Құрылым элементі
|
қолданыстағы редакция
|
Толықтырулар мен өзгертулер ұсынылған редакция
|
Негіздеме
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» N 149 Заңы
|
1-баптың
10) тармақшасы
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - мемлекеттік саясаттың шаралары:
мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өздігінен жұмыспен қамтылған, жұмыссыздар және қамсыздандырылуы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдауға;
қызметкерлерді кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап және жаңа жұмыс орындарын құратын, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, жұмыс берушілерді ынталандыруға;
өндірістік күштерді тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құру ға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін, жаңа жұмыс орындарын құруға, бар жұмыс орындарды сақтауға және дамытуға ықпалын тигізетін басқа да шараларды қолдануды ынталандыруға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясатын жүргізу шараларына;
жұмыспен қамтылушылыққа жәрдемдесетін мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде жұмыспен қамтылушылық саясатын іске асыру саясаты бойынша өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.
|
Бұл жаңаенгізілім Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қолдау шаралары аясында шектеліп қалмай өндірістік күштерді тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құрға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға, икемді жұмыс уақыты режимін қолдануды ынталандыруға бағытталған белсенді шараларды қолдануды кеңейтуге мүмкіндік береді
Сонымен қатар, қызметкерлерді кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын жұмыс берушілерді қолдау, білікті мамандардың жаңа кластерін қалыптастыруға және қолдауға айтарлықтай ықпал етеді.
|
4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, егер олар тиісті еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, өзге де іскерлік сапаларға байланыссыз және қызмет пен кәсіп түрлерін, еңбек жағдайларын еркін таңдауда еңбек функцияларының ерекшелігімен немесе қызметкердің мәртебесімен шарттылықсыз болса, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни және саяси сеніміне, кәсіп одақтарына немесе өзге қоғамдық бірлестіктерге қатыса ма, қатыспай ма, мүліктік және қызмет жағдайына, жасына, тұрғылықты мекен-жайына, дене және жүйке-психикалық сипаттағы кемшіліктеріне қарамастан тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге;
|
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес - тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
Сонымен қатар, кемсітудің ешқандай түріне жол бермеу принципі жұмыспен қамту саласы бойынша біздің мемлекетіміз қосылған барлық халықаралық шарттары және конвенциялар негізінде жатыр.
|
4-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
-
жоқ
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1-1) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діндерге қатысына, нанымына, саяси қатыстылығына, мекен-жайына немесе кезкелген өзге жағдайларға байланысты кемсiтушiлiктiң кез келген түрлеріне жол бермеуге;
|
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес - тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
Сонымен қатар, кемсітудің ешқандай түріне жол бермеу принципі жұмыспен қамту саласы бойынша біздің мемлекетіміз қосылған барлық халықаралық шарттары және конвенциялар негізінде жатыр.
|
4-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
5) қызметкерлерді кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап және жаңа жұмыс орындарын құратын, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, жұмыс берушілерді қолдауға;
|
Бар жұмыс орындарын сақтап және жаңа жұмыс орындарын құратын қолданыстағы жұмыс берушілерді ынталандыру механизмі еңбек нарығын дамытуда қажетті деңгейде мүмкіндік туғызбайды.
Жұмыс берушілерді ынталандыру шараларынан көтермелеу шараларына көшу, барлығынан бұрын жұмыс берушілерді қызықтырады және олардың жаңа жұмыс орнын құруына қозғау салады деп есептейміз.
Сонымен қатар, қызметкерлерді кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын жұмыс берушілерді қолдау, кәсіби мамандардың жаңа кластерінің қалыптасуына және қолдауға айтарлықтай ықпалын тигізетін болады.
|
4-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасы
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
5-1) жоқ
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
5-1) кәсібіи-техникалық, арнайы орта және жоғары білім алумен қамтамасыз ететін оқу орындарын бітірушілерге бастапқы жұмыс орындарын беретін, жұмыс берушілерді қолдау;
|
Оқу орындарын бітірушілерге бастапқы жұмыс орындарын беретін жұмыс берушілерді қолдауға ұсынылып отырған шаралар бастамашыл жұмысқа, жас қазақстандықтардың өз бетінше өмірге бейімделуіне тиімді жүйелер құру қажеттілігіне бағытталған
|
4-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
|
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
15) өндірістік күштерді тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін, жаңа жұмыс орындарын құруға, бар жұмыс орындарды сақтауға және дамытуға ықпалын тигізетін басқа да шараларды қолдануды ынталандыруға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясатын жүргізу шараларына;
|
Қаржылық, инвестиция және салық саясатының қабылданатын шаралары жұмыспен қамту саласында алға бастыратын қатынастармен жауап беруге тиіс.
Ұсынылып отырған редакция қосымша жұмыс орындарды құруға ынталандырумен ғана шектелмей, сонымен бірге өндіріс күштерін тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі жұмыс қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін қолдауға бағытталған шараларын қолдануды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Шараларды қолдану саласын кеңейтуге нарық түріндегі жаңа жұмыс орындарын құру бойынша белсенді саясатты жүргізу жолымен қоғамдық өндіріске барлық жұмысқа қабілетті тұрғындарды тартуға бағытталған
|
5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы
|
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
4) жоқ
|
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
4) білім гранттарының қаражаттарының есебінен тиісті білім бағдарламаларын ойдағыдай игеріп күндізгі оқу бөлімінде білім алған жоғары оқу орындарының қабілетті бітірушілеріне, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы қаражаттарының есебінен шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде білім алған бітірушілерге бастапқы жұмыс орынын беру. Көрсетілген тұлғаларға бастапқы жұмыс орнын берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
|
Қазіргі қолданыстағы жүйе жоғары оқу орындарындағы оқу процестерін ұйымдастыру үшін бағытталған білім гранттарына салынған қаражатты қайтаруға толық кепілдік бермейді. Білім гранты қаражаты есебінен оқуға бөлінген қаржының қайтуын қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орыны бітірушілеріне Мемлекеттік кепілдік беру керек деп есептейміз. Сонымен қатар, білікті мамандардың жаңа кластерін қалыптастыру және қолдау мақсатында оқуға «Болашақ» халықаралық стипендиясы қаражаты есебінен шетелдік жетекші оқу орындарын бітірген бітірушілерді мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз ету ұсынылады
|
5-1-баптың 8-1) тармақшасы
|
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-1) жоқ
|
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-1) өндірістік күштерді тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін, жаңа жұмыс орындарын құруға, бар жұмыс орындарды сақтауға және дамытуға ықпалын тигізетін басқа да шараларды қолдануды ынталандыруға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясатын ұйымдастыру шараларының тәртібін бекітеді;
|
Ұсынылатын редакция жаңа жұмыс өндірістік күштерді тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі жұмыс қызметтерін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін қолдауға бағытталған шараларды белгілеуге мүмкіндік береді.
|
5-1-баптың 8-2) тармақшасы
|
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-2) жоқ
|
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-2) кәсіпорындардың жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттерімен өндірістік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған шығындарын субсидиялау тәртібін бекітеді.
|
Ұсынылатын редакция кәсіпорындардың жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттерімен өндірістік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған шығындарды субсидиялау тәртібін бекітуге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде оқу органдарымен шығарылатын мамандардың дайындық деңгейін жоғарылатуға, сонымен қатар жұмыс берушілер үшін қажетті мамандарды іріктеу ісінде қосымша ынталандыруға қызмет етеді.
|
5-1-баптың 8-3) тармақшасы
|
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-3) жоқ
|
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-3) жаңа бастаушы қызметкерлердің сынақ мерзімін өту кезеңінде кәсіби машықтарының жеткіліксіздігі себепті кәсіпорын жабдығына залал келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыру тәртібін бекітеді
|
Ұсынылатын редакция жаңа бастаушы қызметкерлердің кәсіпорын жабдығына залал келтірген жағдайда кәсіпорын алдында жауапкершілігін сақтандыруға мүмкіндік береді.
|
6-баптың 2-тармағының 9-5) тармақшас
|
6-бап. Орталық атқарушы орган
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
9-5) жоқ
|
6-бап. Орталық атқарушы орган
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
9-5) өндірістік күштерді тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін, жаңа жұмыс орындарын құруға, бар жұмыс орындарды сақтауға және дамытуға ықпалын тигізетін басқа да шараларды қолдануды ынталандыруға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясатын ұйымдастыру шараларының тәртібін әзірлеуге;
|
Ұсынылатын редакция жаңа жұмыс өндірістік күштерді тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі жұмыс қызметтерін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін қолдауға бағытталған шараларды белгілеуге мүмкіндік береді.
|
6-баптың 2-тармағының 9-6) тармақшас
|
6-бап. Орталық атқарушы орган
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
9-6) жоқ
|
6-бап. Орталық атқарушы орган
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
9-6) кәсіпорындардың жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларының өндірістік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған шығындарын субсидиялау тәртібін әзірлейді
|
Ұсынылатын редакция кәсіпорындардың жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларының өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуге бағытталған шығындарын субсидиялау тәртібін бекітуге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде оқу орындарымен шығарылатын мамандардың деңгейінгі жоғарлатуға, сонымен қатар жұмыс берушілер үшін қажетті мамандарды іріктеу ісінде қосымша ынталандырыуға қызмет етеді.
|
6-баптың 2-тармағының 9-7) тармақшас
|
6-бап. Орталық атқарушы орган
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
9-7) жоқ
|
6-бап. Орталық атқарушы орган
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
9-7) жаңа бастаушы қызметкердің сынақ мерзімін өту кезеңінде машықтарының жеткіліксіздігі себебі бойынша кәсіпорын жабдығына залал келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыру тәртібін әзірлейді
|
Ұсынылатын редакция жаңа бастаушы қызметкердің кәсіпорын алдында жабдыққа залал келтіру жағдайында кәсіпорындарындағы жауапкершілігін сақтандыруға мүмкіндік береді.
|
7-баптың 5-8) тармақшасы
|
7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
5-8) жоқ
|
7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
5-8) экономикалық өсу орталықтарын және әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекендерді белгілеу. Экономикалық өсу орталықтарында және әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекендерде жұмыс орындарын ашу ерекше көтермеленеді.
Экономикалық өсу орталықтарында және әлеуметтік-экономикалық дамудың потенциалы жоғары елді мекендерде жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қаржылық-несие, инвестиция және салық саясатын іске асыруда көмек көрсетіледі.
|
Бұл жаңаенгізілім халықты жұмыспен қамту саласында жеке ауылдық аймақтардың айналасында шектеліп қалмай, экономикалық өсу орталықтарының, әлеуметтік-экономикалық потенциалы дамуы жоғары елді мекендердің мәртебесін белгілеу осы аймақтарда жұмыс нарығын жандандыруға негіз болады, себебі жеке кәсіпкерлік субъектілерін, жұмыс берушілерді тартуға мүмкіндіктер береді, ол өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Көптеген жұмыс беруші жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жаңа жұмыс орнын құру, бар жұмыс орындарын сақтаудың негізгі тәсілі мемлекет тарапынан қалыптастыру шараларымен қамтамасыз етілетініне көзіміз жетеді.
|
9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
8) жоқ
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
8) жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ оқу орнын бітірушілерге бастапқы жұмыс орынын ұсыну.
|
Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы
әлеуметтік серіктестікті дамытуға, азаматтардың және бизнестің, мемлекеттің өзара тығыз іс-қимыл жасауына, сондай-ақ жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамашылық еңбекке бейімдеуге тиімді жүйе құруға ықпал етеді.
|
9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
9) жоқ
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
9) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері арқылы кәсіби стандарттарды әзірлеу
|
Қабылданатын қызметкерлерге әр түрлі салаларда қолданылатын кәсіби стандарттарды әзірлеу қажеттілігі туралы мәселе осы күнге дейін өзекті болып қалып отыр. Стандарттарды нақты жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің әзірлеуі қажетті мамандарды іріктеу мен жалдауда бірыңғай тәсілдемені жасауға мүмкіндік береді.
Содан басқа салалық кәсіби стандарттар оқу орындарын белгілі бір өндіріс салалары үшін қажетті мамандарды дайындауға бағытталуына мүмкіндік береді.
|
9-баптың
1-1-тармағы
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
-
жоқ
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1-1. Жұмыс беруші:
1) уәкілетті органның жолдамасы бар азаматтармен тең жағдайларда оларға тікелей жұмыс сұрап келген азаматтарды жұмысқа қабылдауға;
2) Уәкілетті органнан еңбек нарығы туралы ақысыз ақпарат алуға; көрсетілген ақпарат жалпы қолданыстағы ақпараттық-телекоммуникациялық желілерінен, соның ішінде «Интернет» желісі арқылы да, электронды нысанда алынуы мүмкін;
3) уәкілетті органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы;
4) салалық (кәсіби) бірлестіктерде қатысу.
Салалық (кәсіби) бірлестіктер заңнамамен белгіленген тәртіпте халықты жұмыспен қамтуда саласында жәрдемдесу мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысуға және қажетті мамандарды іріктеу мен жалдауда бірыңғай жақындауды өндіруге мүмкіндік беретін кәсіби стандарттарды әзірлеуді жүзеге асыруға құқылы.
|
Жұмыс берушілердің құқығын қарастыратын нормалардың жоқтығынан жұмыспен қамту саласында пайда болатын құқықтық қатынастар заңнамалардың жалпы принциптеріне қайшы өркениетті еңбек нарығының дамуына мүмкіндік туғызбайды.
Ұсынылып отырған толықтырулар, мемлекет атынан уәкілетті орган мен жұмыс беруші арасында тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы белсенді шаралардың тең дәрежеде, субъектісі ретінде, қарым-қатынас орнатуға, бұл өз кезегінде мемлекет пен бизнестің тығыз өзара іс-қимылына әлеуметтік әріптестерін және дамытуға мүмкіндік туғызады
|
9-баптың
2-1-тармағы
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
2-1. жоқ
|
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
2-1. Жұмыс орындары туралы ұсыныстарға және хабарландыруларға тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қөзқарасына, нанымына, саяси қатыстылығына, мекен-жайына немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша кемсiтушiлiктiң элементтерін қосуға болмайды;
|
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес - тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
Сонымен қатар, кемсітудің ешқандай түріне жол бермеу принципі жұмыспен қамту саласы бойынша еліміз қосылған барлық конвенция және халықаралық келісім шарттардың негізінде жатыр
|