Парасаттылық және
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет
1. Парасаттылық ұғымы.
2. Сыбайлас жемқорлық ұғымы.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет:
мазмұны, рөлі мен функциялары.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілері және олардың өкілеттіктері.
5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
үшін құқықтық жауапкершілік.
Парасаттылық және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет
Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, кӛрегенділік,
зерделілік
мағынасында
қолданылады.
Парасатты
адамға
адамгершілік,
инабаттылық,
салиқалылық,
мейірімділік,
ізгілік,
әдептілік,
ұстамдылық,
талғампаздық қасиеттері тән. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық
жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін кӛрсетеді. Кӛпті кӛрген,
кӛп білетін мұндай адам сӛйлейтін әр сӛзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады.
Қазіргі қоғамда адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы
мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға, адамгершілік нормаларын сіңіру бағытында
біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық сӛзінен гӛрі
парасаттылық ұғымы туралы кӛбірек айтыла бастады. Сонда парасат ұғымы жеке
адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет
инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді. Парасатты адам
істейтін ісін, сӛйлейтін сӛзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан
ӛткізіп шешім қабылдайды.
Осыны ескерсек, парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы ӛскелең ұрпақпен
бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы
керек. Дамыған елдердің тәжірбиесін қолданатын болсақ, сыбайлас жемқорлықпен
күресуде бірінші адам бойында кездесетін парасаттылық, әділдік, адалдық секілді
қасиеттерін дамытумен бірге тұрмыстық ортада қолдана отырып, адамның жүріс-
тұрыс қасиетінің басты әрекетіне айналу қағидатын ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |