Р/с
№
|
Құрылымдық элементі
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылып отырған редакция
|
Негіздеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
4
|
-
2
|
2 – бөлім, «Макроэкономи-калық тұрақтылықты және мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету» деген кіші бөлім,
3, 7-бөлімдер
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Макроэкономи-калық тұрақтылықты және мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету
…
Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде ұстау үшін (2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 13,9%) 2020 жылға қарай мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 1,4% дейін төмендейтін болады.
…
Тапшылықты азайту, мұнайдан тыс сектордан түсетін кірістердің өсуі және Ұлттық қорды шектеулі түрде пайдалану мұнайдан тыс тапшылықты 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 2,8 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету
…
Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде ұстау үшін (2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 18,0%) 2018 жылда мемлекеттік бюджет тапшылығы оны 2020 жылға дейін осы деңгейде ұстап тұрумен ЖІӨ-ге қатысты 1,0% дейін төмендейтін болады.
…
Тапшылықтың төмендеуі, мұнай емес сектордан түсетін кірістердің өсуі және Ұлттық қорды шектеулі түрде пайдалану мұнай емес тапшылықты (шикі мұнайға кедендік әкету бажын ескерусіз) 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 6 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
|
Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөніндегі 2015 жылғы 19-20 тамыздағы кеңес қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмалар хаттамасының (2015 жылғы 19-20 тамыздағы №01-7.7) «2018 жылғы республикалық бюджет тапшылығын 1%-ға, тапшылықты тек ішкі ресурстар есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, төмендету бойынша шаралар қабылдасын» деген 3-тармақ
|
-
|
2 бөлім, «Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту» деген тарауы
2 тармақ, жаңа бөлім
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту»
…
2. Бюджеттің ағымдағы шығыстарын оңтайландыру және жекеше сектордың ортақ жауапкершілігін кеңейту.
...
Жоқ

Мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету мақсатында мемлекеттік бюджеттің күрделі шығыстары мен мемлекеттік органдардың объектілерін пайдаланудың және мекемелердің жеке операторларды аутсорсинг тетіктері арқылы, оның ішінде МЖӘ тетігін қолдану арқылы: («сервистік келісімшарттар») тартудың сервистік моделіне көшу жоспарланып отыр.
|
Мерзімді төлемдермен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың сапасы мен көрсетілетін қызметтер көлемін төмендетпестен, біржолғы көп шығындардан бас тартуды ескере отырып, шығыстарды қаржыландыру бойынша тетіктерді өзгерту мақсатында
күрделі шығындар мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша
бюджет мүмкіндігінің төмендеуін ескере отырып.
|
-
|
2 бөлім, «Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту» деген тарауы
4-тармақ, 4, 5, 6, 13 бөліктер, жаңа бөлім
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту»
…
4. Бюджетке жүктемені төмендету мақсатында МЖӘ дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
...
Әлемдік практикаға сәйкес МЖӘ жобаларын іске асырудың жаңа тетігі -«Қолжетімділік төлемі» енгізіледі. «Қолжетімділік төлемі» концессия объектісін коммерциялық пайдаланудан ақшалай ағындары жоқ (не өте әлсіз) әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын концессиялық жобаларға ғана қатысты қолданады.
Бұл тетік концессионердің объектіні салу мен оны сапалы пайдалануды қамтамасыз етуін көздейді.
Мемлекет тұтынушылардан ақы өндіріп алу құқығын өзіне қалдыра отырып, концессияның бүкіл мерзіміне объектінің пайдалануға әзірлігі үшін концессионерге сыйақы беруді ескере отырып, объект бойынша инвестициялық және пайдалану шығындарын тең төлеуді қамтамасыз етеді.
…
Бұдан басқа:
1) МЖӘ міндеттемелері жалпы сомасының лимитін, оның ішінде ЖІӨ-ге қатысты лимитті;
2) кірістер көлеміне қатысты концессиялық міндеттемелерге қызмет көрсетудің жыл сайынғы шығыстары лимитін;
3) концессиялық міндеттемелерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар жалпы борышының лимитін;
4) мемлекеттік кірістер көлеміне қатысты жаңа міндеттемелер лимитін қамтитын концессиялық міндеттемелер бойынша шектеулер белгіленетін болады.
...
жоқ
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту»
...
4. Бюджетке жүктемені төмендету мақсатында МЖӘ дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
...
Әлемдік практикаға сәйкес МЖӘ жобаларын іске асырудың жаңа тетігі -«Қолжетімділік төлемі» енгізіледі. «Қолжетімділік төлемі» МЖӘ, оның ішінде концессия объектісін коммерциялық пайдаланудан ақшалай ағындары жоқ (не өте әлсіз) әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға ғана қатысты қолданады.
Бұл тетік жекеше әріптестің объектінің салынуын және оның сапалы пайдаланылуын қамтамасыз етуін көздейді.
Мемлекет тұтынушылардан ақы өндіріп алу құқығын өзіне қалдыра отырып, концессияның бүкіл мерзіміне объектінің пайдалануға әзірлігі үшін жекеше әріптеске сыйақы беруді ескере отырып, объект бойынша инвестициялық және пайдалану шығындарын тең төлеуді қамтамасыз етеді.
…
Бұдан басқа:
1) МЖӘ міндеттемелерінің жалпы сомасының, оның ішінде ЖІӨ-ге қатысты лимитті;
2) кірістер көлеміне қатысты концессиялық міндеттемелерге қызмет көрсетуге жұмсалған жыл сайынғы шығыстар лимитін;
3) мемлекеттік кірістер көлеміне қатысты жаңа міндеттемелер лимитін қамтитын мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде концессиялық міндеттемелер бойынша шектеулер белгіленетін болады.
...
Инвестицияларды тарту үшін бес және одан астам жылдарға келісімшарттар жасасу тетігі пайдаланатын болады.
|
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты нақтылаушы түзету «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты нақтылаушы түзету «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 906 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін есептеуде концессиялық міндеттемелер ескерілмейді.
«Ұзақ мерзімді шарттар» деген 56.3-қадамды іске асыру үшін
|
-
|
2 бөлім, «Салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру» деген кіші бөлім, 5, 9, 10 бөліктер, жаңа бөлім
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
...
Салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру
...
Атап айтқанда, салықтық жүктеменің теңгерімділігі мен әділдігін қамтамасыз ету үшін мөлшерлемені арттыру немесе жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу, сән-салтанат заттарына (мүлік салығы, көлік салығы) салық салу кезінде жекелеген салықтардың фискалдық функциясын күшейту мәселесі қаралатын болады.
...
Салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру және азаматтардың табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде 2015 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қоса алғанда, арнаулы салық режимдері реформаланатын болады.
2015 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешен субъектілері салық салудың жалпыға ортақ белгіленген тәртібіне ауыстырылатын болады.
...
Жоқ
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
...
Салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру
...
Атап айтқанда, салықтық жүктеменің теңгерімділігі мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жеке табыс салығы мөлшерлемесін арттыру, сән-салтанат заттарына (мүлік салығы, көлік салығы) салық салу кезінде жекелеген салықтардың фискалдық функциясын күшейту мәселесі қаралатын болады.
...
Салық жүйесін реформалау шеңберінде кірістер мен шығыстарды салықтық есепке алуды міндетті түрде енгізе отырып, қолданыстағы салық режимдері оңтайландырылатын болады.
...
Қосымша құн салығының орнына сатудан алынатын салық енгізілетін болады.
|
«Жанама салықтарды өндіріп алудың тетіктерін жетілдіру» деген 44 және «Қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыру» деген 45- қадамдарды іске асыру үшін
|
-
|
2 бөлім
«Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау» деген тарауы
2, 3 бөлімдер, жаңа бөлім
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау
…
Бюджет тапшылығы 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,4%-ға дейін азайған кезде, мемлекеттік борыш 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 13,9%-дан аспауы, оның ішінде үкіметтік борыш ЖІӨ-ге қатысты 13,7%-дан жоғары болмауы тиіс.
Бұл ретте мемлекеттік борыш және квазимемлекеттік сектордың борышы жиынтығында 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 22%-дан аспайды.
...
жоқ
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау
…
Бюджет тапшылығы 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,0%-ға дейін төмендеген кезде, мемлекеттік борыш 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 18,0%-дан аспауы, оның ішінде Үкімет борышы ЖІӨ-ге қатысты 17,8%-дан жоғары болмауы тиіс.
Жалпы сыртқы мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектордың борышы жиынтығында 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 25%-ды құрайды.
...
Бұдан басқа, тікелей мемлекеттік борышты ұлғайтусыз басым жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мүмкіндігі үшін квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері үшін мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерлік құралдарын қолдану қеңейтілетін болады.
|
Көрсеткіштер 2016-2017 жылдары мұнайдың бір баррелінің әлемдік бағасы 40 АҚШ доллары, 2018 жылы бір барреліне 50 АҚШ доллары есебімен қайта есептелген.
|
-
|
2 бөлім, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану» деген тарауы
3, 5 бөлімдер
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану
…
2020 жылға дейін қоса алғанда Ұлттық қордан түсетін нысаналы трансферт мөлшері 1 200,0 млрд. теңге деңгейінде сақталады. Бұл ретте Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес әлеуметтік жаңғырту аясында ықтимал жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін 2014 - 2017 жылдары оның мөлшерін 1 380,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мәселесін қарайтын болады.
…
Ұлттық қор қаражаты 2020 жылға қарай кемінде 180,0 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-ге қатысты 32,0%-ды құрауға тиіс.
| 2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану
…
2020 жылға дейін қоса алғанда Ұлттық қордан түсетін нысаналы трансферт мөлшері 2 400,0 млрд. теңге деңгейінде сақталады.
…
Ұлттық қор қаражаты 2020 жылы кемінде 70,0 млрд. АҚШ долларын құрауы тиіс.
|
Көрсеткіштер 2016-2017 жылдары мұнайдың бір баррелінің әлемдік бағасы 40 АҚШ доллары, 2018 жылы бір барреліне 50 АҚШ доллары есебімен қайта есептелген.
|
-
|
2 бөлім, «Фискалдық орталықтан алу» деген тарауы, жаңа бөлім
|
2. Қазақстан Республикасындағыжаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Фискалдық орталықтан алу
...
жоқ
|
2. Қазақстан Республикасындағыжаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
…
Фискалдық орталықтан алу
...
2018 жылдан бастап халқының саны 2 мың адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірліктер үшін, 2020 жылдан бастап - халқының саны 2 мың адамнан кем аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің дербес бюджетін кезең-кезеңмен енгізу жоспарланады.
|
«Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» деген 98-қадамды іске асыру үшін
|
-
|
3 бөлім, 3) тармақша, жаңа абзац
|
3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
...
3) бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту:
...
жоқ
|
3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
...
3) бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту:
...
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы
| «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты нақтылаушы түзету
|