Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Маңғыстау облысының білім басқармасы



Дата02.01.2022
өлшемі17.13 Kb.
#453327
толқын titul ғылыми жұмыс


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Маңғыстау облысының білім басқармасы

Маңғыстау аудандық білім бөлімі

Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп

Жоба тақырыбы: Қазақ тіліндегі «толқын» сөзінің білдіретін түрлі мағынасы
Секциясы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Жоба авторы: Қуатбай Гауһар, 7-сынып, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп
Жетекшісі: Нұрсұлтанова Фариза, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп


2019


Н.Жұбаев атындағы орта мектептің

оқушысы Қуатбай Гауһардың

«Қазақ тіліндегі толқын сөзінің білдіретін түрлі мағынасы»

тақырыбындағы ғылыми жұмысына


Пікір

Қуатбай Гауһардың ғылыми жұмысына «Лингвомәдени бірліктер – этнос болмысын таныту құралы» «Қазақ тіліндегі толқын сөзінің білдіретін түрлі мағынасы» тақырыбын таңдап алған. Оқушының тақырыпқа қызығушылығы жоғары, соның нәтижесінде ол өз жұмысын жақсы аяқтады. Гауһар өз жұмысында толқын сөзінің білдіретін бірнеше мағынасын айқындай отырып, ондағы түрлі мағынаны көрсетумен қатар, олардағы мәдени ақпараттарды анықтап жүйеледі. Зерттеу нысанасы ретінде алынған толқын сөзінің мағынасын қазақ әдеби шығармаларынан мысалдар келтіре отырып сұрыптап, оларға талдау жасау арқылы түсініктеме берген.



«Толқын» сөзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінде (теңіз, өзен, көл) пайда болатын тербелісті, қозғалысты білдіреді. Алайда қазақ халқы толқынды жай ғана табиғи құбылыс деп емес, мағынасы тереңде жатқан ұғым ретінде қарастырған. Қазақ ақындары толқын сөзінің мағыналарын өз өлеңдерінде ұтымды пайдаланған. Қазақтың сыршыл ақыны Мағжан Жұмабаев «Толқын» деген өлеңінде толқынды жан-жақты суреттей келе, өмірдің өзі толқын секілді толассыз қозғалыс екенін түйіндейді. Оқушы осындай мысалдарды қазақ әдебиетінің басқа шығармаларынан да тауып, толқын сөзінің бірнеше мағынасын қарастыра білді. Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасына үлкен қызығушылық танытып отырған Қуатбай Гауһар одан әрі зерттеп, болашақта ғылымға өз үлесін қосады деген үмітпен үлкен сенім артамын.
Пікір беруші: Нұрсұлтанова Фариза

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі



Аннотация

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі. Бұл жұмыста қазақ тіліндегі толқын сөзінің мағынасы таңдалынып, тілдік бірліктердің ұлттық мәдениет пен өркениеттің құндылықтарымен тығыз байланысы көркем поэзиялық мәтін арқылы зерттелінеді. Жұмыста қарастырылған тілдік бірліктер арқылы толқын сөзінің аса терең мағыналық мазмұнға ие екенін, және олардың мағынасын талдап көрсету тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – көркем шығармалардағы толқын сөзінің қолданысын анықтап, оның мағынасын анықтау. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндетті шешу көзделді:

  • Толқын сөзінің қолданысын анықтап жүйелеу;

  • зерттеу нысанасы ретінде алынған толқын сөзінің әдеби шығармалардағы түрлі мағынасына мағыналық талдау жасау және оларға түсініктеме беру.

Зерттеу жұмысының жаңалығы.

  • зерттеу нәтижесінде толқын сөзінің ауыспалы мағысын лексикалық ерекшеліктер тұрғысынан сұрыптау;

  • Лексикалық ерекшеліктердің мағыналық топтарын ажыратып, олардың мағыналық ерекшелігін анықтау;

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері: зерттеу жұмысын жазу барысында материалдарды жинау, талдау, сараптау, тарихи-салыстырмалы, диахронды-синхрондық салыстыру, ой қорыту және лингвистикалық әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының теориялық-практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды қазақ әдеби тілінің тарихы, қазақ лингвомәдениеттану т.б. тәрізді арнаулы курс, семинарларда, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен мәдениетін оқытуда, көркем шығарма мәтініне талдау жасау жұмыстарында, сөздіктер құрастыруда қолдану – зерттеу жұмысының мәнін анықтайды.

Зерттеу жұмысының дереккөздері алдымен, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен алынды. Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаевтың «Сүй, жан сәулем» өлеңдер жинағы, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер», т.б. еңбектер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыстың мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, бір тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет