.Мыс:картоп түйнегінде.тұқымында.Көмірсулар өсімдіктерде-крахмал түрінде жинақталса,ал жануар организмінде гликоген түрінде жиналады.
Нуклейн қышқылдары-органикалық қосылыстар.Ең алғаш жасуша ядросынан табылған ,әрі бөлініп алынған.Нуклейн қышқылдары мономерлерден-нуклеотидтерден тұратын биополимерлер.
Бейорганикалық заттарға:су мен минералды тұздар жатады.Су жасуша үшін еріткіш болып табылады..Су цитоплазманыңміндетті құрам бөлігі.,ол жасуша тургорын қамтамасыз етеді.Цитоплазмада шамамен 80% су болады.Минералды тұздар калий фосфаттары мен корбанаттары,калий,натрий тұздары,магний тұздары.
3.Толғаныс
- жасушаның химиялық құрамы неден тұрады.
-жасушадағы органикалық заттардың маңызы
-жасушадағы бейорганикалық заттардың маңызы
-Жануар мен өсімдік жасушасында органикалық заттар қандай түрде жинақталады?
4.Үйге тапсырма беру. Қосымша мәлімет дайындау
Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет