Сұрақ: Мен жас маманмын. Алатын айлығым 20 мың теңге көлемінде. Осы айлықпен мен екінші санаттағы банкілер арқылы ипотекалық несие ала алмаймын. Жастар еліміздің болашағы деп үнемі айтылады, алайда шынайы қамқорлық жеткіліксіз



Дата23.02.2016
өлшемі26.62 Kb.
#10336
Сұрақ: Мен жас маманмын. Алатын айлығым 20 мың теңге көлемінде. Осы айлықпен мен екінші санаттағы банкілер арқылы ипотекалық несие ала алмаймын. Жастар еліміздің болашағы деп үнемі айтылады, алайда шынайы қамқорлық жеткіліксіз. Осы өтініш арқылы Сізден сұрайтыным жастарға тұрғын-үй мәселесін шешуге көмектессеңіз. Осы мәселе шешілетін болса, жастарымыз қазақ ұлтының көбеюіне өз үлесін қосатынына сенімдімін.

Жауап.

Сіздерге белгілі болып отырғандай, Қазақстан Республикасы рыноктық нысандағы экономикасы бар ел болып табылады, сондықтан мемлекеттің тұрғын үй бағасының өсуін және пайыздық мөлшерлемені шектеу мүмкін емес, өйткені аталған әдістерді қолдануды рыноктық әдіске жатқызудың өзі неғайбыл.

Жалпы алғанда ипотекалық кредит беру құны мен азаматтардың төлем қабілеттілігі деңгейінің сәйкес келмеу проблемасы мемлекеттік және бюджеттік құрылым қызметкерлерінің, сондай-ақ жас мамандардың еңбегіне қатысты түрде төмен ақы төлеуге байланысты туындайды және бұл мәселе екінші деңгейдегі банктердің земшыларға деген төлем қабілеттілігі талаптарын мәжбүрлеп төмендету жолымен шешілмейді.

Осыған байланысты, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтары (балары бар жас отбасылары, мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметкерлері, әлеуметтік саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері) тұрғын үйге қол жетерлікті қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Перзидентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Тұрғын үйдің мемлекетті бағдарламасы) бекітілген, ол бойынша жеңілдік шарттарымен кредиттеу– 20 жыл, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 10%, бастапқы жарнаның мөлшері - 10% жүзеге асырылатынын мәлімдейміз.

Сөйтіп, тұрғын үй жөніндегі мемлекеттік бағдарлама құрамына жас отбасылар да кіретін орташа тап пен әлеуметтік жағынан қорғалатын халықтың тұрғын үй құрлысын ынталандыруға бағытталған.

Атап айтқанда, осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында халықтың тұрғын үйді сатып алуы ипотекалық кредит беру арқылы жеңілдікпен немесе ҚР Үкіметінің белгілеген тәртібі бойынша рыноктағы бар мөлшерлемеден төмен %-бен тұрғын үй құрылыс жинақ банктері беретін кредиттер есебінен жүзеге асырылады. Сонымен, ипотекалық және тұрғын үй құрылыс кредиттері жалпы алғанда банктердің қатардағы талаптарынан тыс жатыр және басқа да кірістері шағын жас отбасылары үшін қол жетімді болып табылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұрғы үйдің қол жетімділік деңгейін көтеру мақсатында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау жоспарланып отыр, ол тұрғын үй құрылысын және пәтерлерді, оның ішінде әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлері, жас отбасылар және басқалар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатуды көздейді.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта мөлшерлемесі рыноктан қомақты түрде төмен тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде белгілі бір уақыт ішінде ипотекалық тұрғын үй заемдарының шарты бойынша соманы жинақтаған соң ипотекалық тұрғын үй заемдарын алу мүмкіндіктерін көздейтін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі жұмыс істеп отырғанын айтамыз.



Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізу үшін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылы қабылданды, және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылы жарғылық капиталында мемлекеттік 100%-дық қатысуымен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ны құрды. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға заем алу мақсатында, жеке жинақты жинауға негізделген (қазіргі уақытта тұрғын үй құнынан 50%) тұрғын үйді қаржылау жүйесі ретінде беріледі. Тұрғын үй құрылыс жинақтың осы жүйесі көпшілік бөлігінде екінші деңгейдегі банктерде ипотекалық кредитті алуда бастапқы жарнаны енгізуге қажетті қаражаттары жоқ, бірақ тұрақты кірістері бар азаматтардың категорияларына арналған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет