Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет1/7
Дата13.11.2023
өлшемі89.82 Kb.
#483165
  1   2   3   4   5   6   7
Тарих СРС


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Факультеті: «Филология»
Кафедрасы: «Қазақ тіл білімі»

СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д III ғасыр-б.з II ғасыр).
Сақтар мен Ғұндар.


Орындағандар: Амантай Азамат, Алимова Гүлнұр,
Жанатаева Жадыра, Ринатқызы Дильназ,
Тлектес Аяжан, Утепова Ақерке
Тексерген: Қозыбақова Фатима Ақынбаевна


Алматы қ., 2023ж

  1. Сақ тайпаларының түрлері.

Бұл халық өзін өзі сақасақ деп атаған, (аккад. ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək). Оларды көне гректер скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған.
Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған.
[Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан? (қаз.). ukkz.net. «Үш қиян» газеті (23 Ақпан 2012)]
Ежелгі Қазақстан аумақтарындарғы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. 1 мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.
Б.з.д. 1 мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауганстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа ертедегі тарихшылар оларды "азиялық скифтер" деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дәуірінің авторлары (гректер) - Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей және т.б.; 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалган сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары «сак» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды.
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тыгыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VI-V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теніздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Герадот "амюргия-сақтар" және "ортокарибантия-сақтар" деп атаған. Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия және Маргиана аумақтарында (Әмудария мен Мургаб өзендерінің жағалауында) орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.
Лингвистикалық зерттеулердің мәліметіне қарағанда сақтардың Орталық Азияның көне иран тұрақтарынан б.з.д. 1 мыңжылдықта бөлектеніп шыққан ирандық, нақтырақ шығыс ирандық тайпалар тобына жататындығы байқалады.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, каспилер, аргипейлер және т.б. сиякты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер - Сырдарияның төменгі бойы мен Арал тенізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар - Сырдариянын төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар - Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.К.Кадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар - Шығыс Қазақстан аумағын, каспилер - Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер - Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.
[Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының доктары, профессор Қ.С.Қаражан. – Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2011. – 6-7 б.]


  1. Сақ тайпаларының мәдениеті.

Сақтар өз заманындағы ең құдіретті елдердің бірі болды. Герадот сақтарды “азиялық скифтер” деп атаған. Герадоттың жазуынша сақтар өте жауынгер,еркінсүйгіш халық болған [1,85]. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады:
1) антик дәуірінің авторлары (гректер)- Герадот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей және т.б;
2) Ахменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б).
Парсы жазбалары “сақ”атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды “Азия скифтері” деп атады [4,20].
Ежелгі парсылар сақтарды 3 топқа бөлінгенін жазды. Олар:

  1. Тиграхауда немесе “шошақ бөрікті” сақтар.

  2. Парадарая немесе “теңіздің арғы бетін мекендеген” сақтар[1,82].

  3. Хаомоварга немесе “хаомо (хаомо-жүзім) сусынын дайындайтын” сақтар [1,83]

Ғылыми әдебиеттерде сақтар өмір сүрген кезең “ерте темір ғасыры”, “ерте көшпелілер кезеңі”, “сақ дәуірі” деп аталды [1,82].
Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер-Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар-Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар-Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер соның ішінде, М. Қ. Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар-Шығыс Қазақстан аумағын, каспилер-Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер-Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген [4,21].
Герадот мынандай аңыздық мәліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып, “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын” деп оған Кирдің басын салдырған [4,22].
Сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы грек авторы Полиэннің еңбегінен білеміз. Дерек бойынша ол I Дарий патшаның сарбаздарын өз денесін жарақаттап, сақтардан қорлық көргенін жеткізеді. Ол: “Төңіректегі құдықтар түгел уланған, шөбі өртелген. Бұл жерде су жоқ. Біз келе жатқан жол жалғыз жол”,- деп оларды шөлде сусыз қалдыру арқылы өлтіреді [1,115]. Дегенмен I Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, соның ішінде хаомаварга-сақтарын және басқа да кейбір тайпаларды бағындырды. Сақтар болса, Ахменидтердің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті, олардың біразы парсы патшасының “өлмейтін он мың” деп аталатын жеке әскери құрамасының қатарына да кірді [4,22].
Антикалық және көне парсы тіліндегі деректерде сақ тайпаларының сыйынатын басты құдайы “Күн”деп көрсетіледі.Сақ-скиф тайпаларында күннің символы ретінде жылқы малы таңдап алынады.”Тарих” шығармасында массагеттер жайлы айта келіп “олардың құрмет тұтатын жалғыз құдайы ғасырлар бойы-Күн.Оған арнап жылқыны құрбандық шалады.Мұның мәнісі құдайға ең жүйрік жануарды құрбан ету. [5.16].
Парсы тіліндегі алғашқы мәліметті көне “Авеста”кітабы мен парсылардын сына жазуынан аламыз. “Авеста”-зороастра дінінің қасиетті кітабы. Бұл кітапта елімізді мекендеген көшпелі тайпаларды “жүйрік атты турлар” деп атаған [1,85]. Авестада сақтардың отырықшы арий тайпаларымен соғысы айтылады. Турлар мен арийлнр арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал өңірлнрінде өрбиді. Олар дөңгелекті арбаға мінген. Басты қарулары садақ пен жебе, найза, айбалта болған. Негізгі кәсіптері мал өсіру (сиыр, жылқы және түйе), тамағы ет пен сүт екені айтылды. Құдайға құрбандыққа жылқы, сиыр, қой шалынатыны баягдалды.
Бехистун сына жазуы. Бұл жазу парсы патшасы I Дарийдің құрметіне Бехистун жартасына қашалып жазылған. Жартаста сақтардың үш тобы туралы (парадарая, тиграхауда, хаомоварга) жазылған [1,86]. Персиполь қабырғаларында бедерлеп салынған суреттерден тиграхауда сақтарының бейнесін анық көруге болады.
Грек авторларының бірі-Страбонның “География” деген еңбегінде сақтарды: “Бұл көшпелілер өте қарапайым, инабатты, кішіпейіл жандар, бгларда зұлымдық, қара ниеттілік деген мнлде болмайды. Көп жағдайда бостандықта, еркін жүруді, тәуелсіз болуды қалайды”,-деп жазған [1,87].
Страбонның тағы бір дерегінде сақтар садақ пен қылыш және қола айбалталармен қаруланып, сауыт киген, сақтар ақ көңіл уәдеге берік халық деп баяндалады. Ол “Шірік Рабат”, “Бәбіш Молда”, “Баланды” қалалары туралы да зерттеу жүргізген.
Ежелгі гректер сақтарды “Дұшпанға қатал, досқа адал”, “Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық” деп сипаттаған.Сақтардың шаруашылығы туралы Герадот сақтарды “қыс кезінде ағаш үйлерде тұрады және киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулаған балықтарды азық етеді, сүт ішеді”,-деп жазған. Герадоттың айтуынша сақтар мен скифтер бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.
Грек тарихшысы Ксенофонт парсы қаласында болғанда “Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың жарысын ұйымдастырды. Жарыс жолының ұзындығы 5 шақырымнан асады және осы жарыста сақ жігіті жеңіске жетті”,-деп сақтардың ерекшелігін сипаттады.
“Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнсе, ерлеріне көмектеседі”-Ктесий.
Сақ патшасы Скунха мен I Дарий арасындағы соғысты грек авторы Полиэн баяндап, Шырақ есімді сақ бақташысының ерлігін ерекше жазды. Томирис пен Кирдің соғысы туралы баяндаған рим тарихшысы-Помпей Трог. Томирис туралы:” Әйел болса да ол жауынан қорыққан жоқ”,-деп жазды. Ал сақтардың Александр Македонскийге қарсы соғысы туралы және көшпелілердің қару жарағының ерекше екендігін грек-македон тарихшысы-Арриан сипаттады.
Ксеркстің “Дәвтер туралы жазба”атты деректерінде сақтар “Құдіретті еркектер”, “Авеста”атты иран жазбасында “Жүйрік атты турлар” деген атаққа ие болып отырды.
Парсы жазбалары бойынша Қазақстан аумағын мекендеген көшпелілерге ортақ атау ретінде “сака, сақ”атауын жиі қолданды.
Bilimland” сақтар туралы тарихи мәліметтер.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет