1 топ-Тиграхауда 2 топ- Парадарайа 3 топ- Хаумаварга Сақтар туралы тарихи мәліметтер Геродоттың “Тарих” атты еңбегінен үзінді Олар жаяу және ат үстінде де соғыса алады. Найза, қылышпен қаруланады, садақты жақсы атады. Жауынгерлердің бәрі мерген. Найзаның ұшын, жебе, қылышты және аттың сауытын мыстан жасайды. Бас киімдерін, белдіктерін, ер-тұрмандарын алтынмен әшекейлейді. Алтын мен мыс өте көп. Олар егін екпейді. Үй малдарын өсіріп, балық аулайды. Сүт ішеді. Күнге табынып, оған жылқыны құрбандыққа шалады Тарихтың атасы – Геродот (б.з.д 485-425) Грек тарихшысы Страбонның “Географиясынан”үзінді “Каспий теңізінен бастап сақтардың”басым бөлігін “дайлар”деп атайды. Ал олардан шығыс жақта массагеттер тайпалары қоныстанған. Олардың ортақ аты сақтар, бірақ әр тайпаның өз аты бар. Жалпы алғанда, олар көшпелі халық болып табылады.Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті. Күнге Құдай ретінде сеніп, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Олар-атқа мінудің шебері. Жауыгерлері садақ, қылыш және қола балтамен қаруланып, сауыт киеді. Шайқас кезінде алтын белдік тағады. Аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды. Елдерінде алтын, мыс көп. Егіншілікпен айналыспайды, мал өсіріп, балық аулайды”. Страбон (б.з.д.64-б.з.24жж. шамасында)-ежелгі грек географы, тарихшысы.Атақты “География”еңбегінің авторы. Оның еңбегінде Кавказ бен Орталық Азиядағы ежелгі халықтар мен тайпалар туралы көптеген құнды мәліметтер келтірілген . Парсы патшалары І Дарий мен Ксерекстің бұйрығымен жазылған деректер өте маңызды. Бұл деректер Қазақстанда тұрған ежелгі тайпалар туралы құнды мәліметтерге толы. Көне парсы жазба деректеріне Персеполь,Накши-Рустем жазбалары “Бехистун”жазулары жатады.Оларда сол кезеңде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың бәріне ортақ атау ретінде “cака”(сақ) сөзі жиі айтылады.Көне парсы деректерінде “сақ’’сөінің мағынасы “құдіретті ерлер”деп түсіндіріледі.Ал парсылардың қасиетті Авеста кітабында сақтарды “жүйрік атты турлар” деп атаған. Ежелгі парсы сына жазбаларында сақтардың саяси тарихы, қоныстанған жері, тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер бар. Сақтар қайда мекендеген? Сақтар қайда мекендеген? Қазіргі ғалымдар парсы және грек деректерінің негізінде сақ тайпаларының аттары мен олардың қоныстанған жерлері туралы болжам жасайды. Сақтардың бір тайпасы Жетісу өңірінде қоныстанған. Оларды парсылар шошақ бөрік киетін тиграхауда сақтары деп атаған.Екінші бір тайпасы Арал маңында мекендеген. Деректерде оларды теңіз арғы жағындағы парадарайа сақтары деген. Ал хаумаварга сақтары олардан оңтүстікке қарай өмір сүрген. Олардың атауы хаум сусынын дайындағанына байланысты деген жорамал бар. Тайпалардың мекендеген аумақтары Грек авторларының еңбектерінде парсы деректерінде кездеспетін сақ тайпалары да аталады. Олар: масагеттер, аргиппейлер, аримаспылар, исседондар, сарматтар. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой 1.Тарихтың атасы – ... 2.Көне парсы деректерінде “сақ” сөзінің мағынасы ... 3.Күнге Құдай ретінде табынып, оған ... құрбандыққа шалады. 4.Страбонның атақты еңбегі - ... 5.Шошақ бөрік киетін ... Сақтары. 6.Хаумаварга сақтары ... сусындарын дайындады 7.Каспий теңізі маңын мекендеген сақ тайпасы ... 8.Сақтар - ... мінудің шебері 9.Сақтар бас киімдері мен белдіктерін аттың ер тұрмандарын ... Әшекейледі. 10.Геродоттың атақты еңбегі-... Рефлексия Мен __________ білдім! Маған ___________ қызық болды! Маған ______________ қиын болды!
Достарыңызбен бөлісу: |