Қазақстан республикасының электрондық Үкіметі



Дата13.06.2016
өлшемі8.53 Mb.
#131294



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ



www.egov.kz порталында мемлекеттік баж салығын төлеуді қажет ететін электрондық қызметті алу

НҰСҚАУЛЫҒЫ

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7 - бабының 1 - тармағына сәйкес, «электрондық үкімет» төлем шлюзінде қалыптасатын электрондық чектің қағаз жүзіндегі құжатпен күші тең.

«Электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі – Портал) электрондық қызметтерді алу үшін:



  1. Порталда тіркелу қажет (ЖСН/БСН, электрондық пошта мекенжайы);

  2. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Бұл нұсқаулықта мемлекеттік баж салығын төлеуді талап ететін электрондық қызметті алу үдерісін некеге тұру туралы анықтама беру мысалы негізінде көрсетілген. Мемлекеттік баж салығын төлеуді талап ететін электрондық қызметтерді алу алгоритмі бірыңғай және төменде келтірілген қадамдардың орындалуына негізделеді.

Порталда жұмыс жасауды бастау үшін www.egov.kz сілтемесі бойынша өтіңіз.


«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ


  1. Порталда тіркелу үшін басты беттің жоғарғы бөлігіндегі «Тіркелу» батырмасына басыңыз.


2. Нәтижесінде келісім орналасқан парақ бейнеленеді. Мұқият оқып шығып, қызметтің субъектісін – жеке немесе заңды тұлғаны белгілеңіз, «Осы келісімнің шарттарымен таныстым...» мәтінінің алдына белгі қойып, одан кейін «Тіркеу» батырмасын басыңыз.


Жеке тұлға ретінде тіркелу үшін төменде көрсетілген алаңдарды рет-ретімен толтырыңыз:




  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (*ЖСН), бұдан әрі «Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында тегін және атын табу» іздеу сілтемесіне басыңыз және портал автоматты түрде осы ЖСН-ға сәйкес деректерді табады және «Тегі», «Аты» алаңдарына қояды;

  • Пароль ойлап табыңыз (8 символдан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  • Электрондық мекенжай – қолданыстағы электрондық поштаны көрсетіңіз (мысалы: egovkz@mail.ru).

Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркеу» батырмасын басыңыз.
* ЖСН –12 саннан тұратын комбинациялар түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі, код жеке куәліктің беткі жағында көрсетілген.

Заңды тұлғалардың Порталда тіркелуі үшін ЭЦҚ қажет. Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін келесі алаңдарды рет-ретімен толтырыңыз:





  • БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

  • Пароль ойлап табыңыз (8 символдан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  • Электрондық мекенжай – қолданыстағы электрондық поштаны көрсетіңіз (мысалы: egovkz@mail.ru).

  • Сертификат деректері. «Сертификатты таңдау» батырмасына басыңыз, ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) сертификатының сақталу жерін көрсетіңіз=>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз сақтаулы папка => RSA…

Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркеу» батырмасын басыңыз.
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ АЛУ

  1. Авторлану. Электрондық қызметті алу үшін Порталда авторлану қажет, «Кіру» батырмасына басыңыз және өзіңіздің ЖСН (БСН) мен пароліңізді (тіркелу кезінде көрсеткен) енгізіңіз, бұдан кейін «Жүйеге ену» батырмасын басыңыз.





  1. Қызметтерді таңдау. «Некеге тұру туралы анықтама беру» қызметін:

іздеу алаңына қызмет атауын енгізу;

«Онлайн қызметтер бір тізімде» батырмасы бойынша өту;

сәйкесінше тақырыптық айдардан іздеу арқылы таба аласыз.

Соңғы тәсілге тоқталайық. Басты беттегі «Отбасы» айдарын, бұдан әрі «Отбасы жағдайы» айдаршасын таңдаймыз.




«Некеге тұру туралы анықтама беру» сілтемесіне басқанда, қызметтің сипаттамасы мен оны көрсету тәртібі жазылған бетке (қызмет паспортына) өтесіз.

Қызметті алу үшін «Қызметке ОНЛАЙН тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.


3. Алаңдарды толтыру және сұранымды жолдау. Ашылған бетте барлық алаңдарды толтырыңыз. Олардың саны қызмет түріне байланысты өзгеріп отырады. Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін келесі қадамға өту үшін «Сұранымды жіберу» батырмасын басыңыз.
4. Сұранымға қол қою. Сұранымға қол қою үшін «Сертификатты таңдау» батырмасы бойынша өтіңіз. Ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың (ЭЦҚ) сақтаулы жерін көрсетіңіз=>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз сақтаулы папка:

1) ЭҚҚ-ны 2012 жылғы 1 мамырға дейін алған пайдаланушылар AUTH_RSA... таңдауы қажет.

2) ЭЦҚ-ны 2012 жылғы 1 мамырдан кейін алған пайдаланушылар RSA таңдауы қажет.

Сертификатты таңдағаннан кейін сертификат паролін енгізіңіз.



Сертификат дұрыс таңдалған кезде (қол қою тәсіліне қарамай) келесі бетте Сіз туралы деректер – ТАӘ, ЖСН және электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі көрсетіледі. Егер көрсетілген деректер дұрыс болса, «Қол қою» батырмасын басыңыз. Сұраным мемлекеттік органға автоматты түрде беріледі.






5. Қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж салығын төлеу. Мысал ретінде таңдалған қызмет үшін мемлекеттік баж салығы алынатындықтан, оны төлеу ұсынылады. Ол үшін «Төлеу» батырмасын басыңыз.


Тіркелген мекенжайыңыз бойынша салық органын таңдаңыз, СТН-ыңызды көрсетіңіз және «Төлеу» батырмасын басыңыз.
Ұсынылған тізімнен төлем тәсілін таңдаңыз. Мысалы, «Төлем картасының көмегімен төлеу» және «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.

Төлем деректемелерін тексеріңіз және «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.


Төлем деректемелерін тексергеннен кейін төлем карточкасы туралы ақпаратты енгізіңіз және «Төлеу» батырмасын басыңыз.




Карточка туралы ақпаратты енгізгеннен кейін төлемді растаңыз.

Интернет-транзакцияларды жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында кейбір қазақстандық банктер (Halyk bank, АТФ банк, БТА және т.б) төлем карточкаларында шектелімдер (шектеулер) немесе қосымша кодтар орнатады. Егер онлайн-төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса, Сізге қызмет көрсететін Банкпен хабарласу қажет.


Төлемді жүзеге асырғаннан кейін портал қызмет төлемін растайтын электрондық чек береді. Бұл чек «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында автоматты түрде сақталады.








6. Қызмет көрсету нәтижесін қарау. Порталдың оң жақ жоғарғы бөлігіндегі «Қызметтер алу тарихы» салым бетіне өтіңіз.



«Қызметтер алу тарихы» бөлімінде Портал арқылы сұраным жасалған барлық қызметтер олардың атауы, сұраным күні және өңделу мәртебесі көрсетіліп сақталады. «Сұраным өңделді» мәртебесі бар электрондық қызметтердің нәтижесін қарауға болады. Ол үшін терезенің сол жақ бөлігіндегі сұранымның нөмірі бойынша өту қажет. Ашылған терезеде электрондық құжат туралы қысқаша ақпарат, деректемелер және құжаттың өзі көрсетіледі. «Нәтижені қарау» батырмасын басыңыз.



Қажет болған жағдайда анықтаманы басып шығаруға болады.



Енді Сіз ЭЦҚ-ны өз жеке куәлігіңіздің (жаңа үлгідегі құжат) чипіне жаза алатыныңызды есіңізге саламыз. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жазудың басты артықшылығы – оның қауіпсіз сақталуы, яғни көшіру мүмкіндіне тосқауыл қойылады. Жеке куәлігіңізге жазылған ЭЦҚ-ны смарт карталарды оқуға арналған картридер (Card Reader) көмегімен пайдалануға болады. ЭЦҚ-ны жеке куәлігіңізге өз қалаңыздағы ХҚКО бөлімшелерінде жаза аласыз




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет