Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы



бет2/2
Дата28.05.2024
өлшемі23.17 Kb.
#501977
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
есеп пед (копия)

Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы

Жетекшінің белгісі

15.04.24

Бүгінгі биология сабағы өзіме алғашқы 2 аптада бекітілген 7 "А” сыныпта. Жаңа сабақ тақырыбы "Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері, өздігінен, айқас, жасанды. Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы" Сабақ мақсаты: өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау. Мұғалім ең алдымен оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп алды. Содан кейін бір-біріне тілек тілеу арқылы, көңіл-күйлерін көтеріп, бауырмалдылықтарын оятты. Бұл жерде саралаудың "Жіктеу" тәсілі қолданылды. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі берілді. Ендігі жаңа тақырыпқа кірісе бастады. "Миға шабуыл" әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында сұрақтар қойылды. Бұл әдіс арқылы оқушылар жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануларын дамыта түсетіні жайлы білдім. Мұғалім өз ойын жақсы жеткізген, белсенділікпен қатысқан оқушыға "Жарайсың!" деген мадақтау сөздерімен ынталандырды. Одан кейін оқушылар сурет арқылы гүл құрылыстарын белгілеп, гүл бөліктерін атап берді, кестемен жұмыс жасалды. Сабақты қорытындылау мақсатында "Еркін микрофон" әдісі қолданылды. Оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып шықты. Ал мұғалім болса "Жапондық бағалау" әдісі арқылы "Дұрыс келісемін. Толықтырамын" сынды сөздермен бағалады.




16.04.24

. Педагогикалық практиканың келесі күнінде мен бекітілген 7«А» сыныбының химия пән сабағына қатыстым, пән ұстазы Акимханова Жанерке Қайратқызы. 
Бүгінгі сабақтың маңызды бөлшегі Бөлім бойынша жиынтық бағалау жазу болды.
Оқушылар жиынтық бағалау жазу барысында бөлім бойы оқыған тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс атқарды. 
Яғни теориялық білім бойынша «Адам ағзасындағы микро және макроэлементтер», практикалық білім бойынша «Элемент құрамындағы протон, электрон, нейтрон санын табу» болып табылды. Жалпы жиынтық бағалауды жүргізу уақыты 20 минут аралығын есептеді, оқушылар тапсырмаға бар зейінін салып атқарды. 






17.04.24

Келесі күні 7«А» сыныбында биология пәні бойынша сабаққа қатыстым, пән мұғалімі Көкешова Альмира. Жалпы биология сабағын 7 сыныпта аптасына 2 реттен, 2 академиялық сағатпен жүргізді. Педагогикалық практика барысында мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім.
Бұл сынып оқушыларының биология пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Сынып қызыға өткен тақырыбы «Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны» болды. 
Сабақ негізінде оқушылар ДНҚ молекуласының құрылысын және әрекеттесу қағидаларын білді, гаплоидты, диплоидты деген ұғымдармен танысты. 
Мұғалім сабақты жүргізу кезінде жаңа әдіс-тәсілдер қолданды, яғни ДНҚ молекуласының модельімен көрнекілік түрінде таныстырды. Сабақ аяғына тақаған кезде мұғалім оқушылармен кері байланыс орнату арқылы, бүгінгі тақырыптың түсінікті болғанын біле алды. 




18.04.24

Педагогикалық практиканың келесі күндерін 7“А“ сыныбында химия сабағында өткіздім, бүгінгі сабақтың нақты мақсаты өткен күні жазылған Бөлім бойынша жиынтық бағалауды қорытындылау мақсатында «Қатемен жұмыс» атты іс-әдістер болды. Сабақтың алғашқы уақытында мұғалімнің көпшілік назары жиынтық бақылауды әлсіз және төмен жазған балада болды, яғни мұғалім тақырыптан қиналып жүрген баланы тақтаға шығару арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өткен тақырыптарды қайталап болғанан кейін, мұғалім келесі жаңа тақырыптық түсіндірме жұмыстарын бастады, сабақтың жаңа тақырыбы «Қазақстанның пайдалы қазба өнімдері» болды, бүгінгі тақырып оқушылардың география пәнемен тығыз сабақтасқан болды. 






19.04.24

Жұма күні күні 7«Ә» сыныбына машықкер мұғалім берді. Сабақ ең алдымен өткен тақырыпты қайталаумен басталды. Балалар өткен тақырып бойынша сұрақтарға кезекпен жауап берді. Содан соң балаларға фарфор чашкада әртүрлі кендер,минералдар кішкентай мөлшерде берілді. Кітаптағы ақпаратты пайдалану арқылы балалар тапсырмаларды орындады. Балалар минералдардың түрлеріне өте қатты қызыққаны байқалды. Мектепте сабақ өткізу барысында жаңартылған білім мазмұнына сай оқытудың жаңа технологиялық әдістерін: топтық жұмыстар, диологты оқыту, сын тұрғысынан ойлау, талантты және дарынды балалармен жұмыстар жүргізілді. Сабақтарының басым пайызын оқу мен оқытудың жаңа технологияларының элементтерін қолданып, өткізді. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде тренингтер, яғни сергіту сәтін өткізсе, сабақ соңында рефлекция оқушылармен кері байланыс жасалды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет