Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі


Салмақтық тәсілінін орындалу жолы



бет2/4
Дата11.06.2016
өлшемі339 Kb.
#128334
1   2   3   4

Салмақтық тәсілінін орындалу жолы


Әдіс негізінен ауаны аспиратор құралының көмегімен сүзгі арқылы сорғытып, ауадағы тозанды сүзгіде ұстауға негізделген. Сүзгіні ауа сорғызғанға дейін және одан соң аналитикалық таразыға салып, тартып, өлшеп, айырмасын, яғни шаңның салмағын тауып, оны бір м3 ауада қанша болатынын арнайы формула арқылы есептеп шығарады да, санитарлық нормамен салыстырып, тиісті қорытынды шығарады.

Бақылау сурақтары:

1. Шаң деген не?

2. Шаңдын түрлерін ата.

3. Оптикалық әдіс.

4. Салмақ әдісі (фильтрация).


6 дәріс. Шудан, дірілден және ультрадыбыстан қорғау
Дыбыс (шу) адамдардың көптен бергі тұрақты ерігі, ол болмай қалғанда алаңдап, көңілсіз жүреді.

Жапырақтың жеңіл сыбдыры, бір қалыпты жаңбыр тамшылары, теңіз суының жағаға соққан гүрілі. жақсы саз бен ән т.б. дыбыстар көңілді жайлап, тыныштық әкелсе; ұшақ қозғағыштың дауысынан жүргізушілер оладың қалыпты жұмыс істейтіннен хабардар болса; сүңгір қайқтар мен кемелердің дыбысынан олардың тұрған орның тез табыуға болады. радио және есептеу техникасында, радиоастрономияда, медицинада т.б. техника мен ғылым салаларында дыбыс роль атқараы.

Дыбыстың зиянды жақтарыда бар. қатты дбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.

Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей, оны мәдениет пен техниканың айырлмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есепелетін.

Қазір болса, мәшинеле мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері ұкеюіне байланысы қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факорлардың біріне айналады. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы Қала тұрғындарының 23 проценті, дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 процентке жетті. Соңғы 20 жылда үкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді.

Қаладағы шу негізінен темір жолмен жұрген пойыз трамвай тырасынан, ұшақтардың гүрілінен, автомәшине, мотоцикл трмыстық жабдықтар мен құрыыс алаңында жұмыс жасайтын техникаың дыбысынан құрылыс алаңында жұмыс жасайтын техниканың дыбсынан құралады. Барлық шудың 80 процентіне жуығы автомәшинелерден тарайды.

Адамдар үшін шу өте қауыпті. Оның қолайсыз әсері көп уақытқа дейін білінбей жұреді де, білінгеннен кейін емдеуге кеш болады. Оның үстіне дәрігерлер нәтижелі емдеу жолдарын әлі таба алмай жү.

Шу (дыбыс) деген не ? шу деп түрлі жиліктегі және қуртағы дыбыстардың шым –шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нағыз ортада ғана толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан туады. Газды, сұйық немесе нығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмеиді.

Мысалы: қоңырауды электір жұйесіне жалғап шыны қалақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақастындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азаия түседі де, ауа бекіткен соң естілмейтін болады.

Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секонтіне 20 –30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында 10000-ға дейін тербелу болады.

Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары мыналар: тербелу жилігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы.

Дыбыстың тербелу жилігі (1) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секонт ішінде толық бір циклі өтетін тербеліс жилігнің өлшеу бірлігі Герц атауы элктромагниттік толқындары ашқан неміс физигі Г.Р. Герцтің құрметіне қойылған. Орысша Гц, халықаралық белгіде Hz болып жазылады.

Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады: 1 килогерц ( Кгц ) = 1000 гц, 1 мегагерц ( Мгц ) = 1000000 гц.

Шудың (дыбыстың) адам организміне әсері

Зерттеулер көрсеткендей ұзақ уақыт көп жерде болған адамдар-дың денесінде қолайсыз өзгерістер пайда болып, зат алмасу процесі, рухани күйі, ішкі сезімі нашарлайды. Көздің көруі төмендеп, қан қысымы көбейіп, жұмысқа, оқуға, үйренуге ұқыптылық азаяды.

Әрине, дыбыс жоқ жерде тұрып, қызмет істеу де қиын. Туғаннан бері жолсерік болған дыбыс естілмей қалса бір нәрсе жетпей тұрған-дай, кісінің көңіл-күйі келіспей жүреді. Әңгіме дыбыстың болмауында емес, оның күшінде, қаттылығында, қысымында болса керек. Осыған мысал ретінде 1-2 факті келтірейік.

Ганновер (ГФР) қаласында жаңа құрастырушылық бюросы құрылысын жобалағанда сәулетшілер көшедегі дыбыстың жұмыс орнына, өтпеуі үшін барлық шараларды алып, терезеге үш қабат әйнек орнатып, қабырғаны дыбыс өтпейтін ойық бетоннан салып, ішін арнаулы пластикалық түс қағазбен жапсырған. Бір жеті өткеннен кейін қызметкерлер мылқау тыныштықта жұмыс істеу ауыр екенін, жүйкелері жұқарып, іскерлік қабілеттері азайғанын айтып аразданатын болған. Магнитофон арқылы көшедегі үйреншікті дыбысты мезгіл сайын қайталап отырса көңілдері көтеріліп, жұмыстары жақсара бастаған.

Кембридж (Ұлыбритания) университетінің рухани күйі, ішкі сезім лабораториясындағы ғалымдар көп жылғы зерттеулерден кейін күтпеген қортындыға келіп, белгілі бір күштегі дыбыс адамдардың ойлау қасиетінің өсуіне ықпал жасайтынын білді. Тәжірибе кезінде сазды әуен тыңдап немесе әңгімелесіп отырған кісілер математикалық есептерді тыныш жерде отырғандардан тез шығарған.

Жапония дүкендерінде жауын тамшылары дыбысын қайталайтын құралмен жабдықталған жастықтар сатылады. Тамшының түсу жиілігі адамның қан қысымымен бірдей етіп жасалған. Мұндай жастықтар ұшақтарда бар. Жолаушының тез ұйықтауына көп әсер етеді.

Әрине, әр адамға шудың әсері де әр түрлі. Ол адамдардың жасына, денсаулығына, қоршаған ортаға байланысты болады.

Кейбір тұрақты немесе жиі қайталатын дыбыстарға адамның үйренуі, көндігіп кетуі де мүмкін. Бірақ олардың зиянды әсері кейіннен біліне бастайды, бірте-бірте құлақ естімейтін болады.

Қала тұрғындарының есту мүшелері үнемі қорланып жұмыс істеуіне байланысты, олардың есту табалдырығы 10-25 дБа жоғары болады. Кейіннен есту нашарлап алдымен қаттылығы жоғары, соңынан төмен дыбыстарды естімей қалады. Үнемі жоғары қаттылықты дыбыстар әуелі құлақта ызың болып, кейін бас айналып, шаршап жүйке жүдеп, жүрек соғысы, қан айналымы бұзылып, асқазанда жара пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Қаладағы шудың көпшілігін автомәшинелер, олардың ішінде жүк таситын дизель қозғағышты мәшинелер береді.



Мәшине көп жүретін үлкен көшелерде дыбыстың күші ( интенсивтілігі ) 68-78дБа, онан кіші көшелерде 63-69 дБа, мөлтек аудандағы тұрғын үйлер арасындағы көшелерде 51-60 дБа болады.Көшеде пайда болған дыбыс ауамен жан-жаққа тарап, тұрғын үйлерге, қызмет орындарына жетіп жатады.

В.А.Токаревтің мәліметтері бойынша Алматыдағы жалпы қалалық үлкен көшелерде дыбыс күші 67-77 дБа, сондағы терезелері үлкен көшеге қараған үйлерде 57-65 дБа болған. Қарағанды қаласында терезелері үлкен көшелерге қараған тұрғын үйлерде дыбыс күші көшедегіден тек 4-5 дБа.-ге кем болған.

Автомәшинелердің шуын азайту, қала тұрғындарын шудың зиянды әсерінен сақтау үшін:


  • шуы аз мәшинелер шығару, қозғағыштарын жетілдіру, жоғары көрсеткішті сөндіргіштермен, мәшиненің газын толық өртеп, зиянсыз ететін құралдармен жабдықтау мәселелерін шешу қажет;

  • қала көшелерінде мәшине жүруді реттеу, жүк таситын мәшинені қала көшелерін аралатпай сыртқы жолмен баратын жеріне тіке жүргізу, қала көшелерінде мәшинелер бір баытта жүру, олардың светофор алдында тұруын азайту т.б.ұйымдастыру шараларын алу қажет.

Қаладағы шудың екінші көзі – темір жол көлігі.

Пойыздардың жылдамдығы өсуге байланысты дыбыстың қысымыда

қысымыда көбейеді.Электр қуатымен жүретін жүк таситын, пойыздар 7,5 м.

қашықтықта тұрып өлшегенде 93 БА-ге дейін, кісі таситын пойыздар 92 дБа шу тарататыны белгілі болды.Пойыздың жүрісі сағатына 35 км болса 82 Дба, 200-ден 300 м.-аралыында – тағы 2-3 дБа-ге кеміп отырады. Темір жолдан 300 м. алыстағанда ғана дыбыс күші жергілікті, жердегі мөлшермен теңеледі. Сондықтан осы күні қолданылып жүрген қаладағы теміржолдан санитарлық қашықтық 100 м., ауылдағы-50 м. жеткіліксіз, адамдарды шудың зиянды әсерінен қорғай алмайды.

Қаладағы ескі трамвай вагондары 95 дБа-ге дейін, жаңалары 75 дБа-ге дейін шу таралады. Рига (Латвия ) қаласында вагон жасайтын зауыт вагонның шанағын ауаның қысымымен аспалы етіп, соқтығуды азайтатын серіппелі тетік қойып шуын азайтты.Осындай жылдам жүретін, шуы аз вагондарды Чехия да шығарады. Шуды азайту мақсатымен Волгоград қаласының орталығында ұзындығы 3 км. трамвай жолын жерастына түсірген.

Электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбус қоршаған ортаны аз ластайтын болғандықтан көптеген елдер қалада олардың санын көбейтіп, автомәшинелерді аз жүретін етуге көңіл бөлуде.

Қала тұрғындары үшін әуе көлігінің де зиянды әсері бар. Ұшақтар аспанға көтерілгенде, немесе қайта қонарда, қаланың үстінен төмен ұшып, жұрттың берекесін кетіреді.

Ұшақтардан тарайтын шудың күші ұшақтың түрі мен санына, ұшатын уқытына, ұшып-қону жолдарының бағытына байланысты. Тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін аэропорттардан тарайтын шудың күші 92-ден 108 дБа-ге жетеді. Сол маңайдағы тұрғын үйлерде 80 дБа болады. Аэропортқа жақын үй тұрғындары жүйке ауруларына көп шалдығып, ашушаң болғандарын, ұйқылары тез бұзылатынын, өне бойы үрейлі болып жүретіндерін айтады. Ұшақтар аспанға көтерілгенде, қозғағыштарын тексергенде ыдыс-аяқ сыбдыры, үйлер теңселуі болатыны белгілі. Аэропорттың шуын азайту үшін:



  • жаңа, шуы аз ұшақтар ойлап шығару, олардың қозғағыштарын турбо- желдеткішпен алмастыру, дыбыс өткізбейтін жапқыштар қолдану қажет;

  • ұшу әдістерін жеңілдету, ұшарда тік көтеріліп, қонарда қозғағыштың айналымын азайтып, дөңгелектерін кешірек түсіру т.б. әдістерді қолдануға көшу дұрыс.

аэропорт құрылысын жобалағанда тұрғын үйлермен екі арада санитарлық- қорғау алқабы болуын, үшып-қону жолдары бағытын қаланың үстінен өтпейтін ету, аэропорт айналасында дыбысқа кедергі болатын қалқандар, құрылыстар салып, ағаш отырғызу қажет.

Бақылау сурақтары:

1.Шудың (дыбыстың) адам организміне әсері.

2.Шудың (дыбыстың ) негізгі көздері

3.Қаладағы шудың екінші көзін ата.

7 дәріс. Өндірістік жарықтандыру – нормалау, есептеу, жарық беру аспаптары, жұмыс орындарының жарықтанғандығын бақылау
Дұрыс жоспаланған және соған сәйкес орнатылған электр немесе табиғи жарық сол жарыққа байланысты атқарылатын жұмыстың жағдайын жақсартуды, өңдірілген өнімнің саны мен сапасы жоғарлатып, жұмысшының көңіл күйіне, психjлогиялық жағдайына жағымды әсерін тигізеді, сонымен қатар, өндірістегі еңбек жарақаттарын азайтады.

Өндірістік жарық төмендегідей сан көрсеткіштерімен сипатталады:

Ф-жарықтың нұры

I -жарық нұрының күші

Е-кеңістіктегі жазықтықтың жарықтануы

Я-жарықтанған денгейдің сапасы

-жарық түскен бет деңгейінен шағылысып кері тарау коэффецентті.

Жарық нұрының люмендегі (лм) өлшемі

Енді осы көрсеткіштерге тоқталайық.

I. Жарық нұры /Ф/, /световой поток/-бұл адам көзіне әсер ететің күшті жарық энергиясы болып есептеледі.

Барлық жарық көздерінең шығатын жарық нұрының айнала кеңістікке тарауын анықтайтын өлшем-жарықтың күші болып саналады.



II. Жарықтың күші мына формуламен анықталады:

I -жарықтың күші;

Ф-жарықтың нұры;

-кеңістік бұрыш (жарықтың тарайтын кеңістік бұрыш осылай белгіленеді).

III. Кеңістіктегі жазықтық бетінің жарықтануы

Е - бұл жарық нұрының жарықтандырып тұрған жазықтығының тығыздығы (плотность)
бұдан:

Жарықтану бірлігі ретінде люкс (лк) алынған

Ф-жарық нұры (ағымы);

S -жарықтанған беррік ауданы .



IV. Жарық нұры түсіп тұрған жазықтықтың (бетің) айқындылығы (яркость) L дегеніміз жарық сәулесі күшінің сол жарықтанған берген перпендикулярлы түрде қайта көтерілген проекциясына қатынасу.

Бұл мына формуламен анықталады:

бұдан,

-жарық күші



-жарықтанған беттің /кеңістіктің/ бұрышымен проекциясы.

Жарықтылық конделламен өлшенеді.



V. Шағылысу коэффецентті дегеніміз-жарықтанған беткейдің (поверхность) оған түскен жарық нұрын (поток) қайта шағылыстыру мүмкіндігі (әсерлігі).

Бұл мына формуламен анықталады:


бұған,
Ф ш.с - (айта шағылысқан сәуле)

Ф ш.с. (түскен сәуле)


Енді жарықтың (электір жарығының) сапа көрсеткіштеріне тоқталайық.

Сапа көрсеткіштері мыналар:



I. (Ф) затты орналастырып зерттейтің кеңістік беті

II. Зат пен кеңістік арасындағы түс айырмашылығы қатынасы (контраст обьекта с фоном) K)

III. Жарық сәулесінің қалыпсыздық тұрақсыздығының коэффеценті.

Еңді осыларға қысқа тоқталып өтейік :



1. Фон, яғни белгілі бір затты салып (орналастырып) зерттейтің кеңістік беті (Ф), мынадай көрсеткштермен айқындалады.

