Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі


-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ



бет11/22
Дата11.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#190167
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

      159-бап. Экологиялық ақпарат

      1. Экологиялық ақпарат:
      1) қоршаған ортаның және оның объектiлерiнiң жай-күйi;
      2) қоршаған ортаға әсер ету факторлары, оның iшiнде оның ластануы туралы;
      3) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын бағдарламалық, әкiмшiлiк және өзге де шаралар;
      4) экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;
      5) қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жоспарланатын және iске асырылатын iс-шаралар және оларды қаржыландыру;
      6) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын қызмет, ол бойынша шешiм қабылдау процесi және инспекторлық экологиялық тексерулер нәтижелерi, оның iшiнде бұл ретте қаралған қоршаған ортаға қатысты есептер, талдаулар мен өзге де мәлiметтер;
      7) қоршаған орта жай-күйiнiң халықтың денсаулығына, қауiпсiздiгiне және тiршiлiк жағдайларына, мәдениет объектiлерiне, ғимараттар мен құрылыстарға әсер етуi туралы мәлiметтер мен деректердi қамтиды.
      2. Экологиялық ақпарат жазбаша, электрондық, дыбыс бейнелi немесе өзге де нысанда көрсетiлуi мүмкiн.

      160-бап. Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды


                тұлғалардың экологиялық ақпаратты
                қалыптастыру және тарату жөнiндегi қызметi

      1. Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды тұлғалардың экологиялық ақпаратты жинауы, есепке алуы, сақтауы және таратуы мемлекеттiк органдардың қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен орындау және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығын iске асыру мақсатында жүзеге асырылады.


      2. Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды тұлғалар мiндеттi түрде жинауға, есепке алуға және сақтауға тиiс экологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      3. Қоршаған ортаға айтарлықтай әсерiн тигiзуi мүмкiн жоспарланатын және жүзеге асырылатын қызмет туралы, сондай-ақ қоршаған ортаға және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына елеулi қатер төндiретiн табиғи және техногендiк сипаттағы кез келген төтенше жағдайлар туралы мәлiметтердi арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мiндеттi түрде тексеруге және есепке алуға тиiс.
      4. Мемлекеттiк органдар Экологиялық ақпаратты жүйелендiру және оған қол жеткiзудi жақсарту мақсатында экологиялық ақпараттың электрондық кадастрын қалыптастырады және сүйемелдейдi.
      5. Мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес Интернетке орналастыру және өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану арқылы экологиялық ақпараттың мына түрлерiн:
      1) қоршаған ортаның жай-күйi туралы баяндамаларды;
      2) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң және халықаралық шарттардың жобалары мен мәтiндерiн;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатқа, бағдарламалар мен жоспарларға қатысты құжаттардың жобалары мен мәтiндерiн;
      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметiнiң нәтижелерi жөнiндегi есептердi;
      5) электрондық үкiметтiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы базалық қызметтерiнiң тiзбесiне жатқызылған ақпаратты таратады.
      6. Мемлекеттiк органдар экологиялық ақпаратты тарату үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу және мемлекеттiк  әлеуметтiк тапсырыстуралы заңнамасында көзделген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларды тартуы мүмкiн.

      161-бап. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қоры

      1. Экологиялық ақпаратты бiр орталықтан жинауды, есепке алуды және сақтауды Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қоры жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қорын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға ведомстволық бағыныстағы ұйым жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қорының ақпараттық ресурстары:
      1) мемлекеттiк органдар және заңды тұлғалар мiндеттi түрде ұсынатын;
      2) жеке және заңды тұлғалар ерiктi түрде беретiн материалдар мен құжаттарды қамтиды.
      4. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қорының құрамына экологиялық ақпараттың мынадай түрлерi кiредi:
      1) табиғи ресурстардың кадастрлары;
      2) ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының тiркелiмi және экологиялық ақпараттың өзге де тiркелiмдерi;
      3) экологиялық қауiптi өндiрiстер тiзбесi;
      4) экологиялық мониторинг деректерi;
      5) жоспарланатын қызмет тапсырыс берушiсiнiң келiсiмiмен қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары;
      6) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
      7) қоршаған ортаны қорғауға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер;
      8) экология және экологиялық жағынан таза технологиялар саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет;
      9) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар.

      162-бап. Ұлттық экологиялық атлас

      1. Экологиялық ақпаратты жүйелi және көрнекi түрде беру мақсатында картографиялық материалдардың кешендi ғылыми-анықтамалық жинағы - Ұлттық экологиялық атлас жасалады.
      2. Ұлттық экологиялық атласты әзiрлеудi және жариялауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      163-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу

      1. Экологиялық ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады.
      2. Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады.
      3. Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына (ақпараттық деректер базасына) қол жеткiзу жалпыға бiрдей қолжетiмдi тiркелiмдердi және экологиялық ақпарат кадастрларын қалыптастыру мен сүйемелдеу арқылы жүзеге асырылады.
      4. Қол жеткiзу шектелген мәлiметтер мен деректердi қамтитын құжаттарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуге рұқсат беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      164-бап. Субъектiлердiң экологиялық ақпаратқа қол


                жеткiзуге қатысты құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына еркiн қол жеткiзуге құқығы бар.


      2. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды атқаратын лауазымды адамдар немесе жария шарттың негiзiнде халыққа қоршаған ортаға қатысы бар қызметтер көрсететiн жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпаратқа, оның iшiнде жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша ашық түрде қол жеткiзудi ұсынуға мiндеттi.
      3. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар азаматтардың өмiрi мен денсаулығына әсер етуге қатысты экологиялық ақпаратты адамдардың сауалдары бойынша беруге мiндеттi.
      4. Жеке және заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалардан, егер оны басқа нысанда беруге негiз болмаса, сұрау салу нысанында экологиялық ақпарат алуға құқылы.

      165-бап. Экологиялық ақпарат берудiң мерзiмдерi мен


                тәртiбi

      1. Мемлекеттiк органдардың экологиялық ақпарат беру мерзiмдерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк рәсiмдер туралы және  азаматтардың өтiнiштерiн қараудың тәртiбi туралызаңнамасында белгiленедi.


      2. Осы баптың 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар сұратылған экологиялық ақпаратты сауал алынған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей бередi.
      3. Қоршаған ортаға әсер етудi бағалау рәсiмiне және жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етiледi.
      4. Сұратылған экологиялық ақпарат мемлекеттiк органда болмаған жағдайларда алынған сауал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде құзыреттi мемлекеттiк органға жiберiледi.

      166-бап. Экологиялық ақпаратты бергенi үшiн төлемақы

      1. Экологиялық ақпарат бергенi үшiн ақпаратты көшiруге, iздестiруге және дайындауға жұмсалған нақты шығыннан аспайтындай төлемақы алынады.
      2. Экологиялық ақпарат бергенi үшiн мемлекеттiк орган алатын төлемақы мемлекеттiк органның тиiстi бюджетiнiң кодына аударылады.
      3. Мемлекеттiк органның экологиялық ақпаратты жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк электронды тiркелiм мен экологиялық ақпарат кадастры арқылы беруi өтеусiз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 166-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      167-бап. Экологиялық ақпарат беруден бас тарту

      1. Жеке және заңды тұлғаларға мынадай негiздер бойынша:
      1) сауал жалпылама түрде тұжырымдалған және өтiнiш берушi сұратқан мәлiметтер мен деректердi анықтауға мүмкiндiк бермейтiн болса;
      2) сұратылатын ақпарат жоқ болса;
      3) сауал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткiзiлуi шектелген мәлiметтер мен деректерге жататын болса, экологиялық ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн.
      2. Экологиялық ақпарат беруден бас тарту өтiнiш берушiге оны алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жiберiледi.
      3. Бас тарту жазбаша нысанда, бас тартудың себептерi мен негiздерi, оған өтiнiш берушiнiң шағым жасау мүмкiндiктерi көрсетiле отырып, сондай-ақ осы Кодекстiң 165-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда берiледi, оған алынған сауалдың құзыреттi мемлекеттiк органға жiберiлгенi туралы хабарлама кiредi.
      4. Экологиялық ақпарат беруден бас тартуға, оны бермеуге, толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беруге, сондай-ақ жалпыға қолжетiмдi экологиялық ақпаратты қол жеткiзiлуi шектеулi ақпаратқа заңсыз жатқызуға жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

      168-бап. Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны


                ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi

      Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерiн есепке алудың мемлекеттiк деректер қорының жүйесiн бiлдiредi.

      169-бап. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны
                ластау көздерiн мемлекеттiк есепке алу

      1. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерiн мемлекеттiк есепке алуды Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне табиғат пайдаланушы және қоршаған ортаны ластау көздерi туралы, оның iшiнде табиғат пайдаланушы:


      1) табиғат пайдаланушының орналасқан жерi;
      2) қоршаған ортаны ластау көздерiнiң орналасқан жерi;
      3) есептен шығарылғаны туралы мәлiметтердi енгiзу және жаңарту арқылы экологиялық рұқсаттарды ресiмдеген жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Табиғат пайдаланушылар ретiнде қоршаған ортаны ластау көздерi бар мына заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер:
      1) заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрып жүзеге асыратын резидент еместер - орналасқан жерi бойынша;
      2) заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместер - қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша;
      3) дара кәсiпкерлер - қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
      3. Табиғат пайдаланушының есептiк нөмiрiн:
      1) табиғат пайдаланушы ұсынатын есептiлiк құжаттарында, сондай-ақ оның мiндеттемелерiн орындауына байланысты өзге де құжаттарда;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өзi табиғат пайдаланушыға жiберетiн, оның мiндеттемелерiне қатысы бар құжаттарда көрсетуге тиiс.
      4. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 169-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз) Заңымен.

      170-бап. Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны


                ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен
                шығару

      Табиғат пайдаланушыны Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару қоршаған ортаға әсер ететiн қызметтiң тоқтатылуына байланысты жүзеге асырылады.

      171-бап. Мемлекеттiк органдардың табиғат пайдаланушыларды
                және қоршаған ортаны ластау көздерiн есепке
                алуды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыларды мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру кезiнде мына мемлекеттiк органдармен:


      1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүзеге асыратын;
      2) мемлекеттік статистика саласындағы;
      3) салық салынатын объектiлердi және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын;
      4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету және тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар беретiн;
      5) арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
      Ескерту. 171-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      172-бап. Қоршаған ортаны ластау көздерi бар табиғат


                пайдаланушылар туралы мәлiметтер беру

      Салық қызметi органдарының талап етуi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жылына кемiнде бiр рет қоршаған ортаны ластау көздерi бар табиғат пайдаланушылардың орналасқан жерi бойынша мәлiметтердi беруге мiндеттi.



6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА
АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ
ТӘРТIБI

      173-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық


                зiлзала

      1. Төтенше экологиялық жағдай - шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестерi нәтижесiнде қоршаған ортада халықтың денсаулығына, табиғи экологиялық жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-күйiне қауiп төндiретiн тұрақты терiс өзгерiстер болатын аумақ учаскесiнде туындаған экологиялық ахуал.


      2. Экологиялық зiлзала - шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестерi нәтижесiнде халықтың денсаулығының едәуiр нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесi жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған қоршаған ортаның орны толмас, терең өзгерiстерi болған аумақ учаскесiнде туындаған экологиялық ахуал.
      3. Халықтың денсаулығына төнетiн қауiп деп қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қайталама бұзылу жиiлiгiнiң артуы түсiнiледi.
      4. Халық денсаулығының едәуiр нашарлауы деп қоршаған ортаның ластануынан туындаған денсаулықтың өмiрмен сыйыспайтын орны толмас бұзылуының, өлiм себептерi құрылымы өзгерулерiнiң және ерекше өзiндiк аурулардың пайда болуының артуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қайталама бұзылу жиiлiгiнiң едәуiр артуы түсiнiледi.
      5. Аумақтарды төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарына жатқызу экологиялық ахуалды нашарлататын көздер мен факторларды анықтау және экологиялық қолайсыздық деңгейiн тұрақтандыру мен азайту, қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтiң әсер ету деңгейiн төмендету, табиғи ресурстарды қалпына келтiру және халықтың денсаулығына әсер ету салдарларын мейлiнше азайту жөнiнде негiзделген шұғыл шаралар әзiрлеу мақсатында жүзеге асырылады.

      174-бап. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық


                жағдай немесе экологиялық зiлзала аймағы деп
                жариялаудың тәртiбi

      1. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала болу ықтималдығы болжанатын аумақты зерттеу мақсатында комиссия құрылады.


      2. Жергiлiктi атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
      1) экологиялық ахуалының қолайсыздығы болжанатын аумақта тұратын тұрғындардың;
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдар депутаттарының;
      3) қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерi негiзiнде комиссия құруға бастамашы болуға құқылы.
      3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары, қоршаған ортаны қорғау, бiлiм беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, денсаулық сақтау, индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салаларындағы уәкiлеттi органдардың, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерi және басқа да мүдделi жеке және заңды тұлғалар кiредi.
      4. Комиссия:
      1) аумақтың экологиялық жай-күйiн;
      2) қолайсыз экологиялық ахуалдың туындау себептерiн;
      3) қандай да бiр тозу деңгейiне ұшыраған аумақтардың шекараларын;
      4) болжанатын қолайсыз экологиялық жағдайдың залалын, нашарлау мүмкіндігін;
      5) болжанатын қолайсыз экологиялық жағдайды жою жөнiндегi қажеттi шараларды;
      6) болжанатын қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепшi болған факторларды жою мақсатында оны жоюға қажеттi құралдарды;
      7) болжанатын қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепшi болған шаруашылық және өзге де қызмет түрлерiн айқындау мақсатында материалдарды жинау мен талдауды жүзеге асырады.
      5. Қолда бар материалдар жеткiлiксiз болған жағдайда, комиссия тиiстi мемлекеттiк органға қосымша зерттеулер жүргiзу қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi.
      6. Аумақты зерттеу материалдары мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу үшiн денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және бiлiм беру салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындысымен бiрге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға берiледi.
      7. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында аумақты төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймағы деп тану немесе танымау туралы тұжырым болуға тиiс.
      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындылары, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындылары негiзiнде аумақ:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен - төтенше экологиялық жағдай аймағы;
      2) Қазақстан Республикасының заңымен - экологиялық зiлзала аймағы деп жарияланады.
      9. Осы баптың 8-тармағында тiзбеленген нормативтiк құқықтық актiлерде:
      1) экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймақтарының шекаралары;
      2) экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймағы деп жариялау мерзiмдерi;
      3) экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймақтарының құқықтық режимi;
      4) тиiстi аумақтағы қолайсыз экологиялық жағдайды тұрақтандыру және деңгейiн азайту жөнiндегi шаралар не оларды әзiрлеу қажеттiгiне сiлтеме;
      5) азаматтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала салдарынан зардап шеккендер санатына жатқызу тәртiбi және оларды әлеуметтiк қорғау шаралары көрсетiледi.
      10. Табиғи ресурстарды молайту, қоршаған ортаны сауықтыру, халыққа медициналық көмек көрсету жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мемлекеттiк нысаналы бағдарламаларға сәйкес сараланған түрде әзiрленедi және жүзеге асырылады.

      175-бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау

      1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлердiң қосымша немесе көмекшi түрлерiн пайдалана отырып, критерийлердің басты түрлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      2. Аумақтардағы экологиялық ахуалды бағалау критерийлерi - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйiнiң нашарлауын сипаттайтын көрсеткiштер жиынтығы.
      3. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зiлзала аймағын айқындау экологиялық қолайсыз жағдайдың неғұрлым жоғары деңгейiн көрсететiн бiр немесе бiрнеше негiзгi және қосымша көрсеткiштер бойынша жүзеге асырылады.
      4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн Қазақстан Республикасының Yкiмeтi белгiлейдi.

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      176-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық


                зiлзала аймақтарындағы құқықтық режим

      1. Белгiлi бiр аумақта төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зiлзаланың құқықтық режимi белгiленген жағдайда мынадай шаралар:


      1) қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына себепшi болған объектiлер қызметiн тоқтату не шектеу;
      2) табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молайту), қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде жедел шаралар;
      3) халыққа тұрақты немесе уақытша тұруы үшiн мiндеттi түрде үй-жайлар бере отырып, оларды тұруға қауiптi жерлерден көшiру;
      4) карантин белгiлеу және басқа да санитарлық-эпидемияға қарсы iс-шараларды жүзеге асыру;
      5) ауырған, өлiм-жiтiмге ұшырау қаупi туындаған жағдайда жануарларға көмек беру жөнiндегi қажеттi жұмыстарды жүргiзу;
      6) келудiң және кетудiң ерекше режимiн белгiлеу, көлiк құралдарының қозғалысын шектеу;
      7) жаңа құрылыс салуға және жұмыс iстеп тұрған, қызметi төтенше экологиялық жағдайларды жоюмен немесе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты емес кәсiпорындар мен басқа да oбъектiлердi кеңейтуге уақытша тыйым салу;
      8) қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан зардап шеккен адамдар үшiн тамақ өнiмдерiн бөлудiң ерекше тәртiбiн енгiзу;
      9) жоғары экологиялық қауiп төндiретiн объектiлердi салуға және олардың жұмыс iстеуiне тыйым салу;
      10) жиынтық қасиеттерi және (немесе) жай-күйiнiң ерекшелiктерi осы аймақтағы экологиялық жағдайды ушықтыруы мүмкiн ерекше қауiптi (химиялық, радиоактивтi, уытты, жарылғыш, жанатын, биологиялық) заттарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын шаруашылық және өзге де қызметтерге қолдануға уақытша тыйым салуды белгiлеу;
      11) сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектiлердiң жұмыс iстеуiне тыйым салу;
      12) адамдарға, өсiмдiктерге, жануарлар дүниесiне және басқа табиғи объектiлерге жоғары экологиялық қаупi бар кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу немесе оларға шектеу енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы құқықтық режимдi және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi.

      177-бап. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет