Пән: жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: №15
4. Жер және ғарыш
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Базарова Б.Р.
|
Сынып: 2 «ғ»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Уақытты қалай өлшейміз
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
2.4.3.1 – негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату;
2.4.3.2 – ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажыратады;
Ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсінеді.
Көптеген оқушылар: негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажыратып, қолданады;
Ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсініп, арақашықтықты өлшеуді үйренеді.
Кейбір оқушылар: АКТ арқылы уақыт өлшем бірліктерін түсіндіре алады.
Арақашықтықты өлшей алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажыратады;
ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсінеді
|
Тілдік мақсаттар
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылардың бойында өмірге деген қызығушылықтары оянып, уақытты үнемді пайдалану керек екенін түсініп, уақыт бірліктерін тануға ынталанады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
№1 тапсырма арқылы математика пәнімен байланыс жүзеге асты.
№2 тапсырмада әдебиет пәнімен байланыс орнатылды.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
АКТ арқылы апта неге 7 күннен тұратынын түсіндіреді
|
Бастапқы білім
|
Уақыттың өлшем бірліктері сағ. мин. біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқуға дайындық:
Сәлемдесу: жағымды ахуал тудыру.
Сағаттың тіліндей Оң аяқ, сол аяқ,
Иіліп оңға бір. Оң аяқ, сол аяқ,
Сағаттың тіліндей Жаттығу оңай - ақ.
Иіліп солға бір.
-Балалар бұл тақпақ не туралы екен?
Біз қалай иілдік?
Сағат бізге не үшін қажет?
Сабақ мақсаттарымен таныстырып өту.
|
топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Сабақ ортасы
|
№1. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суретте бейнеленген уақыт өлшем бірліктерін ата.
Қайсысы ұзақ: ай ма әлде жыл ма? Неліктен? 1 сағатта неше минут бар?
Дескриптор:
1.Уақыт бірліктерін атайды, өсу ретімен орналастырады.
2. Уақыт бірліктерін шеңбер ішіне орналастырады.
*Апта неге 7 күннен тұрады?
|
|
|
( Апта – 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғасырда Римде қолданылды, кейінірек бүкіл Еуропаға таралды. Аптаныпайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс,Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. Сонымен қатар кейбір елдерде 5 тәуліктік және 10 тәуліктік апталар да пайдаланылады.)
№2. «Көршіңмен талқыла» әдісі. Зерттейік
1мин не істеп үлгеруге болады?
3 минутта ше?
Дескриптор:
1.Сызбаны толықтырады.
2. Әңгімелеп береді.
* Қазақша күн атаулары қай тілден шыққанын түсіндіреді.
№3. «Қағаздағы сұрақтар» әдісі. Суретпен жұмыс.
1-суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Тәуліктің қай кезі деп ойлайсың? Оны анықтауға бола ма?
2-суретте жылдың қай мезгілі және тәуліктің қай кезі екенін білуге бола ма? Неліктен?
-Негеш пен Эврика әлі неше км жүруі керек? Оны қайдан білдің? Жұлдыздардың арақашықтығын осылай өлшеуге бола ма? Неліктен? (Ғарышта қашықтық орасан зор! Сондықтан оның арнайы өлшем бірліктері болады).
Дескриптор:
1.Уақыт бірліктерін атайды.
2.Ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіреді.
|
Оқулық, суреттер
Тірек-сызбалар
Оқушы суреті
Оқулық
Тірек-сызба
|
Сергіту сәті
|
«Рұқсат етілмейтін қимыл» жаттығуы (Музыкалық тренинг) Нұсқау: Мұғалім қолымен түрлі қимылдар жасайды. Балалар қимылды қайталайды. Тек мынаны ескеру керек. Қолды төмен түсіруге болмайды. Мұғалім қолын төмен түсіргенде , оқушылар қолдарын жоғары көтерулері тиіс.
Дәптермен жұмыс:
Жазылмай қалған уақыт өлшем бірліктерін жазады.
Дөңгелектердің ішіндегі сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құрастырады.
|
Күйсандық
Дәптер, қалам
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: «Қателескен мұғалім»
Метр уақыт атауы. Тәулік жыл мезгілінің атауы. Жұлдыздардың арақашықтығы 1 апта. Екі қаланың арасы 5 минут.
маған бәрі түсінікті
сұрағым бар
түсінбедім
|
Сөйлемдер
Стикерлер
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
|
Топқа бөлінгенде, сергіту сәтінде қауіпсіздік ережесін сақтау. Партада түзу отыру.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|