Егер фонның бетіндегі затты айқындау коэффецентті тен жоғары болса, ондай фон жарық түсті деп аталады. (светлый фон), 0, 2-0, 4 аралықтарында болса, орташа түсті деп аталады (средный фон), ал коэффеценті 0, 2-ден төмен болса, ол қараңғы түсті (темный фон) деп аталады.



2. Зерттелінетің зат пен фонның қатынасы (контраст обьекта с фоном) мына формуламен айқындалады: (К-контраст, айқындылық коэффеценті).

бұдан

зерттелетің заттын айқындылығы,

- фонның (сол зат көрінетің беттің) айқындылығы)

Егер «“K”» –ның мөлшері 0, 5-тен жоғары болса, онда зерттелетің зат пен фонның айырымдылыққа айқындылығы жоғары болғаны; 0, 2-0, 5 аралығында болса, зат пен фонның бір-бірінен айырымдылық шамасы орташа деп есептеледі, ал егер К-0, 2, 2-ден төмен болса кішкене, онда затпен фонның түс айырымдылығы өте төмен, зат нашар көрінеді ондай фонда деген сөз.



3. Жарық сәулесінің қалыпсыздығының коэффицентті - (коэффициентт пульсаций).

Былай түсінуге болады. Люминисцентті электор лампаларының жарық нұрының өте жақсы жарық жанып, бірде, әлсірей жанып тұрған кездеріндегі олардың бір-біріне қатынасының проценттік мөлшері. Оны мына фомуламен табуға болады:


Бұдан


-жарық нұрының ең жоғарғы деңгейі

-жарық нұрының ең төменгі деңгейі

-жарық нұрының орташа деңгейі

Өндірістік орталарда, жұмыс орындыарында электр жарығын тиісті норма бойынша өлшегенде, оның сан мен сапа қасиеттері түгел есепке алынады.

Ет және сүт кәсіпорындарының өндірістік жарық жүйесінің жалпы араласы және апатты жағдайдағы жарық деп аталатын түрлері қолданылады. Цехтарды көбіне жалпы жарық жүйесі пайдаланады.

Ал шикізаттарды витеринарлық, медициналық сарапқа салған уақытта жалпы жарыққа қосымша мөлдекті жарықта да пайдаланады. (аралас жарық)

Авариялық жарық (апат болатын жағдайда жанатын жарық) фарш жасайтын бөлмелерде, шұжық цехтарында немесе шұжық сүрлеу бөлмелерінде кенеттен жалпы жарық істен шығып, өшіп қалған жағдайларда осы заттарды бүліндіріп алмай, жұмысты аяқтап тастау үшін қажет болатын жарық. Екіншіден, кенеттен апатқа ұшырап, жарылыс болып қалған жағдайда, жұмысшыларды қауіпсіз жерлерге алып шығу үшін де осындай апат жарығы керек. Апат жарығы тоқты бөлек тоқ көзінен алады және ол автоматты түрде жалпы жарық өшіп қалған кезде адамның көмегінсіз өздігінен жанады. Апат жарығының қуаты жалпы мөлшері жалпы жарықтың кем дегенде 5% болуы тиіс. Жарықтың ең төменгі мөлшердегі көз жұмыстарының жағдайына қарай зерттелетін заттардың көлеіне қарай зат пен фонның қатнастарына қарай белгіленеді.

Ет және сүт кәсіпорындарында, мысалы, ет жібіту камераларында, шұжық сақтайтын, кептірілген қоймаларда және ауаның микробтары заласыздандырылатын бөлмелерде, бактерецинды жарық яғни, (бактериаларды жоятын) кеңінен пайдаланады.

Жарық көз ретінде ет және сүт кәсіпорындарнда қазіргі уақытта әртүрлі қызбалы лампаларының қатар люминиецентті (газ толтырылған) лампалар қолданылады.

Қызбалы лампалар: вакуммді-НВ, газ толтырылған -НГ т.б. болады.

Люминиецентті лампалар: күндізгі жарық ЛД, жақсартылған түсбергіші бар күндізгі жарық ЛДЦ, суық ақ ЛХБ, жылы ақ ЛТБ, ақ түсті ЛБ, т.б. болып бөлінеді.

Жарылу қауіпі бар заттар сақталатын қоймаларда тоңазытқыш машиналарының залдарында жарылысқа төзімді газ толтырылған лампалар орнатылады, мысалы: ВЗГ маркалы лампа т.с.с.

Ылғалды және шаң тозаңды көп болатын залдарға осы факторларға төзімд лампалар ПВЛ қойылады. Жұмыс орындарындағы жарықтың (күннің жарығын да, электрдың жарығын да) мөлшерін «люкс» өлшемімен Ю-116 деп аталатын объективті люксметрмен өлшейміз. Алынған мөлшерді санитарлық нормамен салыстырып тиісті қорытынды шығарамыз. Өлшем жүргізілетін орын кафедраның лабораториясы және далада.

Бақылау сурақтары:

1.Авариялық жарық деген не ?

2.Жарық ағынын қолдану коэффициенті нешеге тең (0.53)?

3.Қызбалы лампалар?

4.Люминиецентті лампалар?

5.Ылғалды және шаң тозаңды көп болатын залдарға осы факторларға төзімд қандай лампалар қойылады?

1 Лабораториялық жұмыс


Шаңдардың дисперсті құрамдарын зерттеу әдістері
1 тақырыбы: Жұмыс (өндіріс) орындарында ауа құрамындағы улы газдар мен буларды жедел анықтау жолдары.

(уақыты – 4 сағат)


Жұмыстың мақсаты:

Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы улы газдар мен буларды УГ-2 маркалы газ сараптаушы құралымен анықтау



Негізгі керекті құрал: газ сараптағыш –УГ-2

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Газ сараптағыш құралдың құрамы меноны пайдаланудың жолдарын игеру.

  2. Зерттелген ауадағы улы заттың мөлшерін анықтау

  3. Жүргізілген жұмыс бойынша қысқаша қорытынды шығарып, тұжырымдау. Тұжырымдамада мына төмендегілерге назар аударылуы керек:

  • анықталған улы заттың қауіптілік класы

  • ол заттың уландырғыш қасиетін саралау

  • ол уландырғыш заттан жеке адамның қорғану құралдары және жолдары.

Жұмыс орындарында, атмосфералық ауада улы газдарды анықтаудың басқа да жолдары мен таныстыру: иіс сезу мүшелері арқылы (органолептикалық), индикациялық (анықтағыш қағаздар немесе ұнтақтар арқылы)жолымен.
Индикациялық жолмен сараптаудың негізгі принципі
Ол мынаған негізделген: ауадағы улы затпен қолданылған реактивтің (анықтағыш заттың) арасында химиялық реакция жүрудің арқасында реактивтің түсі өзгереді. Ламборта-Вэридің заңына сәйкес реактив түсінің өзгеруі жылдам да қанықты жүрсе, соғұрлым улы заттың ауадағы мөлшері көп болмақ.

Анықтаудың қортындысын екі әдіспен жүргізуге болады: колориметриялық және сызықтық-колористикалық жолдарымен.

Колориметриялық жолмен анықтағанда сараптаудың қортындысын шығару үшін реактивтің өзгерген түсін стандартты түрлі түсті шкаламен салыстыру арқылы шешуге болады.

Сызықтық-колористикалық әдіс-негізгі әдіс болып саналады, ол практикада ауаның улы газдары мен буларын анықтауда жиі қолданылатын прогрессивті әдіс болып саналады. Бұл әдіс бойынша ауаны сараптаудың қортындысын анықтағанда, түсі өзгерген индикациялық ұнтақтың биіктігін ( немесе ұзындығын) шкалаға салып өлшеу арқылы мг/м3 мөлшерде табуға болады. Төмендегі айтылғалы отырған УГ-2 сараптағышының жұмысы да осы сызықтық-колористикалық әдіске негізделген.


УГ-2 ауа сараптағышының құрлысы
Ауа сараптағыш УГ-2 маркалы құрал мынадай бөлшектерден тұрады: ауа соратын цилиндр секілді кеңірдек сильфон, ол сыртқы ауамен резинка түтікшемен жалғасады, сыртқы темір қорапшаның бетінде шкала орналасатын қондырғысы бар: шток және оны енгізетін тесікше, тесікшенің жақтауында пружинвлы ұстағыш (фиксатор): темір беткейдің бір жақ бұрышында шток салатын тесік бар. Сильфонды сыртқы ауамен қосып тұрған резинка түтікшкнің сыртқы ұшына индикациалайтын ұнтаққа толтырылған шыны түтік кигізіледі. Сильфонмен ауа сорғызылудан бұрын, штоктың көмегімен оны бағыттағыш түтікшеге кіргізіп, төмен қарай басып сильфонды қысады, сонда сильфонның ішіндегі ауа резинка түтікше арқылы сыртқа шығады. Штоктың жақтауындағы екі шұңқыр ойықшаның жоғарғысына дейін штокты қысып жеткізген соң, пружиналы ұстағышпен штокты қайта көтерілуін тоқтатып, ұстатады. Штоктың төрт жақтауында, оның жоғарғы жағындағы қалпақшасының астындағы көрсетілген сан, сол штоктың жоғарғы жағындағы шұңқырдан төменгі шұңқырға дейінгі аралықта ауа сорғыш, қанша ауа соратынына сәйкес келеді. Енді шыны түткішені индикациялық ұнтақпен толтырулы күйінде резинка түтікшеге кигізеді де, қондырғыдағы шкаланы орналастырады. Сөйтіп, штокты алақанмен сәл басып, пружиналы ұстағышты кейін тартып, штокты жібереді. Осы кезде уақытты белгілейді. Бұл кезде сыртқы зерттелетін ауа ұнтақ салынған шыны түтікше арқылы сильфонға сорыла бастайды. Индикациялайтын ұнтақ зерттеліп отырған ауадағы газды анықтауға арналған (специфический порошок) болуы шарт. Осы шарт бойынша ауадағы улы газбен ұнтақ реакцияға түсіп, ұнтақтың түсі өзгереді. Бұл өзгерістің шапшаңдығы мен айқындылығы ауадағы улы газдың көп-азына тікелей байланысты. Штоктың жақтауындағы жоғарғы және төменгі шұңқырдың арасына шток қанша уақыт көтерілетініне әрбір улы газдарға сәйкесті түрде белгіленген. Шток төменгі шұңқыршасына жеткенде ұстағыш сырт етіп сол шұңқыршаға түседі де, штоктың жүруін тоқтатады, бірақ бұдан кейін де сильфонға ауа сорылуы сильфондағы қалдық вакуумның әсері мен біршама тағы одан әрі жалғасады, сондықтан да ұстағыш төменгі шұңқыршаға дыбыс беріп түскеннен кейін де 1-2 минут ұнтақты түтікшені суырмай қол тұру керек. Белгіленген мөлшердегі уақыт еткен соң, ұнтақты түтікшені алып, шкаламен салыстырып, көрсетілген санды 102, яғни жүзге көбейту керек. Бұл табылған санды, яғни улы газды мг/м3 –ке айналдырған болып табылады. Енді табылған санды бір м3 –тегі улы газдың мөлшерін таблица бойынша белгіленген (ең жоғарғы мөлшер) нормамен салыстырып, егер улы газ мөлшері нормадан асып жатса, тиісті шара қолданылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет