ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
Е ПОӘК 042-14-4-05.
1.20.01.- 2013 ж.
|
ПOӘК
«Еңбек қорғау» пәннінің студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
|
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
|
«ЕҢБЕК ҚОРҒАУ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРУШЫ
Құрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м.а.
Сарсембенова О.Ж. ____________ « 28 » 08 2013 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отрысында
Хаттама № 1 «_04__» _09____ 2013ж.
Кафедра меңгерушісі _________ доцент м.а. Қабышева Ж.К.
2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында
Хаттама № 1 «__18_» __09___ 2013ж.
АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент м.а. Тлеубаева А.В.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады
Хаттама № 1 «_18__» ___09__ 2013ж.
Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,
оқу – әдістемелік жұмысы бойынша проректор профессор Искакова Г.К.
4 №2 басылым 30.09.2009 ж. ауыстыруға кіргізілді. Кешен Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарты МЖБС негізінде жаңартылған 5.04.019.-2011. Бакалавриат.
I Глоссарий
Өндірістік санитария – бұл техникалық құралдар мен ұйымдастыру шараларының жүйелері, жұмыс істеп тұрған зиянды өндірістік факторлардың әсерлерін қысқартады немесе төмендетеді.
Еңбек қауіпсіздігі – бұл жұмысшылардың жұмысы кезінде әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларда болдырмайтын еңбек шартының жағдайы.
Еңбек қауіпсіздігі талаптары - бұл заңды актілермен, нормативті техникалық құжаттармен, ереже және нұсқаулармен белгіленген талаптар, оларды орындау ұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсе етуі қызметкерлердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсе етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе оның жарақаттануына, не қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндірістік фактор – бұл жұмыс істеу кезінде ауру немесе жұмысшының жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеліп соғатын өндірістік фактор.
Қалдық (шайынды) су -әртүрлі өнеркәсібінен пайдаланын шығатын лас су.
Жұмыс орны (зонасы) – еденнең 2 м биіктікті кеңістік алаңы.
Қалыпты атмосфералық қысым – 0,1013 МПа (бұл 760 мм сынап бағанасына сәйкес келеді).
Терморегуляция – шектелген С-дегі тұрақты темпераура балансын ұстап тұруға бағытталған бірнеше физиологиялық және химиялық прцестердің бірлестігі.
Зарарсыздандыру (немесе дезинфекция) дегеніміз – адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынтығы.
II. Дәріс сабақтары
1 Дәріс
Кіріспе.Өндірістік санитария курсының мәні және мазмұны. Курс мақсаты мен тапсырмалары. ҚР негізгі құқықтық актілері
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі салаларында міндеттерді ойдағыдай тарату өте қажет, бұл саладағы әрбір маман терең практикалық және теориялық дағдыларға ие болуы тиіс, олар бұл алған білімдерін кәсіби қызметтерде пайдалана алады. «Өндірістік санитария» пәні әр түрлі қауіпсіздіктерден адамардың тіршілік әрекеті процестерін үйренуге бағытталған, бұлар арқылы негізінен құбылыстарды, процесстерді, объектлерді түсінеді. Пәннәң негізгі міндеті медицина саласындағы «Өндірістік санитария», ол студенттерге жұмыс істейтін адамдардың организмдеріне қоршаған өндірістік орта мен еңбек процестерінің әсерін үйретеді және кәсібі аурулардың алдын алу мен жақсы еңбек шартымен қамтамасыз ету үшін шаралар ұйымдастырады. Оларды үйрену негіздеріндегі еңбек шарты мен жұмыс істейтін адамдардың ағзаларына әсері болып табылады.
Пәннің мақсаты: өнеркәсіп санитария мәселері бойынша,биологиялық, химиялық және физикалық, психофизиологиялық факторлардың жұмыс істейтіндер мен адам организмдеріне әсерін студенттерге практикалық және физикалық дайындықтарға үйрету.
Пәннің міндеті: білімді меңгеру болып табылады, жұмыс орындары, олардың адам организмдеріне әсері мен қолайлы метеошарттар құру әдістері болып табылады. Бұл пәнді үйрену негізінде 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандатрқа сәкес студенттер мыналарды білуі тиіс: биологиялық, химиялық, қоршаған ортанының физикалық ластануы, динамика және осы факторлардың адам деңсаулығы мен профилактика өлшемдеріндегі әсер ету жолдарының көздері туралы түсінігі болу керек.
Осы пәнді оқығанның нәтижесінде студенттер келесіні білуге тиісті:
жалпы сипаттамаларды, құрылымдар мен ерекшеліктерді биологиялық, химиялық, физикалық адам денсаулығына негативті әсерлер көрсететін, қоршаған ортаның ластану факторлары мен тіршілік әрекеті қауіпсіздігі, сонымен қатар талданатын объектлердің баға критерийлері;
істеп білу керек: өнеркәсіп санитария көзқарастарымен зерттелетін объектілердің экспертті-аналитикалық бағаларын орындау, олардың қатарына қоршаған орта мен адамдар үшін олардың қауіпсіздігінің дәреже талдаулары жатады.
Құзіретті болу: Санитарлы-тазалық және емдеу-профилактикалық шараларда дайындау мақсатымен жұмыс устейтін адамдардың организмдеріндегі қоршаған орта мен еңбек процестерінің әсерін үйрену, неғұрлым жақсы еңбек шартын құруға бағытталған, ұжымның енбекке қабілеттілігінің биік деңгейі мен деңсаулығын қамтамасыз ету сұрақтарында.
Бақылау сурақтары:
1.Пәннің мақсаты?
2. Пәннің міндеті? 3. ҚР негізгі құқықтық актілерін ата.
2 дәріс
Өндірістік санитариядағы негiзгi түсiнiктемелер мен анықтамалар
Өндірістік санитария – бұл техникалық құралдар мен ұйымдастыру шараларының жүйелері, жұмыс істеп тұрған зиянды өндірістік факторлардың әсерлерін қысқартады немесе төмендетеді.
Еңбек қауіпсіздігі – бұл жұмысшылардың жұмысы кезінде әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларда болдырмайтын еңбек шартының жағдайы.
Еңбек қауіпсіздігі талаптары - бұл заңды актілермен, нормативті техникалық құжаттармен, ереже және нұсқаулармен белгіленген талаптар, оларды орындау ұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсе етуі қызметкерлердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсе етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе оның жарақаттануына, не қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндірістік фактор – бұл жұмыс істеу кезінде ауру немесе жұмысшының жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеліп соғатын өндірістік фактор.
Қалдық (шайынды) су -әртүрлі өнеркәсібінен пайдаланын шығатын лас су.
Жұмыс орны (зонасы) – еденнең 2 м биіктікті кеңістік алаңы.
Қалыпты атмосфералық қысым – 0,1013 МПа (бұл 760 мм сынап бағанасына сәйкес келеді).
Терморегуляция – шектелген С-дегі тұрақты темпераура балансын ұстап тұруға бағытталған бірнеше физиологиялық және химиялық прцестердің бірлестігі.
Бақылау сурақтары:
1. Өндірістік санитария деген не?
2. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары?
3. Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары деген не?
4. Жұмыс орны деген не?
3 Дәрiс
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағын таңдауға және жоспарлауға, өндірістік үймереттердің, ғимараттардың, жайлардың және қоршаған аумақтың орналасуына қойылатын санитарлық талаптар
Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары
Жарықтандыру, жылыту, вентиляция (желдету) және ауаны кондиционирлеу санитарлық нормалар.
1.Өндірістік орындарындағы жарықтандыру СНиП «Табиғи және жасанды жарықтандыру.Жобалау нормалары талаптарына» сәйкес болу керек.
2. Өндірістік орындарда көбінесе табиғи жарықтандыру; жарық коэффициенті (ЖК) 1:6 – 1:8 шегінде болу керек. Тұрмыс орындарында ЖК 1:10 аз болмау керек. Табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) еңбек түрі мен көру кернеулігінің есебімен қарастыру керек.
Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыруды – көбінесе люминесценті шамдарды қолдану керек. Ауыр еңбек жағдайлары бар немесе тұрақты жұмыс орындары жоқ өндіріс орындарында қызу шамдарын қолданған жоқ.
3. Жасанды жарықтандыру барлық цехтарда және жұмыс орындарында болу керек, ал өндіріс орындарында қажет болған жағдайда жасанды жарықтандыру жергілікті немесе аралас болу керек.
Ерекше көру кернеулігін қажет ететін өндіріс операцияларын орындаған кезде жұмыстың түріне және көлеміне қарай аралас немесе жергілікті жарықтандыруды қолдану керек.
4.Люминесценті шамдар қорғану торымен, шашыратқышпен немесе арнайы шам патрондармен жабдықталу керек, өйткені шамдар құлап қалмау керек, ал қызу шамдары жазық қорғану шынысымен жабдықтану керек.
5. Ашық технологиялық процесстер өтіп жатқан жұмыс орындарында шамдар технологиялық жабдықтың үстінде орналаспау керек, себебі шамның жарықшақтары*осколки өнімге түсіп кетпеуі қажет.
6. Жарықтың кіру орындарын құралдармен, ыдыспен, жабдықпен ғимараттың ішінде және сыртында жабуға болмайды. Жарық кіру орындарындағы шыныларды жарық өтпейтін, мөлдір емес материалдармен ауыстыруға болмайды.
Қайта жобалау кезінде, жұмыс орнының қолдану түрі өзгерген кезде немесе жабдық басқа жабдықпен ауыстырылған кезде жарықтандыру жаңа шарттарға сәйкес жарықтандыру нормаларына сәйкестендірілуі керек.
7.Ерекше санитарлы режимді талап ететін жұмыс орындарында ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдарды орналастыру керек.
Медпункттерде ультракүлгін сәулелену жабдығы орналасу керек.
8.Кәсіпорындар негізгі жарықтандырумен қатар авария кезіндегі жарықтандырумен де қамтамасыз етілуі тиіс.
9. Жылыту жүйесі СНиП «Жылыту, вентиляция, ауаны кондиционирлеу», «Өндіріс ғимараттары», «Әкімшілік және тұрмыс ғимараттары» талаптарына сәйкес болу керек.
Өндіріс және көмекші ғимараттарды жылыту жүйесінде жылутасығыш ретінде жылытылған суды, сулы қаныққан буды пайдаланған дұрыс.
10.Өндірістердің жылу тізбегінен алыс орналасқан ғимараттарды және тоңазытқыштары мен қоймалары бар жылытылатын орындарды жылыту үшін жылу көзі ретінде электроэнергияны пайдалануға болады.
11.Жылытылмайтын қоймаларда көмекші орындарда ғана жылытуды ұйымдастыру керек.
Қоймаларды жылытқанда белгілі бір температураны сақтап жылытуды ұйымдастыру керек.
12.Барлық өндіріс цехтарында және негізгі өндірістің көмекші орындарында жылыту құралдары ретінде шаңды тазалауға мүмкіндік беретін конструкциялары бар радиаторлар қолданылуы керек.
13.Термостатты орындарды технологияға керек температураны жасау үшін өндірістік жылу қамтамасыз ету жүйесінен булы жылытуды қолдану керек және де жылыту құралдары ретінде жазық құбырлардан тұратын регистрлерді қолдану керек.
14.Өндірістік және көмекші ғимараттарда және орындарда «Өнеркәсіптерді жобалаудың санитарлы нормаларына», СНиП «Жылыту, вентиляция және ауаны кондиционирлеу», «Өндірістерді жобалаудың санитарлы талаптарына» сәйкес келетін табиғи, механикалық, аралас вентиляция немесе ауаны кондиционирлеу қолданылуы керек.
15. Өндірістік және көмекші орындарында жылыту, вентиляция немесе кондиционирлеу құралдарымен
-жұмыскерлердің деңсаулығы мен жұмыс істеу мүмкіндігі;
- технологиялық процесстерді қамтамасыз етілуі;
-өнімдер мен материалдардың сақталуы;
-жабдықтардың сақталуы
үшін жайлы атмосфералық орта жасалу керек.
Атмосфералық ортаның параметрлері «Өндіріс орындары микроклиматының санитарлы нормаларының» талаптарына сәйкес болу керек. Жұмыс категориялары «Өндірістердің технологиялық жобалауының нормалары» бойынша қабылдану керек.
16.Өнеркәсіптердегі өндіріс және төрмыс орындарында, лабораторияларда және басқа орындарда приточно- вытяжная жалпы алмасу механикалық вентиляция (немесе кондиционирлеу), қажетінше, жергілікті вытяжная вентиляциямен бірге болу керек.
17.Табиғи ветиляция көмекші қызметтердің кейбір орындарында болуы мүмкін .
18. Тұрмыс орындарда, дәретханаларда, лабораторияларда жалпыалмасу және жергілікті вентиляцияның дербес жүйелері болу керек.
19.Өндіріс орындарына берілетін келуші ауа шаңнан тазартылуы керек.
Сумен қамтамасыз етілу және канализация
1.Кәсіпорында керекті таза су мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс; суды қажетсіну есебін «Өндірістердің технологиялық жобалау нормаларына», СНиП, «ішкі водопровод және ғимараттардың канализациясы» сәйкес шығару керек.
2.Сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау, суды алу орындарын таңдау, Сумен қамтамасыз етуді ұймдастырудың және бақылаудың әдістемелік нұсқаулар сәйкес болу керек.
Кәсіпорындардағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің устройство СНиП «Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы тізбектер және құрылыстар» және «ішкі»
Өндірістік кәсіпорындардың санитарлық жіктемелері
Қоршаған ортаға адамдардың зиянды ықпалын азайтудың жолдарының бірі әр мемлекет өз территориясында халықты орналастыру мәселесін дұрыс шешуіне байланысты. Ол үшін ғылыми жетістіктерге негізделген үлгі жасау қажет. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, басқа да шаруашылық салаларының болашақта өсу қарқының ескере отырып қалалар мен елді мекендердің орналасатын орындарын алдын ала белгілеу керек.
Жанадан салынатын зауыт пен фабриктерді өзен ағысы бойынша қаладан төмен орналастырып, халықтын таза су ішуыіне жағдай жасап, жердің тұрақты бағытын ескеріп түтін мен уытты газ қалаға қарай ұшпауын ойластырады.
Әрбір қаланың келешекте өркендеуін ескерген бас жоспар жасалады. Жаңа құрылыстар, көшелер, алаңдар, тұрғын нйлер, кәсіпорындар осы жобаға көрсетілген орындарда салынады. Жобо жасағанда ғимараттардың, тұрғын үйлердің, парктермен, демалыс алаңдарын, бұл өңірдегі желдің бағытын, жауын-шашын мерзімдерін, күн сәулесінің әсерін т.б. табиғи құбылыстар мен өзгерістерін ескеріп салу көзделеді.
Кала территориясы атқаратын қызметіне қарай бірнеше аймаққа зонаға бөлінеді: өнеркәсіптік аймақ, санитарлық-қорғау аймағы, тұрғын үйлер аймағы, коммуналды шаруашылық аймағы, сыртқы көлік аймағы, қала маңындағы аймақ.
Өнеркәсіптік аймақ - мұнда өнеркәсіп орындары, олармен тығыз байланысты басқа да мекемелер орналасады. Егер 3000 метрлік санитарлық – қорғау алқап бұл кәсіпорындардың уытты қалдықтарынан қорғау үшін жеткіліксіз болса, оларды қалада орналастыруға тыйым салынады. Ауаны ластайтын зиянды қалдықтары бар кәсіпорындар биік жерге, немесе қала тұрғындарына зиянды болмас үшін желдің ығына, су лайлайтын қалдықтары бар кәсіпорындар тұрғын үйлер алқабынан төмен ағысы бойынша орналасады.
Бұрын қаладағы кәсіпорындар, коммуналдық, сауда т.б. тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер айналасы лас, терезесі қыйраған, қоршаулары жұлынған, төбе-төбе қалдықтар үйілген кісі ұялатын орындар болатын. Қазір біртіндеп өндірістіу аймақ көріктеніп келеді. Ғимараттары сәулетті – көркем жобамен салынып, есік-терезесі бүтін, территориясы таза, ағаш орнатылған, гүлдер егілген, дем алатын орындары бар, жағалай асфальт төселген, қаланың сөнін бұзбай, керісінше көрік беретін орындарға айналды.
Санитарлық-қорғау аймағы өнеркәсіп орындарының қала тұрғындарына тигізетін зиянды әсерлерін азайту үшін құрылады. Бұл аймақ тұрғын үйлер мен кәсіпорын аралығында болады. Санитарлық-қорғау аймағында ағаштар, бұталар отырғызып, қойма, гараж салып, түрлі жарнамалар іліп тұрғын үйлерге ластанған ауаны өткізбеудің қамын жасайды. Аймақтың кем дегенде 40 процентіне ағаштар отырғызу қажет.
Тұрғын үйлер аймағы. Бұл аймаққа тұрғын үйлер , қоғамдық орталықтар, көпшілік пайдаланатын жасыл желекті демалыс орындар, бау-бақшалар, мәдениет мекемелері т.б. кіреді. Зиянды қалдықтары жоқ кәсіпорындарды да осында салуға болады.
Коммуналды шаруашылық аймағы. Бұған коммуналдық шаруашылық мекемелермен қатар сауда орындарының қоймалары, көліктік және тұрмыстық қажетті өтейтін мекемелер, жабдықтау және сату ұжымдары кіреді.
Сыртқы көлік аймағы. Мұнда кісі және жүк таситын автобаздар, су станциялары т.б. қызмет көрсететін мекемелер орналасады. Аймақ шекарасы тұрғын үйлерден 100 м қашықтықтан кем болмау керек.
Қала тұрғындарын шудан дыбыстан қорғау мақсатымен жалпы қалалық маңызы бар үлкен көшелердің ені 75 м-ден, көп қатарлы үйлер тұрған көшелер 25 м-ден, бір қатарлы үйлер тұрған көшелер –15 м-ден кем болмауы шарт.
Қала маңындағы аймақ. Дем алыс күндері, қолдары бос уақытта қала тұрғындары дем алу үшін құрылады. Онда жасыл желекті дем алыс орындары, бау-бақшалар, су қоймалары, қайықтар т.б. демалыс құралдары болады
Бақылау сурақтары:
1.Өнеркәсіпке қойылатын санитарлық талаптар?
2. Өнеркәсіптік аймақ ?
3. Санитарлық-қорғау аймағы деген не?
4 дәріс.
Жұмыс орындары микроклиматының параметрлері, олардың организмге әсер етуі, қолайлы метеожағдайлар жасау әдістері
Жұмысшы аймақтағы ауаның құрамдық жағдайы температурамен, ылғалдылықпен, қысыммен, қозғалысымен және сәулеленуімен мінезделеді. Осы факторлардың әр түрлі қосынды мөлшері жұмысқа жағымды және жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Мысалы, температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады, ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, мұның бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.
Микроклиматта температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады. Ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, бұның бары еңбек өнімділігін төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.
Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі.
Микроклимат жағдайын әр түрлі құрылғылармен бақылауға және реттеуге болады. Ауаның қатысты ылғалдығын стационарлы немесе аспирационды психрометрлермен өлшейді. Психрометр құрылысы құрғақ және дымқыл термометрлерден тұрады (дымқыл термометр резервуары ылғалды ортада орналасады). Термометрдің әр түрлі көрсеткіштерінің сандық мәндері мен психометриялық кестені қолдану арқылы ауа ылғалдылығы анықталады. Цехтағы жұмысшы аймақтың микроклиматының оптималды параметрлері жұмыс күрделігінің категориясына және жыл мезгілінің қарастырылуына тәуелді. Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады, сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі. МЕСТ 12.1 005-88 бойынша микроклимат нормалары белгіленеді және алынады.
Микроклимат сыртқы қоршаған ортаның климаттық және табиғи жағдайларымен өте тығыз байланысты. Оның жағдайын әр түрлі құрылғылармен бақылауға және реттеуге болады.
Микроклиматтың нормалық негіздемелері
Ет өнеркәсіптеріндегі цехтың жұмысшы аймағындағы температура нормалары, ауаның қатысты ылғалдығы және қозғалысының жылдамдығы кестеде келтірілген.
1-кесте.
Өндірістік ғимарат.
|
Жұмыс
күрделігі
нің категор-иясы.
|
Оптималды
|
Мүмкіндік
|
Жұмыс істелмейтін орында
ғы ауа
ның мүмкін
дік температурасы, .
|
Ауа
Температура- сы,
.
|
Ауа-ның қат-ысты
Ылғалдығы, %.
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.
|
Ауа температурасы, .
|
Ауа-ның қат-ысты
ылғалдығы, %.
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.
|
|
Жылдың суық және өтпелі мезгілі (ішкі ауа температурасы төмен).
|
Жылуы молырақ өндірістік ғимарат ( 23 Вт/м3 көбірек).
|
Орта ауырлықты.
|
17 – 19.
|
60 – 30.
|
0,3 көп емес.
|
16 – 22.
|
75 көп емес.
|
0,5 көп емес.
|
15 – 24.
|
Жылдың жылы мезгілі (ішкі ауа температурасы және артық).
|
Жұмыс орнындағы температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы (МЕСТ 12-1-005-88 «Жұмыс орнындағы ауа»)
2-кесте. Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормалары
Жыл мезгілдері
|
Жұмыс категориясы
|
Температура, С0
|
Салыстырмалы ылғалдылық,%
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
|
Суық және көшпелі жыл мезгілі
сыртқы ауаның температурасы +100С-дан төмен болған мезгіл
|
жеңіл -І
орта
ауырлық ІІа
орта
ауырлық ІІб
ауыр ІІІ
|
20-23
18-20
17-19
16-18
|
60-40
60-40
60-40
60-40
|
0,2
0,2
0,3
0,3
|
Жыл уақыты
Сыртқы ауаның t+100С және одан жоғары болған мезгіл
|
жеңіл -І
орта
ауырлық ІІа
орта
ауырлық ІІб
ауыр ІІІ
|
22-25
21-23
20-22
18-21
|
60-40
60-40
60-40
60-40
|
0,2
0,3
0,4
0,5
|
І категориялы жұмыс – адамның энергия жұмсауына байланысты жұмысты шектеу (ккал/с). Жұмыс категориясын жұмыскердің энергия жұмсауына қарай салалық, нормалық құжаттарға сәйкестендіріп анықтайды. Жеңіл физикалық жұмыстар (І категория) - отырып, тұрып және жүріп жасалатын жұмыстар, бірақ, үнемі физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін жұмыстар (150ккал/с,172Дж/с).
ІІ категориялы жұмыс – ауырлығы орташа физикалық жұмыстар; түрлі жұмыстар.
Ал энергия шығымы 150 ден 200 ккал/с (172-232 Дж/с)- ІІа категорияға және 200-ден 250-ге ккал/ч (232-293 Дж/с) - ІІб категориясына жатады.
ІІа категориясына үнемі жүретін, үнемі тұрып және отырып істейтін, бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады.
ІІб категориясына жүріп істейтін және шағын (үлкен емес) нәрсе таситын (10 кг дейін) жұмыстар жатады.
ІІІ категория – ауыр физикалық жұмыстар. Оған үнемі физикалық күш жұмсап, 10 кг-ден артық ауыр жүк көтеріп, таситын жұмыстар жатады. (250ккал/ч.293Дж/с)
3-кесте.
Өндірістік бөлмелердегі суық және көшпелі жыл уақытындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының болжамды нормалары
Жұмыс категориясы
|
ауа температурасы, 0С
|
салыстырмалы ылғалдылық, %, көп емес
|
ауа қозғалысының жылдамдығы м/сек көп емес
|
Ауа температурасы, тұрақты жұмыс орнынан басқа 0С
|
Жеңіл -І
Орта ауырлық – ІІа
Орта ауырлық – ІІб
Ауыр -ІІІ
|
19-25
17-23
15-21
13-19
|
75
75
75
75
|
0,2
0,3
0,4
0,5
|
15-16
13-24
13-24
12-19
|
Бақылау сурақтары:
1. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын ауа ортасының қандай параметрлерімен анықтайды?
2. Терморегуляцияға анықтама беріңіз.
3. Өндірістің қолайлы метеорологиялық факторларының мәндері қалай аталады?
4. Микроклиматтың нормалық құжаттарын атаңыз. Мұнда есепке не алынады?
5. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын анықтау және оған мән берудің мақсаты?
6. Метеорологиялық жағдайды анықтау әдісі.
7. Психрометр аспабының жұмыс істеу принципі.
5 дәріс. Ауадағы зиянды заттардан қорғау
Өндірісті тексеру, технологиялық процестерді, құрал-жабдықтарды, шикізаттарды, оларды тасымалдау мен өндеу жұмыстарынан басталады. Осы кезеңнің өзінде-ақ шаң-тозандардың химиялық құрамын байқауға болады. Бірақ шикі-заттар әртүрлі өңдеу сатысына түскенде одан пайда болатын шаңдар да өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда, гигиеналық көзқарас бойынша анықтауға тура келеді. Мысалы, тозаңдағы кремний қос тотығының (Si O2) ауадағы тозаңмен қосындысының құрамдарын анықтау.
Шикі затты технологиялық өңдеу кезінде ол қандай термомеханикалық, не басқа жолдармен өнделеді, осындай өндеу кезінде ауаға қандай азрозолдар тарайды, оның бәріне назар аударып, анықтап отыру керек. Сонымен қатар, технологиялық өндеу үзіліссіз бе, жоқ әлде үзіліспен бе, оған қосымша қолмен атқарылатын жұмыс бар ма? Бар болса оның адамға әсері қандай, бұғанды көңіл аудару керек. Тағы да, ауаға шаң толассыз тарап тұрама, жоқ әлде белгілі бір технологиялық процесстердің, не зерттеу үшін шөкім (проба) алу кезінде тарайма, не жұмысшылардың кезек алмасу кездерінде ауа тозаңданама, міне осының бәрі есепке алынады.
Адамдарының жұмыс істеу зонасындағы (деңгейіндегі) шандарды анықтау үшін, жұмысқа жақын манайдағы ауадан 1,6 м биіктіктегі деңгейден, ауаның пробасын алады. Шанның ауадағы тарау шамасын байқау үшін, пробаны әртүрлі бейтарап көністіктерден де (жұмыс орынынан 1-3-5 м шамасындағы көңістіктерден әрлі-берлі өтіп жатқан прохоттардан да алады. Проба алған кезде міндетті түрде сол орындағы ауаның температурасын, атқарылып жатқан жұмыстың қимылын, түрін, проба алу мезгілі қай уақытта болады, қанша уақытқа созылды, қандай жылдамдықпен ауа сорғызылды, бәрін жазып алу қажет.
Шаңды зерттеп анықтаған кезде бір м3 ауада қанша мг шаң-тозан барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаң барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаңды анықтаудың екі тәсілі белгілі. Біріншісі, шаңды алдын ала сүзгімен ұстап, жинау, одан кейін аналетикалық таразыға салып өлшеу яғни 1м3 ауадағы тозаңнын салмақ мөлшерін анықтау (мг/м3). Бұл тәсілді орысша весовой деп атайды, яғни, салмақ мөлшерімен.
Екінші тәсіл – оптикалық әдіс, яғни шаңды алдын ала сүзгіге жинамай-ақ арнаулы оптикалық құралмен 1м3 ауадағы тозаңнын санын есептеп шығару.
Біздің елімізде ең кең тараған әдіс – салмақ әдісі (фильтрация). Осы тәсілмен жұмыс орындарындағы ауаның шаң-тозаңын анықтаса жеткілікті.