Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне



Дата04.03.2016
өлшемі22.53 Kb.
#37150
Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігіне

2011 жылдың 1 ақпандағы қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз азаматтардың саны жөніндегі мәліметтерді жолдаймыз.

Қосымша : 3 бет.

Бастықтың орынбасары Н.Крюкова

Орынд. Жаскіленова

Тел. 43-20-64

Қарағанды облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының

2011 ж. _____ақпандағы

№____ хатына қосымша

2011 жылғы 1 ақпандағы Қарағанды облысында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәліметтерге түсіндірме хат

2011 жылғы 1 ақпандағы қоғамдық жұмыстарға 879 жұмыссыз азамат қатысты. Ауылдық жерлерде 329 адам немесе қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жалпы санынан 37,4%.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға 199703,4 теңге сомасына келісім-шарт жасасты. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбекақы төлеуге 11298,8 мың теңге қаражат есептелген, нақты қаржыландыру – 4132,7 мың теңге. 2011 жылдың қаңтар айында төленбеген сома 199,5 мың теңге.



Облыс жұмыссыздарының атқарған қоғамдық жұмыс түрлері:

  • тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына аумақ жинауға көмек көрсету – 145 адам (немесе қоғамдық жұмысқа қатысушылардың жалпы санынан (16,5%);

  • құрылыс және жол жөндеу, су құбыры, газ, канализациялық коммуникация салу – 0;

  • мелиорация жұмыстарын жүргізу – 1 адам (0,1%);

  • құрылысқа, тұрғын үйлерді қайта салу және күрделі жөндеуге, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени сала нысандарын жөндеуге қатысу – 1 адам (0,1%);

  • аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту) – 149 адам (17%);

  • кең ауқымды мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек (спорттық жарыстар, фестивальдар) – 21 адам (2,4%);

  • түрлі кампаниялар мен қоғамдық пікіртерімдер өткізуге көмек, санаққа қатысу – 59 адам (6,7%);

  • малды жемдеу, жас малды өсіру – 0 адам ;

  • қоғамдық жұмыстың басқа түрлері –503 адам (57,2%). Бұл түрлерге: тұрғылықты жердегі балалар және жасөспірімдермен жұмыс, жалғызбасты қарт адамдарды күту, атаулы әлеуметтік көмек құжаттарын ресімдеуге көмектесу, халыққа салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет