Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет12/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру

1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – 

үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 

2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты

3) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан

4) аса қатыгездікпен; 

5) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша

7) бұзақылық ниетпен; 

8) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша

9) жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында; 

10) бірнеше рет

11) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; 

12) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған дәл сол іс-әрекет – 

алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет