Қазақстан Республикасының Ғылымжәне жоғарғы білім министрлігі
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті»
Заң факультеті
«Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасы
ТАҚЫРЫБЫ:Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі
ОРЫНДАҒАН:Нұрланов Тамерлан Ұланұлы 23 топ
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:Мугауова Айнур Изгалиевна
Жоспары:
1. Атқарушы билік және атқарушы билік органы ұғымы
2. Атқарушы билік органдарының жалпы қағидаттары
3. ҚР-ның атқарушы органдарының жүйесі
1. Жер шарындағы әртүрлі мемлекеттер қандай да бір қағидаттар, идеологиялар және заңдарына сүйене отырып мемлекеттік басқаруды жүргізуді іске асырады. Жалпы мемлекеттік басқару қоғамның қолайлы өмір сүруіне бағытталған, мемлекеттің заңдарына және ұстанымдарына негізделген қызметі. Аталмыш қызмет саясатта өте күрделі процесс болып табылады. Сондықтан да мемлекеттік басқаруды қоғамның барлық салалары мен мүшелерін қамтып, яғни, мемлекеттің функцияларының тиімді түрде орындалуын, сонымен қатар демократиялық ұстанымды маңызды қағида ретінде ала отырып, мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді. Олар: заң шығарушы, сот билігі және әкімшілік құқық пәнімен тығыз байланысты атқарушы билік тармағы.
"Атқарушы билік" ұғымы "мемлекеттік басқару" ұғымының тек біржақты, яғни, тар мағыналы ретінде көрініс береді. Атқарушы билік дегеніміз мазмұндық және ұйымдастырушылық сипатқа ие және заңдар мен заң шығарушы биліктің басқа да актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік биліктің тармағы. Атқарушы билікті іске асыруда мемлекеттік қызмет атқаратын субъекті-атқарушы билік органдары болып табылады. Атқарушы билік органдары-арнайы заңнамаларға сәйкес өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқарудың атқарушы билігін іске асыратын әкімшілік құқықтың басты субъектісі болып табылады. Атқарушы билік органдары негізгі міндеттері ретінде мемлекеттік басқару және басқарушылық іс-әркеттерді асырады, әкімшілік-құқықтық актілерді өзінің билік ету шегіне қарай қабылдайды, заңдардың іске асуын, азаматтардың құқықытары мен бостандықтарын, сонымен қатар қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2. Қағидаттар қоғамда, әсіресе мемлекеттік басқару мен құқықтық істерде аса маңызды рөлді атқаратын ұстанымдар. Атқарушы билік органдары үшін қағидаттар-заңнамаларда бекітілген, атқарушы билік органдарының ұйымдастыруда және қызметін іске асыруда аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері. Атқарушы билік органдарының негізгі қағидаттарын қарастырайық. Олар:
1) Заңдылық. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда әр орган, сонымен қатар атқарушы билік органдары да өз іс-әрекеттерін құқықтық жүйеде жоғары күшке ие Қазақстан Республикасының Конституциясы және сол таңда күшін жоймаған, әкімшілік істерге қатысты заңдарға сәйкес іске асыруға міндетті.
2) Халық билігі. Конституцияның 3-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық, яғни, атқарушы билік органдары өз қызметін халықтың тікелей атынан және тиісті бақылау астында жүзеге асырады.
3) Біртұтас билікті бөлу және өзара тежемелік әрі тепе-теңдік. Мемлекеттік басқарудың үш тармағының әрқайсысы өзіне берілген уәкілетіне сәйкес функцияларын іске асыруы тиіс.
4) Алқалық және жеке басшылықты үйлестіру. Мемлекеттік басқару саласындағы маңызды мәселелерді шешу кезінде ұжымдық пікірдің ескеруін білдіреді. Осы қағидатты мақсат етіп, атқарушы билік органдарынан жанынан қосымша консультативті ұйымдар жүйесі қолданылуда.
5) Жекебас жауапкершілігі. Күші жойылмаған заңнамаларға сәйкес орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жоғарғы лауазымды иеленген мемлекеттік қызметкерлер өздері басшылық ететін мекемелердегі әкімшілік тәртіптің жағдайы үшін жекебас жауапкершілікті иеленеді.
6) Жариялылық. Атқарушы билік органы өзінің іс-әрекетін, атап айтқанда қабылдаған әкімшілік нормалардың қоғамдағы маңызды қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында кеңінен жариялап, сол арқылы жұртшылықтың назарына ұсынып отыруды міндеттейді.
7) Жеке адам құқықтарының басымдығы. ҚР конституциясына сәйкес мемлекет үшін адамның жеке құқықтары аса маңызды қазына болып саналады, сондықтан да мемлекеттік басқаруды іске асыратын барлық органдар, соның ішінде атқарушы билік органдары жеке азаматтар алдында жауапты. Жеке азаматқа мемлекеттік органдар және билік өкілдері тарапынан жасалған зорлық-зомбылық әрекеттерінен қорғалуға міндетті.
8) Орталықтандыру. Атқарушы органдардың иерархиялық саты бойынша жоғары тұрған мемлекеттік мекемелерге одан төмен басқа мекемелер бағынуы тиіс. Бұл қағида елдері атқарушы биліктің біртұтастығының кепілі.
3. Атқарушы органдар жүйесі деп бір-біріне бағынышты атқарушы билік органдарының өз араларында құзыреттеріне байланысты сатылық
Жүйе құрамына кіреді:
• ҚР жоғары атқарушы билік органы болып бекітілген Үкімет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының V-бөлімінде Үкіметтің құқықтық мәртебесі бекітілген. Сонымен қатар, Үкіметтің уәкілеттілігі, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібін 1995 жылы 18 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының "Үкіметі туралы" заң бекітеді. Үкіметті ҚР Президенті Конституцияда көрсетілген ережелерге сәйкес, Прьмьер-министр тағайындалғаннан кейін он күн мерзім ішінде құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды ҚР Президентіне енгізеді. Үкіметтің құрамына басқару қызметін атқаратын-Премьер-министр сонымен қатар, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалардан тұрады.
• Министрліктер, агенттіктер және комитеттер.
ҚР Министрліктері әр сала бойынша топтастырылған атқарушы билік органдары болып табылады. Жалпы Қазақстанда 21 салаға бөлінген министрліктер жұмыс жасауда. Әрқайсысы өз уәкілеттілік берілген саласына байланысты мәселелерді шешумен айналысады.
Агенттіктер мен комитеттер ҚР Үкіметіне қосымша атқарушы билікті жүзеге асырушы органдар ретінде қызметтер атқарады. Олар да министірліктерге сәйкес белгілі бір мақсатқа немесе салаға байланысты құрылып, қызмет атқарады.
• Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
Облыс, республикалық маңызы бар қала және бас қала, аудан, облыс орталығындағы билікті өз құзіреті шегінде мемлекеттік және өзін-өзі басқаруды іске асыратын алқалы атқарушы орган. Жергілікті және өзін-өзі басқару органдарының маңызды құжаты ретінде 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының "Жергілікті және өзін-өзі басқару туралы" заңы бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |