347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету
1. Тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзуші адамның тарапынан күдiктiнi, айыпталған адамды, жәбiрленушiнi, куәгердi жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беруге қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр етуi -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. алып тасталды
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 347-1-баппен толықтырылды
347-1-бап. Қинау
1. Тергеушідің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән зардабын және психикалық зардап шектіруі, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару қүқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
б) бірнеше рет;
в) денсаулыққа орташа ауыр зиян келтірумен;
г) кінәлі адам жүкті әйелге қатысты көрінеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса,-
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Лауазымды адамдардың заңды іс-әрекеті нәтижесінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 348-бап өзгертілді; 2009.07.12. № 221-IV ҚР Заңымен 348-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
348-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау
1. Азаматтық iс бойынша iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң айғақтарды бұрмалауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
1-1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру материалдарын бұрмалауы, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық iс бойынша алдын ала анықтау жүргiзушi адамның, тергеушiнiң, прокурордың , iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы маманның немесе қорғаушының айғақтарды бұрмалауы -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып ,үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3.Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалау-
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 349-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
349-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату
1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметтерiн атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтарын қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келiсiмiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттерi -
жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару
1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығаруы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiм шығаруымен байланысты немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 351-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
1. Қылмыс жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын жасаумен ұштасқан, не пайдакүнемдiк ниеттен туған дәл сол әрекет -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық) ұйымның мүддесiне жасалған әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
05.05.00 ж. № 47-II; 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 352-бап өзгертілді
352-бап. Көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару
1. Сотта, не алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде куәгердiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған жауап беруi немесе сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сол сияқты дәл сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрiнеу қате аударма -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Куәгер, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы алдын ала анықтау, алдын ала тергеу немесе соттық талқылау барысында, сот үкiм немесе шешiм шығарғанға дейiн берген жауаптардың, қорытындының немесе аударманың жалғандығы туралы өз еркiмен мәлiмдесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 353-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
353-бап. Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы
Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде жауап беруден бас тартуы -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
Ескерту. Адам өзiне, өзiнiң жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң туыстарына қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер сенiп сырын ашқан дiндестерiне қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 354-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
354-бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету
1. Куәгердi, жәбiрленушiнi олардың жалған жауап беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу -
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Куәгердi, жәбiрленушiнi жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтiремiн, денсаулығына зиян келтiремiн деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкiн жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолданылып жасалған әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
355-бап. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету
Оларды жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтау жүргiзушi адамның келiсiмiнсiз жасалған болса -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 356-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
356-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл әрекеттi аталған мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк жұмысына байланысты белгiлi болған адам жасаса -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасарып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соттың үкiмi бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасырып қалу немесе иемденiп кету, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы соттың заңды күшiне енген үкiмiн орындаудан өзге де жалтару -
жетi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу
1. Жазасын өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданылып, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен;
в) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қашқан сәтiнен бастап жетi күн мерзiмде бас бостандығынан айыру немесе қамау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және қашуы осы баптың екiншi бөлiгiндегi б) және в) тармақшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып жатпаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
359-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден жалтару
Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесiне қайтып оралмауы -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 360 -бап жаңа редакцияда
360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына әдейі бағынбауы -
бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 361-бап жаңа редакцияда
361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу
1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданамын деп қорқыту –
екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша не өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерінің не оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының өміріне оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында қол сұғу –
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 362-бап толықтырылды
362-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау
1. Заңды күшiне енген сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн қасақана орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергi жасау -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Өкiмет өкiлi, мемлекеттiк қызметшi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметкерi, сол сияқты мемлекеттiк мекеменiң коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметкерi жасаған дәл сол әрекеттер -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн қасақана бұзуы, сол сияқты қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерiнен өз бетiмен кетiп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейiн таңдап алған тұрғылықты жерiне әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатымен белгiленген мерзiмде бармауы -
бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
363-бап. Қылмысты жасыру
Ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде берместен жасыру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары жасаған қылмысты күнi бұрын уәде берместен жасырғаны үшiн адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды
364-бап. Қылмыс туралы хабарламау
Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс туралы хабарламау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге жазаланады.
Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қылмыс туралы, сондай-ақ дiни қызметшiлер өзiне сенiп сырын ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 365-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
365-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сол сияқты жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл әрекеттер адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе,-
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер, -
бес жүз айлық есептік көрсеткіштен жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
16-тарау. Әскери қылмыстар
Достарыңызбен бөлісу: |